Көркем әдебиет оқу іс-әрекеті «Алтын бала»
Маңғыстау облысы,
Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығының әдіскері
Кенесбаева Қымбат Сыдыққызы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: Сағындық Тұрдалиев «Алтын бала» әңгімесін оқып беру.
Мақсаты:
Білімділік: Балалалрға өздеріне тапсырылған істі тиянақты орындауға, әдептілікке үйрету.
Дамытушылық: Жауапкершілік пен еңбекқорлық қабілеттерін дамыту . Адамгершілік қасиетін қалыптастыру
Тәрбиелік: Отбасында, достарының ортасында мейірімді болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға
тәрбиелеу.
Cөздік жұмыс: алтын, тиянақты.
Жеке жұмыс: Камилаға өз отбасында кімге, қалай көмектесетінін әңгімелету.
Керекті құрал: Ананың суреті, баланың ата мен әжеге көмектескен суреттері, әліппе дәптер.
Әдіс-тәсілдер: Мақал-мәтел, сұрақ-жауап, түсіндіру, мнемокесте арқылы әңгімелеу,ойын,ребус
шешу,мадақтау, топтастыру арқылы қорытындылау.
Әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушы
|
Шаттық шеңберіне тұрады.
Өзім жақсы баламын,
Ана тілін аламын.
Мейлі қайда жұмсасын,
Бәріне де барамын.
Ойыншықтарды жинаймын,
Үлкендерді сыйлаймын,
Мен әдепті баламын!
|
Балалар жақсы көңіл-күймен қол ұстасып, шеңбер жасап тұрады. Шаттық шеңбер сөздеріне сәйкес қимыл-әрекет жасайды.
|
Іздену ұйымдастырушы
|
Бүгін бізде Көркем әдебиет оқу іс-әркеті болады. Сабағымызды қайталаудан бастаймыз.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде неше ай болады?
-Күз туралы тақпақ білесіңдер ме?
-Күз мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер болады?
-Өткен сабағымызда қандай тақырыппен таныстық?
-«Айтшы, әжетай» өлеңін кім еске түсіреді?
Енді балалар мына суреттерге мұқият қарайық. Бұл жерде мақал-мәтел жасырынған.
Слайд арқылы мақал-мәтел мазмұнын балалармен бірге табу.
Ал, сендер қандай баласыңдар?
-Аналарың сендерді нан әкелуге жұмсаса, барасыңдар ма?
-Кіші іні-қарындастарыңа, қарт кісілерге көмектесесіңдер ме?
Бүгін мен сендерге Сағындық Тұрдалиев ағамыздың «Алтын бала» әңгімесін оқып беремін.
Слайд көмегімен Мнемокесте арқылы оқып беру.
«Алтын» - бағалы, сары түстес металл. Ол ешқашан өзінің күн түстес сары жалтырайтын қасиетін жоғалпайды екен.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біз бақытты баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
Дәптермен жұмыс.
Әңгімені балалардан бағыттаушы сұрақтар арқылы түсінгендерін пысықтап алу:
-Анасы Зәукенді қайда жұмсады?
-Зәукен кімді кездестірді?
-Атаның қандай затын жөндеп берді?
-Әжей Зәукен туралы не айтты?
-Неге Зәукенді «Алтын бала» деді?
-Анасы неге қуанды?
-Баласы анасына нені берді?
Дидактикалық ойын: «Сөйлемді жалғастыр»
Ойын шарты: Бастауыш берілген суреттерге қарап, сөйлемді бастайды, келесі бала аяқтайды.
-Мен анама......(көмектесемін)
-Мен ініме.....(қамқор боламын)
Ребус шешу. Жауабы (Алтын бала)
|
Балалар берілген сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.
Күз туралы тақпақты есіне түсіреді, мәнерлеп айтады.
Өткен тақырыпты жетелеуші сұрақтар арқылы есіне түсіруге тырысады.
Балалар өз отбастарында кімге қалай көмектесетініні жарыса мақтанышпен әңгімелеп беруге тырысады.
Суреттерге мұқият қарап, есте сақтауға тырысады.
Сергіту сәттің сөздеріне сәйкес қимыл-әрекет жасайды.
Дәптермен жұмыс жасауға кіріседі.
Суреттерге қарап әңгімелеуге тырысады.
Сұрақтарға толық жауап беруге, өз ойларын жаткізе білуге талпынады.
Дидактикалық ойынға қызығушылықпен қатысып, сөйлемді аяқтауға тырысады.
Ребусты ойлана отырып шешуге тырысады.
|
Рефлексті коррекциялаушы
|
Қорытынды:
-Балалар бүгінгі әңгіме не жайында болды?
-Зәукен қандай бала?
-Сендер «Алтын бала» бола аласыңдар ма?
Ол үшін қандай болу керек екен қане еске түсірейік «топтастыру» тәсілін қолдану.
Балалардың жауабы.
Мадақтау.
|
Балалар берілген сұрақтарға нақты жауап беруге, өз сөздерімен жеткізеді.
«Алтын бала» болу үшін өз ойларын айтады.
|
Күтілетін нәтиже: Үлкендерді сыйлау, әдептілік туралы түсінігі кеңейеді.
Нені білуі керек: Өз отбасы туралы толығырақ әңгімелей білуі.
Нені игереді: «Алтын бала» деген атқа лайық болуға тырысады.
Нені біледі: Сурет бойынша өз ойын әңгімелей алады.
№ 2 «Жанар» балабақшасының тәрбиешісі Кеңесбаева Қымбат Сыдыққызы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Экология негіздері.
Тақырыбы: Күз сыйы.
Мақсаты:
Білімділік: Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру.Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем құрастырып, әңгімелеуге үйрету. Адамдар үшін жемістер мен көкеністердің маңызы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Жапырақтардың түсінің өзгеруі, жамістердің пісуі туралы жәнеой-өрісін дамыта отырып, есте сақтау мен тілін дамыту.Адамдардың күзгі еңбегі туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Өсімдіктерді күтіп-баптауға және табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Адамдардың күзгі еңбегі туралы түсінік беру.
Cөздік жұмыс: Бұтақтар,жеміс,жидек,тұқымдар,табиғат құбылыстары.
Жеке жұмыс: Гүлданайға жемістер мен көкеністер айырмашылығы туралы әңгімелету.
Керекті құрал: Суреттер, жемістер мен көкөністер муляждары, жыл ағашы, әліппе дәптер.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, мнемокесте суреттері,дауыс ырғағын өзгерту техникасы, жұмбақ шешу,түсіндіру.
Әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушы
|
Балалар шаттық шеңберінде
дөңгелене тұрып:
-Армысыз, Алтын күн!
-Армысыз, қайырымды Аспан-ата!
-Армысыз, мейірімді Жер-ана!
Күліп шықты күн бүгін!
Қуанайық, шаттанайық бәріміз!
|
Балалар қимыл көрсете отырып, бірге айтады.
Табиғат анамен амандасып жақсы көңілмен отырады.
|
Іздену ұйымдастырушы
|
Сабаққа, алаңқайға табиғи материалдар жинау мақсатымен серуен ұйымдастыру.
-Күз мезгілі несімен ұнайды?
-Алтын күз дегенді қалай түсінесің?
-Жомарт күз дегеніміз нені білдіреді?
-Бір жылды неше мезгіл бар?
Дидактикалық ойын: «Жыл ағашы»
Шарты: Ағаштың әр мезгілдерге сай ерекшіліктерін атай отырып,бұтағын салыстыра отырып, дұрыс ауыстыру.
Бүгінгі Экология оқу іс-әркетінде Бүркіт Жақыповтың «Күз сыйы» өлеңін жаттаймыз. Өлеңді жаттау оңай болу үшін мнемокестені қолданамыз. Сендер мұқият суреттерге қарап отырыңдар.
Бүркіт Жақыпов.
Күзде.
Алма пісті,
Алмұрт пісті,
Алша пісті,
Жерге түсті.
Қияр пісті,
Қарбыз пісті,
Қауын пісті,
Қандай күшті!
Жидектердің
Татып дәмін,
Жемістердің
Жейміз бәрін.
Енді балалар өлеңді қайталауда дауыс ырғағын өзгеру техникасын қолданайық. Аю дауысымен бір қатарын қайталаймыз. Қоян дауысына салайық, ал үшінші шумағын бұлбұл құстай әндетіп айтайық. Жарайсыңдар!
Жеке қайталату. Бала өзіне ұнаған дауыс ырғағына салып айтады.
Көктем мезгілінде жер жыртылып, тұқымы себіледі. Жаз мезгілінде егіншілер осы егін даласында аянбай еңбек етеді. Күз мезгілінде барлық жемістер мен жидектер, көкөністер,бидай пісіп жетіледі. Егілген бір дән-мың дән болып қайтады. Сондықтанда «Күз –молшылық,береке» деп атайды.
«Табиғат сыйы» дегеніміз- бұл табиғаттың шексіз байлығы болып саналатын күз мезгілінің ерекшілігін,алуан-түсті жапырақтар мен ауа-райының ерекшілігін білдіреді.
Сергіту сәті:
Алтын-сары, қызыл-көк
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Күзгі бақта шаттана,
Билейміз біз айнала.
Енді балалар, сендердің зерек екендеріңді тексерейін.Жұмбақтар шешейік. Аспай піскен,
Қайнамай түскен.
Бақшадан жер қазып,
Жиып алдым жез қазық.
Көк ала костюм киеді,
Күннің көзін сүйеді.
Дәптермен жұмыс.
1.Күзгі бақтағы еңбек туралы әңгімелеу.
2.Жарты алманың екінші бөлігін табу.
3.Жеміс пен жидек сөздеріне сөздік жұмыс жүргізу. Оларды ажырату,атын айтқызу.
|
Табиғат аясында өздеріне ұнаған табиғи материалдарды жинай бастайды.
Ойынды қызығушылықпен ойнауға тырысады.
Мнемокесте арқылы дұрыс қайталайды.
Өлең сөздерін аңдар дауысына қызыға отырып, дұрыс салуға тырысады.
Бұлбұл құстай әндетуге тырысады. Өлең сөздерін есте сақтап қалуға тырысады.
Күз жомарт,береке сөздерінің мағанасын тыңдайды.
Сергіту сөздеріне байланысты қимыл-қозғалыстар жасайды.
Жұмақты мұқият тыңдап, жауабын дұрыс шешуге әрекеттенеді.
Дәптерде берілген тапсырмаларды дұрыс ,ұқыпты орындауға тырысады.
Бақта және бақшада тақырыбында әңгіме құрастыру.
Жеміс пен жидектерді ажыратуға, олардың атын дұрыс атауға ниет білдіреді.
|
Рефлексті коррекциялаушы
|
Тақырыпты бекіту үшін «Сен жасыр, біз табамыз» дидактикалық ойын ұйымдастырылады.
Шарты: балалар көзін жұмып отырады. Бір ойыншы шығып жеміс, көкөністердің муляждары салынған табақтан біреуін алып, артына жасырады. Ойыншы сол жемісті,көкөністің атын айтпай сипаттайды. Жасырған жемісті, көкөністі дұрыс тапқан бала ойынды жалғастырады.
|
Балалар ойнды қызығушылықпен ойнауға тырысады. Дұрыс жауап беруге талпынады.
|
Күтілетін нәтиже: Табиғаттағы күзгі өзгерістерді бақылып, ол туралы өз ойларын жеткізе білуі.
Жемістер менкөкөністер айырмашылығын ажыратады.
Нені білуі керек: Күз мезгілінің ерекше сыйын түсініп,бағалай білуі. Үлкендер еңбегін құрметтеуді.
Нені игереді: Дидактикалық ойындар ойнап, өлеңді түсіне отырып жаттап, жұмбақтар шешеді.
Нені біледі: Табиғи материалдардан композиция жасай білуі. Өз жұмысына тақырып ойластырады.
Достарыңызбен бөлісу: |