Көркем мәтін талдаудың лингвистикалық талдаудың ерекшеліктері



Дата07.02.2022
өлшемі15,36 Kb.
#84564
Байланысты:
пппп
1590138080

  1. Көркем мәтін талдаудың лингвистикалық талдаудың ерекшеліктері

Жазушылардың кез келгені ұлт тілінің әдеби үлгісіне әрдайым өз шығармаларының шұрайлы тілі арқылы «қолтаңбасын» қалдырады. Көркем дүние тілін танудың басты міндеті ˗ шығарма тілі автордың айтпақ идеясына сай келе ме дегенді анықтау, жазушы өрнегін, қолтаңбасын айқындау.
Қаламгер, сөз өнерінің бастауын жалпы халықтық тілден алатындығы ақиқат. Жазушының сөз өрнегін келісті сала білуі, қаламгердің даралық стилін, тіл өзгешелігін, шеберлігін танытады.
Көркем тіл стилі оқырманға эмоционалды, бейнелі, яғни эстетикалық әсер ету функциясын атқарады. Жазушылар өз шығармаларында троптың түрлерін құбылта қолдану және семантикалық категориялардың мағыналық реңктерін орнымен жұмсау, фразеологизмдерді тақырыптық мағыналық жағынан сұрыптап суреттеу тәсіліне енгізу ˗ міне, мұның барлығы суреткер үшін әрі шеберлік, әрі азаматтық міндет.Балалар әдебиетінің классигі ˗ Б. Соқпақбаев шығармаларының тілі баланың жас ерекшелігі мен танымына сай. Қарапайым қазақ баласының танымын суреттеп, қазақ балаларының жиынтық образын жасап, кішкентай оқырмандарының жүректеріне жол таба білген қалам иесі. Шығарма жазуда әсерлі де айшықты тіл мен ұтымды тәсіл қолданған. Баланың қоршаған ортаны қабылдауын суреттеуде қаламгер үлкен шеберлік танытып, көркем тілмен сурет сала білген.
Әр жазушының қалыптасқан өзіндік даралығы болады. Ірі қаламгерлердің атақты шығармаларын қолға алсақ, кімнің шығармасы екендігін бірден айта аламыз. Қаламгер Б. Соқпақбаевтың даралығы нақтылы жазу, ұтымды жазу деп тартынбай-ақ айтуға әбден болады. Шыншылдықты табиғаттан үйренген, жоқтан бар етпеген қаламгер өзгелерден сонысымен дараланады.
Жұмыстың өзектілігі. Зерттеу жұмысы балалар әдебиетінің классик жазушысы Б. Соқпақбаев шығармалары негізінде сөз болады. Жазушы шығармашылығы жөнінде сөз қозғаулар балалар прозасына арналған шығармалар негізінде әдебиетші ғалымдар тарапынан ғана көрініс табуда. Жазушының шеберлігі, балалар әдебиетіндегі орны туралы әдебиетші
Ә. Кекілбаев, С. Қирабаев, Қ. Ергөбек, Т. Ахтанов, С. Шаймерденов, А.Нұрқатов, Р. Нұрғалиев сынды ғалымдар сөз еткен болатын. Қаламгер шығармашылығына тілші зерттеушілер тарапынан Саткенова Ж. «Кейіпкер тілінің когнитивтік аспектісі (Б. Соқпақбаев шығармалары барысында)» атты диссертациялық жұмыс жазылған.
Жазушы шығармаларының тілдік, стильдік ерекшеліктерін, көркемдеу тәсілдерін қолдану шеберлігін сөз етуіміз жұмыстың өзектілігін танытады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Жұмыстың басты мақсаты Б. Соқпақбаев шығармаларының тілін: көркемдеу тәсілдері мен баяндау стиліне, кейіпкерлер тіліне талдау жасай отырып, олардың жазушы қолданысындағы ерекшеліктерін анықтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет