Көркемдік шындық және тарихи тұлға



бет35/35
Дата05.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#16344
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Т. Жұртбаев:—Сіздердің журнал тілегіне көңіл қойып, пікір білдіргенде-ріңізге көп-көп рақмет. Осы отырыста айтылған жайлардың оқырмандарға да ой саларына кәміл сенемін. Өткен тарихымызды еске алып, санада екшеп, сараға салуымыздың мәнісі — қалай болған күнде де халқымыздың жүріп өткен жолындағы танылмай жатңан қалтарысты-көлеңкелерге сәуле түсіру, журтшылықтың назарын соған аудару. Өйткені Бұл — тек тарих ғылымының еншісіндегі ғана мәселе емес, рухани өміріміздің де мүддесін қозғайтын кеңес. Ұлы орыс халқы мен патшалық өкіметтің ара-жігін ажырататын, отаршылдық дейтін кесел болғанын танитын уақыт жетті. Нысанбай, Досқожа мурасына теріс бата берген, «Зар заман» ақындарының негізгі туындыларына тыйым салынған ескі санадан арылатын уақыт жетті.
Революцияға дейінгі кезеңдегі тарихи қубылыстарды дурыс бағалауымызға байланысты шешілер түйін көп. Біз соның бір тармағын ғана әңгіме арқауы еттік. Ел ерінен танылады дейді ғой. Сол ерлерімізді журтқа танытпаң түгілі, өзіміз тани алмай жүрген жай бар. Бұл — жалғыз Кенесарыға ғана қатысты сөз емес. Ойланып толғанудың уақыты өткен. Именетін, ңорғалақтайтын кезең де артта қалды. Бүгінгі күн — нақты істің күні. Қайта құру мен жариялылықтың игілігін көрейік, орыс зиялылары айтатын «қулдық санадан» құтылып, еңсе жазатын, жарыққа умтылатын жақсы заманды» зая жіберіп алмайың.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет