Көрнекілігі: қанатты сөздер, тіл мерекесіне орай шығарылатын газеттер, суреттер, гүлдер, буклеттер. Жүргізуші



Дата15.09.2017
өлшемі33,54 Kb.
#33100
Тіл – ұлттың жаны

Мақсаты:

  1. Балалар арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру , мемлекеттікм тілді құрметтеуге баулу;

  2. Мемлекеттік тілді әрбір қазақстандық этнос өкілініңи ішкі мәдениетінің ажырамас тіліне айналдыру;

  3. Тіл әуезділігін , көркемдігін, байлығын , шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал – мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын , ой – өрісін дамыту.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, тіл мерекесіне орай шығарылатын газеттер, суреттер, гүлдер, буклеттер.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар , балалар!

Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып біекітілді. ҚР «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. «Адамға екі нәрсе тірек тегі, бірі –тіл, бірі – дінің жүректегі», -деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай , кез келген мемлекеттің , елдің ең негізгі рәмізі де , ұраны да , тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі.Біздің Отанымыз – Қазақстан . Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы , Әнұрандары бар.Сонымен қатар өз тілі бар .



Жүргізуші: Асыл тастан ,өнер жастан шығады деп дарынды,

«Халық айтса қалып айтпайды», әрқашан да нанымды, -дей келе , сайыскерлерімізді бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар. Сонымен сайысымызға кезек берсек:

Кім біледі, өнерпаз, білейікші,

Оқушылар алғыр деп жүрейікші.

Әділ қазылар алқасына тек әділдікті ,

Сайыскерлерге сәттілік тілейікші, - деп сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз.

1)Таныстыру ;

2)Сол халықтың ұлттық киім кию үллгілері;

3)Ұлттық билер;

4)Салт – дәтүрлер.

Жүргізуші:

Қазақтың өнерлі ғой бар баласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Жүзден бір , мыңнан озық жүйріктерді,

Таныстыру – бұл сайыстың бастамасы.

Жүргізуші:

Ана тілі – ар тілім,

Жанардағы жарқылым.

Жүрегіімде сақталған,

Ән- жыры боп халқымнаң.



«Қазақ елі» әні орындалады.

Жүргізуші:Біздің мемлекет – көп ұлтты мемлекет.Қазақстанда 130- дан астам ұлт өкілдері тұрады . Әр ұлттың өзіне тән ата дәсүрі , ана тілі бар. Әрбір өзіне – өзі сыйлайтын ұлт өз болмысын сақтай отырып , өзге өзіндік қажеттіліктеріне құрметпен қарайды. Оған дәлел, басқа ұлт өкілдері қазақ тілінде сөйлеу, қазақша ой ойлауы. «Ұлтым орыс болса да,мен – қазақтың бір қызымын. Қазақша сөйлеп, қазақша ойлап , қазақша жазамын. Мен Қазақстанда тұрып, сол мемлекеттің тілін білгенімді өзіме зор тмәртебе снаймын»,- деген қызымызды қарыс алыңыздыр!

Жүргізуші:Келесі кезекті «Ұлттық киім үлгілеріне » береміз.

Жүргізуші:

Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,

Ана тілің білмеу қандай заңдылық ?

Өсер балаң , байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

«Қазақ тілі» әні орындалады.

Жүргізуші:

Өнер деп соққан жүрегі,

Өнерлі өрге жүзеді.

Келесі кезекте «Әр халықтың ұлттық билері».



Жүргізуші:

Тағдырыңды тармақсыздық індетіне қалқала,

Әр адамда өз анасынан басқа да.

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері - түп қазығы, айбыны.

Туған тілі – сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүрі , салт – санасы – тірегі,

Қадамыңа шуақ шашар үнемі,

Және туған тарихы! –дейді Мұхтар Шаханов.

Тілді, тарихты, салт – дәстүрді ұрпақтан – ұрпаққа жалғастырып сақтау- қасиетті борышымыз. Олай болса , әр ұлттың салт - дәстүрін тамашалайық!



Жүргізуші: Мен қазақпын , мың өліп , мың тірілген,

Құшақ жайып қарсы алдым сан тіліммен.

Жаман үйді қонағы билейді деп,

Қала жаздап айырылып өз тілімнен .



«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды , тарихымызды ұмыту», - деген Бауыржан Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік! Мемілекеттік тілде көп оқып , бір – бірімізбен қазақша сөйлесейік!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет