Тақырыбы: Ұлттың ұлы ұстазы (портреттік кеш)
Мақсаты: Оқушыларға алаштың бес арысының бірін таныстыра отырып, адамгершілік, рухани тәрбиеге тәрбиелеу
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Барысы:
Жүргізуші: Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, ірі ғалым, көсем сөзшебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл. Ахмет атамыз қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914-1915 жылдан 1927-1928 жылға дейін пайдаланылып келді.
«Оқуға шақыру» өлеңін оқитын 3 сынып оқушысы
Жүргізуші: Дарынды Ахмет 1882-1884 жылдары өз үйінде хат танып, ауыл мектебінен сауат ашып, Орынбордағы мектепте оқып білім алады. Ахмет Байтұрсынұлының балалық шағы өткен үй туралы видеоға назар аударсақ ( видео көрсетіледі).
Жүргізуші: 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, кітаптар оқиды, оқу құралдарын жасайды, өлең жыр тудырады. Жас Ахметтің ел ішінде оқыған еркін, мінезді, батыл, ойшыл, бедел атағы өсе бастайды.
«Адамдық диқаншысы» өлеңі
Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.
Оттай бер, жануарым екі аяқты,
Адамдық хайуанға қанша қажет?!
Жаратқан малды Құдай не керекке-
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.
Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.
Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,
Көк есек қозғала ма түрткенге айдап?
Есептен алданғандай болғандар көп,
Жасықты асыл ма деп білмей қайрап
Жүргізуші: Қарқаралыда мұғалім болып жүргенде патша өкіметінің әділетсіздігіне қарсы наразылық білдірушілердің қатарында болғаны үшін 1909 жылы Семей түрмесіне қамауға алынады. Семей түрмесінде жатқанда анасына арнап «Анама хат» өлеңін жазды.
«Анама хат» өлеңі
Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам!
Арнап хат жазайын деп, алдым қалам.
Сені онда, мені мұнда аман сақтап,
Көруге жазғай еді Хақ тағалам!
Бара алмай, өтірікші болып әбден,
Семейдің түрмесінде отыр балаң.
Мал ұрлап, кісі өлтірген айыбы жоқ,
Өкімет, өр зорлыққа не бар шараң!
«Үмітсіз шайтан болсын» деген сөз бар,
Жолдар көп жәннатқа да тарам-тарам.
Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.
«Тілек батам» өлеңі
Я, Құдайым аққа жақ,
Өзіңе аян: мен нақақ.
Аққа деген жолымның
Абыройын ашпай, жап.
Аят пенен хадисте
Адал ниет, ақ іске,
Жаңылмасам, жоқ еді
Жаза тартсын деген бап.
Мені ұстатып, айдатып,
Зағырданды қайнатып,
Масайрасып, мәз болып,
Қуанғанды өзің тап!
Аз күндікке алданып,
Аз нәрсеге жалданып,
Адасқанын Алаштың
Түзу жолға түсір, хақ!
Жақын жерден жау шығып,
Мақұл сөзден дау шығып,
Дұшпан ұстап қолымнан,
Иттер тістеп тонымнан,
Маған тосу болған шақ.
Тұтқын болып тарығып,
Жалғыз жатып зарығып,
Ашу қысып, ойды алып,
Өт жайылып, бойды алып,
Дерт жүрекке толған шақ.
Жүргізуші: Ахмет Байтұрсынұлы - ақын және аудармашы. Оның өлеңдері «Қырық мысал», «Маса» деген атаумен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. Ол «Қырық мысал» жинағын 1909 жылы Петербург қаласында бастырады. Орыстың мысалшысы Крылов мысалдарының бір тобын аударған.
4 сынып оқушылары мысалдарға байланысты салынған суреттерін ораға алып шығып , сол бойынша мысалдың түйінін айтады.
Аққу шортан хам шаян
Егіннің бастары
Қарға мен түлкі
Екі шыбын
«Өгіз бен бақа» мысалынан көрініс.
Жүргізуші:Ахмет Байтұрсынов қазақ музыкасымен ән - күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. Затаевичтың айтуынша ол шебер домбырашы, әрі әнші болған. Музыка өнеріне көңіл бөлген ғалымның «Аққұм», «Інкәр» әндері бар. Халықтың жан дүниесінің мөп - мөлдір бұлағындай болған өнеріне шөлі қанғанша, оған өзіне де бір тамшы болсада, үлес қосқан Ахмет нақақтан атылып кетті. Бірақ Ахметтің өміріде, іліміде өшкен жоқ өшпейдіде.
Достарыңызбен бөлісу: |