Көрнекілік және оның түрлері

Дата23.10.2023
өлшемі250,04 Kb.
#187655
Байланысты:
Қабдолда Шынар БҚ-312

Көрнекілік және оның түрлері

Орындаған:Қабдолда Шынар БҚ-312
Тексерген:Тугелбаева Жазира

КӨРНЕКІЛІК

Көрнекілік – оқу материалын оқушы көңіліне оңай да, әсерлі жолмен жеткізуші көмекші құрал.Көрнекіліктерді қолдан жасау – аса күрделі дүние. Оған қойылатын басты талаптар мыналар: Жазуын соңғы партада отыратын бала да оқи алатындай болу керек. Көркемдеуі, безендіруі, бояулары әлем-жәлем емес, қарапайым, оқушы жан жүйесіне, көру қабілетіне кері әсер етпейтіндей, мектеп гигиенасына сай жасалуы керек. Қолдануға оңай әрі мазмұнды болуы керек.

Көрнекіліктің маңызы, тиімділігі неде?

1.Білім мазмұнын байыта түседі.

2.Есту арқылы алған білімін көру арқылы бекіте түседі.

3.Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырады, ойлау, таным белсенділіктерін, көркем тілін дамытады.

4.Эмоциясына әсер етеді.

5.Алған білімдерін практикада жүзеге асыруға жетелейді.

Көрнекілік-құралдары оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге, абстрактілі байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру үшін қолданылады. Бұл дидактиканың басты қағидаларының бірі болып саналады. Көрнекілікті чех педагогі Я.А.Коменский (1590 – 1670) 17 ғасырда енгізді. Одан кейін педагогтер швейцар И.Г. Песталоцци (1746 – 1827), неміс А.Дистерверг, орыс педагогі К.Д. Ушинский (1824 – 1870/71), т.б. Көрнекілікті оқу пәндерінің мазмұнына бейімдеп дидактика мен әдістеме жүйесіне лайықтап қалыптастырды.

Көрнекілікті зерттеген ғалымдар

Көрнекіліктің үлгілерін пайдалануға Ыбырай Алтынсарин зор көңіл бөліп, “Қазақ жастары ғылым-өнерді кітап сөзі деп қана қарамай, заттай көзімен көріп, ажырата білуін” мақсат етіп қойды. Қазіргі оқу жүйесінде жанды-жансыз табиғат объектілерін байыппен байқаудың, сурет, өрнек, көркемөнер туындыларын, график. материалдарды заттай пайдаланудың мәні зор.

Ыбырай Алтынсарин
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырранда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
ИЛЛЮСТРАЦИЯ

ДЕМОНСТРАЦИЯ

Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.
Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі-жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көніл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш техникасы кабинеттерін құру міндетті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізілген. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.
ҚОРЫТЫНДЫ

Назарларыңызға рахмет!!!

Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет