Ж. Қасымбаев:— Әрине, Рахаңның «Қаһар» романын әдеби тұрғыдан талдауы орынды. Дегенмен, бізге қойылым отырған сауалдың бірі Кенесары қозғалысының сыр-сыпаты ғой. Қазіргі пайдаланып отырған деректеріміз және осы проблеманың біздің күндеріміздегі зерттелу барысы он жылға дерлік :озылған көтерілістің сыр-сыпатын толық ашуға, оның жеңілу себептерін терең көрсетуге мүмкіндік бермейді. Қолымыздағы мәліметтерге сүйеніп, осы мәселенің басын ашуға тырысайың, «Қаһарды» оқығанда көтерілістің жеңілу себебі қазақ феодалда-рының арасындағы кикілжің деген ой қалыптасуы мүмкін. Иә, Рүстем төре мен Сыпатай Әлібековтың Майтөбе түбінде опасыздық жасап, манап орман Ниязбеков жағына шығуы, Кенесары сарбаздарының моральдың рухына да, әскердің қарсыласу күшіне де ізін қалдырмай қоймайды. Сұлтандардың бір бөлігі: Арыстан, Ахмет Жантөриндер, Қоңырқүлжа Қудаймендин, Турлыбек Шыңғысов, көтерілістің ба-сында-ақ патша жағына шықты. 1844 жылы 21 июньде Кенесарының басты күшінің Жантөрин әскерін талқандап, бір шайқаста 44 сұлтанды өлтіруі Россия жағын берік үстаған феодалдардың Кенесарыға деген өшпенділігін күшейтті, Кенесарының өзінің соңынан ермеген ауылдарды аяусыздықпен ойрандауы тыныштықты көксеген қазақ руларының көтерілістен алшақ түруына әсер етті; Қоқанмен, ңырғызбен, өзінің ел ішіндегі қарсыластарымен он жыл толастамаған қанды күрес елді титықтатты, ал Кенесарының соғыс шығынын жабуы үшін жинаған салығы көтерілісті ңолдаған ауылдардың өз ішінде ңобалжу туғызды; Қазақстанның ең маңызды аудандары Россияның қүрамына кіріп үлгерген жағдайда Кенесарының басты мақсаты — Қазақстан шеңберінде біртұтас феодалдық мемлекет қүру мүмкін емес еді. Анталаған Қытай, Қоқан, Хиуа, Қырғыз феодалдары (Россияны айтпағанда) бір орталыққа бағынған қазаң хандығының қүрылуына мейлінше қарсылық көрсетті.