Көрнекілігі: Сахнаны ұлттық болмыста безендіру. Әдісі: Сайыс түрінде. 1-жүргізуші «Жақсыдан – жаман туады,»



Дата09.05.2024
өлшемі20,25 Kb.
#201916
Байланысты:
d181d0b0d0b9d18bd181d18b (1)


Тақырыбы: «Әке ақылы – балаға өсиет»
Мақсаты: Халықтық педагогиканы басшылыққа ала отырып, жан ұядағы тәрбиенің орны жайлы, жас ұрпақты ұлттық болмыста тәрбиелеу, Отбасын, ата – анасын, туыстарын сыйлауға, сүюге баулу.
Көрнекілігі: Сахнаны ұлттық болмыста безендіру.


Әдісі: Сайыс түрінде.
1-жүргізуші «Жақсыдан – жаман туады,»
Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады,
Адам айтса нанғысыз — деген халықта сөз бар.
Әр от басындағы әкенің рөлі ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі , қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнерімен — білімі баланың көз алдындағы үлгі — өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. «Әке — асқар тау», «Әке — бәйтерек», — деген мақалдар әкенің беделін көрсетеді. «Әке балаға — сыншы» – дейді халқымыз
Ер бала — әкесімен сырлас жолдас дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен ақылдасады. Ер баланың өсіп жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуында, қоғамдағы өз орнын дұрыс таба білуінде әкенің атқарар еңбегі ерекше.

Бүгінгі кешіміз өздеріңізге арналады, Құрметті ұлдар мен әкелер! 23- ақпан күні Совет армиясы мен әуе күштерінің құрылғанына 86 жыл толып отыр. Осыған орай мектебімізде , осы мерекені атап өту мақсатында «Әке ақылы – балаға өсиет» атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз.. Совет кезеңінде Отанды қорғаушылар күні ретінде мерекеленетін бұл күн бүгінде атаусыз қалып отыр дейді коммунистер. Совет Одағын сыртқы күштерден қорғау бағытында құрылған Қызыл әскер халықтың ықыласына бөленген, нағыз халықтық армия бола білді сол кездерде.



Негізгі бөлім.
1-жүргізуші: Бүгінгі «Әке ақылы – балаға өсиет» атты кешіміздің төрінен орын алу үшін құрметті қонақтарымызды қошеметтеп қояйық. .( 5 ер баланы әкесімен шақырады.
5 бала әкелерімен тиісті орынға отырғызылғанша әдемі күй ойналып тұрады.)
Сөз кезегі мектеп директорына беріледі З.С. Байжанова



  • Совет армиясы туралы бейне роллик

  • Сұрақ – жауап

-Сіз қай елде отан алдындағы борышыңызды атқардыңыз?
-Қандай қиындықтар кездесті?
-Қазіргі армия мен сол кездегі армияның айырмашылығы қандай ?
* Ән «Сарбаздар» орындайтын:
1 Жүргізуші: Құрметпен шақырылған ос ы 5 отбасының арасында өткізілгелі отырылған сайысымыз 4 бөлімнен тұрады.
І. «Әке көрген — оқ жонар» Бұл бөлімде әке мен бала бірігіп таныстыру, бейне роллик немесе слайд шоу көрсету
ІІ. «Мен сенің өміріңнің жалғасымын» — Бұл бөлімде өнер сайысына түсесіздер.
ІІІ. «Білекті бірді жығады – білімді мыңды жығады» ( қызықты сұрақтар )
ІV. «Күш — атасын танымас» (Әке мен бала бірігіп спорттық сайысқа түседі.)

І бөлім бойынша «Әке көрген – оқ жонар»бөлімінде таныстырылға кезек берейік


1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
ІІ бөлім: Алдын-ала ескертілгендіктен 5 жұп өз өнерлерін бастайды.

Олар өнерін аяқтап, әділқазылар алқасы бағалағанша, музыкалық сәлем жолданады.


Әділқазылар алқасы бағасын береді
ІІ бөлім: «Мен сенің өміріңнің жалғасымын»
Өнер сайысы (әр жұп өз өнерлерін көрсетеді).
Әділқазылар алқасы бағасын береді.
ІІІ бөлім: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» қызықты сұрақтар кезеңі.
Ендеше бүгінгі бізде қонақта отырған әкелер өз міндетін қалай орындап жүр екен.

  1. Балаңыздың туған күні, айы, жылы ?

  2. Балаңыздың аяқ киім өлшемі?

  3. Балаңыздың парталас көршісі

  4. Бүгін сабақтан қандай баға алды?

  5. Балаңыздың сүйікті асы қандай ?

  6. Балаңыздың сүйікті түсі ?

  7. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

  8. Балаңызға еркелететін қандай сөздер айтасыз ?

  9. Балаңыздың ең жақын досы?

  10. Балаңыздың сүйікті пәні ?

ІV бөлім: Жүргізуші: «Күш атасын танымас» — бөлімінде әке мен бала бірігіп, спорттық сайысқа түседі.



  1. Лянка тебу

  2. Мергендік – асық ату,нысана ату

  3. Білек күшіне

Әр бөлімнің арасында уақытқа байланысты ән, күй, би т.б. өнер түрлерін жіберіп тұруға болады.
Қорытынды бөлім:
Әділқазылар алқасына сөз.
Әділқазылар алқасы сайыстың барлық шарттары негізінде қорытынды шығарады.
/Марапаттау орын беру, құттықтау/
Жүргізуші: Құрметті көрермендер! Сайысымыздың тақырыбына сай Оспанхан Әубәкіровтың «Әкеге тартып ұл туар» атты сықақ өлеңін назарларыңызға ұсынайық. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» дегендей, әке бойындағы жақсы мінездер мен асыл қасиеттерді ардақтай білейік, ойымызға сіңіріп, бойымызға дарыта білейік.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет