3.Көпжылдық астық түқымдас шөптердің негізгі түрлерінің: еркекшөптіц, қылтықсыз арпабастың, көген тамырсыз бидайықтың, т.б. морфологиялың белгілері.
4. Көпжылдық астық түқымдас шөптердің қоршаған орта факторларына қоятын талаптары.«Қоршаған табиғи орта» туралы негізгі түсініктер табиғат қорғау және оны тиімді пайдалану мақсатында өзара байланысты міндеттерді шешу қажеттігіне байланысты туындады. «Қоршаған орта» - (environment - окружающая среда, англ., энвайронментология) термині қазіргі уақытта кең таралған және жиі қолданылатын термин, барлық мемлекеттердің табиғат қорғау бағдарламаларында түрде қолданылады. Қоршаған орта ғылымының зерттеу нысаны - табиғат компоненттері және сондай-ақ адам қолымен жасалған барлық объектілер.
ЮНЕСКО анықтамасына сәйкес, «қоршаған орта» деп адам әрекет ететін, қолданатын, әрекеттесу барысында пайдаланатын және икемделетін дүние (әлем) бөлігін атайды. «Қоршаған орта» терминін адамның шаруашылық әрекеті мен табиғаттың өзара әрекеті жүйесінде көңіл бөлінетін объектпен үйлестіре қолданған жөн, мысалы қоршаған табиғи орта. «Қоршаған орта» терминінің ең көп қолданылатын анықтамасын Н.Ф.Реймерс берді.
Судан шөбі Қазақстан Республикасының құрғақ далалық және далалық аймақтарында өсірілетін ең өнімді біржылдық мал азықтық шөптердің бірі. Бұл дақыл кейбір облыстарда әртүрлі жылдары барлық біржылдық шөптердің 20-40%-ға дейінгі себу көлемін алады. Бірақ осы дақылды бел-сенді түрде өндіріске кіргізуге, оның тұқымының тапшылығы және сонымен қатар аз өнімділігі де 2-4 ц/га әсер етеді. Көбінесе тұқымдардың зертханалық өңгіштігі өте төмен: себебі тұқым өнімі мен оның сапасына әсер ететін фактор аймақтың жағдайында жылудың жетімсіздігі мен аязсыз кезеңнің қысқалығы болып табылады. Оған 1800-2200˚ белсенді температура жиын-тығы қажет. Топырақты аз талғайды, механикалық құрамы жеңіл саздық, тұзды топырақтарды жеңіл көтереді, құмдақ топырақтарда өсіруге болады.