ІІ жүргізуші: Ортада « Хат тасушы» әні
І жүргізуші: 11- сынып оқушыларының ойын білдік. Енді осы 11- сынып оқушыларынан білгілеріңіз келетін жайларыңыз болса, қоятын сұрақтарыңыз болса қоюларыңызға болады?
11- сыныпқа сұрақтар қойылады
Егер алған балыңыз таңдаған мамандығыңызға түсуге жетпесе мамандықты қайта өзгертесіз бе, әлде келесі жылы қайта тапсырасыз ба?
Мамандық таңдау кезінде өз еркіңізбен таңдайсыз ба, әлде ата-анаңыздың немесе ұстаздарыңның ақылын ескересіз бе?
Өз шамаларыңызды білсеңіздер де ата-ананың айтқаны бойынша ҰБТ-ға қатысқалы отырғандар бар ма?
ІІ жүргізуші:Мамандық таңдау-өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда ең алдымен баланың қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне және жүрек қалауына қарау керек деп ойлаймын. Келесі сұрағымызды ата-аналарымызға койсақ
Балаңыз сіз қалаған мамандықты таңдай ма, әлде оның қалауымен келісесіз бе?
Балаңыздың өз жолыңызды қуғанын калайсыз ба?
Балаңыздың ҰБТ-ға дайындалуына қандай жағдайлар жасап жатырсыз?
ІІ жүргізуші: «Қай істің өнуіне болсын үш шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек», -деп қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай келесі сөз кезегін бұрынғы мектеп түлектері, қазіргі студенттер, болашақ мамандық иелеріне береміз.
І жүргізуші: Болашақ мамандарға келген қонақтарымыздың, оқушыларымыздың қоятын сұрақтары болса коюларына болады.
Студенттерге сұрақ қою
Мамандық таңдау кезінде кеңес беріп, қолдау көрсеткендер болды ма?
Осы кезде алып жатқан мамандығыңыз өзіңізге ұнай ма, ұнамаса , кейін ұнап кетеді деп ойлайсыз ба?
ҰБТ барған тиімді ме, әлде «Жол картасымен» колледжге тапсырған тиімді ме?
Осы кезде оқып жүрген мамандықтарыңызды өз жүрек қалауларыңмен таңдадыңдар ма?
Қазіргі таңдаған мамандығыңызды меңгеруде қандай қиындықтарға кездесіп жатырсыз?
ҰБТ дайындық кезінде қандай қиындықтар болды және қалай дайындалған тиімді?
ҰБТ-ға бармай неліктен «Жол картасымен» колледжге баруды ұйғардыңыз? Осы тиімді ме? Өкінген кездеріңіз жоқ па?