Т. Жұртбаев: — Әрине, Кенесары қозғалысының барлың мәселелерін түгел қамту бір әңгіменің көтере алатын жүгі емес. Дегенмен, осы «қилы заман» ке-зеңіндегі оқиғаларға баға беру барысында: «Россияға ңараған аз ұлттардың тарихы — Россияның белінбейтін тарихы. Сондықтан да Кенесары сияқты қарақшыларды тек ңана жазғыру керек. Ол ұлтшылдықты оятады» — деген пікірлер анда-санда қылаң береді. Егер бұл пікір бүдан біраз уаңыт бүрын айтылса, уәж білдірмес те едік. Біраң дәл қазір қойылуы орынсыз сияңты, Осыдан келіп, Кенесары ңозғалысы — ұлт-азаттық көтеріліс пе,жоқ, реакциялық қозғалыс па? Шәмілдің көтерілісінен мүның не айырмашылығы бар? Қазаңстанның Россияға қосылуы — тарихи қажеттілік пе? Егер өз еркімен қосылса, онда неге осыншама қарсылыққа тап болды?» деген сұрақтар туады. Менің ойымша бұл сауалдарға жауап бермесек, әңгімеміздің толық болмай-тыны және оның түжырымдалмай қалатыны анық сияқты. Бүған тарихшылар қалай қарар екен?