Корея Республикасы (кор. 대한민국?, 大韓民國? Тэханмингук), бұрын Корей Республикасы деп аталған, ресми бекітілген қысқартылған атауы Корея (кор. 한국?, 韓國? Хангук немесе кор. 대한?, 大韓? Тэхан, таңғы балғындық елі) — Корей түбегінде орналасқан Шығыс Азиядағы мемлекет. Астанасы — Сеул. БАҚ өкілдерімен жиі қолданылатын, мемлекеттің бейресми атауы — Оңтүстік Корея.
IKAZ.INFO
ЭТИМОЛОГИЯ
Корей тілінде Корея Республикасы Тэхан мингук (대한민국тыңдау (ақп.), 大韓民國) деп аталынады. Дегенмен толық атаудың Хангук (한국, 韓國) немесе Тэхан (대한, 大韓) деген қысқартылған атаулары жиірек қолданылады. Кей уақытта Намхан (남한), яғни «Оңтүстік Хан» деген атау да қолданылады, бұл атау «Солтүстік Хан», яғни Солтүстік Корея елінің атауы болып табылатын Пукхан (북한, 北韓) деген сөзге қарама-қарсы бағытта қолданады. «Хан» сөзі Корей түбегін мекен еткен ежелгі Самхан тайпалық одағының атауына қатысты, ал «Корея» сөзі б.з 918—1392 жылдары Корей түбегінде өмір сүрген Корё мемлекетінің атауынан шыққан. Корё сөзінің өзі Корей түбегінің солтүстік аймағын, сондай-ақ қазіргі Қытайдың солтүстік-шығыс бөлігі мен Ресейдің Жапон теңізі бойындағы жерлерінде орналасқан ежелгі Когурё мемлекетінің атауынан шыққан.
IKAZ.INFO
ТАРИХЫ
Корея тарихы б.з.д. 2333 жылы Чосон мемлекетінің (әдетте XIV ғасырда билік құрған Чосон әулетінен айыру мақсатында Кочосон деп атау қабылданған, Ко- префиксі «ежелгі», «ерте», «алдыңғы» деген мағынаны білдіреді) құрылуынан бастау алады. Корей аңыздарына сəйкес Кочосон мемлекетінің негізін Тангун қалаған.[6][7][8] Аңыз бойынша Маньчжурияның Ляолин аймағы мен Корей түбегінің солтүстік-батыс өңірінде көптеген тайпалар пайда болды. Тангун осындай тайпалардың бірінің басшысы болған және корей ұлтының негізін қалаған. Тангун көптеген кіші тайпаларды біріктіріп, Кочосон мемлекетінің негізін қалаған болатын. Кочосон елін б. з. д. 108 жылы қытайдың әйгілі Хань мемлекеті басып алып, елде 4 әкімшілік округ құрады.