Көркем әдебиет әдістемелік нұСҚАУ



Pdf көрінісі
бет81/85
Дата04.02.2022
өлшемі436,82 Kb.
#130725
түріБағдарламасы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Байланысты:
КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
КіМ БОЛҒЫМ КЕЛЕДі?
Тау мен тасты қопарар,
Кеншi болғым келедi.
Достық сәлем апарар,
Елшi болғым келедi.
Темiр жонар екпiндi,
Токарь болғым келедi.
Жолда өткiзер көп күндi,
Шопыр болғым келедi.
Ұлағатты атанған
Ұстаз болғым келедi.
Бармағынан бал тамған
Аспаз болғым келедi.
Елiм үшiн аянбай
Еңбек еткiм келедi!
 
Мұрат Құрманалин
АЛТЫН БАЛА
(әңгіме)
Анасы: Қап, ұмытып кетіппін­ау!.. Зәукен, тез Нағима апаңның үйінен тұз әкеле қойшы!..
Баласы: «Жарайды», – деп тұра жөнелді.
Анасы әрі күтті, бері күтті. Шыдамы таусылып, анасы далаға шықты. Зәукен қарсы жолықты. 
Анасы: Тұз қайда?
Баласы: Апатай, ұмытып кетіппін... – деді де қайта жүгірді.
Үйдің алдында Зәукеннің анасымен қарт кісі кездесіп қалып еді. 
Қарт: Зәукен үш­төрт күннен бері сөйлемей тұрған радиомды жөндеп берді. Ой, азамат екен өзі!..
Көрші апа да: Біздің Зәукеннің қолынан бәрі келеді, алтын бала! – деп мақтай кетті. 
Зәукеннің анасы тұзды әкеліп қолына ұстата салған баласына мейірлене қарады.
ОҚу ҚҰРАЛДАРЫ ХИКАяСЫ
Биыл Жанатбек бiрiншi сыныпқа барады. Анасы оған оқу құралдарын сатып әпердi. Жаңа сөмке, 
қызыл қабы бар әдемi қаламсауыты болды. Дәптердi әкелген күнi­ақ шимайлап сурет салып тастады. 
Анасы оған ұрысып едi, атасы:
– Жанатжан кiшкентай ғой. Қайдан бiлсiн, – дедi қорғаштап.
Түн болды. Бәрi ұйқыға кеттi. Оқу құралдары үстел үстiнде қалды. Қалам дәптердi мазақ етiп 
күлдi. Дәптер жылап қоя бердi.
Қаламсауыт:
– Бiздiң иемiз оған сурет салды ма?!
– Салды?! – дедi бәрi хормен.
– Салса немен салды? – дедi Қаламсауыт.
– Қаламмен! – дедi Қалам.
– Ендеше, мiне, сенiң жауың! – дедi Қаламсауыт.
– Қарындаш пен Қалам Қаламсауытта жатады. Қаламсауыт болмаса Қарындаш пен Қалам 
жоғалады. Мен оларды өшiремiн, – дедi өшiргiш.
– Мен болмасам, сен де жоғаласың, – дедi Қаламсауыт.


38
– Сенiң досың – Кiтап. Ал иемiз оны алған жоқ. Сондықтан сенiң сөзiңдi жақтайтын жанашыр да 
жоқ, – дедi Қалам. Сөйтiп Дәптерге бәрi үстемдiк көрсеттi.
Таң атты. Бүгiн Жанатбек мектепке барады. Ол өте қуанышты едi. Жанатбек киiнiп, оқу 
құралдарын алып, атасымен мектепке келдi. Мұғалiмдермен танысты. Мұғалiм балаларға кiтаптар 
таратты. Жанатбек кiтаптарды сөмкесiне салды. Кiтаптар Қаламсауытты басып қалды. Дәптер оған 
күлдi. Кiтап:
– Дәптер, сен неге күлесiң?
Дәптер кешегi оқиғаны баяндады. Кiтап өзiнiң олардан ақылдылығын көрсетiп:
– Сендер, бәрiң бiр адамның затысыңдар. Бiрiңмен бiрiң байланыстысыңдар. Дәптерге жазу­сы­
зу үшiн қалам, қарындаш керек. Керек емес сызықты өшiруге өшiргiш керек. Бiз барлығымыз оқу 
құралдарымыз. Иемiздiң жақсы оқушы болуына бiрлесiп көмек берейiк, – деді. 
Кiтаптың ақылын бәрi мақұлдап, ендi бiр­бiрiн тыңдап, тату болуға келiстi. «Бiрлiк болмай, тiрлiк 
болмас» деген осы.
ӨЗіМ БАРАМ МЕКТЕПКЕ
Кітаптарым бар менің
Дәптерлерім және бар.
Суретімді әрледі
Оқып жүрген ағалар.
Әріптерді тануды
Кеше өзім үйде өткем.
Ал суретті салуды
Балабақша үйреткен.
Әріптерді тіземін,
Өзім жаза аламын.
Жазуымды түзедім
Айтуымен ағаның.
Есепке де, ертекке
уақытымды бөлемін.
Өзім барып мектепке,
Өзім үйге келемін.
 
Тұманбай Молдағалиев
АйТШЫ, ӘЖЕТАй!
– Айтшы, әжетай, әжетай! 
Атам осы кім менің?
– Атаң атты баптаған, 
Бәйге бермес Ақтабан. 
Құстай сергек ұйқысы, 
Атаң сенің – жылқышы. 
– Айтшы, әжетай, әжетай! 
Ағатайым кім менің?
– Қаймақ, тоқаш, ақ нанның, 
Білесің тәтті бал дәмін, 
Егіншіні есіңе ал,
Ағаң сенің – егінші.


39
– Айтшы, әжетай, әжетай! 
Апатайым кім менің?
– Мақтансаң сен басқаға, 
Апаңды естен тастама, 
Жүз баланың анасы, 
Тәрбиеші ол бақшада.
– Айтшы, әжетай, әжетай! 
Нағашым осы кім менің?
– Әдемі пәлте жағасын,
Айтшы, қайдан аласың? 
Қаракөл қойын өсіріп, 
Әперген сенің нағашың.
– Айтшы, әжетай, әжетай! 
Жеңгем осы кім менің?
– Табын­табын тау іші, 
Жеңгең сенің сауыншы. 
ірімшік, құрт, қаймақ, май 
Жеңгеңнен келген ойлап қой. 
Құлыным, ботам, көжегім! 
Кім боласың сен өзің?
 
Жақан Смақов
ЖЫЛ БАСЫНА ТАЛАСҚАН ЖАНуАРЛАР
(ертегі)
Жылқы, түйе, сиыр, қой, ит, тауық, тышқан және басқа жан­жануарлардың бәрі де жыл басы 
болуға таласыпты.
Жылқы айтты:
– Менің үстіме адам мінсе, алысты жақын етемін, күшімді болса көреді, сүтімді болса ішеді, 
қылыма дейін арқан еседі, менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, – дейді
Түйе айтты:
– Сен адам жұмысын қылсаң, арпа, сұлы, шөп асайсың, тамағың үшін құл болдың. Мына мен 
сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық жерлерге барамын, аш болдым деп арпа, сұлы 
сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса, жусан, не кез келсе соны қорек етіп, табылса, су ішіп, 
табылмаса, шөлге шыдап жүре беремін. Жыл ағасы болу маған лайық, – деді.
Сиыр айтты:
– Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт, май істейді.
Қой айтты:
– Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді, жүнімді алып киіз істейді, жабағымнан күбі тігеді, 
арқан, жіп еседі, сүтімнен құрт, май алады, – деді.
Ит айтты:
– Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұры алып, не қасқыр жеп тауысар еді. Бәріңнің мен 
бақташыңмын, дұшпан көрінсе үріп, абалап, иеме хабар беремін.
Тауық айтты:
– Мен болмасам, кісі ерте тұрып, жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді. Мен таңертең ерте тұрып 
шақырып, хабар айтамын, таң атты деп. Көп отырса, жұмысыңнан қаларсың, жатар уақыт болды деп 
түн ортасында да шақырамын, демалар мезгіл болды деп, – деді.
Тышқан не дерін біле алмай тұрды да, бір қулық ойлап, жиналған көпке айтты:
– Бұл таластан ештеңе өнбес, жылды қарап тұралық та, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын, – 
деді.


40
Түйе бойына сеніп, менен бұрын кім көреді деп, тышқанның сөзін қостап, бәрі де жылды қарап 
тұрады. 
Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің үстіне шығып, өркешінің басына мінді де отырды. Со­
нымен бәрінен бұрын жылды тышқан көріп, хабар беріп, жылдың басы болады. «Түйе бойына сеніп 
құр қалды» деген сөз осыдан қалған екен.
ПРЕЗИДЕНТТіК ШЫРША
Шеткері ауыл – алыс түп,
Туған жердің бәрі ыстық.
Президенттік шыршада
Талай доспен таныстық.
Жасқанбадық жатырқап,
Араластық жарқылдап.
Елбасымен бір болған
Ұмытылмас асыл сәт!
Өтепберген Ақыпбекұлы
СӘРуӘР
(ертегі)
Бір Сәруәр деген батыл бала Айға ұшпақ болады. Сөйтіп, ол Айға өзімен бірге ұшатын жолдас 
іздейді. Алғаш «Осы денелі ғой, батыр да батыл әрі күшті ғой» деген оймен Аюға келіп:
– Менімен бірге Айға ұшасың ба? – деп сұрайды. Аю біраз ойланып отырады да:
– Ол жақта мен жейтін бал бар ма екен? – дейді. Сәруәр бұған ренжіп:
– Денең дәу болғанмен, баланың сөзін айтасың, қорбаңбай неме, қорқақ екенсің ғой, – деп оны 
қайрай түседі.
Аю:
– Мен қорықпаймын, бірақ ол жақта бал болмаса, несіне барамын, – деп ақталады.
Сәруәр:
– Қой, түйедей болғанша тәттіден басқа түк ойламайтын бұдан ештеңе шықпас, – деп, басқа дос 
іздеп, қайтадан жолға шығады.
Сөйтіп, тәттіқұмар қорбаңбай аюға ренжіп келе жатқанда, алдынан қасқыр кездеседі. Сәруәр оны 
көргенде қуанып: «Азуы алты қарыс, тісі күректей, осы батыр да батыл шығар, бәлкім, осы барып 
қалар» деп ойлайды. Сосын қасқырға жақындап:
– Менімен бірге Айға ұшасың ба? – деп сұрайды.
Қасқыр шоқиып отыра қалып біраз ойланып алады да, Сәруәрдың өзіне қарсы сұрақ қояды:
– Немен ұшамыз, үлкен самұрық құс ұстап алып, сонымен ұшамыз ба?
– Жоқ, кәдімгі Айға ұшатын ғарыш кемесімен ұшамыз.
– Оның ішінде тамақ бар ма?
– Әрине, бар!
– Қандай тамақ?
– Айға дейін біз екі күн ұшамыз, қайтуымызға да тағы екі күн керек. Сонда барып қайтуымыз 
төрт күнге созылады. Ал бізге бір айға жететін тамақ береді. Ол кәдімгі дәрі сияқты. Тек біреуін жесең 
болды, бір күн бойы тамақ ішпейсің, қарның да ашпайды, тойып қаласың.
– Жо­жоқ, бұл маған ұнамайды, маған қарнымды шығарар қой мен қозы керек, бағлан керек, 
құлын керек!
– Әй, Қасеке­ай, ет­ет деп сенің­ақ тісің қышиды да тұрады екен. Егер саған тамаққа бір қой алып 
шықтық делік, сол жете ме?


41
– Төрт күнге ме? Төрт күнге бір­ақ қой ма, ойбай­ау, аштан өлемін ғой. Былай келіселік, төрт 
күнге төрт марқа! Басқа ештеңе керек емес!
Осыны айтып қасекең ұзын сүйір қызыл тілімен екі езуін алма­кезек жалап­жалап қояды. Екі көзі 
оттай жайнап, қызарып шыға келіпті. Түнгі жарықтай жылт­жылт етеді.
– Жоқ, болмайды, Қасеке, төрт күнге төрт қой алсақ, өзіміз кішкене кеменің қай жеріне отырамыз, 
сыймаймыз ғой!
– Мен ендеше қампиып қарным тоймайтын жерге бара алмаймын, балақай!
Сәруәр қасқырдан да береке болмасын білген соң, өзіне лайықты серік іздеп тағы да жолға 
шығады.
Бәріне ренжіп, шаршап келе жатқан батыр бала Сәруәрдың алдынан Түкең, кәдімгі түлкі кездесе 
кетеді.
– Сәлем, балақай!
Ол өзі бірінші болып сәлем беріп, ұзын сұлу құйрығын бұлғаң­бұлғаң еткізіп, ойнатып қойды.
– Иә, жол болсын, есімің кім, жолаушы бала, жақсы бала?
– Әлей болсын, есімім – Сәруәр, әкем аты – Дәуіp.
– Қандай шаруамен қайда барасың, айта отыр, қалқам, қөмегім тиіп қалар?
– Айға сапар шекпек едім. Соған өзіммен бірге серік болып баратын жолдас іздеп келемін. Сіз 
маған серік болмас па екенсіз?
Түкең екі көзін жұмып жіберіп, шоқиып отыра қалады да, біраз ойланып көреді. Содан жұлып 
алғандай:
– Онда тауықтар бар ма екен? – деп сұрайды. Өзі қайта­қайта жұтына береді, екі көзі от боп жай­
нап кеткен.
– Айда тауық бар ма, жоқ па, оны барған соң көреміз. Біздің негізгі мақсатымыз да сол – Айға 
барып, онда тіршіліктің бар­жоғын анықтау. Бар болса, оны зерттеу.
– Қойыңыз, балақай, ол жақта тіршілік болмаса, аштан өліп қалып жүрермін. Бірер тауық ала 
барсақ қайтеді. Семізінен таңдап алайық. Онда барар едім...
Сәруәр Түкеңнің ойын түсініп қалады. Түлкінің ойы тегін тамақ жеп, қыдырып қайту ғана еді. 
Сондықтан да оған:
– Айға менімен бірге ұшасың ба, ұшпайсың ба, бұлаңдатпай турасын айт! – дейді.
Түлкі ойланбастан:
– Ол жақта тауық болса ғана барамын! – деп міңгірлейді.
– Тауық жоқ!
– Тауықсыз жерге мен де бармаймын!
Сәруәр балдан басқа ойлайтыны жоқ қорбаңбай аюдың, азуы алты қарыс ашқарақ қасқырдың, 
алпыс айлалы қу түлкінің тек өз бастарының ғана қамын ойлайтынына қатты ашуланады. Сөйтіп, 
ренжіп келе жатқанында, алдынан желаяқ қоян кездесе кетеді. Екі көзі адырайып, екі құлағы едірейіп, 
мұрты мен мұрны қоса жыбырлап тұр. Өзі аптыға сөйлейді.
– Сә­сә... Сә... сәлеметсіз бе?
– Амансың ба, сұр көжек, қайда асығып барасың?
– Өзім де білмеймін, жаңа қалың қамыстың арасында ұйықтап жатыр едім, бірдеңенің сылдыр ете 
түскені. Шамасы, қасқыр­ау деймін. Содан қашып, жеткізбей келе жатқан бетім.
– Қасқырды өз көзіңмен көрдің бе?
– Артыма қарағаным жоқ, қорықтым...
– Онда қамысты сылдырлатқан жел шығар?
– Білмеймін, қорқып кеттім, жүрегім әлі дүрсілдеп тұр.
– Менің атым – Сәруәр, әкем аты – Дәуір. Айға ұшатын болып, бірге ұшатын серік іздеп келемін!
Сәруәр мұны айтқанда, қоянның екі көзі ұясынан шығып кете жаздады.
– Қорқамын, – дейді.
– Ал мен қорықпаймын. Сені де ала барайын, маған серік боласың ба?
Қоян ыршып түседі. Сөйтеді де, екі құлағын салбыратып жіберіп, шоқиып отыра қалып ойға 
батады. Әлден уақытта барып:


42
– Қорқамын, – дейді.
– Неден? – деп сұрайды Сәруәр.
– Бұлттан, – дейді қоян.
– Бұлттан да қорқа ма екен, бұлт деген түтін сияқты емес пе? – дейді Сәруәр.
– Иә саған, өйтіп мені алдама, – дейді қоян Сәруәрдың сөзіне сенбей. – Онда ол бұлттар неге кейде 
қасқырға, кейде аюға, кейде түлкіге ұқсайды?
– Бұлтты жел ұшырады. Ол ұшқан кезде неше түрлі кейіпке келеді. Кейде адамға, тауларға, 
құстарға, қасқырға да ұқсай береді. Ал «Қорыққанға қос көрінер» дегендей, саған қасқыр боп көрінеді 
екен ғой... Егер Айға ұшып барсаң, бұлттың түтін екенін өз көзіңмен көрер едің.
– Қорқам, – дейді қоян одан сайын қалтырап.
– Тағы неден қорқасың?
– Ол жақта қасқыр бар шығар?
– Қасқыр жоқ!
– Сонда да қорқам...
– Неден қорқасың?
– Түлкі бар шығар?
– Түлкі де жоқ.
– Сонда да қорқам...
– Неден?
– Ғарыш кемесінен...
– Неге?
– Құлап қалатын шығар?
Сәруәр қоянның бұл сөзіне ішегі түйілгенше күлді. Сосын қоянға өзінің көлеңкесін көрсетіп: 
«Ой, мынау құлағы қалқайған не мақұлық?» – деп, әдейі орнынан ыршып түсті. Сол кезде қоян өз 
көлеңкесінен өзі қорқып, алды­артына қарамастан, зуылдап зытып берді.
– Ой, қорқақ, қорқақ! – деп айқайлайды Сәруәр қоянның соңынан, – Қорқақ, сен Айға қайдан ба­
райын деп едің, мына түріңмен жолда жүрегің жарылып өліп қаларсың!
Сәруәр кездескен аңдардың бәрі өзіне серік бола алмайтынын білген соң, еліне қайтады. Тау­
дан соң таудан асып, белден соң белге жетеді. Орманнан­oрманға кіріп, мұхиттан­мұхитқа, теңізден­
теңізге кездеседі. Бәрінен де аман өтеді. Еліне жетеді.
Еліне жетіп, үйіне жақындағанда, алдынан пыр­пыр еткен пысық мысығы мен күшігі Саққұлақ 
шығады.
– Көп кешіктің ғой, қайда болдың? Біз сені сағындық, – дейді олар Сәруәрға еркелеп. Сәруәр 
болған жағдайдың бәрін тегіс айтып береді. Сонда пыр­пыр еткен пысық мысығы мен саққұлақ 
күшігі:
– Айға сенімен біз ұшамыз, бірге ұшамыз, алақай, бірге ұшамыз! – деп шуылдап қоя береді.
Сөйтіп, Сәруәр пыр­пыр еткен пысық мысығы мен Саққұлақ күшігін алып, Айға ұшып барып, 
аман­есен еліне қайтып оралыпты.
С. Оспанов
АвТОБуСТА
Автобус тоқтайтын аялдамаға келдік. Көп ұзамай көк автобус келіп тоқтады. 
Екі есігі бірден ашылды. Алдыңғы есіктен апам екеуміз ішке кірдік.
– Мұнда отырыңыз, – деп менен үлкендеу екі бала анама орын ұсынды.
– Рақмет, балалар, – деді анам отырып жатып.
– Апа, рақметті не үшін айттыңыз?
– Кішіпейілділігі үшін. Сен де солардай бол, балам.
Әбді Шынбатыров


43
ТӨЛДЕР АйТЫСЫ
(ертегі)
Бір жерге жиналған лақ, құлын, бұзау, қошақан мен бота «Біздің иеміз қайсымызды жақсы 
көреді?» – деп бір­бірінен сұрастырды.
Сонда лақ тұрып:
– Мә ә, мә ә, әрине, мені жақсы көреді. Адам біздің сүтімізді ішіп, түбітімізді киімге пайдала­ 
нады, – деді.
Сонда құлын бір кісінеп алды да:
– Лақ, сен орынсыз мақтанба. Бізден қазы­қарта, шұжық, қымыз алады. Адамның мініс көлігі де 
біз, – дейді.
Бұзау тұрып:
– Сендер босқа мақтанасыңдар, адам тіршілігіне ең қолайлы – сиыр малы. Бізден шелек­шелек 
сүт, қарын­қарын май, ірімшік алады. Иемізге бізден пайдалы түлік жоқ, – десе, қошақан тұрып:
– Сендер босқа мақтанасыңдар, ием мені жақсы көреді. Адам киетін киім­кешекке қажетті мата­
лар, үйдегі төсеніш біздің жүнімізден жасалады, бізден пайдалысы жоқ, – дейді.
Бота тұрып:
– Бәріңнен де иеміз мені жақсы көреді. Бізден алатын шұбаттың емдік қасиетін айтсаңшы. Оған 
еш нәрсе жетпейді, – дейді.
Осы кезде адам:
– Төлдерім, сендер босқа таласпаңдар, әрқайсыңның өз орындарың бар, адам үшін бәрің де 
керексіңдер! – деді.
ҚАйЫРЫМДЫ ҚОяН
(ертегi)
Мейрам күні әке­шешесі кішкене баласын қонақ шақырып келуге жұмсайды. «Ана ағаңды, мына 
атаңды, әне бір жездеңді шақыр...» – деп, екеуі көптеген адамның атын айтады.
Бала көшеге шығысымен­ақ шақыр деген кісілерінің аты­жөнін ұмытып қалады. Үйге барып, 
қайыра сұрауға бата алмайды. Ол тұрып­тұрып: «Ауылдың адамын тегіс шақырайын, солармен 
шақыр деген адамдары да келер» деп ойлайды. Сөйтіп, ол үй біткеннің бәріне кіріп, ауыл адамдарын 
тегіс қонаққа шақырады. Барлығы да шақырғанына риза болып, келетіндіктерін айтады. Бала үйіне 
қайтады.
Түсте қонақтың алды жинала бастайды. Ауылдың барлық адамы жиналып, енді тек дастарқанның 
жайылуын күтеді.
Баланың әке­шешесі жиылған жұртты көргенде шошып кетіп:
– Мұнысы несі? Мұнша жұртқа тамақты қалай жеткіземіз? – дейді.
Бала шақыр деген адамдарын ұмытып қалғандықтан, үйге кел деп жұртқа түгел хабар бергенін 
мойнына алады.
Жұрт дастарқанның жайылуын сарғая күтумен болады. Ақыры әке­шешесі үйдегі барлық 
тамақты дастарқанға қояды. Бірақ онысы жиын топқа аздық етеді.
– Өзің бүлдірген істі өзің жөнде! – деп ата­анасы баласына ренжиді.
Бала көз жасын сорғалата үйден атып шығып, тоғайға кетіп қалады. Ағаш түбіне отырып, ағыл­
тегіл жылайды.
Кенет ескі досы – қоян жүгіріп оның қасына келеді. Бұл қоянды ол кішкене көжек уақытында та­
уып алып, үйінде бағып өсірген соң, тоғайға алып келіп қоя берген болатын.
Бала өз жайын қоянға айтып береді.
Қоян артқы аяғына шоқиып отырып, қалқан құлағымен бәрін тыңдап алады, сонан кейін алдыңғы 
екі аяғымен баланың қолынан ұстайды да:


44
– Жарайды, қапаланба, достым! Үйіңе қайт, бәрі де жақсы болады, – дейді. Соның артынша 
тоғайға кіріп жоқ болады.
Қоянның айтқан ақылын алып, бала аулына қайтады. Үйіне келсе, дастарқандағы асты ішіп­жеп 
болған қонақтар тағы да тамақ дәметіп отыр. Кейбіреулері үй иесіне келіп, ұрса бастайды. Ашуланған 
біреулері:
– Беретін еш нәрсең болмаған соң, қонақ шақырып нең бар еді?! – дейді.
Осы кезде қонақтың біреуі терезеден сыртқа көз жіберіп шошып кетеді де, серіктерін қасына 
шақырады. Алғашында бәрінің де зәрe­құты қалмағанмен, артынша жүректерін тоқтатып, олар да 
қайран қалады. Көше түрлі аңдарға толып кетіпті, барлығының да көтерген жүгі бар, тура үйге қарай 
келе жатады.
Аюлар балды қораға кеспек­кеспегімен домалатып әкеліп кіргізеді. Қасқырлар бірнеше тұтас 
қойдың етін әкеледі. Бұғылар мүйізіне іліп шелек­шелек сүт әкеледі. Түлкілер тауық пен қоян етін 
алып келеді, тиін мен қояндар шелек­шелек жаңғақ пен жидек теріп әкеледі. Баланың үйіне осы 
тағамның бәрін әкелуді өзінің ормандағы достарынан өтінген қоян еді. Ол қонақтарға өзін бала қалай 
асырап өсіргенін, сосын тоғайға қалай апарып қоя бергенін түгел айтады.
Аңдар әкелген тамақтарын қораға үйіп­төгеді де, жұбын жазбай, қайтадан тоғайға кетіп қалады. 
Таң қалған қонақтар үндей алмай, ауыздарын ашып тұрып қалады.
Әке­шешесі қуанғаннан не істерін білмейді. Ал бала ол екеуінен де бетер қуанып, қоян досына 
риза болады.
ӨС, ҰЛАН!
Сау болсын десең, 
Он екі мүшең.
Ерте тұр,
Құлақ түр, тыңда сыр.
Таза ауа жұт,
Бойыңа қуат, 
Жүгір желмен жарысып,
Нұрға сылан, болып қыран,
Өс, ұлан!
Өтебай Тұрманжанов


45


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет