Оңтүстік Корея 9 провинцияға (то), 6 провинцияға теңестірілетін қала-метрополияға (1995 жылға дейін тікелей орталыққа бағынатын қала (кваңёкси) деп аталынған), және 1 ерекше статусқа ие қалаға (тхыкпёльси) бөлінген. Олар өз кезегінде бір қатар кіші бірліктерге бөлінеді: қала (си), уезд (кун), қалалық муниципалды аймақ (ку), кент (ып), болыс (мён), аудан (тон) және ауыл (ри).
IKAZ.INFO
ХАЛҚЫ
Корея Республикасының түпкілікті, əрі негізгі халқы – корейлер. XIX ғасырдың аяғыннан бастап бұл жерде он мынан астам қытайлықтар да қоныстанған. 2006 жылғы сарап бойынша Кореядағы қытайлар саны 20 700 адамды құрады. Олардың басым бөлігі Тайвань азаматтары[9]. Соңғы жылдары Кореяда шет ел азаматтарының саны артуда. 2012 жылғы мəліметтерге[10] сəйкес Кореяда 1,4 млн шет ел азаматтары тұрып жатыр. Олардың 293 мыңы елде қысқа мерзімді виза арқылы, 944 мыңы ұзақ мезімді виза арқылы, ал 188 мыңы тұрғылықты мекен-жайымен тұрып жатыр. Шетелдіктердің жартысынан көбі – Қытай Халық Республикасының азаматтары, оның ішінде үштен бірі – этникалық кəрістер.
IKAZ.INFO
ДІНІ
Оңтүстік Кореяның негізгі діндері — дәстүрлі буддизм және жақында ғана елге енген христиан діні. Алайда 500 жыл бойы Чосон әулетінің ресми идеологиясы болып есептелген конфуциандық ілімі мен корей халқының негізгі діні болған шаманизм аталған екі ағымға да өз әсерін тигізді.
Оңтүстік Корея үкіметінің 2003 жылы жиналған статистикалық мәліметтеріне сәйкес халықтың 46% ешбір дінді ұстанбайды. Христиандықтардың үлесі 29,3% құрайды (18,3% — протестанттар, 10,9% — католиктер), ал буддизм дінін ұстанушылардың үлесі — 22,8% құрап отыр.
Елдегі өзге дін өкілдерінің үлесі 2,5% құрайды. Олар негізінен даосизм, конфуциандық және христиандық сияқты діндердің кейбір элементтерінен құралған Вонбульгё, Чхондогё сиықты мектептердің шәкірттері.
Сонымен қатар Оңтүстік Кореяда 150 мыңнан астам ислам дінінің өкілдері бар (0,1%), олардың ішінде 40 мыңы корейлер. Ислам дінінің Корея елінде пайда болуы – 1950 – 1953 жылдары орын алған Корей соғысына Біріккен Ұлттар Ұйымының атынан келген түрік әскерлерінің арасында болған Әбдіррахман, Әбділғафур Қараысмайылоғлы, Зүбайра Кош есімді имамдардың келуімен байланыстырылады. Сол кездері түрік әскерлеріне арнайы тұрғызылған уақытша шатырлы мешіттер корейлерге ислам діні жайлы ақпарат тарататын орынға айналды.