Көрнекіліктер: Мазмұнды суреттер Ойын шарты


Дидактикалық ойын «Қарлы сөздер»



бет2/4
Дата02.02.2020
өлшемі4,43 Mb.
#56976
1   2   3   4
Байланысты:
ДИД НОВ


Дидактикалық ойын «Қарлы сөздер»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын дамыту. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Қыс мезгілі ерекшеліктерін айту.

Көрнекіліктер: Қыс мезгілінің суреттері.

Ойын шарты:

Бастаушы сөйлемді өзі бастап береді:

-Қар қандай? (суық,ақ,жеңіл.....)

-Қар неге ұқсайды? (мақта,қант,балмұздақ......)

-Қарлы сөздерді ата? (аққала, жел, қырау, боран........)

Ойын осылай жалғаса береді.



Дидактикалық ойындар картотекасы

ТІЛ ДАМЫТУ



Ортаңғы « Жидек» тобы
Сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуын дамыту

1. «Қатты-ақырын-сыбырлап»

2.«Тез-ақырын»

3.«Аттар тұяқтарымен тарсылдатады»

4.«Шарды үрле»

5.«Сабын көбіктері»

6.«Құс мамығын үрле»

7.«Шар жарылды»

8.«Ақшақарлар ұшады»

9.«Жаңылтпаштар»

Тілдің дыбысталу мәдениетін дамыту

10.«Не дыбыстайды?»

11.«Әртүрлі сөздерді жинақта»

12.«Берілген дыбыспен сөздерді ата»

13.«Тазша балаға дыбыстарды айтып жібер»

14.«Сөздер ұқсас дыбыс шығарады ма?»

15.«Міне, осылай дыбыстарды атайды»

16.«Дыбысталатын сағат»

17.«Жаңғырық»

18.«Таза айту»

Грамматикалық сөздің құрылысын қалыптастыру

19.«Сендердің тілектерің – біздің тілегіміз»

20.«Кімнің үйі?»

21.«Кімде не бар?»

22.«Біреу және көп»

23.«Не қайда жатыр?»

24.«Дүкен»

25.«Айгүлге серуенге бару үшін не жетіспейді?»

26.«Сиқырлы қалта»

27.«Нені қайда салады?» (қантты – қант салғышқа және т.б.)

Сөздік қорын байыту.

28.«Кім? Не?» (зат есімдер)

29.«Кім не істейді?» (етістіктер)

30.«Бұл қай кезде болады?» (үстеу)

31.«Қай жерде не бар?» (үстеу)

32.«Бір сөзбен айт»

33.«Сөзді айтуға көмектес»

34.«Бұл қай кезде болады?» тәулік бөліктері, жыл мезгілдері

35.«Керісінше айт»

36.«Биік (ұзын, үлкен, кең, жуан) не болады?»

37.«Сипаттамасы бойынша таны»

38.«Сөзді өзгерт»

39. «Сөз қос»

40. «Сиқырлы суреттер»

Қимылды ойын ІІ кіші топ.
1. «Қатты-ақырын-сыбырлап»
Мақсаты: Балаларға қатты,сыбырлап, ақырын сөйлеуге үйрету.

Ойын барысы: Ойынға 3-5 бала қатысады: тәрбиеші балаларға бір сөзді айтады: оны балалар қатты дауыспен,ақырын дауыспен және сыбырлап айтуы керек
2.«Тез-ақырын»
Мақсаты:Балаларға тақпақтарды,жаңылтпаштарды тез жән ақырын айтуға үйрету.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға бір сөзді,тақпақты немесе жаңылтпашты айтады. Балалар соны тез және ақырын қайталап айтуы керек.
3.«Аттар тұяқтарымен тарсылдатады»
Мақсаты: Балалардың артикуляциялық аппаратын дамыту. Дыбыстық жаттығу жасау арқылы «р» дыбысын анық айтуға жаттықтыру.

Көрнекіліктер: Аттар суреті және ойыншығы.

Ойын барысы: Тәрбиеші « аттар жолда жүргенде тұяқтарымен тарсылдатады» (тілмен таңдайын қағып көрсетеді) балаларға да тілдерімен таңдайларын тақылдатып қағуды ұсынады. Балалар тілдерімен таңдайларын қағып дәл аттардың жүргенде тұяқтарымен тарсылдатып жүргенін салады « аттар тұяқтарымен тарсылдатады»

4.«Шарды үрле»
Мақсаты: Балаларды сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: шарлар.

Ойын барысы: тәрбиеші балаларға шар таратып береді. Оны балалар дұрыс тыныс алу арқылы үрлеуі керек.


5.«Сабын көбіктері»
Мақсаты: Балаларды дұрыс тыныс алуға үйрету.

Ойынның құрал жабдықтары: сабын көпіршіктері.

Ойын барысы: тәрбиешә балаларға сабын көбіктерін таратып береді. Ойынға

4-5 бала қатысады.модан балалар дұрыс тыныс алып көбіктер шығаруы керек. Ойын осылай жалғасады.


6.«Құс мамығын үрле»
Мақсаты: балаларды сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: құс мамығы.

Ойын барысы: тәрбиеші балаларға құс мамығын таратып береді. Оны балалар дұрыс тыныс алу арқылы үрлеуі керек.

7.«Шар жарылды»
Мақсаты: Дыбыстық жаттығу жасау арқылы «ш» дыбысын анық айтуға жаттықтыру.

Ойын барысы: балалар бір-бірінің қолынан ұстап, жақын-жақын дөңгелене тұрады. Тәрбиешіге қосылып олар мына өлеңді айтады:

Көпіре гөр көбік шар,

Көпіре бер кеңіп-шар.

Осы күйі қал тұрып,

Кете көрме жарылып.

Өленді айтып бара жатып балалар дөңгелек шеңберді кеңейте түседі. Тәрбиеші «шар жарылды» деген кезде барлық балалар қолдарын төмен түсіріп, бір дауыспен: «ш-ш-ш»-дейді тізерлеп отыра кетеді.


8.«Ақшақарлар ұшады»
Мақсаты: Сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: ақшақарлар.

Ойын барысы: тәрбиеші балаларға қағаздан жасалған ақшақарларды таратып береді. Балалар ауыздарын демге толтырып, дем шығарғанда ақшақарларды үрлеп ұшырады..
9.«Жаңылтпаштар»
Мақсаты: балаларды жаңылтпаштарды дұрыс әрі жылдам айтуға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: жаңылтпаштар

Ойын барысы: тәрбиеші балаларға жаңылтпаштарды айтады. Балалар оны дұрыс әрі жылдам қайталап айтуы керек.
10.«Не дыбыстайды?»
Мақсаты: балалардың ненің қалай дыбыстайтынын білуі,айтуы керек.

Ойын барысы: топта не дыбыстайтынын айтып беру. Сипаттау арқылы балалар не дыбыстайтынын табуы тиіс.
11.«Әртүрлі сөздерді жинақта»
Ойынның мақсаты: Сөздің бірінші және соңғы дыбысын ажыратып үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: Заттық суреттер 

Ойынның мазмұны: Бірінші суретті орналастырады, содан кейін соның соңғы дыбысына басталатын суретті қояды т.с.с жалғастырады. Ара- алма- автобус-сабын- нан…

12.«Берілген дыбыспен сөздерді ата»
Ойынның мақсаты: берілген дыбысқа сөз ойлап табу үйрету. Сөздік жұмыс жүргізу арқылы баланың сөздік қорын молайту. Ойын арқылы балаларды тапқырлыққа баулу.

Ойын барысы:тәрбиеші кез келген дыбысты айтады. Балалар сол дыбыстан басталатын сөздерді айтады.

Мысалы:А – болса:

Балалар: Ай, алма,алмұрт, асқабақ, т.б.

13.«Тазша балаға дыбыстарды айтып жібер»

Ойынның мақсаты: «ж», «з» дыбыстарын айтып жіберу.

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға «ж», «з» дыбысынан басталатын сөздерді табуға сұрайды.

14.«Сөздер ұқсас дыбыс шығарады ма?»
Ойынның мақсаты: ұқсас дыбыстарды ажырата білуге үйрету.

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға ұқсас дыбыстарды айтады және сол ұқсас дыбыстарды балалар сөздерден табуы керек. Ойын сонында балалар сөздер ұқсас дыбыс шығара алады деген қорытындыға келеді.

15.«Міне, осылай дыбыстарды атайды»
Ойынның мақсаты: дыбыстарды дұрыс әрі нақты айтуға үйрету

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға кез келген дыбыстарды айтады. Ойынға қатысқан балалар сол дыбыстарды анық әрі дұрыс айтуы керек.

16.«Дыбысталатын сағат»
Ойынның мақсаты: дыбысталатын сағаттарды тілмен дұрыс көрсете білуге үйрету.

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға дыбысталатын сағаттың дыбысын естіртеді, балалар оны қайталайды.

17.«Жаңғырық»
Ойынның мақсаты: Жаңғырықты ауызбен айтуға үйрету.

Ойынның мазмұны: Тәрбиеші екі затты соғып жаңғырықты балаларға естіртеді, соны ауыздарымен жасап қайталайды.
18.«Таза айту»
Ойынның мақсаты: Сөздерді таза айтуға үйрету.

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға қиын, тілі келмейтін сөздерді айтады,балалар соны қайталайды.

Мысалы:ракета,шкаф...



19.«Сендердің тілектерің – біздің тілегіміз»
Ойынның мақсаты: Грамматикалық сөздің құрылысын қалыптастыру

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші өзінің тілегін айтады,балалардан өз тілектерін айтуларын сұрайды.
20.«Кімнің үйі?»
Ойынның мақсаты:Кімнің қайда тұратынын ажырата білу

Ойынның құрал-жабдықтары:үйдің,апанның, ұяның,тиіннің інінің суреті

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға сурет арқылы кімнің үйі екенін тауып көрсетуін сұрайды.

21.«Кімде не бар?»
Ойынның мақсаты:Заттардын атын дұрыс атай білуді үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары:қолдарында заттары бар жануарлардың суреттері

Ойынның мазмұны:Суретте бейнеленген жануарлардың немесе ойыншықтардың қолында қандай зат бар екенін атайды және сол затты сипаттайды.

Мысалы:қоянның қолында сәбіз бар,ол көкөніске жатады. т.б.



22.«Біреу және көп»
Ойынның мақсаты: Бір және көп заттарды ажырата білуге үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары:бір және көп заттар бейнеленген суреттер

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші бір және бірнеше заттар бейнеленген суреттер береді. Балалар бір зат бейнеленген суреттерді жеке, көп зат бейнеленген суретті жеке топтастырады.

23.«Не қайда жатыр?»
Ойынның мақсаты: Баланың ой өрісін кеңейту,ойлау қабілетін дамыту,зейінділігін арттыру.

Ойынның мазмұны: Тәрбиеші балаларға кез келген затты айтады. Ойынға қатысқан балалар сол заттың қайда жатқанын анықтап,сипаттайды.

24.«Дүкен»
Ойынның мақсаты:Балаларды рөлдерге бөліп ,сол рөл бойынша әрекет жасауға үйрету.

Ойынның мазмұны:Бір баланы сатушы етіп,қалған балалар сатып алушы болып ойнайды.

(Мысалы, Сатушы «Келіңіз,сізге не керек?» деген сөздерімен және сатып алушылар «Рахмет» сияқты мейірімді сөздерді қолдана білуге үйрету).



25.«Айгүлге серуенге бару үшін не жетіспейді?»
Ойынның мақсаты: Жыл мезгілдеріне сай киімдерді ажырата білуге үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: жыл мезгілдеріне сай киімдердің суреті

Ойынның мазмұны:Әр балаға қуыршақтар беріледі. Балалар ол қуыршақтарды жыл мезгілдеріне сай киіндіру керек. Бір балаға қыс мезгіліне сай, ал келесі балаға күз мезгіліне сай және тағы сол сияқты.

26.«Сиқырлы қалта»
Ойынның мақсаты: Диалогтік сөйлеуде сөздерді дұрыс, анық айтуға, сұраулы сөйлемдерді дауыс интонациясын сақтап, дұрыс айтуға жаттықтыру. Сөйлем қарқынын өзгерте білуге үйрету(мысалы: ақырын сөйлеу)

Ойынның құрал-жабдықтары:суреттер,доп,шар,қуыршақ)

Ойынның мазмұны:5-6 бала қатысады. Тәрбиеші сиқырлы қалтаны ортаға қойып балаларды кезекпен шақырып,сол қалтадағы заттарды алғызады. Балалар алған заттарын сипаттайды.

27.«Нені қайда салады?» (қантты – қант салғышқа және т.б.)
Ойынның мақсаты: Ыдыс аяқ түрлерін ажырата білуге үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары:ыдыс аяқтың суреті

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші ыдыс аяқтың суретін береді. Балалар ол ыдыс аяққа не салатынын айтады мысалы: қантты қант салғышқа және т.б.


28.«Кім? Не?» (зат есімдер)
Ойынның мақсаты: Жанды жансыз заттарды айыра білуге үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары:әр-түрлі суреттер

Ойынның мазмұны:Балаларға суреттер беріледі. Балалар ол суреттерде не бейнеленгенін және оның жанды не жансыз екенін айтады. Жанды болса кім?,жансыз болса не? Сұрағы қойылады.
29.«Кім не істейді?» (етістіктер)
Ойынның мақсаты: Балаларға есімдерді дұрыс атауды үйрету, мамандықтардың атауларын бекіту.

Ойынның құрал-жабдықтары: әр-түрлі мамандықтардың суреттері

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға суреттерді қарауды ұсынады. Ол кімдердің суреті, олар қайда кетіп жатқандарын, не жұмыс істейтіндерін айтады. Мысалы: суретте көкөніс сатушысы өзінің дүңгіршігіне кетіп бара жатыр, сатып алушыларға қызмет көрсету үшін.

30.«Бұл қай кезде болады?» (үстеу)
Ойынның мақсаты: Балалармен тәулік бөліктерін бекіту (таңертең,күндіз,кеш,түн)

Ойынның құрал-жабдықтары:Тәулік бөліктері суреті.

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балалармен бірге, тәулік неше бөліктен тұратынын,және тәулік бөліктерін атауды сұрайды.

Тәулік бөліктері бар суреттерді қарап,соған сәйкес келетін суреттерді тауып орналастырады.(таңертең,күндіз,кеш,түн)



31.«Қай жерде не бар?»
Ойынның мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары:Топтағы ойыншықтар.

Ойынның мазмұны:Балаларға кеңістік туралы суреттер беріледі. Кеңістік бейнеленген суреттерді қайда не тұрғанын атайды. Мысалы: қуыршақ шкафтың үстінде.
32.«Бір сөзбен айт»
Ойынның мақсаты:Заттарды танып бір сөзбен айтуға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары:Ыдыстардың,ойыншықтардың,жануарлардың суреттері.

Ойынның мазмұны:Балаларға әртүрлі суреттер беріледі,сол суреттің ішінен бірдей заттарды тауып бір сөзбен атайды мысалы:ыдыстар,ойыншықтар,жануарлар.

33.«Сөзді айтуға көмектес»
Ойынның мақсаты:Сөздерді толық әрі дұрыс айтуға үйрету.

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші сөздің бірінші буынын айтады, ал балалар сол буынға қатысты сөзді тауып жалғастырады. Мысалы: Қа-қалам, әй-әйнек...
34.«Бұл қай кезде болады?»
Ойынның мақсаты: жыл мезгілдері және табиғат құбылыстары туралы түсініктерін арттыру

Ойынның құрал-жабдықтары:жыл мезгілдерінің суреттері

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға жыл мезгілдерінің және табиғат құбылыстарының суреттерін таратып береді. Содан кейін әр баладан бұл құбылыстар қай кезде болатынын сұрайды. Мысалы: қар жауып жатқан суретті алған бала бұл қыс мезгілінде болады деп жауап береді.
35.«Керісінше айт»
Ойынның мақсаты: Антоним сөздерді дұрыс айтуға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары:доп

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызады да допты лақтырып кез келген сөзді айтады. Балалар сол сөзге керісінше сөзді айтады. Мысалы: ақырын-жылдам, суық-ыстық..

36.«Биік (ұзын, үлкен, кең, жуан) не болады?»
Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету;тапсырманы орындауға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары:ұзын және қысқа жолақшалар,биік,кең жуан ұғымдарына байланысты суреттер.

Ойынның мазмұны: ұзын және қысқа жолақшаланы көрсету. Жолақшаларды таратып беру. Берілген суреттерден немесе топтан биік және аласа, жуан және жіңішке, кең және тар заттарды табу

37.«Сипаттамасы бойынша таны»
Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа,кең-тар,биік-аласа ұғымдарын бекіту.

Ойынның құрал-жабдықтары:жануарлардың,құстардың ойыншығы.

Ойынның мазмұны:балалар аю,түлкі,қасқыр,қоянның ойыншықтарын қарастырады. Әр ойыншықты анықтап атын атайды. Ойнаушылардың біреуі бөлмеден шығып кетеді,басқа ойнаушылар ойыншық туралы жұмбақ құрастырады.
38.«Сөзді өзгерт»
Ойынның мақсаты: Әріптерді ауыстыру немесе алып тастау арқылы сөздерді өзгертуге үйрету.

Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға кез келген сөзді айтады мысалы: баға сөзінен (б)әріпін алып тастасақ қандай сөз шығады-аға сөзі шығады, дала-қала т.б.
39. «Сөз қос»
Ойынның мақсаты: сөзге сөз қосып,сөйлем құрастырту арқылы баланың зейінін,шапшаң ойлауын дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: Шар,алма ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: балаларды екі топқа бөлік өткізуге болады.Тәрбиеші сөз айтады,балалар сөзге сөз қосып,сөйлем құрайды.
40. «Сиқырлы суреттер»
Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту

Ойынның құрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.

Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.
41.Дидактикалық ойын «Қай мезгілде киеміз?»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту. Есте сақтау қабілетін дамыту. Киімдерді атау,жыл мезгіліне сәйкес қуыршақты киіндіру.

Көрнекіліктер: Қуыршақ және қуыршақ киімдері.

Ойын шарты:

Бастаушы балаларға сұрақ қою .

- Ауа райының қандай мезгілінде мына киімдерді киер едің ?

(Көйлек,шалбар,тон,құлақшын,жейде,бәтіңке,етік,пальто т.б)

- Киімдерді киген кезде қалай киюіміз керек? (ұқыпты,таза.....)

- Киімді қайдан аламыз ? (дүкеннен, анамыз тігеді ......)

Ойын осылай жалғаса береді.


Қоршаған орта және экология

Дидактикалық ойын «Аққала» №1
Мақсаты: Балалардың ес,ой,қиялын дамыту.Дөңгелек пішіндерді құрастырып аққала жасауға үйрету.

Көрнекіліктер: Аққала.

Ойын шарты:

Балаларға дөңгелек пішіндерді тарату. Балалардан сұрау:

- Балалар аққаланы неден жасайды ? (қардан)

- Аққала қандай пішіндерден құралған ? (дөңгелектерден)

- Түсі қандай ? (ақ түсті)

- Мұрны неден жасалған ? (сәбізден,сәбіз үшбұрышқа ұқсайды)

- Қолында не бар ? (сыпырғыш)

- Басында бас киімі неден ? (шелек)

- Дөңгелектердің көлемі қандай ? (үлкен,ортаншы,кішкентай)

Ойын осылай жалғаса береді.



Дидактикалық ойын «Жыл мезгілдері»№2
Мақсаты: Балалардың ойынға қызығушылықтарын арттыру. Жыл мезгілдерін атау,ажыратуға үйрету.

Көрнекіліктер: Жыл мезгілінің суреттері.

Ойын шарты:

Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?

Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады ? (күн суытады,қар жауады......)

- Көктемде не болады ? (қар ериді,күн жылынады,құстар ұшып келеді.......)

- Жазда адамдар қалай киінеді ? (жазда адамдар жеңіл киінеді....)

- Күз мезгілі сендерге несімен ұнайды ? (көкөністер,жемістерді жинайды ......)

Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Бұл не?»№3

Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын дамыту. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Аяқ киімдерді жыл мезгіліне сәйкес таңдау,атау.

Көрнекіліктер: Аяқ киім суреттері.

Ойын шарты:

Жыл мезгілдеріне сәйкес аяқ киімдер шығарылады.

- Балалар аяқ киім не үшін керек ?

- Аяқ киімді кім тігеді ?

- Бұл не? (Пиманы қыста киеді)

- Бұл не ? (Етікті күзде киеді)

- Бұл не ? (Бәтіңкені көктемде киеді)

- Бұл не ? (Сандалды жазда киеді) т.б

Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Бұл кім? Бұл не?»№4
Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын дамыту. Балалардың зейіндерін дамыту.Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекіліктер: Отбасы мүшелерінің суреттері, әртүрлі заттардың суреттері.

Ойын шарты:

Бастаушы суреттерді көрсете отырып ,сұрақ қою арқылы ,жауап беру.

- Бұл не ? (кесе, ойыншық, аю, үстел, орындық)

- Бұл кім? (ата, әже, ана, әке, іні)

- Онымен не істейді?

- Кім не істеп жатыр?

Ойын осылай жалғаса береді.

Дидактикалық ойын «Керісінше айт »№5
Мақсаты: Балалардың сөздерді тез ойлап, керісінше айтуға үйрету.

Көрнекіліктер: Суреттер.

Ойын шарты:

Балалар қазір мен суретті көрсетемін ,сендер оны керісінше айтасыңдар.

- Тарелка жайпақ, ал құмыраның мойны .........(тар)

- Ертегі басында түлкі мен тырна дос, ал соңында.........(қас)

Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Домалайды, домаламайды»№6
Мақсаты: Балалардың ақыл ой қабілеттерін дамыту. Заттардың пішінін анықтау.

Көрнекіліктер: Әртүрлі суреттер, ойыншықтар, заттар.

Ойын шарты:

Бастаушы ойынды түсіндіру: Егер аталған зат домаласа қол шапалақтайсыңдар ,егер домаламаса аяқтарыңды топылдатасыңдар.

- Доп (қол шапалақтау)

- Текше (аяқ топылдату)

- Кітап (аяқ топылдату)

- Қарбыз (қол шапалақтау)

- Қарындаш (аяқ топылдату)

Ойын осылай жалғаса береді.


Дидактикалық ойын «Жолдан өте аламыз ба ?»№7
Мақсаты: Балалардың жол ережелерін сақтауды үйрету.

Көрнекіліктер: Бағдаршам, жол белгілері, көліктер.

Ойын шарты:

Бастаушы суреттер көрсетіп балалардан сұрау. Көшелерден бағдаршамға қарап жолдан қалай өтулерін сұрақ арқылы сұрау.

- Көшедегі қимыл - қозғалысты реттеу не үшін қажет деп ойлайсыңдар ?

- Жолда жүру тәртібі не үшін қажет ?

- Қызыл шам жанса адамдар не істейді ? (тоқтайды)

- Жасыл шам жанса адамдар не істейді ? (жүреді)

- Сары шам жанса адамдар не істейді ? (дайындалады)

Көшеде жүргенде міндетті түрде жолда жүру ережесін сақтау қажет.

Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Көліктің иелерін тап»№8
Мақсаты: Балаларға көлік түрлерін атау, көліктің иелерін атау және ажырату.

Көрнекіліктер: Көліктің суреттері және олардың иелері.

Ойын шарты:

- Адамға көлік не үшін қажет ? Қандай көлік түрлері бар ?

Балалар суреттерді қарап көліктің түрлерін атайды әуе ,жер,су көліктерін атау.

- Өрт сөндіргіш машинасын кім жүргізеді ? (Өрт сөндіруші)

- Полиция машинасы кім жүргізеді ? (полиция)

- Ұшақты кім жүргізеді ? (Ұшқыш)

- Поезды кім жүргізеді ? (теміржолшы)

- Кемені кім жүргізеді ? (матрос)

Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Сөзді аяқта»№9
Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын дамыту. Мамандық иелерінің еңбегі және мамандық түрлерін ажырату.

Көрнекіліктер: Мамандық иелерінің суреттері.

Ойын шарты:

Бастаушы ойынды түсіндіру: Мамандық иелерінің суреттерін қарап ,немен айналасатынын айту.

- Құрылысшы не істейді ? (үй салады)

- Дәрігер не істейді ? (адамдарды емдейді)

- Шаштаразшы не істейді ? (шашты сәндейді,қияды)

- Мұғалім не істейді ? (балаларды оқытады)

- Тігінші не істейді ? (киімдер тігеді)

Ойын осылай жалғаса береді.


Дидактикалық ойын «Кімге не керек ?»№10
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, байланыстырып сөйлеуге төселдіру. Әр мамандық иесіне қажетті заттарды атау.

Көрнекіліктер: Заттар.

Ойын шарты:

Алдын ала әзірлеп қойылған заттарды ,суреттегі мамандық иелерінің қасына қоюы керек.Осындай әр түрлі мамандыққа жету үшін алдымен білім алып,көп нәрсені үйрену қажет. Білімді болу керек.Осындай мамандықтың жұмысын үлкен кісілер атқарып жатыр. Ол кісілердің еңбегін бағалап құрметтеуіміз керек.

- Дәрігерге......(дәрі,градусник,кеуде тыңдауыш......)

- Аспазшыға......(кастрөл,ожау,қасық....)

- Тәрбиешіге кітап,қалам,дәптер.....)

- Құрылысшыға......(қалақ,кірпіш.....)

- Тігіншіге......(ине,жіп,қайшы.......)

Ойын осылай жалғаса береді.



Дидактикалық ойын «Гүлдер құрастыру» №11
Мақсаты: Балаларға гүлдің бөліктерін құрастыруға үйрету. Ойын арқылы зейін және есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: Әртүрлі гүлдер суреттері.

Ойын шарты:

Бастаушы ойынды түсіндіру: Гүлді бөліктерін құрастыру.

- Гүлдің құрылысын ата ? (жапырағы,сабағы,гүлі,тұқымы)

- Қандай гүлді білесің ? (Раушан,қызғалдақ,түймедақ,қалампыр,қазтамақ.......)

- Гүлді қалай күтесің ?

- Гүлдер дала,бақша,бөлме гүлдері болып бөлінеді.

- Гүлдерді салыстыру. (гүлі,жапырағы)

Ойын осылай жалғаса береді.



Дидактикалық ойын «Қай бөлмеде, қандай зат тұрады?»№12
Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын байыту. Сұраққа толық жауап беруге үйрету.

Көрнекіліктер: Топтағы заттар.

Ойын шарты:

Бастаушы ойынды түсіндіру: Бөлмедегі заттарды атау,не үшін қолданатынын әңгімелеу.

- Аю қайда тұр ? (топта, диванда)

- Текшелер қайда тұр ? (топта, сөреде)

- Керует қай бөлмеде ? (жататын бөлмеде)

- Орамалдар қайда тұр ? (жуынатын бөлмеде)

- Қабылдау бөлмесінде не бар ? (шкафтар, гүл, қуыршақ)

Ойын осылай жалғаса береді.


Дидактикалық ойын «Ұшады, жүзеді, жүреді »№13
Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Көлік түрлерін атау және қимыл қозғалыспен көрсету.

Көрнекіліктер: Көлік суреттері.

Ойын шарты:

Балалар қандай көлік түрлерін білесіңдер ? (ұшақ,автобус,жеңіл машина,кеме,мотоцикл т.б)

Балалар көлік түрлерін қимылмен көрсетіңдер.

Орнымыздан тұрамыз

Қанатымызды жаямыз.

Ұшақ болып ұшамыз

Суда жүйткіп жүземіз,

Кемелерді түземіз.

Жол тәртібін сақтап ,

Троллейбусқа мінеміз.(қимылмен көрсету)

- Ұшақ .........(ұшады)

- Машина.......(жүреді)

- Кеме.......(жүзеді)

- Зымыран......(ұшады)

- Поезд.......(жүреді)

Ойын осылай жалғаса береді.


Дидактикалық ойын «Қапшықтан неше ойыншық алдың ?»№14
Мақсаты: Балалардың ақыл ой қабілеттерін дамыту. Ойыншықтарды санай білуге жаттықтыру.

Көрнекіліктер: Ойыншықтар.

Ойын шарты:

Тәрбиеші балаға қапшықтан ойыншық алуын ұсыну. Ойыншықты сипаттау түсі,пішінін атау.

- Доп дөңгелек,сары түсті.

- Текше пішіні шаршы,қызыл түсті.

- Аю қоңыр түсті,кішкентай.

- Қоян ақ түсті,көлемі орташа.

- Пирамида түрлі түсті,орташа.

Барлық ойыншықтарды санау.

Ойын осылай жалғаса береді.
Дидактикалық ойын «Ананың алақаны қандай?»№15
Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын дамыту.Тіл байлығын,ой - өрісін,сөйлеу қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер: Суреттер.

Ойын шарты:

Мен сөз айтамын,сендер сөздерге сөз қосып сөйлемді аяқтаңдар.

- Менің анамның алақаны.......(жылы)

- Менің анамның алақаны.......(мейірімді)

- Менің анамның алақаны.......(ыстық)

- Менің анамның алақаны.......(әдемі)

- Менің анамның алақаны.......(нәзік)

Ойын осылай жалғаса береді.


Дидактикалық ойын «Көктемде»№16
Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын дамыту.Тіл байлығын,ой - өрісін,сөйлеу қабілетін дамыту.Көктем мезгілінің ерекшеліктерін атау.

Көрнекіліктер: Суреттер.

Ойын шарты:

Мен сөз айтамын,сендер сөздерге сөз қосып сөйлемді аяқтаңдар.

- Көктемде далада...........(қар ериді,құстар ұшып келеді,гүлдер шығады...)

- Көктемгі..........(бақ,шуақ,күн)

- Көктемгі мерекелер.........(сегізінші наурыз,наурыз мерекесі,достық мерекесі,жеңіс мерекесі)

- Көктемде жануарлар.......(төлдейді,өріске шығады)

- Көктемде күн ұзарып........(түн қысқарады)

Ойын осылай жалғаса береді.


Дидактикалық ойын «Жабайы аңдар »№17
Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын дамыту. Тілбайлығын, ой - өрісін, сөйлеу қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер: жабайы аңдардың суреттері.

Ойын шарты:

- Балалар қандай жабайы аңдарды білесіңдер ?

- Жабайы аңдар қайда тұрады ?

Жабайы аңның суретін көрсетіп ,оларды сипаттау.

- Аю қандай,нені жақсы көреді ?(аю үлкен,қоңыр,балды жақсы көреді)

- Қоян қандай,нені жақсы көреді ?(қоян ақ,сәбізді жақсы көреді)

- Қасқыр қандай ? (қасқыр түсі сұр,аш)

- Түлкі қандай ? (түлкі сарғыш,түлкі қу)

- Арыстан қандай ? (арыстан үлкен,айбарлы,аңдар патшасы)

Ойын осылай жалғаса береді.


Дидактикалық ойын «Доп лақтыру»№18
Мақсаты: Балаларға тәулік бөліктері туралы түсініктерін бекіту.(таңертең,күндіз,кеш,түн,бүгін,ертең,кеше)

Көрнекіліктер: Уақыт бөліктерінің суреттері,доп.

Ойын шарты:

Балаларға допты лақтырып, қағып алып сұрақ қою. Берілген сұрақтарға балалар жауап береді.

- Сен балабақшаға қай уақытта келдің ? (таңертең)

- Қашан серуенге шықтың ? (күндіз)

- Балабақшадан қай уақытта үйге қайттың ? (кешке)

- Бүгін не істедің ?

- Кеше не істедің ?

- Қашан ойнайсың ?

- Ертең қайда барасың ?

Ойын осылай жалғаса береді.


Дидактикалық ойын «Бұл қай кезде болады ? »№19

Мақсаты: Балалардың жыл мезгілдерін атау және ажырату. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін атау.

Көрнекіліктер: жыл мезгілдерінің суреті.

Ойын шарты:

Балаларға жыл мезгілдерінің суретін көрсету және сұрақтар қою.

- Бұл қай кезде болады ? (жылы,шөп гүл)

- Жазда күн қандай ?

- Жеміс жидектерді қай уақытта жинайды ?

- Көктемде қандай өзгерістер болады ?

- Бұл қай кезде болады ? (қар, суық, аяз, қыс)

- Бұл қай кезде болады ? (жаңбыр, суық, күз)

- Бұл қай кезде болады ? (жаз,жапырақ, күн ыстық,өзен,көл)

Ойын осылай жалғаса береді.



Коммуникация

Дидактикалық ойын

«Төлін тап»№1
Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын дамыту.Тіл байлығын, ой - өрісін, сөйлеу қабілетін дамыту. Үй жануарларының төлін табуға, атауға және ажыратуға үйрету.

Көрнекіліктер: Үй жануарлары,олардың төлдерінің суреті.

Ойын шарты:

- Балалар үй жануарларын атаңдар ?

- Үй жануарлары қайда тұрады ?

Үй жануарларының суретін көрсетіп ,оларды сипаттау.

- Сиырдың төлі - бұзау.

- Қойдың төлі - қозы.

- Жылқының төлі - құлын.

- Ешкінің төлі - лақ.

- Түйенің төлі - бота.

Ойын осылай жалғаса береді.


Дидактикалық ойын.№2

Тақырыбы: Қандай дыбыс естіп тұрсын?

Мақсаты: Дыбыстардың айырмашылығын таба білу білімдерін қалыптастыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту, есту және естіген дыбыстарын айтып беруге дағдыландыру.

Шарты: Үй жануарларының суретін көрсетіп дыбыстау, балалардың дыбыстарда қайталауын сұрау.


Дидактикалық ойын.№3

Тақырыбы:Міне осындай дыбыс айтайық!

Мақсаты: Дыбыстардың айырмашылығын таба білуге үйрету. Музыкалық аспаптар , жануарлардың дыбысын, табиғаттың дыбысының айырмашылығын таба білуге үйрету.

Шарты: Суреттерді көрсетіп , дыбыстау олардын атауларын сұрау.
Дидактикалық ойын 4

Тақырыбы: Дауыстап, баяу.№

Мақсаты : Көрсеткен суреттерді дауыстап және баяу айту дағдыларын қалыптастыру.Дауыстап айту және баяу айтудың айырмашылығын таба білуге үйрету.

Шарты: Бейне таспаны қосып дауысын ,

дауыстап және баяу қою. Содан балалардан қайталауын сұрау.


Дидактикалық ойын.Тақырыбы: Аттар тұяқтарымен тарсылдатады.№5

Мақсаты: Шауып келе жатқан аттың тұяғы қалай тарсылдатының үйрету.Дыбыстарды балалардың қайталауын сұрау.

Шарты: Аттың суретін көрсетіп олардың қалай жүретінің көрсетіп балалармен бірге қимыл қозғалыстарды және дыбысты шығаруларын ұсыну.

Дидактикалық ойын.Тақырыбы:Мылжың және басқалар .№ 6

Мақсаты: Аю және оның достарымен таныстырып олардың айырмашылығын таба білуге үйрету.

Шарты: Аю және оның достарын салыстыру.

Дидактикалық ойын.Тақырыбы: Шар жарылды.№7

Мақсаты: Шардың жарылғаның үлкеннен кішкентай затқа айналуын анықтау, дыбысын есту.

Шарты: Шарды үрлету/ауада/онымен ойнаып үрлегенде қандай дыбыс шығатының анықтап шығару.Шар жарылған кезде қандай дыбыс шығаратының анықтау. Шар жарылған кезде қол шапалақтау.

Дидактикалық ойын.Тақырыбы: Қар бүршігі.№8

Мақсаты: Қар бүршігімен таныстыру. Оның қандай жыл мезгілінде пайда болатының айтып түсіндіру. Қарды сипаттау.

Шарты: Балалармен қыс мезгілінің суретін қарастырып қыста қандай өзгерістер болатының айту. Қар бүршігімен ойнау.

Дидактикалық ойын.Тақырыбы: Анасын табуғат көмектес.№9

Мақсаты: жануарлардың төлдерін табуға үйрету.

Олардың айырмашылығын таба білу дағдыларын қалыптастыру.



Шарты: Сиыр-бұзау,

Ат-құлын,

Қой- қозы

Суреттен көрсетіп балаларға жануарлардың төлдерін табуға көмек көрсетуін табуға үйрету.



Дидактикалық ойын.Тақырыбы: Не қайда жатыр?№10

Мақсаты: Заттардың қайда орналасуын айтып кеңістікте бағдарлау дағдыларын қалыптастыру.

М. Үстелде неше алма бар?

Үстелде неше алма қалды?

Енді үстелде не бар?



Шарты: топта орналасқан заттарды тауып айтқызу.

Дидактикалық ойын.Тақырыбы: Сиқырлы қалта.№11

Мақсаты: Ұстап сипау арқылы сиқырлы қалтадағы затты анықтау дағдыларын қалыптастыру.

Шарты: Дорбаны әр – түрлі заттарға толтырып оларды бір балаға ұсыну. Дорбаның ішін ашпай қолын тығып оның ішінен бір затты алып оны анықтату.


Дидактикалық ойын .Тақырыбы: Кім не істейді?№12

Мақсаты: мамандық туралы түсінік беру. Ойын арқылы түсініктерін кеңейту. Ойлау қабілеттерін дамыту.

Шарты: Дәрігердің киімін киіп аңдарды емдеу.
Дидактикалық ойын.Тақырыбы:Қандай екенің айт? №13

Мақсаты: Үлкен-кішкентай, қызыл-сары, әдемі, деген түсініктерін қалыптастыру. Сипаттау дағдыларын қалыптастыру.

Шарты: Қуыршақты сипаттау. Ол қандай? Киімінің түсін сұрау. Шашын сұрау/ұзын-қысқа/ Түсін анықтау.

Дидактикалық ойын.Тақырыбы: Бұл қай кезде болады?№14

Мақсаты: Жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістер туралы білімдерін жетілдіру.Ойлау қабілеттерін дамыту.

Шарты: Сары-қызыл жапырақтар қандай жыл мезгілінде болады?

Қар қай жыл мезгілінде жауады?


Дидактикалық ойын.Тақырыбы: Еркелетіп ата.№15

Мақсаты: Ойыншықтарды еркелетіп атау түсініктерін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту, диалог құру білімдерін ары қарай жетілдіру

Шарты: Ойыншықтарды тізіп қойып қою. Балалар ойыншықтарды еркелетіп атату.

.«Жақсы әдет» «Жаман әдет» №16

Мақсаты:Балаларды «жақсы» «жаман» сөздерінің мағынасы мен оларды орынды қолдануға үйрету. Бала бойына мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік және де басқа жақсы әдеттердің орнығуына барынша мүмкіндік жасау.

Ойын шарты: Столдың үстінде бірнеше суреттер жатыр. Сол суретті алып, суреттегі іс - әрекетің не туралы екенін айтып «жақсы» немесе «жаман» іс - әрекетін ажыратып айтады.

«Құстарға қалай көмектесеміз?»№17

Мақсаты:Балаларға құстар туралы білім беру,білімдерін жетілдіре түсу. Суреттер бойынша есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарға қамқорлықпен қарауға баулу.

Ойын шарты:суреттер бойынша құстарды екі топқа топтастыру.  Балалар сұрақтарға жауап береді,бір-бірінің жауаптарын толықтырады. - Қыстап қалатын құстарға қалай көмектесеміз?

- Құстар ұяны не үшін салады?

- Құстардың денесін не жауып тұрады?

«Жол әліппесі»№18

Мақсаты:балаларды алдын-ала көшеде жүру ережесімен жүргізушілерге арналған жол және белгілермен таныстыру ,  жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету. Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.

Ойын шарты: Көлік жүргізушілер мен жүргіншілер жолда қалай жүру керек екенін суреттер бойынша көрсетіп,әнгімелейді. 

«Үйдегі жиһаздар»№19

Мақсаты:Үй ішіне қажетті жиһаздардың жеке бөліктерін  сөзбен дұрыс айтуға (дөңгелек үстел, түсі көк , төрт аяғы бар) үйрету;

     Бөлменің ішіндегі жиһаздар туралы айта білуді жаттықтыру.

Жиһаздары күтуге тәрбиелеу.

Ойын шарты:

Тәрбиеші бөлме бейнесінің суретін көрсетеді.

Жиһаздар дүкеніне барайық.

Тәрбиеші балаларға ойлануға ұсыныс жасайды: Қуыршақтың бөлмесіне қандай жиһазды қоюға болады?

Мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын табыңдар.

1.Төрт аяғы болса да,
Етік киіп көрмеген.
Жалқаулығы соншама,
Аттап шықпас бөлмеден.  (үстел)

2.Мен жәйлімін, жұмсақпын,

Мені табу қиын емес-

Ұнатады әжелер мен сәбилер

Отыруға, жатуға.(Диван)

 3.Кеш батты, шаршадың сен, ұйқың келді

Ұйқы бөлмеде күтіп тұр сені … (Кереует)

Сурет арқылы әңгіме құрау, жиһаз түрлерін атап өз ойларын айтады.

« Қазақ халқының салт -дәстүрлеріне саяхат »№20

Мақсаты: Тәрбиеленушілердің қазақ халқының салт- дәстүрлері жайлы білімдерін жинақтау, білетін және үйренген ақпараттарын өзара ұштастырып, сын тұрғысынан ойлауға, талқылауға үйрету. Салт- дәстүрлерді құрметтеп, қадірлей білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Ойын шарты: Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдарын суреттер бойынша айтқызу және әнгімелету (ұлттық мерекелер,ұлттық ойындар,ұлттық киімдер,зергілік бұйымдар,ұлттық ою....).

Кигіз үй туралы айтып оны құрастыру.



«Менің сүйікті ертегім»№21

Мақсаты: ертегі кейіпкерлері бойынша ертегілерді атау, жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ажырату. Достыққа, адамгершілікке, жолдастыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлерінің суреттері.

1)Ойын шарты: сурет бойынша ертегілердің аттары мен мазмұнын айту.

2)Шарты: педагог балаларға қазақтың халық ертегілерінде кездесетін кейіпкерлерді атайды. Мысалы: хан, уәзір, қарға, кірпі, т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып, жаңа ер - тегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып, ойынды жалғастырады.

«Өзара айырмашылығын тап»№22

Мақсаты:Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу.

Көрнекілік: суреттер жинағы
Шарты:Әр балаға суреттер таратылып беріледі. Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу.

ІІ кіші топтарындағы қатынас білім бері саласы

көркем әдебиет бөлімінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

дидактикалық ойындары
"Сөйлемді аяқта"№1

Мақсаты: Есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.

Мысалы: Тәрбиеші өлеңнің сөйлемін оқиды, балалар жалғасын табады.

Мен барамын .......(бақшаға)

Апайымның............(қасына)

Ойнаймын мен.........(бақшада)

Ұйықтаймын.............(бақшада)

Қайтамын үйге.........(баптай)

Жан әжем екуміз .........(асықпай)
Дидактикалық ойын "Интервью"№2

Мақсаты: Балаларды "Менің қалам" атты байланыстыра сөйлем құруға үйрету". Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, сенімділікке, құрбыларымен сырласуға тәрбиелеу.

Шарты: Тәрбиеші ғазет корреспонденті болып балаларға микрофонды ұсынып, "Менің қалам" қандай деп әңгімеге тартады. (кейін газет корреспондентінің ролін бала да атқара алады).
Дидактикалық ойын «Мен бастаймын, сен аяқта»№3

Мақсаты: Есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.

Мысалы:Тәрбиеші өлеңнің сөйлемін оқиды, балалар жалғасын табады.

Сипап өткен .........,

Тербеледі ...............,

Шолып едім ...........,

Қауын біткен......... .

Көрінді ......................,

Бел-белестер............
Дидактикалық ойын «Жыл мезгілі» (Күз)№3

Мақсаты: Жыл мезгіліне тән құбылыстар мен заттарды атап үйрету. Күз мезгілінің ерекшелігін ажыратуға үйрету.

Шарты: Балаларға күз мезгіліне байланысты сюжетті суреттер таратылады. Артық суреттерді анықтайды себебін түсіндіреді, күз мезгіліне байланы бар суреттерді алып себебін айтады.

Шығармашылық орталығына барып балалардың жұмыстарын талдайды.

Қапшықтар ұнатады рахмет деп айтады

Балалар мына жұмыстарынды қапшықтарға сыйлаңдар.

Өлең жолдарын қайта сурет арқылы қайталап бекітеді.
Дидактикалық ойын «Сары түске бес зат айт»№4

Мақсаты: Куз белгілерін ажырату арқылы сөздік қорын молайту, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Шарты: Тәрбиеші балаларға сары түсті карточканы көрсетеді. Осы түске күз мезгілімен байланысты бес заттын атауын айт.

Ойыннын шартын балалардың білім деңгейіне қарай өзгертуге болады.(басқа да түстерге, көлемге, пішінге).


Дидактикалық жаттығу «Кім көп айтады?»№5

Мақсаты: Ойлау тындау қабілеттерін дамыта отыра, ауызекі сөйлеулерін жетілдіру.

Шарты: ертегіге байланыстырып сұрақтар қойылады.

  • Қыздардың аты кім?»

  • Олар не істеді?

  • Өрік ағашын кім сындырды?

  • Гүлмира мен Арай қандай іс жасады?


Дидактикалық ойын «Егер де ...»№6

Мақсаты: Балалардың сын тұрғыдан ойлауларын одан ары қарай жетілдіру, сөйлем мәдениетін қалыптастыру.

Шарты:Тәрбиеші Балаларға сұрақ қойылады егер орманда ағаштар болмаса:

Онда басқа жан-жануарлармен не болмақ?


Дидактикалық ойын "Шыңжырға ертегілерді жинайық".№7

Мақсаты: Ауызекі сөйлеу және есте сақтау қабілетін дамыту.

Шарты:Балаларға таныс ертегі үзінділері оқылады, балалар қандай ертегілер және неше ертегі жинағы тізілгенің айтады.

Мысалы:"Ата мен әже өмір сүріпті, оларда шұбар тауық болыпты. Бір күні шұбар тауық жұмыртқа беріпті. Әже оны әйнек үстіне суысын деп қойыпты. Ал ата шалқанды тартуға кетіпті. Тартады, тартады, тарталмайды". ("Шұбар тауық", "Бауырсақ", "Шалқан ").

Ертегіні үш сөзден тауып ал:

1) Қатық, құйрық, сиыр. ("Мақтықыз бен мысық")

2) Ешкі, лақтарым, шырақтарым, қасқыр ("Қасқыр мен жеті лақ")
Дидактикалық ойын«Айтшы қандай?»№8

Мақсаты:Балаларды заттын белгілерін анықтауға үйрету

Шарты: Тәрбиеші (немесе бала) коропшаның ішінен, заттарды алып шығады, балалар заттын атауы мен белгісін айтады.

Мысалы: Мынау -әтеш. Әтеш дауыстап ән айтады, құйрығы, мен айдары әдемі.

Дидактикалық ойын "Кімнің сөздері".№9

Мақсаты: Ауызекі сөйлеу және есте сақтау қабілетін дамыту.

Шарты: Балаларға ертегі кейіпкердің сөзіне қарай, қандай кейіпкер және қандай ертегі туралы тауып айту керек.

Мысалы: Бұл сөздерді қай ертегінің кейіпкері айтады:

"Бер менің құйрығымды"

(Мысық "Мақтақыз бен мысық" ертегісінен)

"Мен атадан қаштым, мен әжеден қаштым "

(Бауырсақ "Бауырсақ" ертегісінен)

"Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ"

(Көкек "Қарлығаш пен дәуіт"ертегісінен)
Дидактикалық ойын «Қыс мезгіліне байлынысты ертегілерді білесің?»№10

Мақсаты: Ауызекі сөйлеу және есте сақтау қабілетін дамыту.

Шарты: Балалар бұрын таныс ертегілерді естеріне түсіріп қайсысында қыс туралы айтылғанын айтады.

(жеңілдету үшін арнайы суреттер таратылады).



Мысалы: Екі аяз, Қолғап, Қоянның үйшігі, Ақшақар.

Дидактикалық жаттығу: «Кім көп айтады» доп арқылы №11

Мақсаты: Есте сақтау қабілеттерін дамыту, шапшандылыққа баулу.

Шарты: Балалар шеңберде тұрып, допты ұстап алғанда шығармадығы кездесетін етістік сөздерді айту керек.

Мысалы: сырғанап, жарысып, жарысып, қалды

(ойын шартын жетекше сұрақтар арқылы қурделендіруге болады)



Мысалы: сырғанап кім жүр? «Бір топ бала сырғанап»
Дидактикалық ойын «Шырша қандай»№12

Мақсаты: Зат есімге сын есім сөздерін қатыстырып ауызекі сөйлеу қолданысында пайдалануға үйрету

Шарты: Балалардың қолдарына шырша макеті беріледі, балалар шыршаны қолдарына алып, ол қандай екенін айтып беру керек.

Мысалы: Шырша әдемі, биік.
Дидактикалық ойын «Тым-тырыс»№13

(өлеңдегі сөздерді есте сақтап қалу үшін)



Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін жетілдіру

Шарты: Тәрбиеші өлеңді оқыған кезде кейбір сөздерге дауыс ырғағын көтеріп оқиды, балалар сол сөздерді қайталап отырады.
Дидактикалық ойын "Біздің пәтер".№14

Мақсаты: Заттарды өз ара салыстыруға,ұлттық үй жиһаздарын танып білуге үйрету.

Шарты: Молебертке тәрбиеші үйдін бөлмелерінің суреттерін қояды. (Ас бөлмесі, қонақ бөлмесі, ұйықтайтын бөлме, кіреберіс бөлмесі. Балаларға осы бөлмелерінде тұратын үй заттары таратылады)

Мольбертке не көріп тұрсыңдар?

Алда жатқан суретке қарап қайсысы қай бөлменікі екенін айтып, орналастырындар.

Керекті құралдар: улестірмелі суреттер (үй жиһаздары мен үй заттары: асадал, керует, дөнгелек үстел, орындық, шелек, шымылдық, тоңазытқыш, т.с.с.)

Дидактикалық ойын "Қандай ертегінің суреті?"№15

Мақсаты: Ауызекі сөйлеу және есте сақтау қабілетін дамыту.

Шарты: Ертегілердің суреттері көрсетіледі, балалар суреттерге қарап қандай ертегігі келетінің тауып айту керек.

"Мақтақыз бен мысық"

"Алма"В. Сутеев

"Қолғап"


Дидактикалық ойын «Нені жоғалттым?»№16

Мақсаты: сөздіқ корын молайту,есте сақтау қабілетін дамыту

Шарты: Заттардың ішінен 1-2 затты тығып қою, балалар көзін ашқанда сол заттың немесе киімнің атын атап жауап беруі керек.

Дидактикалық ойын "Мінездеме портреті" Салыстыру (ертегі персонаждары бойынша)№17

Мақсаты: Зат есімге сын есім мен етістіктерді сөздерін қатыстырып ауызекі сөйлеу қолданысында пайдалануға үйрету

Шарты: Ертегі мазмұнын бірізділігін бұзбай жануарлардың мінез-құлқын сипаттап беру керек.

Қоян қандай? –

Қасқыр қандай?

Дидактикалық ойын «Бұл қай ертегі кейіпкері»№ 18

Мақсаты: Таныс ертегі және әңгіме кейіпкерлерін тануға, олардың қимыл-қозғалыстарын айтып беруге үйрету.

Шарты: Қоржынға балаларға таныс ертегілер кейіпкерлеріне ұқсас ойыншықтары салынады. Тәрбиешінің ұсынысымен бір бала шығап қоржын ішінен бір ойыншықты алып: бұл қандай жануар? Қандай ертегіде кездеседі? Ол не істейді? Ол қандай?

Мысалы: Қоян ойыншығын алып: Мынау қоян. Қоян ақ, Түлкімен қоян ертегісінде кездеседі.

Дидактикалық ойын «Мен бастаймын сен жалғастыр» №19

(әңгіменін мазмұнын түсінуі үшін)

Мақсаты: Есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып ауызекі сөйлеуін одан ары қарай жетілдіру.

Шарты:Тәрбиеші шығарманың мазмұнын бөліп оқиды, тоқтап қалған жерден бастап балалар жалғастыру керек.
Дидактикалық ойын «Жүреді, жүзеді, ұшады» №20
Мақсаты:Көлік түрлерін ажыратуға үйрету. Сөздік қорын молайту.

Шарты:Топтын ішінде (жол, теңіз, темір жолы, аспан бұлттарымен, әуежай) тақта алдында қойылады. Балалар көлік түрлерінің суретін тандап алады да, тақтада орналасқан суреттерге қарап таңдаған суретін апарып қояды. Көліктердің қозғалу ұғымын түсіндіріп айтады.
Дидактикалық ойын«Сөз айт, көп айт»№21
Мақсаты: тақпақ мазмұнын, жекелеме сөздерді, есте сақтауды жаттықтыру.

Шарты: Балаларға таратпа суреттер таратылады. Сурет бойынша сөйлем айтады, тақпақ мазмұнына сәйкес жауап қайтарады.

-Бұл ненің суреті? Құс қайтті?-Құс. Құс келді.

-Көбелектер не істеді? –Көбелектер.Көбелектер гуілдесті.


«Суретті жандандыр» №22
Мақсаты: Өлеңдегі сирек кездесетін сөздерді айтқызып үйрету, жаттықтыру.

Шарты:Балалардың қолына тақпақ мазмұнына сай жекелеме заттар мен құбылыстардың бейнелері,суреттері таратылады. Балалар тәрбиешінің айтқанын тыңдап, тиісті суретті ұстап тұрған бала фланель тақтаға орналастырады.



«Не қажет?» №23

Мақсаты: зейінді дамыту,шығармашылық сөйлеу қабілетін дамыту.

Шарты: Балалар суретте жетпей тұрған бөліктерді анықтайды. Атап айтады.(Күннің шуағы жоқ, жапырақсыз гүл, сусыз жылғадан су ішкелі тұрған лақ)
Дидактикалық ойын «Не көрдің?»№24
Мақсаты: бейнелі есте сақтауды дамыту, репродуктивті қиялдау қабілетін дамыту.

Шарты: Балалардан көздерін жұмып айтылған сөздерді қандай түрде көздеріне елестеткендерін сұрау арқылы оқиға желісін реттілігімен құрастыру.(Бейнелік суреттерді ,кейіпкерлерді өзгертіп,құбылтып айтуларына ерік беруге болады)

Мысалы: Тәрбиеші

-Қар еріді. Қандай болып еріді?

Бала:Шалшық, көл-көсір, ағып жатыр, батпақ болып езіліп.
Дидактикалық ойын «Не, қайтті?»№25

Мақсаты: Кейіпкер мен оның іс әрекетін үйлестіру. Сөздің гармматикалық құрылымын дұрыс сақтауға үйрету.

Шарты: Тәрбиеші оқиға желісіне сай кейіпкерлерді атап отырады, балалар оларға қатысты іс-әрекетті естеріне түсіріп байланыстырып айтады.

Мысалы Тәрбиеші:

-Жылан..

-Көкек…


-Қарға…

-Дәуіт…


Балалар:

-Жылан Қарлығаштың балапандарын жейін деп аты.

-Көкек бүркітке қонаққа барады.

–Қарға үйленгелі жатыр.

- Дәуіт балапандарды құтқарды, жыланды өлтірді.
Дидактикалық ойын «Бұл кімнің сөзі?»№26

Мақсаты: Дауыс интонациясын айтылу мағынасына қарай өзгертуге машықтандыру.

Шарты: Тәрбиеші балаларға кейіпкерлердің мінез-құлқын түсіндіреді, олардың айтқан сөздерін айтады. Балалар дауыс ырғағы мен интонациясын келтіріп қайталайды.

-Балапандарымды жылан жейін деп жатыр!( үрейленіп)

-Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ.(немқұрайлы)

- Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма!(маңғаздана)

- Олай болса, мені тезірек жеткіз(құлшына)
Дидактикалық ойын «Көңілді доп»№27

Мақсаты: өлең жолдарындағы ұйқасып тұрған сөздерді есте сақтауға үйрету.

Шарты: өлең жолдарын реттілігін сақтап ұйқасты бастайды, балалардан жалғасын тауып айтады.

Мысалы:


-Ара, ара…

-Гүл…


-Оны…

Дидактикалық ойын «Кімнің заты?»28

Мақсаты: Жалпы атауын атауға үйрету, логикалық ойлауын дамыту.

Шарты: Берілген суреттерге қарап қай әскер түрінде немесе кімде болатынын атап айту.

Мысалы: Дүрбі, ит, карта, компас.(Балалар: шекарашы)



Дидактикалық ойын «Сөз ойла көп ойла»№29

Мақсаты: зат есімге қатыстырып сын есімдер және етістіктер байланыстырып сөйлем айтуға үйрету.

Шарты: Берілген суретке қарап оған тән іс-әрекеттер мен сипатын береді.

Мысалы:Отан қорғаушы қандай болады?

Ол не істей алады?

Дидактикалық ойын «Жалғасын тап»30

Мақсаты: Өлең жолдарын бекіту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Шарты: Тәрбиеші бастаған өлең жолын аяқтайды немесе тәрбиеші толық бір жолын бала өлеңнің келесі жолын айтады.

1.Бұл не?Бұл кім?
2.«Не өзгерді?»
3«Жыл мезгілдері»
4«Зоологиялық фриздер»
5.«Заттық фриздер»
6«Жапырағына қарай ажырат»
7«Не қайда өседі»
8«Үй жануарлары мен жабай жануарларды ата»
9«Ақылды машиналар»

.

10. Қайсысы қайда тіршілік етеді
11.«Табиғат құбылыстарын ажыратып олардың қасиеттерін ата»
12.«Нан дастарханға қалай келеді?»
13.«Бұл қандай құс?»
14.«Үй жануарлары»
15.«Жалпы атауын ата»
16.«Телефон»
17.«Қайсысы ұнайды?»
18.«Біздің көңіл күйіміз»
19.«Мамандықтың бәрі жақсы»
20.«Не артық?»
21.«Сандық»

22.«Сән ательесі»

23.«Қарап ал да есіне сақта»

24. Жер,су,ауа
25. Бұл қай кезде киеді?
26. «Бізге күз не әкелді?»
27.«Кімге не керек?»
28.«Қайдан сатып алуға болады?»
29.«Жануарларды қалай күту қажет?»
30.«Гүлдерді күтеміз»
31. Өзі және отбасы
32.«Жақсы әдет» «Жаман әдет»
33. «Құстарға қалай көмектесеміз?»
34. «Жол ережесі»
35.«Үйдегі жиһаздар»
36.« Қазақ халқының салт -дәстүрлеріне саяхат »
37. «Менің сүйікті ертегім»
38. «Өзара айырмашылығын тап»


Дидактикалық ойындар

1Ойын «Сиқырлы текше» 


Мақсаты: Балаларды жекеленген заттарды атауларын қазақ тілінде 
дұрыс айта білуге үйрету. 
Қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс айта білуге үйрету. 

№2Ойын «Сен не кидің?» 
Мақсаты: Киім атауларын дұрыс айту. Сөйлем құрастыру. Сөз 
ішінде қазақ тілінде тән дыбыстарды дұрыс айтуға 
жаттықтыру. 
Мысалы: Мынау құлақшын. Мен құлақшын кидім. 
Мен ақ құлақшын кидім. 

№3Ойын «Сенде не бар, не жоқ?»
 
Мақсаты: Балаларды бар/жоқ сөздермен сөйлем құрастыру үйрету. 
Қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтқызып, жаттықтыру 
Мысалы: Менде көйлек бар. Менде етік жоқ. 

№4Ойын «Бір сөзбен айт» 
Мақсаты: Балаларды бір сөзбен айтуға үйрету. Мынау не? сұраққа 
жауап беру. Қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс 
айтқызып, жаттықтыру. 
Мысалы: Ат, доп, ит, қоян – ойыншықтар. 
Тауық, қаз, үйрек, күркетауық – үй құстар. 

№5Ойын «Сиқырлы әріптер» 
Мақсаты: Балаларды әріптермен таныстыру. Дұрыс айтуға 
жаттықтыру. 

№6«Тыңда, қайтала» 
Мақсаты: Балаларды әріптермен таныстыру. Карточкамен жұмыс 
жүргізу. Сөздерді жеке –жеке қайталап, бекіту. 
Мысалы: Қ – қонжық, қасқыр, қоян, тышқан. 

№6«Санамақ» 
Бақшаға жақсы аға 
Көп ойыншық әкелді 
Бір қоян, екі доп, үш мысық 
Төрт машина, бес қуыршақ, алты түйе, жеті піл 
Сегіз ат, тоғыз аю, он ит 
Жаттап алуға үйрету. 

№7«Дұрыс сана» 
Мақсаты: 1-ден 10-ға дейін натурал саңдар қатарын сөзбен дұрыс 
айтай білуге үйреніп, қанша? неше? деген сұрақтарға 
дұрыс жауап беруге жаттықтыру. 

Мысалы: Менде бір машина. 


Менде он саусақ. 

8Менің алғашқы кітабім» 


Ойын «Сен не жедің, не іштің?» 
бекіту. Тіл мәдениетін жетілдіру, есте сақтау. Сөйлем құрастыру. Қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтқызып, жаттықтыру. 
Мысалы: Мынау нан. Мен нан жедім. Мен дәмді нан жедім. 
№9Ойын «Бақшада не өседі» 

Мақсаты: Мнемосхема бойынша сөйлем құрастыруға үйрету,сөз 


ішінде қазақ тілінде тән дыбыстарды дұрыс айтуға 
жаттықтыру. 
Мысалы: Мынау пияз. Бақшада пияз өседі 

Тақырып: Жабайы құстар 


Мақсаты: Балаларға жабайы құстарының ерекшелігі туралы 
білімдерін кеңейту, оларға қамқор болуға тәрбиелеу. 
Қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтқызып, 
жаттықтыру. 

№10Ойын «Қандай құстар» 
Мысалы: қысқы құстар – қарға, торғай, суық құстар, көгершін. 

№11Ойын «Кімге не керек?» 
Мақсаты: Кімге не керек? сұраққа жауап беруге үйрету, дұрыс 
сызу. 
Мысалы: ұшқышқа не керек? Ұшқышқа етік керек т.б 

№12Ойын «Не арттық» 
Мақсаты: Балаларды не арттық? сұраққа жауап беруге үйрету. 
Қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтқызып, 
Жаттықтыру. 

Мысалы: Түйе, сиыр, өрмекші, ат 


Алма, лимон, алмұрт, шегіртке 

№13 Ойын «Не арттық»
 
Мақсаты: Балаларды не арттық? сұраққа жауап беруге үйрету. 
Қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтқызып, 
жаттықтыру. 

Мысалы: Айна, ірімшік, қаңт, шұжық 


Қаз, әтеш, түлкі, үйрек 
Ойын «Дұрыс айт» 

Мақсаты: Мынау не? қандай? Сұраққа жауап беруге үйрету. 


Сөйлем құрастыру. Тән дыбыстарды дұрыс айтуға 
жаттықтыру. Қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс 
айтқызып, жаттықтыру. 

№14 Ойын «Дұрыс қайтала» 
Мақсаты: Сөздерді дұрыс атап, қайталап, бекіту. Қазақ тіліндегі 
дыбыстарды дұрыс айтқызып, жаттықтыру. 

№15 Ойын «Сен не жедің?»
 
Мақсаты: Көкөністердің және жемістерін атауларын дұрыс айту. 
Сөйлем құрастыру. «Сенде не?» сұраққа жауап беруге 
үйрету. Қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтқызып, 
жаттықтыру. 
Мысалы: Мен сары алмұрт жедім. 
Менде сары алмұрт бар/жоқ 

№16"Ағашта не өседі»
 
Мақсаты: Балалармен сөйлем құрастыру. Не қайда өседі? сұраққа 
жауап беруге үйрету. Қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс 
айтқызып, жаттықтыру. 
Мысалы: Мынау алма. Алма ағашта өседі 

Тақырып: Жабайы аңдар 


Мақсаты: Балаларды жабайы аңдардың және олардың төлдерін дұрыс атап , дыбыстардың дұрыс айтуын жетілдіру. 
Перфокарта «Жабайы аңдар» 
Қоян –көжек 
Аю – қонжық 
Қасқыр – бөлтірік 
Түлкі - күшік 

Мнемосхема «Орманда» 


Мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы білімдерін толықтырып, әңгімілей білу дағдыларын қалыптастыру. Сөйлем құрастыру үйрету. Қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтқызып, жаттықтыру. 
Мысалы: Мынау кірпі. Кірпі орманда тұрады. 
Кірпі саңырауқұлақ, алма жейді. 

№17Ойын «Жемістер мен көкөністер»
 
Мақсаты: Жемістердің және көкөністердің атауларын шатастырмай 
дұрыс айту. 
Тақырып: Киім және аяқ киім 
Мақсаты: Киім және аяқ киім атауларын дұрыс атап айтуға үйрету. Қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтқызып, жаттықтыру 
Лото «Киімдер» 

Тақырып : Үй жануарлар 


Мнемосхема «Үй жануарлар» 
Мақсаты: Мнемосхема бойынша сөйлем құрастыру үйрету. 

Тақырып: Жәндіктер 


Мақсаты: Балаларды жәндіктермен танысу, есте сақтау. Дұрыс айтуға үйрету, тіл мәдениетін жетілдіру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға 

18Ойын «Үйді тап» 


Тақырып: Жәндіктер 
Мақсаты: Балаларды жәндіктермен танысу, есте сақтау. Дұрыс айтуға үйрету, тіл мәдениетін жетілдіру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға. 
Ойын «Не тығылды» 
Мысалы: не тығылды? Инелік тығылды

 

Сергіту сәті «Отбасы» 


Бас бармақ – ата, балан үйрек – әже 
Ортан терек – әке, шылдыр шүмек – ана, 
кішкентай бөбек – мен 
Міне менің барлық отбасым 
«Үй жануарлар» 
Быстро скачет ат – лошадка 
Ит – собакка сторожит 
Кот – мысық сидит на солнце 
Глазки щурит да молчит 

Тақырып:«Күз» 


Мақсаты: Балаларды сөйлем құрастыруға үйрету. Қазақ тіліндегі 
дыбыстарды дұрыс айтқызып, жаттықтыру. 

Мысалы: Күз келді. Жаңбыр жауады. Жапырақтар сарғаяды. 


Құстар ұшып кетеді 
«Қыс» 
Қыс келді – зима пришла 
Детям радость принесла. 
Қар жауды – снег идет. Скоро будет новый год 

Сергіту сәті «Күн» 


Күндей болып күлеміз 
Гүлдей болып өсеміз 
Құстар болып ұшамыз 
Көбелектей қонамыз 

«Бақша» 
Ең алдымен бақшаға 


Тәрбиеші келеді 
Күтуші апайымыз 
Тазалықты сүйеді 

«Тауық пен балапан» 


Строго сыну говорила 
Тауық – мама курица 
Балапан - цыпленочек 
Не ходи на улицу, 
не ходи за ворота там я видела кота 

Сергіту сәті «Қуыр, қуыр, қуырмаш» 


Қуыр, қуыр, қуырмаш 
Балапанға бидай шаш 
Бас бармақ, балан үйрек 
Ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек 

Сергіту сәті «Біздің үйдін жаңында» 


Біздің үйдің жаңыңда 
Қалын орман шулайды 
Біздің үйдің жаңыңда 
Ұзын өзен тулайды. 

Білімді үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Зейінін, қиялын, зеректігін, тапқырлығын дамыту. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ынталандыру.

Пәнаралық байланыс:

Есеп, тіл дамыту, көркем әдебиет, айналамен таныстыру.

Әдіс – тәсілдер:

Сұрақ – жауап, жұмбақтар жасыру, көрсету, салыстыру, ертегі әңгімелеу, сахналау, дид/ойын, сергіту сәті, бақылау, мадақтау, қорыиындылау.

Көрнекіліктер:

Цифрлар, әртүрлі ұсақ ойыншықтар, геометриялық пішіндер, жемісжидектер, үй жануарлары, суреттер (құрастыруға).

Амандасу.

Психологиялық сәт:

Балаларға екі алақандарын толық ашып, саусақтарына қарауларын айтамын. Қолымыздағы саусақтар әртүрлі.

Кішкене шынашағымызды алақанымыздың ортасына жеткізейікші, қалған төртеуін қозғалтпай. Қане, жете ме екен?

Жоқ.


Олай болса барлық саусақтарымызды бірақ жұмамыз.

Алақанымызды жабады ғой, иә! Олай болса біз жалғыздан ештеме істей алмайды екенбіз, ал барлығымыз жұмылсақ, бірге істесек алынбайтын, шешілмейтін тапсырма болмайды.

Жақсы көңілмен барлығымыз бірігіп сабағымызды бастайық.

 

Қане балалар, есімізге түсірейікші, бір жылда неше мезгіл бар?



4 мезгіл.

Осы төрт мезгілді атайықшы.

Қыс, көктем, жаз, күз.

Ал, қазыр жылдың қай мезгілі?

Көктем.

Өте жақсы айттыңдар, дұрыс.



Осы көктем мезгілінде неше ай бар? Соларды атап көрейікші.

Наурыз, сәуір, мамыр.

Көктем мезгілі келгелі сендер қандай өзгеріс – ерекшеліктерді байқадыңдар?

Күн жылынды, қар еріді, құстар ұшып келе бастады. Қорада тұрған төлдеріміз төлдеді.

Дид/ойын «Төлдерін ата».

Өте жақсы. Кімнің үйінде қандай үй жануарлары бар?

Сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе.

Сиыр – бұзаулайды

Қой – қоздайды

Ешкі – лақтайды

Бие жылқы – құлындайды

Түйе – боталайды.

Төлдерін қалай деп атайды екенбіз: бұзау; қозы; лақ; құлын; бота.

Сонда біз қанша төлдерді біледі екебіз? Санайықшы.

5

Апа – атамыз, әке – мамаларымыз осы сөздерді пайдаланып бізді қалай еркелететінін айтып көрейікші: Құлыным, қозым, ботам…



Тапсырма. Дид/ойын «Қай күн?».

Балалар біз балабақшаға неше күн келеді екенбіз?

5 күн

Ал, онда неше күн демаламыз?



2 күн.

Осы күндердің аттарын атап көрейікші. Қане кім айтады аптаның 1 – ші (2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші)күндері қалай деп аталады екен?

Жауап: Дүйсенбі

Сейсенбі


Сәрсенбі

Бейсенбі


Жұма

Демалыс күні: Сенбі

Жексенбі

5 күн балабақшаға келіп, 2 күн демалады екенбіз.

Тапсырма: «Уақытты бағдарлау», «Кеңістікті бағдарлау»

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Ал, сендер, маған жауабын дұрыс тауып (шешіп) айтуларың керек.

Ұйқымыздан тұрамыз,

Беті – қолды жуамыз.

Әкемізге ереміз,

Бақшамызға келеміз.

Бұл қай кезде, балалар?                                                      Таңертең

Біз тәртіпті баламыз,

Сабақты да оқымыз.

Серуенге шығамыз, қыдырамыз.

Бұл қай кез, балалар?                                                            Түс

Серуеннен қайтамыз, ұйықтаймыз,

Жеңіл тамақ ішеміз,

Ойнаймыз.

Бұл қай кез, балалар?                                                            Бесін

Күн батады қызарып,

Мамамызды күтеміз.

Бұл қай кез, балалар?                                                            Кеш

Үйлерде шам жанады,

Дем алады бар әлем,

Деп әлдилер ақ әжем.                                                            Түн

Дид/ойын: «Адасқан сандар» 1 – ден 5 – ке дейін санаймыз.

Қане балалар, біз алдымен 5 – ке дейін санайық. (карточка таратып, сандарды ретімен қойып шығамыз) 1, 2, 3, 4, 5.

Ойланайық бір мезет,

Абайлайық, қарайық,

Санды енді тізбелеп,

Кері қарай санайық.

Енді кері санайық. 5, 4, 3, 2, 1.

Скрыть объявление

(сандардың емлесін тауып дұрыс орналастыру).

Тақта алдында жұмыс

1   2  5  3  4

3   2  1  4  5 т.с.с.

Дид/ ойын: «Көршісін тап».

Тақөта алдында жұмыс.

…2…                      …4…               …3…                     …5…                  …1…

Қажет сандарды тауып өз орындарына дұрыс орналастыру қажет. Қалған балалар үстел үстінде өз бетінше жұмыс жүргізу.

Дид/ойын: «ойлан – тап».

Балалар көздерін жұмады. Ойлау, есту қабілетін жетілдіру мақсатында іштерінен санап, неше рет дыбыс бергенімді алдарындағы саннан дұрыс тауып көтерулері керек.

Сергіту сәті.

Логикалық есептер:

Бес алманың үшеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады.?                                               (екі)

«5» алған балаға 5 алма,

«4» алған балаға 4 алма.

«3» алған балаға 3 алма.

«2» алған балаға неше алма?                                     (екі)

Бес бұтақты шыршада,

Бұтақ сайын екі алма.

Біреуін бер досыңа,

Сонда қалмақ неше алма?                          (шыршада алма өспейді)

Қолымды 1 алма, табақта 2 алма,

Қосқанда барлығын болады неше алма?                  (үш)

 

Бөлменің 4 бұрышы бар,



Әр бұрышта 1 мысықтан отыр,

Барлығы неше мысық?                                               (төрт)

Жанып тұрған 4 майшамның 2-уі сөніп қалды.

Сонда неше майшам қалды?                                      (екі)

Ата – анамен байланыс.

Ата – аналарының үйден үйреткен 1 – ден 5-ке дейінгі санамақтарын сұрау.

1-ден  5-ке дейінгі сандарды бекіту.

Дид/ойын: «Кім жылдам?»

Ойын ата – анамен бірігіп ойналады.

Берілген қиынды суреттерден тауып дұрыс құрастырып, артына жазылған нақыл сөздерді оқу керек.

Тіл дамыту, айналамен таныстыру сабақтарымен байланыстыру.

– Балалар, біз қандай геометриялық пішіндердің түрлерін білеміз?

 

 

 



 

 

Өте дұрыс. Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Сендер жауабын шешіп, атап, қандай пішінге ұқсайтынын атайсыңдар



Таңмен көзін ашады,

Әлімге нұрын шашады.                                          (күн)

 

 

 



ке ұқсайды

 

Төрт бұрышты, бір ауызды (сандық)



 

 

 



                 — қа ұқсайды.

 

Айдалада ақ отау,



Аузы, мұрны жоқ отау.                                           (жұмыртқа)

 

 



— ға ұқсайды.

 

Тікен – тікен тік пісте,



Қысы – жазы бір түсте.                                            (шырша)

 

 



 

қа ұқсайды.

 

Төрде жатып шалқиған,



Дәу қарны бар қампиған.                                         (жастық)

 

 



 

— ға ұқсайды.

 

Жапырықты тасалап,



Өсетін жері бақша – бау.

Күрең қызыл шіркін – ай,

Оның аты ……….. бүлдірген.

Сендерге  «Бір бүлдірген» ертегісін айтып берейін.

Ерте, ерте, ертеде 3 балапан өмір сүріпті. Бір күні олар жайылып жүргенде бір бүлдірген тауып алыпты.

«Бүлдірген болса біреу, оны біз қайсымыз жейміз» — дейді.

Біз болсақ: біреу, екеу, үшеуміз. Осы кезде ақалды күрке тауық кездеседі.

Біз балапандармыз ғой, бізге мына тауып алған бүлдіргенімізді бөліп беруге көмектесіңізші.

Ал, сендердің мамаларың біреу ме?

Иә, біреу…

Онда, біз жалғыз бүлдіргенді қалай бөлеміз?

«Сендер, бұл бүлдіргенді АНАларыңа апарып беріңдер» — дейді күрке тауық.

Иә, солай істейін деп балапандар бүлдіргенді мамаларына әкеліп береді. Мамаларына бүлдірген ұнайды. Балапандар да өте қуанышты болды.

Бұнымен айтпағымыз:

«Табиғат сыйы»                            (жемістерді көрсету).

Біреуін жеп жемістің

«Дәмді екен…» деп тамсандық

Айта қойшы шырағым,

Дәмін қалай біле алдың?

Естіп пе


Әлде

Көріп пе,

Жоқ, әйтпесе, сезіп пе?

 

Жауап: дәмін сезіп.



Олай болса: Дид/ойын: «Ненің дәмі?»

Арнайы ыдысқа кесіп салынған жеміс – жидектердің дәмін жеп анықтаймыз.

Дәмін сезу қабілетін дамыту.

Жемісті атап, қандай геометриялық пішінге ұқсайтындығын, дәмін айтып, түр – түсін ажыратып айтуларын сұрау.

*** Балалар, біз бүгінгі сабақтан алған қуанышты көңіл – күйімізді қалай білетінімізді көрсетейік. Сабақ сендерге ұнады ма?

«Шаттық шеңбері» — дөңгелене тұрып, қолдарымызды шапалақтаймыз.



Купить Телевизоры в КредитОнлайн кредит за 1 минуту kaspi.kzkaspi.kzОнлайн Кредит за 10 Минут В кредит от 1 878 т/мес.АО «Kaspi Bank»Скрыть рекламу:Не интересуюсь этой темой / Уже купилНавязчивое и надоелоСомнительного содержания или спамМешает просмотру контента

Спасибо, объявление скрыто.

Скрыть объявление

Конкурсы для воспи­тателей doutessa.ru/конкурсы-олимпиадыdoutessa.ru/конкурсы-олимпиадыДиплом через 2 минуты. Блиц-олим­пиады для воспи­тателей и детей (ФГОС 2017).Скрыть рекламу:Не интересуюсь этой темой / Уже купилНавязчивое и надоелоСомнительного содержания или спамМешает просмотру контента

Спасибо, объявление скрыто.

Скрыть объявление

Яндекс.Директ

Навигация по записям

« Білім теңізіне саяхат

Біз мектепке барамыз! »


0

ІІ-кіші топтарына арналған

дидактикалық ойындар

ІІ-кішітобына арналған дидактикалық ойындар

«Қатынас»-Тілді дамыту

Д\ойын «Ғажайып қоржын»

Мақсаты: Балаларды заттарды тиісті қасиеттеріне қарай ажырата білуге үйрету.

Ойын шарты: Қоржындағы затты сипап біліп атау. Бала затты дұрыс сипаттап бергеннен соң ғана зат қаптан алынып, балаларға көрсетіледі, ал дұрыс аталмаса қаптан алынбайды.

қажетті құралдар: Ғажайып қоржын. Балалар санына сәйкес, таныс ойыншықтар.

Д\ойын «Жаңа қуыршақ»

мақсаты: Баланы топ бөлмесіндегі заттарды дұрыс атап, тілдерін , зейіндерін дамыту.

Ойын шарты: Қуыршақ топтағы заттың қайсының жанына келсе соны дұрыс атап беру және қуыршақ қай баланы сұрайды сол ғана сұраққа жауап береді, егер барлық баладан сұраса, барлығы бірге жауап береді.

Қажетті құралдар: Балаларға бұрын таныс емес қуыршақ

«Қатынас»Айналадағы әлеммен танысу

Д\ойын «Қуыршаққа ыдысты таңдап бер»

мақсаты: Балалардың ыдыс-аяқтар жайлы білімдерін пысықтау, оларды қажетіне қарай қолдана білуге үйрету, тілдерін жетілдіру, сөздік қорларын молайту, зеректікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Ойын шарты: Тәрбиешінің белгісі бойынша қажетті ыдысты бөліп алу.

Іс-әрекеті: Тәрбиешінің көмекшісіне, аспазшыға қажетті ыдысты іздеу.

Қажетті құралдар: Үш қуыршақ (аспазшы,тәрбиешінің көмекшісі, қуыршақ – қыз), ыдыс-аяқтарбейнеленген көлімдері 5×5см карточкалар.

.
«Таным»- Айналадағы әлеммен танысу



Д\ойын «Домино»

Мақсаты: «Баланың көліктер жайлы білімдерін дамыту, пысықтау. Сәйкес көлікті тауып дұрыс атату, оның атқаратын қызметімен таныстыру.

Ойын шарты: Суреттері сәйкес келетін карточкаларды біріне қатарлап тізіп қою, кім бұрын барлық карточкаларын қояды, сол жеңіп шығады.

Қажетті құралдар: Бірдей қос суреттер, әртүрлі көліктер бейнеленген көлімдері 5×6см карточкалар.

«Таным»-ҚМТҚ

Д\ойын «Суретті құрастыр»

мақсаты: Баланы бірнеше бөліктерден тұратын, бір тұтас суретті құрастыра білуге үйрету, төзімділікке, бастаған істі аяқтауға тәрбиелеу.

Ойын шарты: Сурет бөліктерін таңдағанда қателеспеу, кім тез өз суретін құрастырып, дұрыс атайды сол жеңімпаз атанады.

Ойын іс-әрекеті:Тұтас суретті құрастыру үшін тиісті бөлшектерін іздестіру.

Қажетті құралдар: Бірнеше бөлікке бөлінгентүрлі заттардың суреттері.(көлімдері 7×8см карточкалар).

«Таным»-Экология негіздері

Д\ойын «Лото»

мақсаты: Балалардың жеміс-жидек, көкөніс, гүлдер жайлы білімдерін дамыту және олардың өсіп-өнетін орындарын дұрыс атату.

Ойын шарты: Көкөністерді – бақшаға, жеміс-жидектерді – бауға, гүлдерді – гүлзарларға орналастыру.

Ойын іс-әрекеті: Үш үлкен карточка- бақша, бау, гүлзар бейнеленгенкөлімдері 8×8см карточкалар және көкөністер, жемістер , гүлдер бейнеленген көлемдері 5×5см карточкалар.

«Таным»-Экология негіздері

Д\ойын «Бұл қай кезде болады»

Мақсаты: Баланың жыл мезгілдері жайлы білімдерін тиянақтау пысықтау тиісті белгілерін атату, тілдерін жетілдіру, танымдылықтарын, ұстамдылықтарын дамыту.

Ойын шарты: Бала өз суреті бойынша әңгімелейді, ал әңгіме қай мезгіл туралы айтылғанын, бағыттаушы кімге көрсетсе сол жауап береді. Жауап дұрыс болған жағдайда ғана сурет балаларға көрсетіледі.

Қажетті құралдар: Жыл мезгілдеріне байланысты 3-4 сурет (қыс көріністері, жазғы ойындар, көктемгі еңбек, қыс қызықтар т.б.бейнеленген көлімдері 9×9см карточкалар.)

Ойын іс-әрекеті: сурет жұмбақтап әңгімелеу және оның шешімін табу.

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДА

Алғы сөз.

Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.

Дидактикалық ойындар балалардың білімін кенейту және бекіту мақсатындағы жоспарлы және мақсатты педагогикалық тәсіл.

Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды,ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Сондай –ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның ізденім

паздық, тапқырлық қабілетін оятады. Осы тұрғыда баланың байқағыштық, зерттеп салыстыру, сезім қабілетін дамытуға, баланың заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну қабілетін ұштап қана қоймай, сонымен қатар сөздік қорын

молайтуда дидактикалық ойындардың орны ерекше болып табылады.

Дидактикалық ойын оқытудың әдістерінде 2 жолмен қарастырылады: ойын

сабақтар және дидактикалық тапсырмалар.

Дидактикалық ойын кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады.Оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп

нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр.

Дидактикалық ойындарда да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру,ерікті зейін қою, ой күшін жұмсау,ережені ой елегінен өткізе білу, іс-әрекеттердің жүйелігін қиыншылықтарды жою керек болады.

Дидактикалық ойындар қоршаған ортамен таныстыру,математика, тіл дамыту, сауат ашу, көркем әдебиет сабақтарында жиі қолданылады. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары.



«Қол соғу» ойыны

Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру үшін жаттықтыру.

Керекті материалдар: Тәрбиеші мен әрбір баланың алдында тілі бар дөңгелек (3 сурет ) болуы тиіс.

Ойынның мазмұны.

1 вариант. Тәрбиеші қол соғады. Балалар санайды. Одан соң тақта алдына шақырылған балалардың бірі тәрбиешінің қол соғуын қайталап, оның неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін қол соғу санына сай келетін сандық фигураға қаратып қоюы тиіс.

2 вариант. Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Тәрбиеші ойын ережесінің дұрыс орындалуын қадағалайды.

«Кім алғыр» ойыны.

Мақсаты: таңбалар арасындағы байланысты жете түсінуіне, сан құрамын анықтай білуге, жазбаша есептеуге дағдыландыру.

Қолданылатын көрнекіліктер: ( + - = ) таңбалары 10 көлеміндегі сандар.

Ойынның барысы: Балалардың қолында сандар мен таңбалар үлестіріледі. Ойын мазмұнын түсіндіргенде кез келген түпкі нәтижемен таңбаны ескере отырып, өрнектерлі құрастыру. Ойлаған өрнектерін тақтада жазбаша орындайды.
«Сен де сонша көрсет» ойыны.

Мақсаты: Балалардың көрген нәрселерін немесе естіген дыбыстарын санап, есте сақтап, оған басқа нәрселерді сәйкестендіруге үйрету.

Керекті материалдар: фигуралардың ою- таңбалардың суреті салынған карточкалар бала санайтын материалдар.

Ойынның мазмұны:

1 вариант. Тәрбиеші карточканы көрсетеді де, алып қояды. Балалар карточкада неше фигура, ою- таңба бар екенін айтып, сонша жалауша көрсетуі тиіс.

2 вариант. Тәрбиеші бірнеше рет алақанын соғады. Балалар оны зейін қоя тыңдап, одан соң соншама жалауша көрсетеді.

«Қай вагонға мінемін?» ойыны.

Мақсаты: сандардың құрамын білу, таңбаларды айыра алуға, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Қажетті материалдар: тепловозға нөмірленіп тіркелген сан өрнектері жазылған карточкалар.

Ойынның барысы: амалдарға берілген сан өрнекткрі жазылған карточкаларды тарату. 1+4, 4+2, 5-2, 5-4. Олардың мәні бала отырған вагонға сәйкес. Мысалы, 5-ші нөмірлі вагон, өрнектердің жауабы 5-ке тең оқушылар, сан вагонға ілесіп, тіркелуге тиіс.
«Сипаттамасы бойынша тап» ойыны.

Мақсаты: Ұзын–қысқа, жуан-жіңішке, үлкен–кіші, оң-сол, ұғымдарын қайталау.

Керекті материалдар. Табиғи материалдар: ұсақ тастар, жаңғақтар,таяқшалар т.б.

Ойынның мазмұны. Бала қолын артына ұстайды. Тәрбиеші оның қолына үлкендігі түрліше, бірақ тегі бірдей екі затты ұстатады. Бала қолына қарамастан, оң қолында үлкен тас, сол қолында – кіші тас бар екенін айтуға тиіс. Балалар оның жауабының дұрыстығын тексереді. Енді тәрбиеші екінші баланың қолына жуандығы бірдей, ұзындығы әр түрлі екі таяқша немесе жуандығы әр түрлі ұзындығы бірдей екі қарындаш ұстатады. Топ алдына шақырылған әрбір бала бір – біріне ұқсас 2-3 жаттығу орындайды. Ешқандай қателік жібермеген балалар жеңімпаздар болып есептеледі.

« Дүкен » ойыны.

Мақсаты: сұйық зат пен сусымалы заттың қалай өлшенетінін балаларға үйретіп жаттықтыру.

Ойынның мазмұны: ойыншық таразысына дүкенші бала сатып алушының сұраған нәрсесін өлшеп беріп тұрады. Сұйық заттар белгілі көлемдегі ыдыспен, сусымалы заттар таразыға салынып өлшейді.

« Өз жұбыңды тап » ойыны.

Мақсаты: Санды көру, есту және қимыл арқылы қабылдау қабілеттерін пысықтау.

Ойынның мазмұны. Балалар 10 адамнан командаларға бөлініп ойнайды. Ойынға қатысушылар қарама – қарсы қарап, сапқа тұрады. Бір қатардағы балалардың омырауында – суреттер салынған карточкалар. Екінші қатардағы ойнаушының біреуі алақанын соғады. Бірі неше соққы болғанын санайды. Омырауында осы соққы санына сай келетін карточкасы бар бала ойын бастаушының қасына жүгірі келеді де, екеуі бірге ойыннан шығады. Барлық балалар өзіне жұп болғанда ойын аяқталады. Ойынға қатысушылар жеңімпаз команданы атайды.

« Қапшықтан неше ойыншық алдың?» ойыны.

Мақсаты: Балаларға заттың санын қолмен сипалап білуді үйрету.

Ойынның мазмұны. Тәрбиеші балаларға қолдың саусақтарымен сипалап білу арқылы қапшықтан 4 шарик алуды тапсырады. Балалар тапсырманы орындау үшін қапшықтан шариктерді алып, стөл бетіне қояды және санайды. Осыдан кейін балалар тапсырманы орындауын өзара тексереді, қателік жөнінде тәрбиешіге айтады.

Тапсырма бірнеше рет қайталанады. Ешқандай қателік жібермеген балалар жеңімпаздар атанады.



«Ойлан тап» ойыны.

Мақсаты: Балалардың тыныс белгілері жайында түсініктерін кеңейту.

Ойын шарты: тәрбиеші бірнеше сөйлем айтады. Балалар сөйлемнің айтылу мәнеріне қарай ерекше назар аударып отырады. Екі командаға бөлініп, тақтаның ортасынан сызып, екі бағанаға бөлінеміз.Әр команданың жауабын тыныс белгілерімен белгілеп тұрамын. Ойын соңында санап қортындысын шығарамын. Тәрбиеші: Ал бастаймыз деп, ойынды бастайды.

Сәуле бақшаға келді. Қандай тыныс белгісін қоямыз? - деп егер бірінші команда мүшелері айтса, тақтаға бірінш бағанаға нүкте белгісін қоямыз. Осылайша ойынды жалғастыра береміз.



«Ол не?» ойыны.

Мақсаты: Балаларға заттардың бір-бірінен үлкен-кішілігін анықтай білуді үйрету.

Керекті материалдар. Балалардың санына есептеліп, бөлшектклген ағаш матрешкалар.

Ойынның мазмұны. Тәрбиеші балаларға мынадай жұмбақ айтады: Бойы әр түрлі, жұмбағымды тыңдашы,

Өзара ұқсас жүзі менен сымбатты.

Бір-біріне сыйып кеткен көрінбей,

Жинағанда бір ойыншық сияқты.



Матрешканы бөлшектеп, оның жоғарғы және төменгі бөлігіне балалардың назарын аударады, оларды салыстырады, соңынан қайтадан құрастырады. Балалар бір матрешканы екіншісінің ішіне салып, оның қайсысы үлкен екенін анықтайды.

«Қолымда не бар?» ойыны.

Мақсаты. Мынадай ұғымдарды пысықтау: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші, оң-сол; кеңістік түсінікті пысықтау, қимылды, түсіну сезімдерін дамыту.

Керекті материалдар. Табиғи материалдар: ұсақ тастар, жаңғақтар, таяқшалар.

Ойынның мазмұны. Балал қолын артына ұстайды. Тәрбиеші оның қолына үлкендігі түрліше, бірақ тегі бірдей екі затты, мысалй, үлкен және кіші тасты ұстатады. Балал қолына қарамастан, оң қолында үлкен тас, сол қолында-кіші тас бар екенін айтуға тиіс. Балалар оның жауабының дұрыстығын тексереді. Енді тәрбиеші екінші баланың қолына жуандығы бірдей, ұзындығы әр түрлі екі таяқша немесе жуандығы әр түрлі, ұзындығы бірдый екі қарандаш ұстатады. Топ алдына шақырылған әрбір бала бір-біріне ұсақ 2-3 жаттығу орындайды. Ешқандай қателік жібермеген балалар жеңімпаздар болып есептеледі.

«Менің қайда екенімді тап»

Мақсаты: Балалардың туған қаланың көрікті орындары туралы білімдерін бекіту.

Керекті құралдар. Қазақстан қалалары туралы ашықхаттар жиынтығы.

Ойынның мазмұны. Тәрбиеші балаларға бір данадан қаланың көрікті орындары бейнеленген ашықхаттарды таратып береді және балалардан онда не бейнеленгенін, нақты орынның атын атамай, әңгімелеп берулерін сұрайды. Ал басқа балалар қай қала екенін табулары керек. Тәрбиеші балаларға көмектеседі, сұрақтар қояды, жауабын шешуге көмектеседі.

«Қателесіп қалма?».

Мақсаты: Жылдам ойлау қабілеттерін дамыту, балалардың күннің әр түрлі мезгілінде не істейтін туралы біліктерін нығайту.

Ойынның мазмұны: Тәрбиеші күннің түрлі мезгілі туралы білімдерін бекіте отырып, балалармен әңгіме жүргізеді. Балалар таңертең, күндіз, кешкісін, түнде не істейтіндерін еске түсіреді. Сонан кейін тәрбиеші ойын ойнауды ұсынады:

  • Балалар, қане былай істейік. Мен күннің бір мезгілін атаймын, ал сендер сол кезде не істейтіндеріңді еске түсіресіңдер. Мәселен, мен «таңертең» деп айтамын. Сендер қандай іс-қимылдарынды атайсындар?

Балалар еске түсіреді:

  • Оянамыз, амандасамыз, жуынамыз, тіс тазалаймыз, таранамыз.

  • Дұрыс,- дейді тәрбиеші. – Бірақ ойын кезінде мен текше берген бала ғана жауап береді және тек бір әрекетті ғана айтады. Әрекетті атаған соң ол текшені өзге ойыншыға береді.

  • Тәрбиеші күннің түрлі уақытын айтады, ал балалар жауап береді.

«Осы, өткен, келер уақыт»

Мақсаты: Балалардың осы, өткен, келер уақыт туралы түсініктерін нығайту. Сәйкес сөздер туралы білімдерін тексеру; бар, қазір, бүгін-осы шақ; болды –өткен шақ; ертең, болады-келер шақ.

Ойынның ережелері. Жұмбақтарды мұқият тыңдау. Ойланып алып, сонан кейін ғана іс-әрекеттің, қимылдың, оқиғаның қай уақытта болып жатқанын, болғанын және болатынын айту. Барлық уақытты белгілермен көрсетеді: осы шақ-көгілдір түспен, өткен шақ-сұр-түспен, келер шақ-қызыл түспен. Белгі бойынша кім уақытты дұрыс көрсететінін көреміз.

Қане, бастайық!

Бүгін балалар мектепке бара жатыр.

Кеше біз саяжайдан келдік.

Ертең біздің балабақшаға қонақтар келеді.

Құстар ұя салып жатыр.

Тауда ұяда балапандар пайда болды.

Бүгін балалар текшелерден үлкен кеме жасап жатыр.



«Тез жауап бер».
Мақсаты: Балаларды жіктеуге, салыстыруға, жалпылауға жаттықтыру. Құстар, жәндіктер, балықтар, аңдар туралы білімдерін бекіту. Сан мен сын есімді зат есіммен сәйкестендіруге жаттықтыру.
Ойынның ережелері. Тәрбиеші балалардың көз алдына кестені іліп, қарауды ұсынады және қойылған сұраққа олар жауап беруі тиіс. Дұрыс жауапқа ойыншы фишка алады.

Кестеге сұрақтар.

1 Бірінші қатарда бейнеленген суреттерді жалпы қалай атауға болады?

2. Кестеде барлығы неше құс? Оларды ата.

3. Не артық? Аңдар ма, жәндіктер ме? (аңдар артық).

4. Бірінші, екінші бағандағы барлық аңдарды салыстыру. Қандай ортақ белгіні байқадыңдар? (әр бағанда құстар, аңдар, жәндіктер бейнеленген).

5. Балықтарды ата.

6. Құстарды ата.



Экология
«Экологиялық пирамида».№1
Мақсаты: Балаларды логикалық ойлай білуге, әр сатыны таңдауын негіздей отырып, эколргиялық пирамида құрастыруға үйрету. Табиғаттағы барлық нысандардың өзара байланысын көре білуге баулу.
Ойынның ережелері. «Экологиялық пирамида» құрудың тәртібі. 6 текше қолданылады. Олардың төрт жағында суреттер бейнеленген, бесіншісі мен алтыншысында- «экологиялық пирамида деген жазу бар.
Ойынның барысы. Тәрбиеші балаларға текшенің тірі және өлі табиғат бейнеленген беттерін көрсетеді.

Бірінші беті – күн, жер, дәндер, тышқан, жылан, қаршыға.

Екінші бетте – күн, жер, гүл, көбелек, шымшық, жапалақ.

Үшінші беті – күн, жер, шөп, орман, қоян, қасқыр, түлкілер.

Төртінші беті – күн, су тоғаны және балдырлар, су жәндіктері, бақа мен балық, кірпі.

Пирамида құрастырылғаннан кейін тәрбиеші балаларға әр сатының өз маңызы бар екенін айтады.


«Гүл шоғын құрастыр».№2
Мақсаты: Бақшада, далада, орманда өсетін гүлдерді дұрыс тауып, аттарын есте сақтауға үйрету.

Ойынның ережелері. Гүлдің кімге арналғанын, Қайда өсетінің және қалай аталатынын көрсету.

Ойынның барысы.

1.Тәрбиеші балалармен орманға, баққа, шағын далаға «экскурсия» жүргізіледі. Онда балаларды түрлі гүлдермен таныстырады. Бағбанның, көбелектің, Дәрігер Айболиттің суреттері қойылды.

Бағбан бақтан, көблек шағын даладан, ал Дәрігер Айболит орманнан гүл жинауды (өйткені олардың дәрілік қасиеттері бар) өтінеді. Гүлдердің суреттері араластырылады да, балаларға үлестіріліп беріледі. Олар Кейіпкерлерге кезекпен келіп өз гүлдерін ұсынады. Тәрбиеші мен балалар сыйлықтарға баға береді.

2.«Дүкен». Кейіпкерлер , егер балалар гүлді дұрыс атаса және гүлге анықтама бере алса, олар гүл сатады.

3.«Гүл шоғында не артық?». Дала, бақ және орман гүлдерінен құрастырылған гүл шоқтарын тексеру ұсынылады. Артық гүл алынып тасталынады.
«Зоологиялық домино». №3
Мақсаты: Балалардың жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін бекіту; ұғымталдыққа, зейін қоюшылыққа баулу.
Ойын ережелері: Кімде-кім өз карточкаларын бірінші болып қойса, сол жеңімпаз болады. Жүрісті жіберіп алмай, карточканы дер кезінде қойып, мұқият болу.
Ойынның барысы:
Карточкаларда жабайы және үй жануарлары бейнеленген. Ойынға төрт адам қатысады. Карточкалардың сурет жағы теріс қаратып қойылады. Балалар алты карточкадан санап алады. Сонан соң тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді: Бір-бірінің қасына тек бірдей суретті карточканы қоюға болады. Егер ойынға қатысушының біреуі карточкасыз қалса, онда ол женген болып саналады. Егер керек карточка жоқ болса, онда ол адам өзінің жүрісін жібереді. Карточкаларды араластырып ойынды ары қарай жалғастыруға болады.
«Менің үйім қайда?»№4
Мақсаты: Балаларды аквариум тұрғындары мен су тоғандарын жіктеп аттарын атауға үйрету.

Ойын ережелері: Өз тобына арналған тапсырмаға сәйкес келетін суреттерді таңдап алу: балықтар, жәндіктер, құстар, жануарлар, су өсімдіктері.

Ойынның барысы: Топ бөлмелерінің әр жерлеріндегі үстелдерге карточкалар қойылады. Балалар 6 топқа бөлінеді (ең көбі-балықтар). Жүргізушінің белгісі бойынша балалар бөлмеге кіріп,сәйкес келетін

карточкаларды таңдап алады,сонан кейін топ болып,бас қосады.Олар жинаған суреттерді қойып,әр топ өз жануарына немесе өсімдігіне «үй» таңдайды(аквариум немесе су тоғаны).


«Кім қандай?» №5
Мақсаты:Балаларды жәндіктердің сыртқ кейпіне,дағдыларына,мекеніне,қозғалыс тәсіліне анықтама беруге ынталандыру.
Ойын ережелері:кім,не,қандай деген сұрақтарға нақты жауап беру керек..

Ойынның барысы:Тәрбиеші жәндікке анықтама бере отырып,оның сыртқы кейпінің ерекшеліктер,

қозғалыс тәсілдері туралы айта отырып үлгі көрсетеді.Бірінші кезеңде иллюстрациялық

материал қолдануға болады.
«Экологиялық тізбек» №6
Мақсаты:Қоректік тізбектің буындары туралы түсініктемелер беру:тірі табиғат,өсімдіктер,улы өсімдіктер,жыртқыш аңдар.Табиғат заңымен таныстыру:табиғатта жануарлар да,өсімдіктерде өз бетінше тіршілік ете алмайды.

Ойын ережелері:Таңдауға негізделе отырып,экологиялық тізбек құрастыру.

Ойынның барысы:Тәрбиеші алдымен қоректік тізбектің жекелеген буындарын қояды.Балаларға қай жануарға тізбек құратынын таңдауға көмектеседі. Карточканың теріс жағындағы цифрларға қарап,тізбек дұрыс құрастырылғанын тексереді.

Мысалы:


Жапырақ-құрт-шымшық-ителгі.

Дәндер-тышқан-аққұлақ-жапалақ.

Ағаш-қоян-қасқыр.
«Менің кім болып жұмыс істейтінімді тап» №7
Мақсаты:Мамандықтар туралы білімдерін бекіту.

Ойынның барысы:Әр бала қандай да бірмамандықты ойлап,жасырады,ал қалғандары оны табу керек.Балалар бір-бірден шығады,ал қалғандары сұрақ қояды.Жауаптарына байланысты бала «иә» немесе «жоқ»деп жауап береді. Міне,осы жауаптардан балалар сіздің мамандығыңызды табуы қажет.
«Жұбын тап» №8
Мақсаты:Балалардың шыны,пластмасса,тері және резина материалдары туралы

білімдерін бекіту.



Ойынның барысы:Тәрбиеші балаларға шыныдан,теріден,пластмассадан және резинадан жасалған заттардың бейнесі бар суреттерді үлестіріп береді.Балалар топқа бөлінеді.Тәрбиешінің белгісі бойынша,лолар өздеріне жұп табу керек,яғни нақты сол материалдан жасалған заты бар баланы табу керек.Балалар өздерінің екінші жұптарын тапқаннан кейін тәрбиеші олардың дұрыс-бұрыстығын тексереді,олардан неге дәл осы суретті таңдағанын сұрайды.
«Сүйікті қаламызға саяхат» №9
Мақсаты:Туып -өскен қаласы туралы білімдерін бекіту;үлкендер еңбегі,автокөліктер.

Ойынның барысы:Тәрбиеші балаларды үш топқа бөліп,карточкаларды таратады.Содан соң қаланың көрікті жерлері,үлкендер еңбегі,автокөліктер туралы әңгімелеуге тапсырма береді.Балалар қолдарындағы карточка бойынша әңгіме құрастырады. Әңгімені мазмұнды айтқан топ жіңішке жетеді. Топтар қағаздарын алмастырып, ойынды әрі қарай жалғастырады.
«Кім тапқыр?» №10
Мақсаты: Берілген дыбыстың орның таба білуге машықтандыру. Ойын барысында балаларды зейінді болуға дағдыландыру. Түстерді тез айырып,

жылдамдыққа, тапқырлыққа баулу. Достық қарым-қатынасты тәрбиелеу.



Көрнекілігі:берілген дыбысқа арналып салынған түрлі-түсті суреттер,

ойыншықтар,жалаулар.



Ойын шарты: тәрбиеші берілген дыбыстың сөздің басында, ортасында,

соңында келетіндігін айтады. Балалар зейін қойып тыңдап, егер өтілген дыбыс

сөздің басында болса, көк жалаушаны, ортасында болса, жасыл жалаушаны, соңында болса, қызыл түсті жалаушаны жоғары көтереді

«Қарама – қарсы сөздер». №11
Мақсаты:антоним сөздерді салыстыру жолымен балалардың ой-өрісін кеңейту,

Ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын қарама-қарсы сөздермен молайту, зейінділігін арттыру.



Көрнекілігі: доп, карточкалар.

Ойын шарты: тәрбиеші шеңбер бойымен тұрған балаларға кезекпен допты лақтырып антоним сөздерінің бірін айтады, ал допты ұстап алған бала тәрбиешіге

Кері лақтырып, айтылған сөзге қарама- қарсы сөзді айтуы керек.


«Сөз ойла, тез ойла». №12
Мақсаты: берілген дыбысқа, сөз ойлап, ойлаған сөздегі дауысты, дыбыссыз

Дыбыстарды ажырата білу. Сөздік жұмыс жүргізу арқылы баланың сөздік қорын молайту. Ойын арқылы балаларды тапқырлыққа баулу.



Көрнекі құралдар: кеспе әріптер қалтасы, текшелер салынған сандық, текшелер

(дыбыстардын дауысты, дауыссыз екендігін білдіретін ерекше

белгісі бар.)

Ойын барысы: тәрбиеші әріп қалтасынан кез келген бір әріпті көрсетеді.

Балалар сол әріптен басталатын сөздерді айтады.

Сандыққа бірнеше текше салып қояды. Бала өз қолымен біреуін

алып сол дыбыстан басталатын заттарды атайды.



Сюжеттік-рөлдік ойындармен таныстыратын

дидактикалық ойындардын тізімі

1 сәби тобына арналған



Ойын аттары


Мақсаты

Көрнекіліктер

1

Сауле қуыршақты ұйықтатамыз.

Төсек жапқыштарды танып атауға ұйрету,ретімен шешіндіруге жаттықтыру, ұйқы денсаулыққа пайдалы –түсінік беру

Қуыршақ,керует,төсек жапқыштар

2

Қуыршақтарға арнап дастархан әзірлейік

Үстел жаюға арналған заттардың атын атату. Этика (әдеп) ережелерімен таныстыру: қонақтарды қарсы алу, сыйлықтарды қабылдау, үстелге шақыру, дастарханда өзін-өзі ұстауы  

дастархан,ыдыстар,

қуыршақ


3

Бұл кімге керек?

әр түрлі заттарды көрсетіп, аттарын ататып, олардың еңбекте қолданылуы туралы түсіндіру, мамандықтармен таныстыру. 

Қайшы,тарақ, шприц,градусник,тарелка,

Кілт,бұрылғыш,



4

Қуыршақты серуенге киідіреміз


Жыл мезгіліне сай киімдердің атын атауға жаттықтыру

Ретімен киіндіруге үйрету


Қуыршақ,қуыршаққа арналған қысқы киімдер

5

Қуыршақты шомылдыру


Балаларды дұрыс жуына білуге дағдыландыру,киімдердің атын дұрыс атай білуге баулу, шешінгенде киімдерін дұрыс қоюға балаларды сумен, сабынды пайдалана білуге үйрету.

Қуыршақ ыдысқа құйылған жылы су, сабын, орамал, ақжайма т.б.

6

Қуыршаққа шай береміз



Шай ішетін ыдыстардың атын атауға жаттықтыру,дастархан басындағы ережемен таныстыру

Кесе,қасық,тарелка,қуыршақ,


7

Шаштараз қалай жұмыс істейді,қуыршаққа көрсетеміз


Шаштараз жұмысы туралы балаларға білім беру

Құрал-жабдықтарын атауға ұйрету




Тарақ,ойыншық фен,қайшы,


8

Біздің бойымызды қалай өлшеді?

Дене мүшелері туралы

білімдерін тиянақтау



Медбике бөлмесіне қалай барғаны туралы әнгімелету

бой өлшейтін , қуыршақ

9

Қуыршақпен ойынаймыз

Тәрбиешінің іс-әрекетін бақылауға ұйрету,үлгі бойынша ойнауға дағдыландыру

 

 құндақталған қуыршақ


10

Қуыршақты машинада жүргіземіз




Бірлесіп ойнауға ұйрету,жүргізуші рөлінде әрекет жасауға жаттықтыру

Машина,қуыршақ

11

Аспазшы


Балаларды тағамның түрлерімен таныстыру.Пісіру әдісін көрсету. Асты қадірлеуге үйрету.

Пеш,кастрюл,ал жабқыш,тағамнын түрлері


12

Құрылысшы

 Балаларды құрылысшының қызметімен таныстыру. Қаншама үйлер, мектеп, балабақшаны құрылысшылар салатынын түсіндіру. Ойын арқылы үйлерді қалай салатынын көрсету.

  Құрылыс материалдар

13

Шаштараз


Балаларды шаштараз ойынымен таныстыра отырып, шаштарын үнемі тарап әдемілеп жүруге үйрету. Шаш өрудің әр түрлі үлгісін көрсету. Әсемдікке, әдемілікке баулу.

Айна,қуыршақ,тарақ...

14

Қуыршақтарға ұй құрастыру


Қуыршақпен және құрылыс ойыншықтармен ойнауға қызығушылықтарын арттыру.2-3тен бірлесіп ойнауға ұйрету. 

Қуыршақ,құрылыс материалдар

15

Қуыршақты серуеннен шешіндіруге үйретеміз


Ретімен шешінуге көрсету,киімдерді бүктеуге,ілуге ұйрету,ұқыптылыққа тәрбиелеу

Қуыршақ- тон,құлақшын,етік киген


16

Көліктерге гараж құрастыру


 құрылыс материалдардын атын атауға жаттықтыру, қарапайым затты құрастыруға үйрету

Кубик,кірпіш-ойыншықтар,

машиналар



17

Қуыршақтың көйлектерін жуып,үтіктеу


Киім жууға арналған заттармен таныстырып,тазалыққа баулу





Кір жуатын

ыдыс,сабын,



Үтік,қыстырғыш,киім ілетін

Жіп,кір жуатын тақтайша,

қуыршақ

18

Ат мінгізу

Балаларды бабамыздан келе жатқан – «Атқа мінгізу» салт дәстүрімен
                                 таныстыру.

Тұлпар-аттың макеті

19

Жүргізуші

 балалардың жүргізушілік мамандығына, техникаға ынтасын арттыру. Сөздік қорын байыту.



Автобус макеті,орындықтар,рөл


20

Жұмысты таңдаймыз



балаларға адамдардың мамандықтарымен таныстыру, балаларға таныс емес мамандықтарды бақылату, кез келген мамандыққа адамдардың еңбекке деген қызығушылығын ояту

суреттер

21

Қуыршақтарға қонаққа.


Бірлесіп ойнауға ұйрету,ойынға деген қызығушылығын ояту


қуыршақтар


Қуыршақтарға арнап дастархан әзірлейік
 
Мақсаты: балаларды дастарханды дұрыс, мәдениетті әзірлеуді үйрету. Үстел жаюға арналған заттардың атын атату. Этика (әдеп) ережелерімен таныстыру: қонақтарды қарсы алу, сыйлықтарды қабылдау, үстелге шақыру, дастарханда өзін-өзі ұстауы. Балалардың адамгершілік тәрбиелерін қалыптастыру. Достық қарым-қатынастарын жетілдіру. 

Ойынның барысы: 


Тәрбиеші топқа әдемі киінген қуыршақпен кіреді. Балалар қуыршаққа қарап, оның киімдерін жеке-жеке атайды. Тәрбиеші балаларға қуыршақтың мерекелік дастарханын әзірлеуге көмектесуін ұсынады. (Қуыршақтың жиһаздары мен ыдыстары қолданылады.) 
Тәрбиеші балалармен бірге қызметтердің кезеңдерін орындайды (қол жуу, дастарханды үстелге жаю, үстелдің ортасына гүлі бар ваза қою, нан салатын ыдысты және сүлгі салатын ыдысты қою, шыны мен тарелкаларды дайындау, олардың қасына қасық, шанышқы, пышақты орналастыру). Содан кейін қонақтарды қарсы алу кезеңі орындалады. Балалар қуыршақтарды орындарына отырғызады. 
Ересек мектеп жасына дейінгі балалар дастархан әзірлеуді толық меңгеруі үшін кезекшілік кезіндегі суреттерді көрсетуге болады. Балалар суреттерді рет ретімен қоюы керек. Дастархан әзірлегенде ыдыстарды қоюдың реттілігін білуі керек. 



Қуыршақ не істегісі келеді?

Мақсаты:
балаларға кейбір еңбек түрлері туралы айтып, оларға керекті материалмен, құрал-жабдықтармен және оларды қандай жұмыстарда қолданылатынын таныстыру.

 
Ойынның барысы: 


Тәрбиеші балалармен Әсем атты қуыршақтың атынан сөйлеседі. 
- Әсем менен елеген, су құйылған шелек және сабын сұрады. 
Қуыршақтың атаған заттарын береді. 
- Қалай ойлайсыңдар, ол мына заттармен не істейді? 
- Жуады. 
- Дұрыс. Енді Әсем кастрюль, сүт, қант, тұз және бидай алды. Әсем не істегелі тұр?
- Қуыршақ тамақ істегелі тұр. 
- Тамақ қалай аталады? 
- Бидайдан көже. 
Бұл ойын түрінде басқа да еңбек әрекеттері және ойынға байланысты заттардың сәйкес болуы. Сәбилерге мына заттарды: үтік, қуыршақтың киімдерін үтіктейтін орын, шелек және суқұйғыш – ол гүлдерді суғаруға арналған. 
Бұл ойынды ересек топтарда өткізсе, тәрбиеші картинадағы заттардың суреттерін қолданып, немесе көрнекіліксіз де балаларға қиындатылған еңбек түрлерін тапқызады. Мысалы: пышақ, түрлі түсті қағаз, желім, сызғыш, қарындаш – кітапты жапсыру, қорапты жөндеу, атрибут. 
Ойын біраз қиындады: бір бала затты тақтаға салады, ал басқалары еңбек түрін анықтайды немесе барлық балалар бір уақытта түрлі түсті қағазға сурет салады, одан кейін бір – біріне суретті көрсету арқылы еңбек түрін анықтайды. 



Бұл кімге керек?

Мақсаты: балаларға заттарды бүктеу түрлерімен және олардың еңбекте қолданылуы туралы түсіндіру, мамандықтармен таныстыру. 


Ойынның барысы: 
Тәрбиеші балаларға әр түрлі заттарды айтады, аттарын ататып, сол туралы, қандай мақсатта қолданылатынын сұрайды. 
Мысалы: -Мынау ожау, ол аспазшыға тамақты араластыруға, көжені, компотты құюға керек. Ойын өтпес бұрын ересек жастағы балаларға әр түрлі суреттегі бейнелер мен заттарды таңдап алады. Мысалы: тістеуік, балға, кофе қайнатқыш, шаңсорғыш, штурвал, компьютер, микрофон, сантиметр өлшейтін, микроскоп, телескоп. Балалар картинаны алып, адамдардың мамандықтарын атап, бейнеленген заттарды өз еңбектерінде қолданады. 

Жұмысты таңдаймыз

Мақсаты: балаларға адамдардың мамандықтарымен таныстыру, балаларға таныс емес мамандықтарды бақылату, кез келген мамандыққа адамдардың еңбекке деген қызығушылығын ояту. 
Ойынның барысы: 
Тәрбиеші балалармен бірге дөңгелек жасап, тақпақ айтып жүреді: 
Бірге достықпен өсеміз, 
Жұмысты бірге таңдаймыз. 
Ғарышкер боламыз, 
Ракетаны ұшырамыз. 

Балалар ұшқан ракетаның дауысын салады, тәрбиешінің айтуымен. 
Капитан болып барамыз, 
Кемені жүргіземіз. 

Капитанның дүрбімен қалай қарайтынын көрсетеді. 
Тікұшақшы боламыз, 
Тікұшақты ұшырамыз. 

Шеңбер жасап, жүгіріп қолымызды басқа қоямыз. 


Ұшқыш болып барамыз, 
Ұшақпен ұшамыз. 

Комбайнмен барамыз, 
Комбайнды айдаймыз. 

Өрт сөндірушімен барамыз, 
Өрт сөндіруді бастаймыз. 



Неге (не үшін) оны істеу керек?


Мақсаты: еңбекке қажеттіні қалыптастыру, білімде еңбек жағдайларын кеңейту. 


Ойынның барысы: 


Тәрбиеші сәбилерге бейнелі заттарды көрсете отырып сұрайды. Балалар неге не үшін керек екенін білуі керек. 
- Не үшін тамақтандырады ... (құсты) 
- Не үшін жуады ... (тарелканы) 
- Тазалайды ... (кілемді) 
- Жуады ... (көйлекті) 
- Үтіктейді ... (жейдені) 
- Ауыстыру ... (төсек орынды) 
- Жуындыру ... (балаларды) 




Жүргізуші


Мақсаты:
балалардың жүргізушілік мамандығына, техникаға ынтасын арттыру. Сөздік қорын байыту.
К-ректі құралдар: машинаның сырт көрінісі (суретте автобустың алдыңғы жағынан көрініс), машинаның рулі, автобус билеті, жүргізушінің бас киімі, микрофон (аялдамаларды хабарлайтын құрал).
Ойын барысы.

Тәрбиеші балалаға қазіргі ойын автобустың жүргізушісі туралы екенін және оның атқаратын қызметімен таныстырады. Балаларға автобусқа отырарда артқы есігінен кіріп, шығарда алдыңғы есігінен түсу керектігін, оған мінген адам жол ақысын билет алу арқылы төлейтіні, оларды қолына қызыл шүберек байлаған тексеруші тексеретінін, әрбір аялдаманы жүргізуші микрофон арқылы дауыстап айтып отыратынын, әркім өзі қалаған жеріне жетіп түсіп қалатынын әңгімелеп түсіндіреді. Автобусқа мінушілердің билет алған-алмағанын тексеретін себебі: кейбіреулер билет алмай, тәртіп бұзатынын, ондайлар анықталса, айып төлететін тәріп барын, жол ақысын төлемеу ұят екенін балаларға жете ұғындыруға
тырысады. :
Өзім енді рульде,
Өзім мотор гүрілдеп.
Педальды көп басамын,
Қырат, қырдан асамын .

Қуыршақтарға қонаққа.

Мақсаты: Бірлесіп ойнауға ұйрету,ойынға деген қызығушылығын ояту

Ойын барысы:
Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8-10). Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге көрсетілген бағытта, жай ғана қуыршақтарға келеді де, олармен амандасады. Тәрбиеші қуыршақтарды алып, олармен билеуді ұсынады. Қуыршақтармен азғана секіріп ойнағаннан кейін балалар олардың орындарына отырғызады да үйлеріне оралады.
Ойын қайталанғанда балалар қонжықтарға, қояндарға (тәрбиеші оларда алдын-ала бөлменің басқа бір бөлігіне орналастырады) қонаққа бара алады. Бұл ойыншықтармен балалар үйіне қайтады да олармен қалағанынша ойнайды.


Сюжеттік-рөлдік ойындармен таныстыратын

дидактикалық ойындардын тізімі

1 сәби тобына арналған



Ойын аттары


Мақсаты

Көрнекіліктер

1

Сауле қуыршақты ұйықтатамыз.

Төсек жапқыштарды танып атауға ұйрету,ретімен шешіндіруге жаттықтыру, ұйқы денсаулыққа пайдалы –түсінік беру

Қуыршақ,керует,төсек жапқыштар

2

Қуыршақтарға арнап дастархан әзірлейік

Үстел жаюға арналған заттардың атын атату. Этика (әдеп) ережелерімен таныстыру: қонақтарды қарсы алу, сыйлықтарды қабылдау, үстелге шақыру, дастарханда өзін-өзі ұстауы  

дастархан,ыдыстар,

қуыршақ


3

Бұл кімге керек?

әр түрлі заттарды көрсетіп, аттарын ататып, олардың еңбекте қолданылуы туралы түсіндіру, мамандықтармен таныстыру. 

Қайшы,тарақ, шприц,градусник,тарелка,

Кілт,бұрылғыш,



4

Қуыршақты серуенге киідіреміз


Жыл мезгіліне сай киімдердің атын атауға жаттықтыру

Ретімен киіндіруге үйрету


Қуыршақ,қуыршаққа арналған қысқы киімдер

5

Қуыршақты шомылдыру


Балаларды дұрыс жуына білуге дағдыландыру,киімдердің атын дұрыс атай білуге баулу, шешінгенде киімдерін дұрыс қоюға балаларды сумен, сабынды пайдалана білуге үйрету.

Қуыршақ ыдысқа құйылған жылы су, сабын, орамал, ақжайма т.б.

6

Қуыршаққа шай береміз



Шай ішетін ыдыстардың атын атауға жаттықтыру,дастархан басындағы ережемен таныстыру

Кесе,қасық,тарелка,қуыршақ,


7

Шаштараз қалай жұмыс істейді,қуыршаққа көрсетеміз


Шаштараз жұмысы туралы балаларға білім беру

Құрал-жабдықтарын атауға ұйрету




Тарақ,ойыншық фен,қайшы,


8

Біздің бойымызды қалай өлшеді?

Дене мүшелері туралы

білімдерін тиянақтау



Медбике бөлмесіне қалай барғаны туралы әнгімелету

бой өлшейтін , қуыршақ

9

Қуыршақпен ойынаймыз

Тәрбиешінің іс-әрекетін бақылауға ұйрету,үлгі бойынша ойнауға дағдыландыру

 

 құндақталған қуыршақ


10

Қуыршақты машинада жүргіземіз




Бірлесіп ойнауға ұйрету,жүргізуші рөлінде әрекет жасауға жаттықтыру

Машина,қуыршақ

11

Аспазшы


Балаларды тағамның түрлерімен таныстыру.Пісіру әдісін көрсету. Асты қадірлеуге үйрету.

Пеш,кастрюл,ал жабқыш,тағамнын түрлері


12

Құрылысшы

 Балаларды құрылысшының қызметімен таныстыру. Қаншама үйлер, мектеп, балабақшаны құрылысшылар салатынын түсіндіру. Ойын арқылы үйлерді қалай салатынын көрсету.

  Құрылыс материалдар

13

Шаштараз


Балаларды шаштараз ойынымен таныстыра отырып, шаштарын үнемі тарап әдемілеп жүруге үйрету. Шаш өрудің әр түрлі үлгісін көрсету. Әсемдікке, әдемілікке баулу.

Айна,қуыршақ,тарақ...

14

Қуыршақтарға ұй құрастыру


Қуыршақпен және құрылыс ойыншықтармен ойнауға қызығушылықтарын арттыру.2-3тен бірлесіп ойнауға ұйрету. 

Қуыршақ,құрылыс материалдар

15

Қуыршақты серуеннен шешіндіруге үйретеміз


Ретімен шешінуге көрсету,киімдерді бүктеуге,ілуге ұйрету,ұқыптылыққа тәрбиелеу

Қуыршақ- тон,құлақшын,етік киген


16

Көліктерге гараж құрастыру


 құрылыс материалдардын атын атауға жаттықтыру, қарапайым затты құрастыруға үйрету

Кубик,кірпіш-ойыншықтар,

машиналар



17

Қуыршақтың көйлектерін жуып,үтіктеу


Киім жууға арналған заттармен таныстырып,тазалыққа баулу





Кір жуатын

ыдыс,сабын,



Үтік,қыстырғыш,киім ілетін

Жіп,кір жуатын тақтайша,

қуыршақ

18

Ат мінгізу

Балаларды бабамыздан келе жатқан – «Атқа мінгізу» салт дәстүрімен
                                 таныстыру.

Тұлпар-аттың макеті

19

Жүргізуші

 балалардың жүргізушілік мамандығына, техникаға ынтасын арттыру. Сөздік қорын байыту.



Автобус макеті,орындықтар,рөл


20

Жұмысты таңдаймыз



балаларға адамдардың мамандықтарымен таныстыру, балаларға таныс емес мамандықтарды бақылату, кез келген мамандыққа адамдардың еңбекке деген қызығушылығын ояту

суреттер

21

Қуыршақтарға қонаққа.


Бірлесіп ойнауға ұйрету,ойынға деген қызығушылығын ояту


қуыршақтар


Қуыршақтарға арнап дастархан әзірлейік
 
Мақсаты: балаларды дастарханды дұрыс, мәдениетті әзірлеуді үйрету. Үстел жаюға арналған заттардың атын атату. Этика (әдеп) ережелерімен таныстыру: қонақтарды қарсы алу, сыйлықтарды қабылдау, үстелге шақыру, дастарханда өзін-өзі ұстауы. Балалардың адамгершілік тәрбиелерін қалыптастыру. Достық қарым-қатынастарын жетілдіру. 

Ойынның барысы: 


Тәрбиеші топқа әдемі киінген қуыршақпен кіреді. Балалар қуыршаққа қарап, оның киімдерін жеке-жеке атайды. Тәрбиеші балаларға қуыршақтың мерекелік дастарханын әзірлеуге көмектесуін ұсынады. (Қуыршақтың жиһаздары мен ыдыстары қолданылады.) 
Тәрбиеші балалармен бірге қызметтердің кезеңдерін орындайды (қол жуу, дастарханды үстелге жаю, үстелдің ортасына гүлі бар ваза қою, нан салатын ыдысты және сүлгі салатын ыдысты қою, шыны мен тарелкаларды дайындау, олардың қасына қасық, шанышқы, пышақты орналастыру). Содан кейін қонақтарды қарсы алу кезеңі орындалады. Балалар қуыршақтарды орындарына отырғызады. 
Ересек мектеп жасына дейінгі балалар дастархан әзірлеуді толық меңгеруі үшін кезекшілік кезіндегі суреттерді көрсетуге болады. Балалар суреттерді рет ретімен қоюы керек. Дастархан әзірлегенде ыдыстарды қоюдың реттілігін білуі керек. 



Қуыршақ не істегісі келеді?

Мақсаты:
балаларға кейбір еңбек түрлері туралы айтып, оларға керекті материалмен, құрал-жабдықтармен және оларды қандай жұмыстарда қолданылатынын таныстыру.

 
Ойынның барысы: 


Тәрбиеші балалармен Әсем атты қуыршақтың атынан сөйлеседі. 
- Әсем менен елеген, су құйылған шелек және сабын сұрады. 
Қуыршақтың атаған заттарын береді. 
- Қалай ойлайсыңдар, ол мына заттармен не істейді? 
- Жуады. 
- Дұрыс. Енді Әсем кастрюль, сүт, қант, тұз және бидай алды. Әсем не істегелі тұр?
- Қуыршақ тамақ істегелі тұр. 
- Тамақ қалай аталады? 
- Бидайдан көже. 
Бұл ойын түрінде басқа да еңбек әрекеттері және ойынға байланысты заттардың сәйкес болуы. Сәбилерге мына заттарды: үтік, қуыршақтың киімдерін үтіктейтін орын, шелек және суқұйғыш – ол гүлдерді суғаруға арналған. 
Бұл ойынды ересек топтарда өткізсе, тәрбиеші картинадағы заттардың суреттерін қолданып, немесе көрнекіліксіз де балаларға қиындатылған еңбек түрлерін тапқызады. Мысалы: пышақ, түрлі түсті қағаз, желім, сызғыш, қарындаш – кітапты жапсыру, қорапты жөндеу, атрибут. 
Ойын біраз қиындады: бір бала затты тақтаға салады, ал басқалары еңбек түрін анықтайды немесе барлық балалар бір уақытта түрлі түсті қағазға сурет салады, одан кейін бір – біріне суретті көрсету арқылы еңбек түрін анықтайды. 



Бұл кімге керек?

Мақсаты: балаларға заттарды бүктеу түрлерімен және олардың еңбекте қолданылуы туралы түсіндіру, мамандықтармен таныстыру. 


Ойынның барысы: 
Тәрбиеші балаларға әр түрлі заттарды айтады, аттарын ататып, сол туралы, қандай мақсатта қолданылатынын сұрайды. 
Мысалы: -Мынау ожау, ол аспазшыға тамақты араластыруға, көжені, компотты құюға керек. Ойын өтпес бұрын ересек жастағы балаларға әр түрлі суреттегі бейнелер мен заттарды таңдап алады. Мысалы: тістеуік, балға, кофе қайнатқыш, шаңсорғыш, штурвал, компьютер, микрофон, сантиметр өлшейтін, микроскоп, телескоп. Балалар картинаны алып, адамдардың мамандықтарын атап, бейнеленген заттарды өз еңбектерінде қолданады. 

Жұмысты таңдаймыз

Мақсаты: балаларға адамдардың мамандықтарымен таныстыру, балаларға таныс емес мамандықтарды бақылату, кез келген мамандыққа адамдардың еңбекке деген қызығушылығын ояту. 
Ойынның барысы: 
Тәрбиеші балалармен бірге дөңгелек жасап, тақпақ айтып жүреді: 
Бірге достықпен өсеміз, 
Жұмысты бірге таңдаймыз. 
Ғарышкер боламыз, 
Ракетаны ұшырамыз. 

Балалар ұшқан ракетаның дауысын салады, тәрбиешінің айтуымен. 
Капитан болып барамыз, 
Кемені жүргіземіз. 

Капитанның дүрбімен қалай қарайтынын көрсетеді. 
Тікұшақшы боламыз, 
Тікұшақты ұшырамыз. 

Шеңбер жасап, жүгіріп қолымызды басқа қоямыз. 


Ұшқыш болып барамыз, 
Ұшақпен ұшамыз. 

Комбайнмен барамыз, 
Комбайнды айдаймыз. 

Өрт сөндірушімен барамыз, 
Өрт сөндіруді бастаймыз. 



Неге (не үшін) оны істеу керек?


Мақсаты: еңбекке қажеттіні қалыптастыру, білімде еңбек жағдайларын кеңейту. 


Ойынның барысы: 


Тәрбиеші сәбилерге бейнелі заттарды көрсете отырып сұрайды. Балалар неге не үшін керек екенін білуі керек. 
- Не үшін тамақтандырады ... (құсты) 
- Не үшін жуады ... (тарелканы) 
- Тазалайды ... (кілемді) 
- Жуады ... (көйлекті) 
- Үтіктейді ... (жейдені) 
- Ауыстыру ... (төсек орынды) 
- Жуындыру ... (балаларды) 




Жүргізуші


Мақсаты:
балалардың жүргізушілік мамандығына, техникаға ынтасын арттыру. Сөздік қорын байыту.
К-ректі құралдар: машинаның сырт көрінісі (суретте автобустың алдыңғы жағынан көрініс), машинаның рулі, автобус билеті, жүргізушінің бас киімі, микрофон (аялдамаларды хабарлайтын құрал).
Ойын барысы.

Тәрбиеші балалаға қазіргі ойын автобустың жүргізушісі туралы екенін және оның атқаратын қызметімен таныстырады. Балаларға автобусқа отырарда артқы есігінен кіріп, шығарда алдыңғы есігінен түсу керектігін, оған мінген адам жол ақысын билет алу арқылы төлейтіні, оларды қолына қызыл шүберек байлаған тексеруші тексеретінін, әрбір аялдаманы жүргізуші микрофон арқылы дауыстап айтып отыратынын, әркім өзі қалаған жеріне жетіп түсіп қалатынын әңгімелеп түсіндіреді. Автобусқа мінушілердің билет алған-алмағанын тексеретін себебі: кейбіреулер билет алмай, тәртіп бұзатынын, ондайлар анықталса, айып төлететін тәріп барын, жол ақысын төлемеу ұят екенін балаларға жете ұғындыруға
тырысады. :
Өзім енді рульде,
Өзім мотор гүрілдеп.
Педальды көп басамын,
Қырат, қырдан асамын .

Қуыршақтарға қонаққа.

Мақсаты: Бірлесіп ойнауға ұйрету,ойынға деген қызығушылығын ояту

Ойын барысы:
Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8-10). Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге көрсетілген бағытта, жай ғана қуыршақтарға келеді де, олармен амандасады. Тәрбиеші қуыршақтарды алып, олармен билеуді ұсынады. Қуыршақтармен азғана секіріп ойнағаннан кейін балалар олардың орындарына отырғызады да үйлеріне оралады.
Ойын қайталанғанда балалар қонжықтарға, қояндарға (тәрбиеші оларда алдын-ала бөлменің басқа бір бөлігіне орналастырады) қонаққа бара алады. Бұл ойыншықтармен балалар үйіне қайтады да олармен қалағанынша ойнайды.


«Танысу» ойыны.

Мақсаты: Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым-қатынастың белсенді етілуін және кері байланыс , көмек алу тәсілдерін меңгеру.



  • Алдымен танысайық, біз оны былай жасаймыз: дөңгелене отырып, сағат тілі бойынша, кезек-кезек қолдарына доп тиеді. Бұл доп тиген бала өз есімдерін айтуы тиіс. Доп барлығына тиген соң қайта айналады. Сол кезде әрбір қатысушы есімін айтуы тиіс.


«Зерек бала» (3-4 жас) қимылды ойын.

«Танысу» ойыны №1

Топ дөңгелене отырып ,қатысушыларға доп беріледі. Допты бір-біріне кезектесіп беріп , есімдерін, топ аттарын айтады.

Тренинг «Көзбе-көз»

Мақсаты: Осы кезеңде топ қатысушылары терең әрі сенімді қатынас орнатулары үшін .

Күнделікті өмірді біз, адамдар қарым-қатынастың тек үстіңгі , терең емес жанасуларымен, қанағат етеміз, бір-бірімізді түсінуге тырыспаймыз! Қатысушыларға 3-5 минут аралығында бір-бірінің көздеріне қарап тұрып әрбірімен жанасу орнату үшін.

Талқылау кезіндегі қойылатын сұрақтар:

Осы жаттығу кезінде қандай сезімде болдыңыздар?

Көздік қатынас орнату , кімге қиынға түсті. Неліктен қиын болды?



«Танысу» №2

Қатысушылар шеңбер құрып отырды.

Нұсқау: Жұмысымызды таныстықпен бастаймыз. Өз есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын өзінің 3 қасиетін және өз есімін кезекпен айтады. Сонымен бірге өмірлік кредосын да айтады.

Тренинг «Жеміс-жидектер»

Тренинг мақсаты: Ұжымға , топқа келген бөтен адамға бейімделуіне көмектеседі.

Жеміс-жидектер аттарын айтып шығады. Алдында айтылып кеткен жеміс-жидек қайталанбауы керек. Барлығы өзіне жеміс-жидек таңдап, болғаннан кейін қатысушылардың ішінен өз еркімен бір адам ортаға шығады да, осы топтың ішіндегі жидектерді қайталап шығады. Егер қайталай алмаса , ойынға қатысушылар айыппұл төлеуін талап етеді. Егер қайталай алса, онда ол адамға қасиеттері көрсетіледі. Бұл жаттығудың бөлімінде есте сақтау қатысушылардың біреуі ойынды бастайды.



«Шындыққа бір қадам» ойыны №3

Балалар бір сапқа тұрады. Егер дұрыс болса бір қадам аттайды, дұрыс болмаса бір қадам артқа аттайды.



  • Сиырлар ұшады

  • Мысықтар мияулайды.

  • Қыста қар түседі.

  • Үлкенге орын береді.

  • Ата-аналарды алдау

  • Өтірікті досыңа жабу

  • Шындықты айту.

«Бип» ойыны №4

Ойынның мақсаты: жағымды эмоционалды орта жасау, алаңдаушылықты жою, топты біріктіру. Ойынның барысы балалар орындақтарда отырады. Жетекші жұмысы көзбен шеңбермен жүріп, кезекпен балалардың тізесіне отырып , кімнің алдында отырғанын табады. Егер де ал дұрыс таппаса «Бип» дейді.



«Сантики, Фантики,Лимпопо» ойыны.№5

Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да, бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білдіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «Сантики, Фантики, Лимпопо» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауысытарын естіп , бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізушіні есіктің сыртына шығарады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады.



«Көңіл-күй неге ұқсас» ойыны. №6

Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мерзіміне, ауа-райына, табиғаттың құбылысына ұқсас екенін айтып берді. Ойынды үлкендер бастаса жақсы болар еді. «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы , жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның саңында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздігі балалардың көңіл-күйі қандай екенін: қайғылы, көңілді, ызаланған, т.б. жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа-райы, суық , жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агресивті , қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.



«Есімдер» жаттығуы №7

Мақсаты: тренинг қатысушыларды бір-бірімен таныстыру, жағымды қарым-қатынасты туғызу .

Уақыты:5 мин

Нұсқау: Қатысушылар өз есімдерін айтады және өзін бейнелейтін 3 сын есім айтады.

Талдау :Сендерге жаттығу ұнады ма? Не қиынды келтірді? Не сезіндіңдер?

«Карусель» жаттығуы. №8

Мақсаты: Қарым-қатынасты дамытуға арналады.

Топ балалары 2-ге бөлінеді. 1-ші топ ішкі , 2-ші топ сыртқы топ болып бөлініп , екі шеңбер жасайды. Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ пен сыртқы топ бір-біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпе-кезек жетекші белгілі бір роль беру керек . Олардың тез арада сол рольді 2-3 минутта көрсету керек. Мысалы: сатушы-сатып алушы, мұғалім-оқушы, дәрігер-қаралушы, полиция-шофер, әке-бала, анасы-қызы. Бұл жаттығу әрбір адамның өзінің мінезін көңіл-күйін, қабілетін, өзгерте білу осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі. «Бүлінген телефон» ойыны. №9

Мақсаты: есте сақтауға арналған.

Бір сөзді мұғалім бір баланың құлағына сыбырлап сол пікірді қайталауды , солай жалғаса беріп барлық балаларға жеткізеді. Ең соңғы бала бүкіл сөзді естіп дауыстап айтады.

Мен әрқадайым шындықты айтамын.



«Көңіл-күйімізді жаттықтыру» ойыны. №10

Мақсаты: Шынайы бейнелеп көрсете білу арқылы көңіл-күймізді жаттықтыра алуға арналады. Жүргізуші: Бүгін мен сендерге актер болуға үйретемін. Мен сендерге нені көрсет десем соны бет әлпеттеріңмен бейнелейсіңдер



  1. Қабақтарыңды түйіп, ашулы адамның кейпін көрсетіңдер.

  2. Қатты қорқу қажет. Қасқырдан қорыққан қоян сияқты, ұядан түсіп қалған балапан сияқты, иттен қорыққан баланы бет-әлпеттеріңмен көрсету керек.

  3. Жылап тұрған адамды көрсету

  4. Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету.

«Ауызша волейбол» ойыны №11

Мақсаты: өзінде бар жақсы қасиеттерді бағалай білуге өзінің қасында жүрген адамдардың жақсы қасиеттерін білуге , бір-бірін терең түсінуге арналады.

Допты бір-біріне берген кезде балалар адамгершілік қасиеттер туралы айтулары керек.

Мысалы, шыншылдық, мейірімділік, адамдық, адамгершілік, әділдік, кішіпейілдік, батылдық, ұстамдылық,жанашырлық.



«Кім екенін тап» ойыны. №12

Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірін тануға көмектеседі.

Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей, өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамды ұнамсыз қасиеттерін айтады. Тәрбиеші барлығының мінезін парақтарға жазады. Балалар мінездеменің иесін табу қажет.

Бұл жаттығу өзгелерді дұрыс қабылдап, тану арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін білуге үйретеді.



«Шөлдеу» ойыны №13

Мақсаты: Достыққа , бір-біріне көмектесіп қана нәтижеге жетуге болатынына тәрбиелеу.

Балалардың қолдарына шынтақтан қозғалмайды. Балалар өздерін ыстық шөл даладамыз деп елестетеді, қатты шөлдеп жүреді.

Бір кезде тостағандардағы суларға кездеседі. Енді осы суды шашпай, шөлдерін қандыруға болатынына көз жеткізеді.

Мақсаты: Ұжымшылдыққа тәрбиелейді.

Екі бала қатар тұрады, біреуінің сол аяғын екіншісінің оң аяғына байлайды. Сөйтіп бір белгіленген жерге барады. Немесе, үш, төрт, т.б. балаларды бірге байлайды, сосын олар бірге жүруге тырысады. (бақаға ұқсап секіреді)



«Көпір» ойыны №14

Еденде бормен «көпір» (түзу) сызылады. Екі топ бір-біріне қарсы шыққан балалар «көпірден» құлап қалмай өтуі керек. Балалар бір-біріне көмектесіп, орындарын ауыстырып, бір-бірін өткізіп жіберулері керек.



Тренинг «Рөлдегі капитан» №15

Анықтамасы: «Кемеде жүземіз» деп айтылған кезде ойынға қатысушылар суда кеме боп жүзеді.

«Палуба» деп айтылса,екі адам,екі адамнан бір-бірін ұстап тұра қалады. «Борттан адам құлады» деген кезде үш адам үш адамнан бірігеді. «Түскі ас» деп айтылса,тағы үш адамнан ұстасады. «Қайық» делінсе , 5 адам қатарласып ұстасады.

1- Кемеде(жүземіз)

2- Палуба(2 адам)

3- Борттан адам құлады(3 адам)

4- Түскі ас(3 адам)

5- Қайық( 5 адам)



«Гүл» ойыны №16

Балалар әр жерге отырады. Жүргізуші:балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді. (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастайды, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады (қолдарын жан-жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды. Гүлдер тоңып, бүрісіп жабыла бастайды(қолдарын тізелерінің үстіне қойып, бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастайды. Сол уақытта гүлдер де, құлпырып жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады)


«Ұқсас суретті тап» ойыны №17

Тәрбиешінің алдында қос-қостан бірнеше суреттер болады. Олар: екі шырша , екі қайық, екі жапырақ т.с.с. Осы суреттердің бірнешеуін тақтаға іліп, осыған ұқсас геометриялық пішіндерді қораптан таңдап алып салыстырып, ұқсастығын,пішінін түр-түсін сипаттап әңгімелеп береді.

Әртүсті заттар.

Тәрбиеші балаларға белгілі бір түсті атайды. Балалар сол түске сәйкес заттың атын атап беруге тиісті. Шеңбердегі отырған балалар кезекпен жауап беріп отырады. Мысалы: қызыл алма, сары балапан.дид



Шапалақты тыңда. №21

Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар бір аяқпен , екі рет шапалақтағанда қолдарын екі жаққа созып , үш рет шапалақтағанда жүруін жалғастырады.

Қанша дыбыс естідіңдер?

Жүргізуші бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады. Ал, балалар естіген дыбыстарын саусақпен көрсетеді.



Логикалық есеп . №22

Балалар ауызша есепке жауап береді.



  1. Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетке қоюға болады?

  2. Үстел үстінде 4 алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды?

  3. Қоянға, түлкіге,аюға үш түрлі жалауша жасап берді. –қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да, көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?

Бөлмеде 2 орындық тұр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды қалай қоюға болады?

«Менің көңіл-күйім» ойыны №23

Суреттегі әр түрлі көңіл-күйдегі баланың бет-бейнесінің арасынан біреуін таңдап алу. Сол суретке сәйкес мысал келтіріп әңгімелеп беру керек.

Не істер едің?

Тәрбиеші балалармен ертегі мазмұны бойынша және күнделікті кездесетін әр түрлі жағдайлар туралы әңгімелеседі. Әңгіме барысында кездескен қиындықтар мен кездейсоқ жағдайлардан шығудың жолдарын өздері ойланып табады. Мысалы: Мақта қызға ағаш жапырақ бермесе не істер едің? Бауырсақты түлкі жеп қоймаса не істер едің?



Ине мен жіп. №24

Жүргізуші: Мен ине боламын,ал сендер жіпсіңдер.

Сендер менің артымнан бір-бірлеріңнен белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.

«Не үлкен?» ойыны. №25

Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды: орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды атайды. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды. Және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.



Сиқырлы қапшық. №26

Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина. Балалар қолымен заттарды сипап , бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.



«Мен жеңімпазбын» ойыны №27

Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек.



«Дайын бол» ойыны №28

Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді.

Мысалы: қоян-секіреді, құс-ұшады т.с.с

«Құлақ-мұрын» ойыны. №29

Балалар шеңбер бойымен тұрады. Тәрбиеші: құлақ деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Тәрбиеші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды.



«Өз орныңды тап» ойыны №30

Балалр қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.



Зейінді бол. №313

Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әртүрлі қимыл-қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты , мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып ,жеңімпаз жүргізуші болады.



Менің елім. №32

  1. Қай елде тұрасың?

  2. Қазақстанның қандай қалаларын білесің?

  3. Біздің қаламызда немесе ауылда қандай көшелер бар?

  4. Сен қай көшеде тұрасың?

  5. Ел, жер, Отан туралы қандай мақал-мәтел білесің?

«Кімнің киіміне тән өрнек» №33

Мақсаты: балалардың зейінін жетілдіру.

Ойын мазмұны: бала кез-келген ойыншының киімі жайлы әңгімелейді . өзгелері кімнің киімі туралы айтылғанын табады.

«Ғажайып дорба» (көкөністер) №34

Мақсаты: балалардың қолмен сипап сезу әрекеттерін дамыту, көкөністер жайлы білімін жетілдіру.

Ойын мазмұны: балалар кезекпен келіп қолын ғажайып дорбаға салып, сипап сезу арқылы көкөністі таңдайды. Қолын дорбадан шығармай тұрып, сол көкөкністің атын атайды және одан не жасауға болатынын әңгімелейді.

«Неге ұқсас» ойыны №35

Мақсаты: сенсорлық операцияларын , көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Ойын мазмұны: үстел үстінде бірнеше жемістер мен көкөністердің бейнесі қойылады. Бала олардың қасиетін атап, неге ұқсас екенін айтады.

«Нені көрсетсем, соны тап» №36

Мақсаты:балардың тіл байлығын жетілдіру, елестету қабілетін дамыту.



Ойын мазмұны: Бір баланың көзін байлап, алдыға шығарады, отырған балаларға көкөністі көрсетеді. Мысалы: сарымсақ, отырған балалар оған сөзбен сипаттама береді. Алдыға шыққан бала сипатталған затты атайды.

«Доп» ойыны №37


Ойын барысы:ойынға 4-5 бала қатысады.Балалар жарты дөңгелекке тұрады. Балаларға доп лақтырып бір жануарды атайды. Бала допты қағып ап сол жануардың дыбыстауын еске түсіру керек. Немесе допты лақтырып : «Ит қалай үреді көрсетші?» 



«Кім сені шақырды, тап»  №38
Мақсаты: басқа адамды дауысынан танып үйрету. 
Құрал: арнайы құрал керек емес. 
Ойын барысы: 3 адамнан кем адам қатыспайды. Біреуі ортаға турып көзін жұмады. Тәрбиеші көрсеткен бала, ортада турған баланы шақырады. Бала шақырған адамды дауысынан танып

табу қажет. Таныса шеңберге турады – шақырған бала ортаға турады.

«Бес санына шапалақта»  39
Мақсаты: Беске дейін санап және әрекетті тәрбиешінің ұсынысы бойынша орындап үйрету. 
Ойын барысы: ойында екеулеп және топпен ойнауға болады. Тәрбиеші балаға қарама –қарсы отырып айтады «қазір мен 5 дейін санаймын «бес» деген кезде сен бір рет шапалақтайсын» 


«Бұл не қылған дыбыс» 
Мақсаты: Баланы бір дыбысты бір дыбыстан және сөздің басындағы дыбысты ажыратып үйрету. 
Құрал: Бірдей дыбыстан басталатын суреттердің аттары. 
Ойын барысы: Ойынға 3-5 балаға қатысуға болады. Ойыншылар үстел басына отырады, тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп атайды. Балалар зейінді тыңдап сөздегі бірдей дыбыстарды танып білу қажет. Табылған дыбыс нақты айтылу қажет. Мысалы: ааапа, аана, ааайна, ааалма. 


«Тында да айт» 
Мақсаты: айналадағы заттардың дыбыстарын бір-бірінен ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту. 
Құрал: ағаш, металл қасықтар, доп, қағаз, кітап,суы бар стақан, қоңырау, кілттер. 
ІІ нұсқасы ретінде музыкалық аспаптарды пайдалануға болады. 
Ойын барысы: 
Жеке және топпен ойнауға болады. Ең алды балалар үстелдегі заттарды қарап алады. Сосын тәрбиешіге теріс қарап отырады, ал тәрбиеші заттардың ды

бысын шығарады, балалар дыбысты танып толық жауап береді : «Бұл қоңыраудың сыңғыры» т.с.с. 
ІІ-нұсқа. 
Заттардың орнына музыкалық аспаптар пайдаланады. Балалар аспапты дыбысынан таниды. 


«Зейінді тыңда» 
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін, есту өткірлігін дамыту. 
Ойын барысы: Ойын 4-5 баламен өткізіледі. Доңгеленіп отырады. Тәрбиеші жай дауыспен балалардан тапсырманың орындауын сұрайды, содан кейін осы тапсырманы орындайтын баланың атын сыбырлап айтады. Егер бала өз атын естімесе, басқа баланың атын айтады. 

«Шапалақта» 
Мақсаты: Фонематикалық қабілетін дамыту, әрекетті ересектің ауызша инструкциясы бойынша орындап үйрету. 
Ойын барысы: ойынды 1 баламен де, топпен де өткізуге болады. 
Тәрбиеші онға дейін санайтынын айтады, ал балалар «он» дегенді естігенде шапалақтау қажет. Тәрбиеші 1-2 рет дұрыс санап, сосын шатастырып санайды, ба-р тек қане «он» сөзіне шапалақтау қажет. Қателескен б-р ойыннан шығады. 


«Естігенде шапалақта» 
Мақсаты: Дыбыстардың арасынан берілген дыбысты ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту. 
Ойын барысы: Берілген дыбысты естігенде шапалақпен белгілеу. Тәрбиеші ең алды жеке дыбыстарды айтады, сосын буындардын арасынан берілген дыбысты белгілейді. 
ІІ –нұсқа 
Үйренгеннен кейін дыбыстарды сөздердін арасынан, сөзтіркестердің, сөйлемнің арасынан естіп шапалақпен білгілеу. 
«Бірінші дыбысты ата» 
Мақсаты: Сөздегі бірінші дауысты немесе дауыссыз дыбысты белгілеп үйрету, фонематикалық естуді дамыту. 
Ойын барысы: Тәрбиеші сөздерді айтады бірінші дыбысты дауыспен белгілеп айтады. Дауысты болса: созып, дауыссыз болса: нақты, күшпен айтылады. 
«Соңғы дыбысты тап» деген ойын дәл осылыай ойналады тек қана соңғы дыбысты белгілеп табады. 


«Ұйықтама, сөзді тез ата» 
Мақсаты: фонематикалық есту қабілетін дамыту, бастапқы дыбысты басқа дыбыстардан ажырата білуін және басқа сөздегі осы дыбыстармен сәйкестіруін дамыту. Баланың сөздік қорын молайту. 
Құралдар: бір дыбыстан басталатын суреттердің атаулары: 2-3 нұсқасы 
Ойын барысы: Бұл ойынды балалармен, олар бірінші дыбысты анықтап үйренгеннен кейін ойнауға болады. Cуретті көрсетіп қандай дыбыстан басталатынын сұрау. Сосын осы дыбыстан тағы басталатын сөздерді атаңдар. 


«Қайтала» 
Мақсаты: Есту зейінділігін , фонематикалық есту қабілетін дамыту. 
Құралдар: даңғыра, дауылпаз. 
Ойын барысы: Ойынды топпен де жеке де ойнауға болады. Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші аспаппен ритмді соғады. Балалардан қайталауын сұрайды, балалар шапалақпен қайталауы қажет. 

«Сөзді аяқтап көмектес» 
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, жетіспейтін дыбыстарды жалғастыру. 
Құралдар: Заттық суреттер 
Ойын барысы: Балалардың алдына бір-бірден суреттерді орналастырады, содан кейін сөздің соңғы дыбыстарын аяқтамай айтады. Бала суретке қарап сөзді аяқтау керек. Ойынды қиындатуға болады: сөзді суретсіз аяқтау, немесе берілген дыбыспен, буынмен аяқта. Қал-та, бал-та, мал-та, ба-та, қа-л, ма-л, ша-л, ба-л. 

«Дыбыс қайда тығылды» 
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, сөздегі дыбыстын орнын анықтау. 
Ойын барысы: Ойынның алдында балаларға сөздің басы, ортасы, соңы бар екендігін түсіндіру қажет. Сосын тәрбиеші сөздерді айтады, ал балалар берілген дыбыстын орнын анықтау керек. 
«Тізбек » 
Мақсаты: Сөздің бірінші және соңғы дыбысын ажыратып үйрету. 
Құралдар: Заттық суреттер 
Ойын барысы: Бірінші суретті орналастырады, содан кейін сонын соңғы дыбысына басталатын суретті қояды т.с.с жалғастырады. Ара- алма- автобус-сабын- нан 


«Суретті таңда» 
Мақсаты: Берілген сөзге суретті тауып көрсету. 
Құралдар: Берілген дыбыстан басталатын сөздері бар заттық суреттер, басқа дыбыстардан басталатын бір-неше суреттер.
Ойын барысы: Ойынның алдында заттық суреттерді үстелге орналастыру, балалар қарапалсын. Сосын тапсырма беріледі бір дыбысқа барлық суреттерді жинастыру. (қалта, ақша, аққала т.с. с) 
«Сөйлемді жалғастыр»

Балаға қарама-қарсы отырамын, балаға допты лақтырып, сөйлемнің басын айтамын. Допты тосып алған бала сөйлемді аяқтап, допты маған кері лақтыру қажет. Егер бала екі рет сөйлемді аяқтай алмаса, ойыннан шығады. Жылдам орындалуы қажет сөздердің нұсқауы:



  • Лимон ащы, ал қант...

  • Шөп жасыл, ал ...

  • Ағашты аралайды, ал шегені...

  • Құстар ұяда тұрады, ал адамдар ...

«Суретті тіз» 
Мақсаты: Сөздегі бірінші дыбысты анықтап үйрету. 
Құралдар: Әр-түрлі дыбыстан басталатын заттық суреттер, әр дыбысқа бір неше суреттер. 
Ойын барысы: Тәрбиеші баланың алдына суреттерді қояды да атайды, сосын оларды бірінші дыбысына қарай топтастыруын сұрайды. 
(С) – сабын, сүлгі, сурет, сиыр, сарымсақ 
(П) – пальто, піл, пияз, парақ, парта. Т.б 
«Дыбысты ата» 
Мақсаты: Сөздегі бірінші, соңғы дыбысты белгілеп үйрету. 
Құралдар: Барлығында бір дыбыс бар заттық суреттер 
Ойын барысы: Тәрбиеші суреттерді атап көрсетеді. Балалар тыңдап барлық сөздердегі дыбысты атайды. Және осы дыбысқа өзінің мысалдарын келтіріді.

«Кім жақсы тыңдайды?» 
Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту: балаларға сөздегі дыбыстарды естіп ажыратуға, сөйлемде керекті сөздерді дұрыс белгілеп үйрету. 
Ойын барысы: 
1 - нұсқа. 
Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, топқа қырынмен, тапсырма беріледі: «Мен сөздерді айтам, ал Мақсат тек ш дыбысын естігенде қолын көтереді, ал Жансая ж дыбысын естігенде» балаларға тапсырманы қайталату. Балалар дұрыс жауаптарды санайды, қате жауаптарды белгілейді. Педагог сөздерді шағын интервалмен атайды (барлығы 15 сөз: 5 – ш дыбысымен, 5 – ж дыбысымен, 5 –керекті дыбыстар жоқ). 
Сөздер: шапка, айна, жылқы, түлкі, шана,ожау, тышқан, қонжық, кітап, ешкі, жаңғақ, күшік,орындық, жұмыртқа, құлып. 
Қалғандары балалардың жауаптарын қадағалайды, қателерін дұрыстайды. Соңында ең зейінді баланы белгілейді. 

2 - нұсқа. 
Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, ш-ж дыбыстарына қолдарын көтереді, ал балалар осы дыбыстарға сөздер ойлап табады. Ойынның соңында жеңімпазды атайды. 


«Сөздер дауыстап және ақырын айтылады» 
Мақсаты: Дауыс аппаратын және сөйлеу тілінің есту қабілетін дамыту: сөздерді жылдамдығына дауыс жоғарылығына қарай естіп ажыратуға үйрету, әр жылдамдықпен дауыс жоғарылығымен айтып жаттықтыру. 
Ойын барысы: 
Балалар жаңылтпашты жаттайды (жаттықтырған дыбысына байланысты). Мысалы с-з дыбысына дифференциация жасағанда: 
Сыздық судан сүлік сүзді 
Сыздықтың сүлік салмасын үзді. 
Жаңылтпашты ең алды сыбырлап, сосын ақырын дауыспен, сосын қатты дауыспен айтуын ұсынады. 
Тағы да дауысты жаттықтыру үшін тақпақтарды, бұынұйқастарды, санамақтарды пайдалануға болады. 
«Қандай дыбыс барлық сөздерде бар?» 
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту және дыбыстық талдаудың элементтерін: сөзде берілген дыбысты белгілеу, бірінші және соңғы дыбысты анықтау. 
Ойын барысы: 
Тәрбиеші үш – төрт, барлығында бірдей дыбыс бар, сөздерді айтады: шана, ағаш, күшік, қолшатыр – сұрақ қойылады, барлық сөздерде қандай бірдей дыбыс бар? Балалар ш дыбысын айтады. 
Сосын басқа дыбыстарға сөздер беріледі: жаңғақ, ожау, тәж – ж; чемодан, чемпион – ч; асық, сағат, тас, сүлгі - с; аяз, қазық, зембіл – з; лалагүл, лақ, балық, қол – л; ара, арба, раушан, қар – р; 
Тәрбиеші дыбыстын дұрыс айтылуын қадағалайды. 
«Сөздегі соңғы дыбысты айт» 
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту. 
Көрнекі құрал: суреттер (автобус, жаз, қаз, тас, тіс, күз, мұз, тұз, бас ) 
Ойын барысы: 
Тәрбиеші суретті көрсетіп соңғы дыбысты атауын сұрайды. Барлық суреттерді атап өткесін, С дыбысына аяқталатын сөздерді бір жаққа, З дыбысына аяқталатын екінші жаққа бөлінеді. 

Тыныс алу жаттығуы: Жеті май шам
Мақсаты : релаксация.
- Денеңізді барынша бос ұстап, көзімізді жұмып ыңғайлы отырамыз. Сіздерге ыңғайлы және жайлы орын… Сіз терең ,бірқалыпты тыныс алудасыз.Көз алдыңызға елестетіңіз, сіздің алдыңызда ,бір метр қашықтықта жеті май шам орналасқан… Жәй , бірқалыпты терең тыныс шығарамыз. Ал енді сіз сол шамдардың бірін сөндіру керек .Ішімізгі терең тыныс алып шамды өшіруіміз керек. Май шам сөнді… Осылай барлық май шамды сөндіруіміз керек…»
Жәй әуен ырғағымен орындалады.


«Тура шын ойлану»

Балалар шеңберде тұрады. Тәрбиеші ойыншылардың біреуін ойын бастаушы етіп белгілейді. Ол шеңбердің ортасында тұрады. Балалар тәрбиешінің көрсетуі бойынша мына мәтін сөзін айтып, оңға немес солға жүреді.

Әдемі шеңберде

Билейік кең жерде

Қолдармен ұстасып

Бәріміз жұптасып

Бірігіп достасып

Бір орында ұстасып

Осылай етіп істейік

Мәтінді айтып бітер кезде балалар қол созым қашықтықта тұрады. Ойын бастаушы қандай да болмасын бір қимыл көрсетеді, шеңбер жасап тұрғандардың бәрі оны қайталайды. Содан соң тәрбиеші ойын бастаушыны ауыстырады.



.

«Ұқсастық шегі» ойыны

Шарты: балалар жұптасып отырады. А 4 қағаз беті және қалам қажет. Жанындағы жұбына қарап, ұқсастықты тауып, «Біздің ұқсастығымыз» деп жәй ғана тәрбиешіге айтып отырады. Тәрбиеші А4 параққа жазады. Ұқсастықты табу үшін 4 мин беріледі. Жаттығуды орындағаннан кейін, жұп бір-бірінің жазған ұқсастығын оқып, өз ойларын айтады.



«Пульс» ойыны

Дөңгеленіп отырамыз. Қатысушылар бір – бірінің қолынан ұстайды. Бір ойыншы ортаға шығады. Жүргізуші «басталды» деген белгі бергенде ойынщылар кезекпен қолдарын қысады. Ортадағы ойыншы пульстің қайда кетіп бара жатқанын табу қажет. Жүргізуші «тоқта» деген белгі береді.



«Қатып қалу»

Топтың бір мүшесі қозғалыссыз бір қалыпты қатып қалуы тиіс. «Реаниматордың» мақсаты оның рөлінде топ мүшелерінің бірі болады. «Тірілту» бұл адамды еріту болып табылады. Бұл үшін әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады. Мимика, көзқарас, сөздер және т.б ескертетін жайт «қатып қалған» адамға қол тигізбеуі тиіс. Сәтті жұмыстың белгілері – «қатып қалғанның» еріксіз күлкісі және т.б болады. Содан кейін ортаға басқа біреу шығып, қатып қалады да жаңа «реаниматор» оны тірілтеді.



«Суретті аяқта»

Балалар алдын ала даярланған плакатта немесе тақтада бір нүкте салынады. Оқушылар кезек-кезек шығып, сол нүктеден бастап бір сызықтан салады, соңында шыққан суретті бағалап, әркім өзі жүргізген сызық арқылы нені бейнелеуге тырысқанын және қандай сурет нәтижесінде шыққанын бағалайды.



«Көңіл күйді көрсету»

Ситуациялық көрініс (сахналау)

- Сыйлаған гүл шоғын қабылдау кезіндегі қуаныш.

- Жақын адамыңмен кездесу кезіндегі шаттық

- Достарыңмен қоштасу кезіндегі мұң

- Өз досыңның жетістігіне мақтаныш

- Өзіңнің жіберіп алған қателігіңе реніш.

«Менің көңіл – күйім қандай?» мұнда ортаға бір бала шығып, өз көңіл-күйін мимикамен, түрлі қимыл-қозғалыстар арқылы көрсетеді. Қалғандары оны тауып айтады.



«Өзі жайлы анықтама» тест

1. Ұнаған ыдыстың суретін сал. Ыдыс - көпшіл адам, ваза – жұртқа керекпін.

2. Қару – жарақ салу. Қылыш – ашық сайысқа шығатын адам, мылтық – жайлап жүретін адам, жарылғыш зат – қауіпті.

3. Әшекей. Моншақ – махаббаты жоғары, нәзік моншақ – махаббатта адал емес;

4. Өсімдік түрі – ағаш адамның тектілігі, гүл – әсемдік өз уақытында пайдалану.

«Мимикалық ситуация» ойыны

Балалар 3 топқа бөлінгеннен кейін олардың топ басшылары ортаға шығып карточканы таңдайды. Онда «Махаббат», «Бұзықтық», «Қызығушылық» тақырыптар берілген. Қалған екі команда олардың басты тақырыбын табады.



«Менің мінезім»

Балалар дөңгеленіп отырады. Тәрбиеші сұрақ қояды. Сол кезде баланың өзіне дәл келсе сол бала тез тұруы керек.



  • Кім ән айтады?

  • Кімнің бойы қысқа?

  • Кім ең үлкені?

  • Кім сурет салғанды ұнатады?

  • Кім сотқар?

  • Кімнің шашы ұзын?

«Аяқталмаған әңгіме»

Балалар әңгімені әр түрлі жағдаятқа салып, аяқтайды. «Көп қабатты үйдің тоғызыншы қабатында бір бала тұрды. Ол балконға шығып, кешкісін әкесі оқып қалдырып кеткен газетті тауып алады да оны ұсақтап жыртып, жерге тастай бастады. Ауада ұсақ қағаз қалықтап, біресе жылдам, біресе ақырын ұшып, гүл өсіретін алаңға, үй қасындағы жолға түсе бастады. Егер сен осы баланың

Әкесі болсаң:

Досы болсаң:

Аула сыпырушы болсаң:

Гүл алаңында ойнап жүрген мысық болсаң:

не айтар едің?»
«Артық сөзді тап» ойыны

Мұнда балаларға суреттер сериясы беріледі. Әрбір серия 4 суреттен тұрады, оның 3 суреті бір тектес және оларға тән ортақ қасиет бойынша біріктіріледі де 1 сурет алып тасталынады. Суреттер сериясы

1. әке, ана, дәрігер, апа

2. нан, сүт, ірімшік, қаймақ.


«Жақсы-жаман»

Балаларға жақсы – жаман қасиеттер бейнеленген суреттер үлестіріледі, оң жаққа жақсы қасиеттерді, ал сол жаққа жаман қасиеттерді жинайды. Соңына, сол жақтағы бейнелерді умаждап қоқысқа лақтырады.


«Шар» ойыны

Балалар бір – бірінің қолдарынан ұстап, - «Шар үрлен, үлкен болып үрлен, жарылма!»-деп хормен айтады да, қолдарын жібермеген бойда тар шеңберді мейлінше кеңейтіп ашады. «Шар жарылды!» деген сөзді айтқанда, балалар қолдарын жіберіп, жүрелеп отыра кетеді. Тәрбиеші шеңбер бойымен жүріп, шардың жарылған жерін «жамайды», содан кейін балалар орындарынан ақырындап тұрып ойынды ары қарай жалғастырады. (Балаларға жылы, мақтау сөздерді айтып отыруды ұмытпаңыз)


«Біреу - көп» ойыны

Тәрбиеші сиқырлы таяқшаның көмегімен балаларды араларға айналдырады. Балалар топтың ішінде араларға ұқсап, ызылдап ұшады, қолдарына қағаздан жасалған гүлді алып отырады.

- Балалар, алқапқа қанша ара ұшып келді? (Көп)

Тәрбиеші немесе балалардың біреуі жалғыз ара болып ұшады.

- Енді қанша ара ұшты? (Біреу)

- Балалар, алқапта қанша гүл бар? (Көп)

- Ал ара қанша? (Біреу)

«Көп», «Біреу» деген сөздерді айтқанда ерекше дауыс ырғағымен айту керек.

- Ара гүлден гүлге қонып, гүлден шырын жинайды.

Осы шырынын үйіне омартаға алып келіп балға айналдырады.


«Аралар» ойыны

Тәрбиеші балаларға ойыншық аюдың бетпердесін көрсетеді де, төмендегідей ойын ойнауға шақырады.

- Мен сендердің аналарың боламын, яғни ана-арамын, ал сендер – балаларым болыңдар. Санамақ айтып, аюды таңдайық! Бір, екі, үш, аю ортаға шық!

Ортаға шыққан балаға аюдың бетпердесін кигізіп, шетке қарай тұрғызады.

«Аралар ұшады» - балалар қолдарын жайып, ызыңдап, топта әрі-бері жүгіреді.

Аралар сөзі:

Омарта біздің үйіміз,

Аю, үйден, шығыңыз!

Ыз-ыз-ыз!

Балалар қолдарын жайып әрі – бері жүгіреді, аюды үйлерінен қуалайды. Аю араларды ұстауға тырысады. Егер ұстай алмаса апанына ұйықтауға кетеді.


«Бізде кім жақсы?» ойыны

Психолог балалармен шеңбер бойымен жүріп отырып, «Бізде кім жақсы?» деп әр баланың атын айтып, қайталайды. Психолог шеңберде тұрған бір баланы көрсетеді, ал балалар педагог көрсеткен баланың атын айтады.

«Иә біздің Інжу жақсы қыз, біздің Інжу әдемі қыз!». Шеңбердегі балалар аталып біткенше ойын осылай жалғаса береді. Бұл ойынды ойнап болған соң, бір – бірімен «Сау бол» немесе орыс тілінде «До свиданья» деп қоштасады.


«Қиынды суреттер» ойыны

Мақсаты: бірнеше бөліктерден тұтас бейне құрастыруды үйрету. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Көбелектің, араның, құмырсқаның суреттері 2,3,4 бөлікке қиылған. Балалар қиындылардан жәндіктердің суретін құрастырады.
«Ұзын-қысқа» ойыны

Педагог шөптің суретіне қарауды ұсынады, олардың сабақтарының ұзын және қысқа болатынын түсіндіреді. Ұзындықтары әртүрлі жолақшаны көрсетіп сұрайды.

- Қайсысы ұзын, қайсысы қысқа?

- Қайдан білдіңдер? Салыстырып көрейік.


«Тоқ-тоқ-тоқ» ойыны

Педагог ағаш балғаны алып, оңың қалай тарсылдайтынын мұқият тыңдауларын ұсынады. Балалар балғаның тарсылдауын шапалақтап көрсетеді. «Тоқ-тоқ-тоқ». Содан кейін балалар кезектесіп балғаны тарсылдатады.

Педагог балғамен үстелді және басқа да заттарды тарсылдатады. Ал балалар әртүрлі дыбыстарды айтып қайталайды: «тоқ-тоқ-тоқ», «тық-тық-тық».

Балалар балғамен жәй және жылдам тырсылдатып көрсетеді.


«Бұл кім?» ойыны

Балалар бір-бірімен пәтердің есігін: тоқ-тоқ-тоқ!-деп қағады.

Пәтердің иесі: «Бұл кім?»-деп сұрайды.

Келген қонақ: «Мен Шеген Диас», «Мен Төлеген Гүлназ», - деп танысады.

Пәтердің иесі: «Шиқ» - деп есік ашылғандай дыбыс шығарады да: «Кіріңіз!» - деп қонақты үйіне кіргізеді. Ойынды 4-5 рет қайталауға болады. (Әр ойында балаларды ауыстырып отыру керек)

«Көлеңке» ойыны

Көлбең-көлбең көлеңкем, көлбеңдеген көлеңкем.

Аю қалай жүреді, кім көрсете біледі?

Көлбең-көлбең көлеңкем, көлбеңдеген көлеңкем.

Қоян қалай секіреді, кім көрсете біледі?

Көлбең-көлбең көлеңкем, көлбеңдеген көлеңкем.

Түлкі қалай жүреді, кім көрсете біледі?

Қымбат сен шық көрсет!


«Ойын - тапсырма»

Балалардың алдындағы үстелге әртүрлі ойыншықтар: қуыршақ, аңдар, ыдыс-аяқ, кубик және т.б. жатыр.

Педагог әр балаға тарсырма береді.

-Қонжыққа қызыл шыныаяқпен шай бер. Сен не істедің? (Қонжыққа қызыл шыныаяқпен шай бердім).

-Қуыршаққа дәмді құлпынай бер. Сен не істедің?

(Қуыршаққа құлпынай бердім).

-Қуыршақты кішкентай кубиктің үстіне отырғыз.

-Мысықты үлкен кубикке отырғыз.

-Машинаны үстелдің астына қой.

Егер балалар тапсырманы дұрыс орындамаса,қонжық оларға ренжіп ақырады.



«Жоғары - төмен» ойыны

Балалар кірпіштерден басқыш құрастырады. Үстелге үш кірпіш, оған екі кірпіш, содан бір кірпіш қояды. Жұмыс соңында осы басқышпен қонжықты жүргізеді.

Жоғары, жоғары, жоғары. Басқыштың жоғары сатысында қонжық тұр. Төмен, төмен, төмен. Қонжық төмендегі сатыда тұр. Бірнеше бала кезекпен қонжыққа басқышпен жоғары шығып, төмен түсуге көмектеседі. Сөздерін барлық балалар бірге қайталап айтып отырады.

«Шешуін тап» ойыны

Балалар шеңбер бойымен, ал тәрбиеші ортада доп ұстап тұрады. Ол көрсеткен заттардың неге ұқсайтынын табуды ұсынады.

Тәрбиеші алдымен жасыл дөңгелекті көрсетіп, оны ортаға қояды. Содан кейін дөңгелектің неге ұқсайтынын ойланып жауап беруін сұрайды. Тәрбиеші допты кімге лақтырса, сол бала жауап береді. Допты ұстаған бала дөңгелектің неге ұқсайтынын айтады. Мысалы: алмаға, тәрелкеге, допқа... Ары қарай педагог үлкен көк дөңгелекті көрсетеді. Балалар өз қиялдарында: дөңгелекке, әуе шарына т.с.с ұқсататындарын айтады.

«Биік - аласа» ойыны

Тәрбиеші балаларға түрлі түсті суреттерді көрсетеді. Олардан суретке қарап, сөйлемді мағынасына қарай аяқтауларын сұрайды.

- Ағаш биік, ал шөп аласа.

- Анасының бойы биік, ал қызының бойы...

- Көп қабатты үй биік, ал бір қабатты үй...

- Шкаф биік, ал тумба...

- Үстел биік, ал орындық...

«Не жоқ тауып көр» ойыны

Тақтаға алма, алмұрт, өрік, шие, жүзім және т.б жемістердің суреттерін іліп қойып, балаларға оларды мұқият қарап алып, содан кейін көздерін тарс жұмуларын сұрайды. Осы кезде педагог тақтадағы суреттердің біреуін дереу алып тастайды. Балалар көздерін ашып қандай жемістің жоғын атауы тиіс. Дұрыс тапқан балаға жұлдызша беріледі.


«Қызыл түске не ұқсайды?» ойыны

Үстелдің шетіне түрлі түсті заттар қояды. Педагог балаларға қуыршақтың қонаққа баратынын айтады. Ол өзінің қызыл бантигіне ұқсас зат таңдап алуына көмектесуді сұрайды. Балалар бір-бірден үстелге жақындап заттың атын, түсін атайды.

Қуыршақ дұрыс жауапқа қуанады, ал бала оның сөмкесіне затты салады, егер де дұрыс жауап бермесе қуыршақ басын шайқайды

«Ғажайып дорба» ойыны

Педагог дорбаның ішіне әртүрлі ойыншықтарды (тегіс, бұжыр, жұмсақ, қатты) салады. Балалар дорбаға қолдарын салып, кез-келген ойыншықты (заттарды) қасына алады, бірақ ойыншыққа қарамауы керек. Оның қандай ойыншық екенін атайды, егер атын таба алмаса қасиеттерін сипаттайды. Мысалы: қатты немесе жұмсақ, тегіс немесе бұжыр, үлкен немесе кішкентай және олардың аттарын және түстерін ажыратып айтады.



«Қай ойыншық көп» ойыны

Педагог балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсетіп: «Бізде қандай ойыншықтар көп?» - деп сұрайды.

Балалар: «бізде кубиктер көп»-деп жауап береді. Педагог балалардың сөйлемдерді дұрыс құрастырып, жүйелеп сөйлеуіне, зат есімнің көпше түрінің жалғауын, артикуляциясын дұрыс айтуына көмектеседі.

«Үлкен-кіші ойыны »

Педагог үстелдің үстіне түрлі көлемдегі ойншықтар қояды: үлкен,кіші. Содан кейін балаларға ойыншықтардың атын және көлемін хормен айтуды ұсынады. Мысалы : «Мына қуыршақ үлкен, ал мына қуыршақ кіші » ,«Мына машина үлкен, ал мына машина кіші» тсс.



«Суреттегіні тап» ойыны

Педагог үстелдің үстінде тұрған бір ойыншықты суреттейді. Балалар қандай ойыншық жайлы айтылғанын табады.

Мысалы:«Мына ойыншық үлкен,оның қызыл туфлиі,сары бантигі,қызыл бұршақ көйлегі...» бұл ойыншықты орауға, тербетуге ұйықтатуға, бесік арбамен сүйретуге болады.

«Ойыншықтар дүкені» ойыны

Педагог үстелдің үстінедегі ойыншықтарды қуыршақ ,жұмсақ ойыншықтар, құрлыс материалдары, пирамидалары,машиналарменмен толықтырады.Педагогтың өзі сатушы рөліне енеді.Ал балалар сатып алушының ролінде болады.Олар дүкенге келіп, амандасып ойыншық алуға келгенін айтады.Ойыншықтың атын атамай,оның сайлайды.Ойынды әрі қарай жалғастыруға болады,



«Шкафта не жасырылған?» ойыны

Педагог балалармен бірге үш- төрт шкафты кезектесіп ашып көреді де, жасырынған заттарды аттайды.

-Бұл шкафта малақай, қалпақ, пальто жасырылған. Ал,басқа шкафта пальто, қолғап жасырынып қалыпты.

–Бұл заттарды бір сөзбен не деп атаймыз? (киімдер) –Кимдер не үшін керек? –Киімдерді қайда сатады? Қыста (жазда) киетін киімдерді не деп атаймыз?



« Қайсысы ұзын» ойыны

Балалар шеңбер бойымен тұрады.Педагог ортада тұрып қолындағы допты кез-келген балаға лақтырады да:

Етік ұзын, ал бәтеіңке...-деп сұрайды.

Допты алған бала

–Қысқа - деп жауап береді. -Фудболканың жеңі қысқа ,ал жейденің... -Көйлек ұзын ,ал белдемше ... -Пальто ұзын, ал күртеше...

«Лента » ойыны

Балалар жарты шеңбермен орындықтарда отырады.Олардың алдындағы үстелде жазылған ленталар жатыр. Педагог оларға «Кім лентаны тез орайды ?» ойынын ойнатады.Белгі берілгеннен кейін лентаны орайды.Алғашқы әрекеттен кейін балалар жеңіске жету жолдарын түсне бастайды, ойын қайтадан басталғанда олар қысқа лентаны алуға тырысады .Неліктен олар қысқа лентаны таңдап алғаны жайлы сұрап, балалардың жауап баруін ұсыады. Егер ұзын лентаны алса, онда ұзағырақ орайды, ал егер де қысқа лента болса, онда тез орайды.Балалармен білге лентаның үстіне лентаны беттестіріп қойып ұзындығын өлшеуге болады.



«Түсіне қарай ажырат ?» ойыны

Педагог балаларға «қызыл түсті киімді тап!» -деп нұсқау береді.Балалар бір-бірінің үстіне қарап,қызыл түсті киімге қолдарын тигізуі керек. Педагог басқа түстерді атап, ойынды жалғастыра береді.



«Сыңарын тап» ойыны

Әр баланың қолғабында геометирялық пішіндер (дөңгелек,шаршы,үшбұрыш) желімделген. Педагогтың үстелінде сондай пішіндер жапсырылған.Қолғаптар бар. Ол балаларға қолғаптың сыңарын табуды ұсынады.



«Бәтеңке бауын байлау» ойыны

Педагог балаларға тесіктері бар қатырма қағаз және бауларды үлестіріп,тесіктерге бауды өткізу тәсілін көрсетеді. –Аяқ киімді де киімдер сияқты тігеді.Аяқ киімді тігетін және оны жөндейтін адамды етікші деп атайды.



«Аузымызға не түсті,тісімізге не тиді?» ойыны

Педагог үстелге жемістер мен көкөністерді қойып,кесектеп турап балаларды жанына шақырып,көздерін жұмғызып,аузын ашуды сұрайды. Педагог баладан «Аузымызға не түсті,тісімізге не тиді?» -деп сұрап,шанышқымен жемістер мен көкөністерді аузына салады.Бала аузына салынған заттың не екенін тауып айтады.



«Заттарды сипатта» ойыны

Балаларға ыдыстарды көрсетіп,оларды сипаттауды ұсынады. –Мынау шәйнек.Ол темірден жасалған.шәйнектіңқақпағы бар,тұтқасы,шүмегі барбұл шәйнкепен шай демдеуге болады.

-Мынау шыныаяқ.оның түсі ақ,көк гүлі бар,тұтқасы бар.Онымен шай,кофе,сүт ішеді.

Балалар хормен және жекелейсөздерді қайталап,содан кейн оларға табақты көрсетіп,оны өз бетінше сипаттап айтып беруді ұсынады.



«Ақшақар» ойыны

Педагог балаларды шеңберге жинап алдын ала дайындалған(мақтадан)балалардың қолына береді. Олар «әртүрлі» ақшақарды бір-біріне беріп,ойнап көреді. -Өте жеңіл ақшақар

-Суық ақшақар

-Ауыр ақшақар.



«Сөйлемді аяқта» ойыны Педагог балаларға жабайы аңдардың бейнесі бейнеленген картиналарды көрсетіп, сөздерді аяқтап, қайталауды ұсынады: «Аю үлкен, ал қоян.......(кішкентай), қасқыр ашулы, ал қоян......(мейірімді), кірпі тікенекті, ал түлкі.......(мамықтай)» т.с.с

Қанша дыбыс естісең, сонша рет шапалақта»

Мақсаты: есту арқылы қимыл жасауға үйрету.

Ойын барысы: құс қанша рет дыбыстаса. сонша рет қолдарын шапалақтауға ұсынады. Мысалы: торғай: «шыр-шыр» - деп дыбыстайды, балалар екі рет қолдарын шапалақтайды. Қарға: «қарқ-қарқ-қарқ» - деп дыбыстайды, балалар үш рет қолдарын шапалақтайды. Көгершін: «гу» - деп дыбыстайды, балалар бір рет қолдарын шапалақтайды.


«Үйін тап» ойыны

Педагог балаларға қарап орманның және өзен-көлдердің суреттерін үлестіреді де жануарлар, құстар, балықтар, үй жануарларының суреттерін алдарына қояды. Балалар қайсысының қайда мекендейтінін табады.



«Маймылға көмектес» ойыны

Педагог маймыл балаларына ойыншық сатып алғанын хабарлайды және оларды орауға балалардың көмектесуін сұрайды. Ол ойыншықтарды (қолтырауын, керік, піл) және әртүрлі көлемдегі, пішіндегі қорапты көрсетеді. Балалар ойыншықтарға сәйкес қораптарды тауып, салады. Маймыл балаларға алғысын білдіріп, оларға апельсин мен бананды сыйлайды.



«Менің не көріп тұрғанымды тап?» ойыны

Педагог бөлмедегі дөңгелек пішінді затты көздерімен таңдап, балаларға айтады.

- Менің не көріп тұрғанымды табыңдар, ол – дөңгелек (және оның қосымша белгілерімен қосады) бірінші тапқан бала педагогпен бірге бастаушы болады.

«Дұрыс-бұрыс» ойыны

Балалар дұрыс жауапқа қолдарын шапалақтайды.

- Көшеден өткенде солға, оңға қараймын.

- Көшенің ортасында доп ойнаймын.

- Көшенің ортасында ойнаймын.

- Келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп шығуға болмайды.

- Жол ережесін сақтаймын.

- Жасыл көз жанғанда (бағдаршам да) жүремін.



«Ізде, табасың» ойыны

Ойынға уақыты бейнеленген картиналарды пайдаланады. Балалар картиналардағы таңертең, күндіз, кеш және түн суреттеріне қарап, оларды бірінен кейін бірін қояды. «Таңертеңнен кейін не болады? Ал содан кейін?» - деген көмекші сұрақтар қоя отырып, балалардың тапсырманы дұрыс орындауына көмектеседі.



«Жағымды сөздер» ойыны

Мақсаты: өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту. Балалар шеңбер бойымен отырады.Тәрбиеші жағымды сөздер айта отырып, кез-келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтып допты лақтырады. Доп балалардың бәрінде болып шыққанға дейін ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа, ең жақсысы бір сөзден тұрса болады.



«Молекулалар және атомдар»

Мақсаты: өзінің және айналасындағы адамдардың психологиялық мінездемесін анықтау. Барысы: «Біз атомбыз» деңдер. Олар мынадай кейіпте көрінеді: тәрбиеші қолын иығына қойып көрсетеді. Тәрбиеші қандай да бір санды айтқанша атомдар бөлме ішінде қозғалып жүреді. Қандай сан аталса, сонша атом молекулаға бірігеді. «Атомдар» иықтармен түйісіп, шеңберде бір-біріне қарап тұрады. Біріккен кезде бір ойыншы молекуладан тысқары қалатындай сан айтылмау керек. Ойын соңында ойыншылар санына тең сан айтылады.



«Қарауыл» ойыны

Ойыншылардың саны тақ болу керек. Бәрі «бір-екіге» санап шығады. Екінші номерлер орындыққа отырады, біріншілер орындықтың артында тұрады. Жұпсыз қалған ойыншы бос орындықтың артында тұрады. Оның міндеті, сөйлемей, ыммен, отырғандардың біреуін өзіне шақырады. Орындықтың артындағы ойыншы «алдында» отырған ойыншының орнын ауыстырғысы келетінін біліп қойған мезетте оның иығына қолын қойып, жібермеуі керек. Артқы ойыншы қолын үнемі отырған ойыншының иығының үстінде ұстап тұрмауы керек.



«Ол кім, көрсет?»

Мақсаты: әр түрлі мамандық туралы нақтырақ білу. Тақтаға балаларға ұнайтын мамандықтардың 10-12 суреттері қойылады. Тәрбиеші ол мамандықтардың әр біреуін көрсетіп, былай дейді: «Ол кім, көрсет?». Барлығы сол мамандыққа лайық ойыншыны көрсетеді.



«Менің ішкі жағдайым» ойыны

Мақсаты: үнсіз білім алу. Өзара сенімділікке, топтық ынтымақтастық сезімге, өз түйсігімізге зейін қою. Ойыншылар бір-бірлерінің есімін атай отырып, доп лақтырады. Допты алған ойыншы өзінің ішкі жағдайын бейнелейтін кейіпті көрсетеді, ал қалғандары сол кейіпті жаңғырта отыра, сол адамның жағдайын түсінуге, сезінуге тырысады. Сұрақ «Біздің әрқайсысымыздың жағдайымыз қалай деп ойлайсыз?» Әрқайсысына қатысты бірнеше жорамал айтылған соң, кейіпті бейнелеген адамға ішкі жағдайын айту сұралады.



«Жауырындағы сурет» ойыны

Тәрбиеші мамандықтың суреті салынған карточканы бір ойыншының арқасына түйреп қояды. Қалғандары сол мамандықты бейнелеп көрсетеді. Карточка түйрелген ойыншы өзінің арқасында не жазылғанын табу керек.



«Асқар айтты» ойыны

Мақсаты: мақсатқа жету жолындағы кедергілерді жеңіл дағдыларын жаттықтыру. Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады. Тәрбиеші нұсқау береді: Біз әртүрлі қозғалыстар, әрекеттер орындаймыз. Мынадай шартты сақтаймыз: Мен «Асқар айтты» деген сөз тіркесінен басталатын әрекет туралы айтқанда ғана сол әрекет орындалады. Егер мен «Асқар айтты, оң қолдарыңды көтеріңдер» десем, онда сіз бұл әрекетті орындайсыз. Егер мен былай десем: «қолдарыңды көтеріңдер» немесе: «Мен сіздерден қолдарыңызды көтеруді сұраймын» десем, онда бұл әрекеттерді жасамайсыздар.



«Бүлінген телефон» ойыны

Мақсаты: есту қабілетін дамытуға арналған. Бір сөзді мұғалім бір баланың құлағына сыбырлап сол пікірді қайталайды, солай жалғаса беріп барлық балаларға жеткізеді. Ең соңғы бала пікір сөзді естіртіп, дауыстап айтады.



«Кім екенін тап» ойыны

Мақсаты: топ мүшелерінің бір-бірін тануына көмектеседі. Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей, өз өзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазу. Бұл мінездеме жазылған беттерді жетекші жинап, араластырады да арасынан біреуін алып дауыстап оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін табады.



«Суреттерді аяқтайық» ойыны

Мақсаты: балалардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істей білуін дамыту. Алдын ала тақтада мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады. Балалардың көздері шарфпен байланады да, олар кезек кезекпен шығып, бірі денесін, бірі басын салса, бірі аяғын салады, осыдайша жалғаса береді.

Соңынан қорытындылау үшін сұрақтар қойылады: 1. Суретті аяқтау қиын болды ма? 2. Осындай жаттығуды бұрын соңды орындап көрдіңдер ме? 3. Жаттығу сендерге ұнады ма? 4. Сендер қалай ойлайсыңдар, бұл жаттығудың тиімділігі бар ма?

«Түрлі түсті доптар» ойыны Мақсаты: балалардың есту арқылы есте сақтау деңгейлерін дамыту. Балаларға мынадай нұсқау беріледі: қазір сендер алдарыңдағы бланкіге бірнеше доп саласыңдар, ол үшін мені мұқият тыңдап алыңдар. Мынадай нұсқау беріледі: қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп сал, қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал, ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал.

«Орын ауыстыру» Мақсаты: сенімділік, ашықтық деңгейін, эмоционалдық еркіндікті , топта бірауыздылық орнатуға жағдай жасау. Шеңбердің ортасында тұрған (алғашында ол адам психолог тұрады) ортақ белгілері бар адамдарға орындарын ауыстыру ұсынысын жасайды. Ортақ белгіні атайды. Мысалы психолог: «Араларыңыздан әпкелері барлар орындарыңызды ауыстырып отырыңыздар»,-деп айтады, -сол кезде кімнің әпкесі бар солар орындарын ауыстыруы қажет. Осы сәтте шеңбердің ортасында орынсыз қалып қойған адам ойынды жалғастырады.

«90 градус» ойыны Мақсаты: топты біріктіру, көңіл-күйді көтеру, қолайсыздықты, сенімсіздікті төмендету. Қатысушылар жүздері бір жаққа ауған күйде, бір қатарға тұрады. Жаттықтырушы: «Мен санамақ жүргіземін, сол сәтте сіздер 90 градус бұрылыс жасап секірулеріңіз керек. Бұл тапсырманы бір-бірімізбен сөйлеспей, үнсіз күйде жүзеге асырамыз. Басты тапсырма- барлығымыз жүзімізді бір жаққа аударуымыз қажет және мүмкіндігінше жылдамырақ жасауға тырысуымыз керек.

«Сәлемдесу» ойыны

Балалар жартылай шеңбер құрады. Нұсқаулық: «Қазір топтың әр мүшесі кезекпен ортаға шығып, топқа қарап бірін-бірі қайталамай топпен кез-келген тәсілмен сәлемдеседі. Ал біз әрбір сәлемдесуді қайталаймыз». Жаттығу аяқталғаннан кейін топқа «Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?», «Сәлемдесудің қайсысы сіздің есіңізде қалды, және неліктен?» деген сұрақтар қоюға болады.



«Менің бетім» Мақсаты: өз сезіміңізді ойлануға көмектесу және оны басқалармен талқылауға үйрену. Нұсқау: қазір мен сіздерге адам бейнесі салынған қағаздар таратамын. Суретті нұсқаудағыдай аяқта. Ал енді не шыққаны жайлы әңгімелесейік. Талдау: мұндай кезіңіз қашан болды? Бет әлпеті жоқ адамдар бейнесін төмендегі сезімдерге қарап суретін салыңыз. Бақыттымын; қайғылымын; Ашулымын; қорқудамын;

«Адасқан сандар» ойыны Шарты: Сандар үйінде түрлі-түсті сандар, геометриялық фигуралар орналасқан. Сол сандарды балалардың әрқайсысына бөліп беру қажет, Әр бала алған соң санды атап, қандай түспен боялғанын айтып, оны өз орнына қоюы тиіс.

«Топтан-топқа және керісінше» Мақсаты: топ ынтымақтастығын қалыптастыру. Топ қандай да бір белгі бойынша жұпқа бөлінеді. Жүргізуші алдын ала бірнеше қарама-қарсы әуендерді таңдап қояды. Жүргізуші: қазір музыкамен жұптық би билейсіздер. Музыка тоқтағанша билейсіздер. Үзілістен соң жұптар «төрттікке» бірігеді және би жалғасады. 8-ден, 16-дан бірігуге болады. Сонан соң, осы сияқты үзілістен соң кері ретпен 16-ға, 8-ге, 4-ке, ақырында жұпқа бөлінеміз.

«Гитара» ойыны Мақсаты: топ мүшелерінің одан әрі бір-бірін танып білуі. Барлығы шеңбер бойымен отырады. Тәрбиеші алау маңындағы жағдайды еске түсіреді. Қарым-қатынас құралы ретінде гитара алынады. Әркім өз армандағанына жауап беретіндей әнді орындайды. Сөйтіп гитара шеңбер бойымен бір ойыншыдан келесі ойыншыға беріліп отырады. Нұсқа: гитара орнына бұтақты пайдалануға болады. Әркім өзі туралы бір нәрселерді әңгімелеп береді.

Мақсаты: көңіл-күйді көтеру. Тәрбиеші: қазір біз рөлдік билерді билейміз. Яғни мен сіздерге образды ұсынамын, сол образды көрсете отырып, билеп көрейік. Мұқият болыңыздар. Сонымен, біз «роботтар биін билейміз».



«Қолмен билеу» ойыны Мақсаты: ойынға қатысушылар арасында жағымды сезім туғызу. Қатысушы жұптар бір-біріне қарсы тұрып, бірінің алақанына екіншісі алақанын қойып тұрады. Бөлме ішінде бірге қозғала жүріп, бір-бірінің қозғалысына икемделе қарым-қатынас жасауға ұмтылады. Балалардың көздері жұмулы да, ашық та жүруі мүмкін.

«Ортақ әңгіме» ойыны Мақсаты: топ мүшелерінің логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Бәрі шеңбер бойымен отырады. Біреуі қандай да бір тақырыпта әңгіме бастайды (мысалы ертегі), бірақ тек бірінші сөйлемін ғана айтады.Жанында отырған қатысушы екінші сөйлемін, оның жанында отырған үшінші сөйлемін және т.с.с. шеңбер бойымен орындалады.

«Шеңбер бойымен ырғақты беру» ойыны Мақсаты: Топ бірлігін нығайту. Топтың барлық мүшелері бір ойыншының келтірген ырғағын сол қалпында, шеңбер бойымен кезектесе отырып шапалақтау арқылы қайталайды. Нұсқа: әркім өзінің алдына орындық қояды да бір ырғақты тықылдатады. Жанында отырған адам сол ырғақты қайталайды және оған өзінің ырғағын қосады.Ұмытып қалғандар мен дұрыс қайталамағандар ойыннан шығады.

«Дыбыстық жаттығу» ойыны Мақсаты: дыбыстық гимнастикамен таныстыру, рух пен дененің тынығуы. Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрын, жүргізуші жаттығу ережесін түсіндіреді:өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз, тік тұрамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дыбысты шығарғанда дыбысты қатты әрі қуатты етіп шығарамыз. Келесі дыбыстарды «әндетіп» айтамыз: А-барлық ағзаға жайлы әсер береді; Е-қалқанша безге әсер етеді; И- миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді; О- жүрекке, өкпеге әсер етеді; У- асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді; Я- барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді; М- барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді; Х- ағзаның тазаруына көмектеседі; ХА- көңіл-күйді көтеруге көмектеседі.

«Жалғастыр» ойыны Мақсаты: психологиялық және дене қатынасынан, күштенуден арылту, топты ұйымдастыру. Ақ қағазды алып, өзіңізге ұнаған түсті қарындашты таңдаңыз. Мен қалай белгі берем, сурет салуды бастайсыз. Тағы белгі бергенде тоқтатып, қағазды сол жақ көршіңізге бересіз, ол жалғастырады. Әрі қарай белгі бойынша жүре береді. Айналып қайта маған келеді. Мүмкін біреу суретке бірдеңе қосқысы келетін шығар, өзгеріс ендіре ме?

«Достық торы» тренингі Мақсаты: топ мүшелерін біріктіру, топта жағымды ахуал құру, жұмыс белсенділігін арттыру. Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші тоқыма жіпті бір саусағымен іліп алып өзі қалаған қатысушыға жылы лебізін білдіріп лақтырады. Жаттығу осылай жалғасады, барлық қатысушылар қамтылуы керек. Соңында «достық торы» пайда болады.

«Кескінді есте сақтау» ойыны Сіздерге 12 сурет беріледі. Ендігі міндеттеріңіз 20 сек. ішінде осы суреттерді есте сақтауларыңыз қажет. 20 сек. соң суреттерді алып тастаймын. Сіздер сол суреттерді рет-ретімен есте сақтағаныңыздай қою керек.

Слайд №1 Қажетті құралдар Слайд №2 Жануарлар Слайд №3 Спорттың түрлері



«Ине мен жіп» ойыны Жүргізуші: Мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер. Сендер менің артымнан бір-бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.

«Жыл мезгілдері» ойыны Ойынға қатысушылар рет-ретімен жыл мезгілдерін айтып шығады. Топ топ болып қатысушылар жыл мезгілдеріне бөлінеді. Әр топтан бір жүргізуші сайланады, жүргізуші бір би қимылдарын жасайды, қалғандары жүргізушінің би қимылдарын қайталайды. Содан кейін жүргізуші ең соңында барып тұрады, ал қалғандары қимылдарды жасай береді. Солай әр жүргізушінің орнында болып қимыл көрсете береді.

«Гүл сыйлау» ойыны Ең алдымен жүргізуші бастайды. Гүлді алып, «Мен сізге гүлді сыйлаймын» себебі сіз......... қайырымды адамсыз. Әр қатысушы гүлді алып, жалғастыра отырып, жақсы әсер қалдыратын бір-бір қасиеттерін айтып шығуы керек.

«Мен саған сенемін» ойыны Екі-екіден жұпқа бөлініңіздер. Бір-біріңізге қарама-қарсы отырыңыздар. Шамалы уақыт бір-біріңіздің көздеріңізге қарап, үндемей отырыңыз. Күнделікті жасап жүрген істеріңіз емес, бұл өте қиын бірақ сіздер бір-біріңізді танисыздар. Енді рет-ретіңізбен мынадай сөздерді аяқтайсыздар. Мысалы: мен сенімдімін, сіз алдағы уақытта өз ісіңіздің шебері болады деп. «Мен сенемін маған көмектеседі деп», «Мен сенемін сіз ешқашанда мен туралы жаман ештеңе айтпайсыз деп» т.б. Бір-бірлеріңізге бір-бірден жылы сөз айтып шығасыздар.

«Түрлі-түсті карточкалар» -Егер де сізді бір айдың ішінде қуантқан нәрселер көбірек болса, жасыл карточканы алып «Жұмыста соңғы кезде мені қуантқан....» деген сөйлемді аяқтау керек, ал егер де ренжіген сәттеріңіз басым болса «балабақшада соңғы кездері мені ренжіткен....» қызыл карточканы алып осы сөйлемді аяқтау керек.

«Ақыл-ойдағы қысымды түсіруге арналған жатығулар» Жаттығуды орындықта отырып орындау керек. Иықты тік ұстап, өзімізді бос ұстау үшін көзімізді жұму керек. –Қолымызды көтеріп, самайымызға апарамыз. Самайдағы нүктені табамыз. Оны басқанда ауырғанын сеземіз.

–Сұқ саусақпен сол нүктеге массаж жасаймыз. 20 рет алдыға қарай, 20 рет артқа қарай айналдырамыз. Тағы да қайталаймыз. –Жаттығуды аяқтау үшін, самайдағы нүктені ақырын ғана басып, 3 рет терең тыныс аламыз.



«Дыбыстық гимнастика» Дыбыстық гимнастика вибрациялы массаж ретінде әсер етеді. Мұнда тыныс алу бұлшық еттері мен диафрагма жаттығады. Әр түрлі дыбыстар әр түрлі вибрация тудырады және біздің санамызға әсер етеді.

«А» -дыбысы кеудемізде діріл тудырып, ағзадағы дыбыстық гамманы әрекетке келтіреді. Барлық жасушаларды жұмысқа ынталандырады. «Н»- дыбысы бас миында вибрация тудырады, оның оң жақ бөлігін белсендіріп, ми ауруларын емдейді, интуицияны жақсартып, шығармашылық қабілеттілікті дамытады. «В»- дыбысы жүйке жүйесін ретке келтіреді. «Е»- адамды сырттан келетін жағымсыз энергиядан қорғайды. «Р»- дыбысы стресс, қорқыныш азайтады, тұтығудан емдейді.



«Ат қою» Мақсаты: вербалды агрессиядан арылту, балаларға қолданбалы түрде өз ашу ызаларын шығара білуге көмектесу. Балаларға келесі сөзді айтыңыз: «Балалар, мына допты бір-біріміздің қолымызға шеңбер бойымен бере отырып, бір-бірімізді ренжітпейтіндей сөздермен атайық (балалар шарт бойынша қандай сөздермен атайтындарын алдын-ала келіседі. Ол жеміс-жидектер, жиһаздар, т. б. болуы мүмкін). Әрбір қаратпа сөз былай басталуы керек: «Ал сен, ..... сәбізсің!». Бұл ойын, сондықтан бір-біріңе ренжудің қажеті жоқ екенін естеріңде ұстаңдар. Қорытынды айналымда міндетті түрде өз көршіңе жағымды сөз айту шарт, мысалы: «Ал сен, ..... күнімсің!» Ойын тек игрессивті балаларға ғана емес, сондай-ақ тез ренжитін балалар үшін де пайдалы. Бұл бар болғаны ойын және бір-біріне ренжуге болмайтынын ескерте отырып, ойынды жылдам қарқынмен өткізу керек.

«Екі қошқар» ойыны Мақсаты: вербалды агрессиядан арылту, балаларға өз ашу-ызаларын жариялы түрде шығара білуге мүмкіндік беру, шамадан тыс эмоционалдық және бұлшық еттердің шиеленісінен арылту, баланың энергиясын қажетті арнаға бағыттау. Тәрбиеші балаларды жұп-жұпқа бөліп, оларға мына әңгімені оқиды: «Таңертең екі қошқар бір-бірімен көпір үстінде кездесіп қалады. Олар бір-біріне жол бергілері келмейді». Ойынға қатысушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрады да аяқтарының арасын ашып, алақандары және маңдайларын бір-біріне тіреп итереді. Ойынның тапсырмасы-балалар орындарынан қозғалмастан бір-біріне мейлінше ұзағырақ қарсылық көрсету. «Бе-е-е-е» дауысын дыбыстап шығаруға да болады. Ескере кететін жағдай, бұл ойында «қауіпсіздік ережесін» сақтаған жөн.

«Мейірімді жануар» ойыны Мақсаты: балалар ұжымының біртұтастығын, ұйымшылдығын дамыту, балаларға басқалардың сезімін түсінуді, көмек көрсетуді және ренішіне ортақтаса білуді үйрету. Жүргізуші баяу әрі бірқалыпты үнмен: «Қане балалар, барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер бойына тұрайық. Біз-үлкен әрі мейірімді жануармыз. Қане, ол қалай тыныс алады екен, тыңдайықшы! Ал енді бәріміз бірге тыныс алайық! Демімізді ішке сорғанда- бір қадам алға аттаймыз, ал демімізді шығарғанда бір қадам артқа шегінеміз. Енді демалғанда- екі қадам алға, дем шығарғанда- екі қадам артқа. Жануар тек тыныс алып қана қоймайды, сонымен бірге оның мейірімді үлкен жүрегі де бірқалыпты соғады. Соққы- бір қадам алға, соққы- бір қадам артқа. Біз осы жануардың тыныс алуы мен жүрек соғысын өзімізге аламыз.

«Тух-тиби-тух» ойыны Мақсаты: жағымсыз көңіл-күйден арылту, күш қуаты қалпына келтіру. Жүргізуші: «Балалар мен сендерге құпия түрде ерекше сөз айтамын. Бұл сиқырлы сөз жаман көңіл-күйге, реніш пен мұңаюға қарсы айтылатын сөз. Ол шынында да әсер етуі үшін міндетті түрде келесі шартты орындау қажет. Қазір сендер бөлме ішінде ары-бері ешкіммен сөйлеспей жүресіңдер. Сөйлегілерің келген кезде бір қатысушының алдына қарсы тоқтап, оның көздеріне тура қарап, «Тух-тиби-тух» сөзін ашуланып үш рет айтасыңдар. Одан кейін бөлме ішінде сөйлемей жүруді жалғастырамыз. Біраз уақыттан кейін тағы біреудің алдына тоқтап ашуланған түрде көзіне тура қарап сиқырлы сөзді үш рет қайталаймыз». Бұл ойында балалар «тух-тиби-тух» сөзін қанша ызалы түрде айтсада, біраз уақыттан кейін олардың күлмеске амалдары қалмайды.

«Ойыншықты сұра» вербалды нұсқа Мақсаты: балаларды қарым қатынастың эффектілік әдісімен оқыту. Топ жұпқа бөлінеді, жұптың сыңары қолына бір затты алады: мысалы: ойыншық, дәптер, қарындаш, т.б. Ал екінші қатысушы осы затты сұрауы қажет. 1-қатысушының нұсқауы: «Сен қолыңа өте қажет затты ұстап тұрсың, бірақ та ол зат сенің серігіңе де қажет. Ол сенен осы затты сұрайды. Ал сен ойыншықты өзіңе қалдыруға тырыс және ол ойыншықты шынымен өзің бергің келсе ғана беретін бол». 2- қатысушының нұсқауы: «Ол саған ойыншықты беретіндей етіп, керекті сөздерді айтып сұрайға тырысып көр». Одан кейін 1 және 2 қатысушы орындарын ауыстырады.

«Ойыншықты сұра» вербалды емес нұсқа Мақсаты: балаларды қарым қатынастың эффектілік әдісімен оқыту. Жаттығу алдыңғыға ұқсас, бірақ тек вербалды емес қарым-қатынас түрлерін қолдану (ым-ишара, ара қашықтық, қимыл-қозғалыс, т.б) арқылы орындалады. Жаттығудың екі нұсқасын джа орындап болғаннан кейін талқылауға болады. Балалр кезекпен өз ойларын айтып, алған әсерлерімен бөлісіп және «Ойыншықты қай кезде сұрау жеңіл болды?», «сен қай кезде ойыншықты шынымен де бергің келді?», «Қандай сөздерді айту керек болды?». Бұл ойынды бірнеше рет қайталауға болады, ол әсіресе құрдастарымен жиі жанжалдасатын балалр үшін пайдалы. Сондай –ақ олар жаттығуды орындау барысында эффектілі қарым-қатынастардың әдістерін меңгереді.

«Айдаһар» ойыны Мақсаты: балалармен қарым-қатынас жасауда қиындықты сезінетін баланың сенімділігін арттырып және өзін ұжымның бір бөлігі ретінде толық сезінуге көмек беру. Ойынға қатысушылар қолдарын алдыға созып бір-бірінің иықтарынан ұстаған күйде бір сызықтың бойына тұрады. Бірінші қатысушы-«айдаһардың басы», ал соңында тұрған бала- «айдаһардың құйрығы» болады. «Бас» тізбектің соңында тұрған «құйрықты» ұстап алуы керек, бұл жағдайда айдаһардың «денесі» үзіліп қалмауы шарт. Егер «бас» айдаһардың «құйрығын» ұстап алса, онда ол бала «құйрық» болады. Осындай тәртіппен әрбәр балал екі ролде ойнағанша ойын жалғаса береді.

«Кім екенін тап» ойыны Мақсаты: топ мүшелерінің бір-бірін тануға көмектеседі. Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей, өз-өзіні психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін айтады. Тәрбиеші барлығының мінезін парақтарға жазады. Балалар мінездеменің иесін табуы қажет. Бұл жаттығу өзгелерді дұрыс қабылдап, тану арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін білуге үйретеді.

«Аяқталмаған әңгіме» Балалар әңгімені әртүрлі жағдаятқа салып аяқтайды. «Көп қабатты үйдің тоғызыншы қабатында бір бала тұрды. Ол балконға шығып, кешкісін әкесі оқып қалдырып кеткен газетті тауып алады да оны ұсақтап жыртып, жерге тастай бастады. Ауада ұсақ қағаз қалықтап, біресе жылдам біресе ақырын ұшып, гүл өсіретін алаңға, үй қасындағы жолға түсе бастады. Егер сен осы баланың Әкесі болсаң:

Досы болсаң: Аула сыпырушы болсаң: Гүл алаңында ойнап жүрген мысық болсаң: Не айтар едің?



«Менің көңіл-күйім» ойыны Суреттегі әр түрлі көңіл-күйдегі баланың бет-бейнесінің арасынан біреуін таңдап алу, сол суретке сәйкес мысал келтіріп, әңгімелеп беру керек.

Не істер едің? Тәрбиеші балалармен ертегі мазмұны бойынша және күнделікті кездесетін әр түрлі жағдайлар туралы әңгімелеседі. Әңгіме барысында кездескен қиындықтар мен кездейсоқ жағдайлардан шығудың жолдарын өздері ойланып табады. Мысалы: Мақта қызға ағаш жапырақ бермесе не істер едің? Бауырсақты түлкі жеп қоймаса не істер едің?



«Тыңда да айт» ойыны Мақсаты: айналадағы заттардың дыбыстарын бір-бірінен ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту. Құрал: ағаш, металл қасықтар, доп, қағаз, кітап, суы бар стакан, қоңырау, кілттер. Ойын барысы: жеке және топпен ойнауға болады. Ең алдымен балалар үстелдегі заттарды қарап алады, ал тәрбиеші заттардың дыбысын шығарады, балалар дыбысты танып толық жауап береді: «Бұл қоңыраудың сыңғыры» т.с.с.

«Түрлі-түсті карточкалар» -Егер де сізді бір айдың ішінде қуантқан нәрселер көбірек болса, жасыл карточканы алып «Жұмыста соңғы кезде мені қуантқан....» деген сөйлемді аяқтау керек, ал егер де ренжіген сәттеріңіз басым болса «балабақшада соңғы кездері мені ренжіткен....» қызыл карточканы алып осы сөйлемді аяқтау керек.

Дидактикалық ойындар



Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар

Мақсаты: Балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету.

Көрнекілік: Ою-өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы,

геометриялық пішіндер.

Барысы: Балалар геометриялық /ұшбұрыш, шаршы, дөңгелек және с.с./ пайдаланып,

мұғалімнің тапсырмасына үндеместен жауап беруі тиіс.

Тәрбиеші тапсырма береді, балалар оны орындайды.:

а/дөңгелектерден біреуін артық етіп, ұшбұрыштарды қойыңдар /үш дөңгелек салынған

сандық карточканы көрсетеді/;

б/мұндағы дөңгелектерден біреуін кем етіп, шаршыларды қойыңдар /бес дөңгелек

салынған сандық карточканы көрсетеді/;

в/дәл осындай пішінді көрсетіңдер /дөңгелекті көрсетеді/және осыларға сәйкес

тапсырмаларды көрсетіндер.

Ойын соңында қорытынды шығарылады. Қатені аз жіберген қатар ұтып шығады.Ойынның

барысында балалардың зейіні, қол қимылының жылдамдығы, дәлдігі қалыптаса

бастайды және санауды, біреуі артық немесе кем санды тауып, оны атауды

үйренеді.

«Дәл осындай пішінді тап»


Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді

атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық

пішіндер.

Ойынның мазмұны: алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де

сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай

келетін кілтті алып, құлыпты ашады.


«Үйдің есігін жабайық»

Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке

заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері.

Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату.

Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.

 

 



«Вагондарға дөңгелек таңдау»

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге

жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық

пішіндер.

Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің

ішінен табады.
«Үй құрылысының ретін көрсет»

Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін

процесстерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің

үлгісі.

Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі



жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді

құрастыруды ұсыну.


«Бет орамалға лайық жамауларды табу»

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; логикалық

ойлау қабілеттерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет орамалдардың үлгісі,

әртүрлі пішіндер.

Мазмұны: Балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып беру. Алдарындағы

пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну.

« Жұбын тап»

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін

бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері.

Мазмұны: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі

ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін жұбын табуды ұсыну.

Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.

 

«Әдемі кілемшелер»



Ойынның мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін

процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ойынның құрал-жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер.

Ойынның мазмұны: Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне

қойып, құрақ құрайды.

«Таныс пішіндер доминосы»

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың

ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: пішіндер бейнеленген суреттер.

Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті

үстелдің ортасына қояды, қалған балалар сурет сәйкес өзінің суретін қояды,

суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді.

«Гараждар»

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; ойлау

қабілеттерін дамыту; жағымды көңіл-күйлерін қамтамасыз ету.

Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша суреті бар рульдер, дәл сондай

суреті бар гараждар.

Ойынның мазмұны: Балалар жүргізуші болады. Қолдарына суреті бар рульдерді

таратып беру. Белгі бойынша балалар көліктерін жүргізіп ойнайды. «Көліктеріңді

гараждарыңа апарып қойыңдар» - деген кезде, рульдегі суретіне ұқсас суреті бар

гараждың жанына барып тұра қалады.

«Өз үйіңді тап»

Ойынның мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның

ережесін сақтауға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: түрлі-түсті дөңгелектер.

Ойынның мазмұны: Балаларға түрлі-тісті дөңгелектер тарату, түсін атау. Үйлерін

көрсету. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлерге

тұра қалады.

 

 

 



«Зейінді бол»

Мақсаты: Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете

білу.

Көрнекілік: Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер /5–сурет/.



Барысы: Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші /екінші, үшінші, төртінші,

бесінші, алтыншы/ суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды: Суреттен

қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар?

Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады.

«Мынау қай пішін?»

Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.

Көрнекілік: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі.

Барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына

геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын

атайды.


«Кім зейінді?»

Мақсаты: Белгілі геометриялық пішіндерден әртүрлі нәрселер құрастыру.

Көрнекілік: Сіріңке қорабында таратпа геометриялық пішіндер.

Барысы: Тәрбиеші төмендегі бейнелерді геометриялық пішіндерден алып бейнелер

құрайды. Жылдам болған бала мадақталады.

«Қандай пішін шықты?»

Мақсаты: Таяқшалардан таныс геометриялық пішіндер құрастыра білу.

Көрнекілік: Әрбір балаға 10 данадан санағыш таяқшалары

Барысы: Тәрбиеші балаларға үш таяқша алып, олардан пішін құрастыруды ұсынады.

Қандай пішін шықты? Енді төрт таяқша алып, пішін құрастыру ұсынылады.

Қандай пішін шықты? Тәрбиеші тағы да бір таяқша алып, оны шаршының,

төртбұрыштың үстіне қоюды ұсынады. Қандай пішін шықты?

«Біркелкі пішіндерді сана»

Мақсаты: Пішіндерді танып, топтастыра білуге үйрету. Ойлау қабілетін, қол

қимылын жаттықтыру.

Көрнекілік: Геометриялық пішіндер суреттері бар, таратпа суреттер. (15 дана)

Барысы: Әр балаға пішіндер суреттері бар, суреттер таратылып беріледі.

Суреттерден біркелкі пішіндерді санап атау.

«Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр»

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді танып, атай білуге үйрету. Бос торларды сәйкес

пішіндермен толтырту.

Көрнекілік: Әр балаға жеткілікті таратпа суреттер.

Барысы: Балаларға суреттер таратылып беріледі. Суреттердегі бос торларды сәйкес

пішіндермен толтыр.

«Қандай пішін жетіспейді?»

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін

тапқызу.

Көрнекілік: Геометриялық пішіндер. (Қораптан алу)

Барысы: Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді жұмыңдар

деп, бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін жетіспейтінін табады.

«Пішіндерді боя»

Мақсаты: 1.Түстерді тани білуге үйрету.

2.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілік: Геометриялық пішіндер

Барысы: Балаларды ұйымдастырып, оларға ақ бет қағаздағы пішіндердің суреттері

таратылып беріледі. Бұл суреттегі пішіндер боялмаған. Тәрбиеші балаларға

тақтаға боялған пішіндерді ұсынады. Балалардың міндеті сол тақтадағы түстеріне

қарап алдарындағы пішіндерді сондай түспен бояйды. Мұндай ойын балалардың

түсінулерін және шапшаңдықтарын шыңдайды.

Өлшемдер туралы дидактикалық ойындар

«Сиқырлы суреттер»

Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау

процесстерін дамыту.

Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.

Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды.

Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.

 

 

 



 

«Сиқырлы қапшық»

Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға,

топтастыруға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп,

пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады.

«Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта»

Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.

Ойынның құрал-жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар.

Ойынның мазмұны: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау.

Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған

«көзіңді жұм да, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықта» деген тапсырма береді.

«Зейінді бол»

Ойынның мақсаты: Биік және аласа ұғымдарын бекіту; логикалық ойлауын дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: биік және аласа заттар бейнеленген суреттер немесе

ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: Балаларға биік және аласа заттардың суреттерін немесе

ойыншықтарын қарастыруды ұсынады. Әр суретте не бейнеленгенін анықтау. Биік

затты көрсеткенде балалар орындарынан тұрады, аласа затты көрсеткенде бастарын

төмен түсіреді.

«Ұзын-қысқа»

Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы

орындауға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар.

Ойынның мазмұны: Балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау.

Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас

жолақшаны табуға тапсырма беру.

 

 

 



 

«Шамдар»


Мақсаты: қасиеттері бойынша заттарды топтастыруға, түстерді, өлшемдерді

ажыратуға жаттықтыру; зейіндерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша әртүрлі шамдар

Ойынның мазмұны: Балаларға шамдарды таратып беру, шамдардың түсін, өлшемін

анықтауды ұсыну. Балалар тәрбиешінің шамын өздерінің шамдарымен салыстырады.

Белгі бойынша тәрбиешінің шамына ұқсас шамдары бар балалар ортаға жүгіріп

шығады.

«Қолымда не бар?



Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке , үлкен-кіші, оң-сол жайлы білімдерін

бекіту. Түйсіну сезімдерін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: ұсақ тастар, жаңғақтар.

Ойынның мазмұны: Баланың қолына үлкендігі әртүрлі заттарды ұстату. Мысалы,

үлкен және кіші тастар. Бала қолына қарамастан, сипап-сезу арқылы үлкен-кіші

заттың оң және сол қолында екенін анықтайды. Қалған балалар оның жауабынын

дұрыстығын тексереді. Жуан-жіңішке, ұзын-қысқа өлшемдері бойынша жұмыс осылайша

жүргізіледі.

«Қуыршақ қонаққа дайындалуда»

Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, ұзындығы бірдей деген өлшемдерді

салыстыруға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: ұзындығы, жуандығы, түсі әртүрлі ленталар.

Ойынның мазмұны: Қуыршақ қонаққа барады, киімін киюге, шашына бантик таңдауға

көмектесуді ұсыну. Көп бантиктердің арасынан ұзындығы бірдей екі бантикті табу

керек. Әдемі бантиктермен қуыршақтың шашын әсемдеу.

«Тапсырманы орында»

Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол

қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді.

 

 

«Қай қолымда көп»



Ойынның мақсаты: аз және көп заттарды ажиратуға, салыстыруға жаттықтыру; ойлау

қабілеттерін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: әртүрлі ұсақ заттар–моншақтар, түймелер

Ойынның мазмұны: ортаға бір баланы шақырып, оң және сол қолына көп және аз

заттарды ұстатады. Бала алдымен көз мөлшерімен қай қолда зат көп, қай қолында

аз зат бар екенін анықтайы. Одан кейін заттарды қатарымен қойып, қай қатарда

көп, қай қатарда аз зат тұрғанын салыстырады.

«Сипаттамасы бойынша тап»

Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа ұғымдарын бекіту.

Ойынның құрал-жабдықтары: жануарлардың, құстардың ойыншығы.

Ойынның мазмұны: балалар аю, түлкі, қасқыр, қоянның ойыншықтарын қарастырады.

Әр ойыншықты анықтап атын атайды. Ойнаушылардың біреуі бөлмеден шығып кетеді,

басқа ойнаушылар ойыншық туралы жұмбақ құрастырады. Жұмбақ құрастырғаннан кейін

жұмбақты шешетін баланы шақырады.

«Көп және біреу»

Ойынның мақсаты: көп және біреу қатынастарын білуге үйрету; заттардың тең, тең

емес топтарын салыстыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: көп және бір зат бейнеленген суреттер.

Ойынның мазмұны: балалар берілген суреттерді қарастырады. Көп зат және бір зат

бейнеленген суреттерді бөліп, екі жаққа қояды.

«Түрлі-түсті жолақтар»

Ойынның мақсаты: түстерді атауға, салыстыруға жаттықтыру; берілген тапсырманы

орындауға ынталандыру; достық қарым-қатынастарын тәрбиелеу.

Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға желімделген әртүрлі жолақшалар.

Ойынның мазмұны: балаларға жолақшаларды көрсету, түстерін атау. Берілген

жолақшаның түсі бойынша үстелдің үстіндегі дәл осындай жолақшаны табу.

 

 

«Ұзын және қысқа»



Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы

орындауға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар.

Ойынның мазмұны: балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау.

Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны

табуға тапсырма беру.

Кеңістіктер туралы дидактикалық ойындар

«Кеңістік»

Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін,

қабылдау, зейін процесстерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер.

Мазмұны: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді

таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты

аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай

жалғаса береді.

«Жоғарыда-төменде»

Ойынның мақсаты: жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықты, зейін, қиялды

дамыту.


Ойынның құрал-жабдықтары: құстардың, жануарлардың суреттері.

Ойынның мазмұны: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын

анықтап үлкен суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық

төменде су ішінде жүзеді.

«Оң және сол»

Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол

қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді.

 

 



 

 

 



«Суреттерді орналастыр»

Ойынның мақсаты: заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы

орындауға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: тор көз салынған қағаз беттері, әртүрлі суреттер.

Ойынның мазмұны: Балалар берілген суреттерді әр бағанмен жолға олардың бірі

ғана келетіндей етіп, шаршы тор көздерге орналастырады.

«Танып ал да, атын ата»

Ойынның мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік

қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер.

Ойынның мазмұны: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан

шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және

сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады.

«Тәулік бөліктері »

Ойынның мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін

атауға, ажыратуға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер

Ойынның мазмұны: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін

айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды.

«Сипаттамасы бойынша тап»

Мақсаты: Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.

Көрнекілік: Топтағы жануарлар бейнелейтін ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі т.с.с 5-6 ойыншықтар қояды.

Әрбір ойыншықтарды анықтап қарап, атын қайталайды. Балалардың біреуін бөлмеден

шығарып, ойыншықтар туралы жұмбақтар құрастырады, м: «Ұзын құлақ, қыли көз,

қысқа құйрық-бұл қай аң? Жұмбақтарды құрастырып болған соң, баланы шақырады.

Егер ол жұмбақ дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қайта

айтылады.

«Қалай жүріп, нені тапқың келеді?»

Мақсаты: Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. Оң-сол, алдында- артында ұғымдарын

бекіту.

Көрнекілік: Кез-келген ойыншықтар немесе суреттері.



Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң

жағына-машина, сол жағына-доп, алдына-қуыршақ, артына-зымыран қойып былай дейді:

«алдыңда қуыршақ, оң жағында машина, сол жағыңда доп, артыңда зымыран, қалай

жүріп, нені тапқың келеді?»

«Доппен ойнау»

Мақсаты: «Жоғары-төменде», «астында-үстінде», «сол жақта-оң жақта» ұғымдарын

бекіту.

Көрнекілік: доп.



Ойынның мазмұны: 1-вариант. Балалар екі командаға бөлінеді. Жіп керіліп, оның

екі ұшынан ұстап тұруға болады.

«Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала /әр командадан/ бірден допты

жіптің астынан алып өтеді де, «доп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің

үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады.

Ешқандай қате жібермеген команда ұтып шығады.

2-вариант: Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында «доп оң жақта»

деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тоқта» деген бұйрық бойынша

допты сапта тұрған балалардың біреуі ұстап қалады. «Доп сол жақта» деген бұйрық

бойынша доп сол жаққа беріледі.

Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады.

«Ойыншықты тап»

Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.

Көрнекілік: Топтағы ойыншық.

Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықты тығып қойып, бір баланы тақтаға шақырады.

Тәрбиеші нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр

деп ойыншыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп

отырса, ойыншықты табады.

«Жоғарыда–төменде, биік-аласа»

Мақсаты: жоғары- өмен, биік-аласа ұғымдарын пысықтау.

Көрнекілік: Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген сюжетті суретті

плакат тақтада. Қорапта ұшақтың, құстар түрлері, балық түрлері, аңдар түрлері

қатырма қағаздан жасалған.

Барысы: Тақтаға бір бала шақырып қораптағы бір бейнені алып, атын атап, орынын

анықтап сюжетті суретке іледі. Мысалы: Ұшақ жоғарыда-аспанда ұшады, балық

төменде-су ішінде жүзеді, - деп сипаттап айту керек.

Сандық құрамды ажыратуға арналған ойындар

«Карточкаға қандай сан жазылған?»

Көрнекілік: Суретті карточкалар.

Барысы:


1 вариант: Тәрбиеші карточканың бетіндегі 2 түсті дөңгелекті төмен қаратып

қолына ұстап тұрады да, балаларға былай дейді: «Карточкада екі сан»

бейнеленген. Егер оларды қоссақ 5 болады. Карточкада қай сандар бейнеленген?

«Балалар түрліше жауап береді». Балалардың біреуі карточкада жазылған сандарды

атаған кезде тәрбиеші карточканы топқа көрсетеді.

2 вариант: «Егер тоғыздан біреуін кемітсендер, сендер менің қолымдағы санды

табасындар». Балалар бұл санды атайды. Жауабын бірнеше баладан сұрау керек.

Тәрбиеші сандық карточканы балаларға алдын ала көрсетеді.

Бірінші болып дұрыс жауап берген бала ұтып шығады.

«Автобус»

Мақсаты: Санның құрамын пысықтау.

Көрнекілік: Сандық карточкалар.

Барысы: Алаңға бормен тікбұрыш /автобус/ сызылған. Екі бала бақылаушылар болып,

бетіне «5»цифры жазылған үлкен карточканы ұстап тұрады. «Автобусқа» сандық

карточкаларында бейнеленген дөңгелектердің қосындысы

5 болатын /жол ақысы/ балалар ғана жұптасып отырады.Ойын басталды дегеннен

кейін әрбір бала өз сыңарын іздеп табуға тырысады /2 және 3, 3 және 25, 1 және

4, 4 және 1/. Жұптар бірінен соң бірі сапқа тұрады, «автобусқа» кіреді,

өздерінің сандық карточкаларын көрсетеді, ал «бақылаушылар» жұптардың дұрыс

таңдалуын тексереді.

«Сан құрастыр»

Мақсаты: Санның құрамын пысықтау.

Көрнекілік: Суретті карточкалар.

Барысы: Тәрбиеші бетіне бір сан, мысылы «6» саны жазылған карточканы көрсетеді.

Әрбір бала қосындысы «6» санын құрайтын екі сандық карточкаы көрсетуі тиіс.

Мысалы: бір карточкада 5 дөңгелек, екіншісінде–1 дөңгелек, біреуінде–3,

екіншісінде-3 шаршы және с.с.

«Ою құрастыру»

Көрнекілік: Бірнеше бөліктерге бөлінген ою элеметтері.

Мақсаты: Балаларды сандардың ретін, құрамын оңай табуға, таңбаны айыра білуге

дағдыландыру.

Барысы:


1-вариант. Оюдың элементтерін жекелеп қиып, мысалы 4 қошқар мүйізді 2-ге бөліп,

8 бөлікті балаларға таратып береді. Түстерін сәйкестендіру, бөліктерін

қиюластыру арқылы ою-өрнек құрастырылады.

2 вариант. Ою бөліктерінің келесі бетіне сан жазылады.

Өрнекті құрастыру санға сәйкес орындалады.

«Поезд құрастыр»

Мақсаты: 1-ді қосу таблицасын қайталату.

Көрнекілік: 1-ді қосу таблицасы берілген карточкалар, 0+1, 1+1, 2+1, т.с.с.

Барысы: Тәрбиеші карточкаларды балаларға таратып береді, оларды вагондар, ал

бір баланы тепловоз деп тағайындайды. Балалар қолдарындағы карточкаларына қарай

отырып, алдымен «тепловозға» ретімен тіркелуі тиіс.

«Заттарды сана»

Мақсаты: 1.Балалардың назарын дамыту, байқағыштықтарын арттыру. 2.Көкеністер

санымен сандарды тауып қою. 3.Ойын арқылы көкеністер түрлері туралы білімдерін

бекіту.

Көрнекілік: Көкеністер суреттері, сіріңке қорабындағы сандар.



Барысы: Тәрбиеші балаларға көкеністердің суреттерін таратып береді. Бір суретте

бірнеше көкеністер түрлері болуға тиіс. Балаларға қойылатын талап көкеністер

санын анықтау.

«Дыбыс арқылы санды тап»

Мақсаты: Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін анықтау.

Көрнекілік: Сіріңке қорабындағы таратпа сандар.

Барысы: Тәрбиеші қарындашпен үстелді дыбыс шығатындай етіп тықылдатады. Балалар

тыңдап отырып алдарындағы цифрларынан тиісті санды көрсетеді.

«Тез ойла»

Мақсаты: 1.Балалардың заттарды салыстыру, оң жақ, сол жақ сияқты түсініктерін

дамыту. 2. Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. 3. Ойын арқылы шапшандыққа, тез

ойлауға баулу.

Көрнекілік: Топтағы заттармен.

Барысы: Тәрбиеші балаға өзінің алдында, оң, сол жақтарында нелер тұрғанын

айтқызу. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.

«Қанша? Қандай?»

Мақсаты: 1. 10–ға дейін санауды бекіту.

2. 1-ші, 2-ші ұғымдарымен таныстыру.

Көрнекілік: Сандар («Шалқан», «Бауырсақ» ертегісі бойынша)

Барысы: Әр топтағы заттардың санын анықтау. Қораптан керекті санды алып қойып,

ертегіні әңгімелеу, сандармен ретін анықтау. «Шалқан» ертегісі бойынша атасы

бірінші, апасы екінші, қызы үшінші, т.б. пайдалана кетуге болады.

«Әрі қарай кері сана»

Мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды кері қарай санауды қайталау.

Көрнекілік: Доп, сандық карточкалар.

Барысы: Тәрбиеші көлемдегі санды көрсетеді де, бір баланың атын атап: «Әрі

span >қарай кері сана» - дейді. Ол : «Тоғыз, сегіз, жеті» деп санай бастайды.Тәрбиеші

балалардың біреуіне қарап, доп лақтырады. «Жеті» - дейді. Допты тосып алған

бала «үш, екі, бір» деп жалғастырады.

«Жазылмай қалған сандарды ата»

Мақсаты: 1. Балалардың сандардың реті туралы білімдерін бекіту. 2.Ойын ойнау

арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу. 3.Ойын элементтерін пайдалана

отырып математикаға қызығушылығын арттыру.

Көрнекілік: 15 дана сіріңке қорабындағы сандар.

Барысы: Тәрбиеші балаларға текшелер таратып береді. Ол текшелерде сандар жазылады,

сандар ретімен толық жазылмайды. Мысалы: 1 3 6 8 9.

Балалардың міндеті сол қолдарындағы текшелерден жазылмай қалған санды анықтап

атау. Егер сандар ретін анық атап шықса, жұлдыздармен марапатталады. Ал егер

сандар қатарындағы жоқ санды таба алмаса, текшедегі бар сандардың құрамын

анықтайды.

«Қуыршақтардың сыйлықтары»

Мақсаты: 1. Сандар мен олардың құрамы туралы білім беру.

2. Ойын ойнау арқылы шапшандыққа, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Көрнекілік: Қуыршақ, шарлар.

Барысы: Қуыршақтың сыйлық шарлары таратылып беріледі. Балалар ол шарларды

үрлеп, қандай түсін және қанша екенін айтады. Үрленетін шарлардың түстері үш

түрден аспауы керек. Шардың санымен артық, қандай түсті шардың кем екенін

балаларға айтқызу.

«Жәндікте неше аяқ бар?»

Мақсаты: 1.Балалардың санау және есептеу дағдыларын қалыптастыру. 2.Жәндіктер

туралы түсініктерін жаңарту. 3.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға

қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілік: Ойыншық жәндіктер

Барысы: Тәрбиеші балаларға бірнеше суреттер таратып береді. Бұл суреттерде

әртүрлі жәндіктер суреттеледі. Балалардың міндеті осы суреттегі жәндіктердің

қанша аяғы бар екенін анықтау. Ол үшін суреттердегі жәндіктердің аяқтарын санап

сол суреттің астына кеспе цифрлар арқылы белгілеп отырады да соңынан ең аяғы

көп жәндіктің суретін салу ұсынылады.

«Нешінші?»

Мақсаты: «Нешінші?» ұғымын қалыптастыру.

Көрнекілік: Топтағы 10 түрлі ойыншықтар.

Барысы: Тақтаға 10 түрлі ойыншықтар суреті ілінеді. Ортаға бір бала шығып,

қатардан бір ойыншықты алады. Балалар қатардан нешінші затты алғандығын

алақандарын шапалақтау арқылы көрсетеді. Ойыншықтың атын атау керек. Ойын

барысында «нешінші?» деген ұғымды қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын дамыту,

қызығушылығын арттыру.

«Қай қолымда көп?»

Мақсаты: Заттардың екі жиынтығын салыстыра білуге үйрету.

Көрнекілік: Асықтар, топтағы ұсақ заттар.

Барысы: Балалар екі топқа бөлінеді, оның әрқайсысы алма-кезек тәрбиешінің

үстеліне өз өкілін жібереді. Бір бала қолын артына ұстайды. Алдымен тәрбиешінің

одан соң балалардың бірі оның қолына текше, түйме әртүрлі ұсақ нәрселерді

ұстатады. Бірақ ол бір қолда көп, екіншісінде аз болуы керек. Бала алдымен көз

мөлшерімен нәрсенің қолында көп екенін анықтау. Қай қатарда көп, қай қатарда аз

екенін салыстыру керек.

«Қол соғу»

Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды,

қанша, қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру.

Көрнекілік: Тәрбиешінің және әрбір баланың алдына тілі бар дөңгелек/1-сурет/ .

Барысы:


1-вариант: Тәрбиеші қол соғады. Балалар санайды. Тақта алдына шақырылған бала

тәрбиешінің неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін саны сонша

қара дөңгелекшелер тұрған бөлікке қаратып қоюы тиіс.

2-вариант: Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді,

әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Тәрбиеші қатарларды аралап, ойын

ережесінің дұрыс орындалуын тексереді.

Ойын екі-үш рет қайталанған соң, қорытындысы шығарылады. Ойыншылары

қателеспеген қатар ұтып шығады.

«Өзара айырмашылығын тап»

Мақсаты: 1.Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу.

2.Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін жетілдіру.

Көрнекілік: бала санына (15 дана) суреттер жинағы.

Барысы: Әр балаға суреттер таратылып беріледі. Суреттерді салыстыра отырып,

айырмашылығын тапқызу.

«Қанша болса, сонша»

Мақсаты: Сандарды тани білуге үйрету. Берілген тапсырманы дұрыс орындай білуге

жаттықтыру.

Көрнекілік: Сандық карточка.( «Кеспе сан» қалтасынан алу)

Барысы: Тақтаға 3 бала шығарып, сандық карточканы көрсетіп, карточкада қандай

сан тұрса, сонша қимыл көрсету. Тапсырманы сандарды өзгерте отырып, 2-3 рет

қайталау.

«Керісінше айт»

Мақсаты: Тәулік жөнінде түсініктерін кеңейту. Қарама-қарсы мағыналы сөздермен

жауап бере білуге үйрету.

Көрнекілік: доп

Барысы: Балаға допты беріп қарама-қарсы мағыналы сөзбен жауап беруді сұрайды.

Мысалы: «таң» десе, бала «кеш» деп жауап береді.

«Неше саңырауқұлақ немесе көкеністер?»

Мақсаты: Артық-кем ұғымдарын бекіту.

Көрнекілік: Кәрзеңке, санырауқұлақтар, көкеністер. (15 дана)

Барысы: Тәрбиеші балаларға былай дейді : «Саңырауқұлақтың саны үштен кем,

бірден артық. Неше саңырауқұлақ бар? Кәрзеңкеге көкеніс түрлерін салғызып

жаттығуды қайталайды.

«Апта күндері»

Мақсаты: Апта күндерін атап, есте сақтай білуге үйрету.

Көрнекілік: Апта күндерін шартты түрде белгілейтін 1-ден 7-ге дейін дөңгелектермен

дайындалған карточка.

Барысы: Арнайы дайындалған карточканы көрсетіп, таныстыру. Апта күндерін атату,

карточканы таратып беру. Тақтаға шыққан бала карточкаға сәйкес өз апта атын

білу керек. Тәрбиеші бұйрығымен, «дүйсенбі» бір адым алдыға десе, тұрып қалмай

алдыға шығу керек. Бұдан соң балалар кезекпен ауысып тақтаға шығады.

«Қиындыларды дұрыс бөл»

Мақсаты: Қиындыларды түсі мен ұзындығы бойынша айыра білуге жаттықтыру.

Көрнекілік: Әрбір балаға ұзындықтары мен түсі әртүрлі, мысалы: 2 қызыл, 1 жасыл,

2 сары, ең ұзын-сары, ең қысқа-қызыл, ұзындықтары бірдей: қызыл, жасыл, сары

қиындылар жиынтығы.

Барысы: бірнеше тапсырмадан тұрады.

1- тапсырма: балаларға барлық қызыл қиындыларды сол жаққа, сары қиындыларды оң

жаққа, жасыл қиындыларды ортаға қоюды тапсырады.

2- тапсырма: бірдей қиындыларды бірінің үстіне бірін тізіп қою.

3- тапсырма: оң жаққа ең ұзын, сол жаққа ең қысқа қиындылар қою.

4- тапсырма: қиындылардың ең қысқасынан бастап, ең ұзынына қарай реттеп, бір

қатарға қою.

Тапсырманы дұрыс орындаған столдағы балалар жеңімпаз атанады.

«Қандай сандар жетіспейді?»

Мақсаты: Сандарды тани білуге, аталған сан арасындағы санды атай білуге үйрету.

Көрнекілік: сіріңке қорабындағы таратпа материалдағы сандар.

Барысы: тәрбиеші екі санды атайды, мысалы: 3-5 десе, балалар қораптан сол

сандарды алып, ортасындағы санды қою керек.

«Көрші–көрші»

Мақсаты: Сан құрамын атап, неше бірліктен тұратынын, сандарды салыстыра білуге

үйрету.


Көрнекілік: Кеспе қалтадағы сандық карточкалар: 1-10.

Барысы: Тәрбиеші бір санды атайды, м:7 санын. Тақтаға бір бала шығып аталған

санды «кеспе қалтадағы» сандар арасынан 7 санын алып қояды. Тәрбиеші: осы

санның көршілерін көрсетіндер дегенде , екі бала шығып 6 және 8 санын

көрсетеді. Әр бала өз санын түсіндіру керек, м: 7 саны 6 санынан 1-уі артық, 8

санынан 1-уі кем, 7 бірліктен тұрады.



Математикадан дидактикалық ойындар
«Біреу және көп» дидактикалық ойыны

№ 1


Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету.

Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды

табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір

аквариум-көп гүл.

Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастады. Бір

уақытта біреу есікті қағады. Үшбұрыш: «Бұл кім?» деп сұрайды. Шаршы көрінеді.

Балалар оны атайды, егер балалар атын атауға қиналса, тәрбиеші өзі атайды. Бәрі

бірге оның бұрыштарын санайды, барлық қабырғаларының бірдей екендігін атап

өтеді

«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны



№ 2

Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.

Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны

құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда

тәрбиеші оларға көмектеседі. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды,

құрастырылған шаршының түсін айтады.

1-нұсқа: әрбір бала өзі жеке жинайды.

2-нұсқа: шаршыны топ болып жинайды (қайсысы жылдам?).

3-нұсқа: жеке немесе топпен, кім тез бітсе, күрделірек түрін беру.

«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны

№ 3

Мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін



бекіту; айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын

дамыту.


1-нұсқа.

Тәрбиеші геометриялық пішінді немесе геометриялық денені балаларға

көрсетеді, ал балалар оның қоршаған ортадағы қандай затқа ұқсайтындығын табады

немесе естеріне түсіреді.

2-нұсқа.

Тәрбиешінің үстелінің үстінде геометриялық пішіндерді немесе

заттар мен суреттер жатыр. Бала суретті не затты таңдай отырып, оның қандай

пішінге ұқсайтындығын айтады. Өзінің жауабын түсіндіреді.

«Айырмашылығын тап» дидактикалық ойыны

№4


Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба

білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының

жауабын тыңдай білуге дағдыландыру.

Мазмұны.

Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді, кеңістік қатынасын,

санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді. Ары қарай салыстыратын

заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады.

Ойын өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші балалардың сөйлемді дұрыс

байланыстырып сөйлеуін қадағалайды.

Балалар екі сайқымазақты салыстырады. Салыстыруда мына сөздер

пайдаланылады: кең – тар, қалың – жұқа, ұзын – қысқа.

«Біреуі артық» дидактикалық ойын

№ 5

Мақсаты: «Біреу – көп» ұғымын бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту;



заттарды топтастыра білуге үйрету.

Мазмұны.

1-нұсқа.

Балалар барлық карточкалардың арасынан бір зат бейнеленген

карточканы тауып, атауын айтады, содан кейін көп зат бейнеленген карточканы

көрсетеді. Бір бала жауап береді, қалғандары тексеріп отырады.

2-нұсқа.

Барлық балаларға карточка үлестіріледі (карточкалар

қайталанбайды). Барлық балалар өз карточкасы бойынша жауап береді. Бір партада

отырған екі бала бірдей дұрыс жауап қайтарса, олар жұлдыз алады. Қай партада

жұлдыз көп болса, солар жеңеді.

3-нұсқа.

Балалар өз бетімен партада жұмыс істейді. Жауаптың орнына балалар

жай қарындашпен бір зат бейнеленген суретті айналдырып сызады. Кім тез бітсе,

сол балаға тағы бір карточка беріледі. Екі немесе үш карточкаға жауап берген

балалар жеңімпаз деп саналады

«Сипап сезу арқылы санау» дидактикалық ойыны

№6


Мақсаты: Сипай сезіп санау арқылы қарамай-ақ екі топтағы заттарды

салыстыруға үйрету (артық, кем, тең); санау дағдыларын бекіту; салыстыруда

беттестіру тәсілін қолдана білу.

Мазмұны.

Тәрбиеші үстелінің үстінде орамалмен жабылған заттардың екі тобы

(4 кірпіш, 5 жүк машинасы) қойылады. Шақырылған бала бір топтағы заттардың

санын орамалды ашпай қолмен ұстап санау арқылы анықтап, қорытынды санды айтады

және осылайша екінші топтағы заттар да саналады. Қарамай-ақ, қай топтағы

заттардың артық не кем екенін салыстырады. Содан кейін жабулы орамал алынады

да, барлық балалармен жауаптың дұрыстығы тексеріледі. Ары қарай топтарды

салыстыру арқылы неше артық, неше кем екенін анықтау, теңестіру жұмыстарын

жүргізуге болады.

«Сөзді керісінше ата» сөздік ойыны №7

Мақсаты: Балаларды қарсы мағынадағы сөздерді таба білуге үйрету;

көлем, кеңістіктегі ара қатынас туралы білімдерін бекіту.

Мазмұны.

Тәрбиеші көлемді, кеңістіктегі бағытты немесе сандық қатынасты

анықтайтын сөзді атап, допты бір балаға лақтырады. Бала осы сөзге қарсы мәндес

сөзді атап, допты қайтадан тәрбиешіге лақтырады (үлкен – кіші, кең – тар, ұзын

– қысқа, биік – аласа, қалың – жұқа, сол жақта – оң жақта, жоғары – төмен, аз –

көп, қалыңырақ – жұқарақ, ұзынырақ – қысқарақ, кеңірек – тарырақ, т.б.

«Аңдарды қоректендір» дидактикалық ойын

№8

Мақсаты: 1саны, және цифры туралы алғашқы білімдерін бекіту;



қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту.

Мазмұны.

Тақтада аңдардың суреті ілінген, ал тамақтың суреті тәрбиеші

үстеліне қойылған.

- Марат, қалай ойлайсың, бананды қай аңға береміз? Апарып бер. Сен

пілдің баласына неше банан бердің? Осы цифрды ата және көрсет. Басқа аңдармен

де осындай жұмыс жүргізіледі.

- Ал аю нені жақсы көреді? Әрине, балды.

- Жолақтары бар карточканы алыңдар. Солдан оңға қарай жоғарғы

жолақты, содан кейін төменгі жолақты саусақтарыңмен жүргізіңдер.

- Енді жоғарғы жолақтың сол жағына бір аюды қой.

Тәрбиеші бірнеше баладан неше аюдан қойғандарын сұрайды.

- Төменгі жолаққа сол жақтан оңға қарай балы бар көп бөшкелерді

қойыңдар (фишкалар).

Тәрбиеші бірнеше баладан жекелей сұрайды:

- Қонжықтар нешеу?

«Ненің баласы?» дидактикалық ойыны

№ 9


Мақсаты: Балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары туралы түсініктерін

бекіту; жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту.

Мазмұны. Үлкен және кіші ойыншықтар бөлек тұрады. Бала үлкен

ойыншықты таңдап алады және оған кішкене ойыншықтарды іріктеп алады (немесе

керісінше). Өзінің таңдап алған жұбын атайды.

Мысалы: ит үлкен, ал күшік кішкентай.

«Цирктің әртістері» дидактикалық ойыны.

№ 10


Мақсаты:балалардың 2 саны және цифры туралы алған білімдерін

бекіту.


Мазмұны.

1-нұсқа.

Ковралан тақтада жануарлар бейнеленген суреттер әр жерге

орналасқан. Тәрбиеші бүгін циркте тек мұнда 2-ден ғана бар әртістер өнер

көрсететінің айтады. Балалар суретті таңдап, оларды бөлек қойып санайды, көрсетеді,

цифрды атайды.

2-нұсқа.

1-нұсқада көрсетілгендей, бірақ бұл жерде мазмұнды суреттер

қосылады. Балалар 2-ден болатын заттарды әртістерге таратады. Барлығына

жеткендігі тексеріледі, цифрды атайды және көрсетеді.

- Қандай заттар бір-бірден қалды? (1цифрын көрсету, атау).

3-нұсқа.

2-нұсқаға ұқсас, бірақ тапсырма күрделенеді. Жұп заттардың

суреттері түсіне, көлеміне қарай іріктеліп алынған: ұзын, қысқа секіртпе үлкен,

кіші барабан (тәрбиеші өз нұсқаларын ойлап табуына болады.) Тәрбиеші бір

нұсқаны таңдайды.

«Жыл атасы» дидактикалық ойыны

№ 11


Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдері және айларымен таныстыру; 1-ден

3-ке дейінгі сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту.

Тақтада Жыл атасының суреті. Балалар жыл мезгілдерін атайды,

оларды санайды.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

Тәрбиеші қазір қай ай екенін сұрайды, балалар қайталайды. Әрбір

жыл мезгілінде 3 айдан бар екенін айтып, күз айларын атайды.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

- Бүгін жыл атасы бізбен күз туралы әңгімелескісі келеді. Ол бізге

сары карточка әкеліпті.

- Не үшін сары карточка әкелді?

Әрбір карточкада керекті санды қоюға арналған күз айларына сәйкес

келетін тор көз бар.

Тәрбиеші айды атайды, балалар керекті цифрды бос орынға қояды.

Одан кейін тәрбиеші цифрды атайды, ал балалар айды атайды.

«Қанқызын тап» дидактикалық ойыны

№ 12

- Бізге егістіктен қанқыздары ұшып келді. Олар бір-біріне өте



ұқсас. Барлығы оларды ылғи да шатастырады. Олар өздерін бір-біріне

ұқсамайтындай етіп жасауларын сұрайды. Оларға көмектесеміз бе? Әрбір қанқызында

дақтары оң және сол қанатында бірдей болатындай жаса. Сол жақта неше дақ, оң

жақта неше дақ бар екенін сана. Барлығы қанша? Цифрды көрсет.

- Екінші қаңқызында сол жағындағы дақтар оң жағына қарағанда артық

болсын. Сол жағында неше жақ, оң жағында ше? Барлығы неше дақ? Цифрды көрсет.

- Үшінші қаңқызындасол жақтағы дақтары оң жаққа қарағанда кем

болатындай жаса. Сол жақта неше дақ, оң жақта ше? Барлығы неше? Көрсет.

- Біздің қаңқыздарымызға енді «жасырыну керек», әйтпесе тоңып

қалады (топ бөлмесінің әр жеріне қойылады).

- Сендер оларды таба аласыңдар ма?

«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны

№ 13

(2-сабақтың нұсқасын қараңыз).



- Буратиноның үйіндегі қандай заттар тіктөрбұрышқа ұқсайды?

- Міне, барлық қонақтар мерекелік дастарқан басына жиналды. Кім

Буратиноға жақын отыр?

- Кім Буратинодан алыс отыр?

- Кім Карабас-Барабасқа жақын отыр?

- Кім Карабас-Барабастан алыс отыр?

Үлестірмелі материалмен жұмыс.

- Паровозда неше тіктөртбұрыш және дөңгелек бар? Не артық?

«Сиқырлы қалта» дидактикалық ойыны

№ 14


Мақсаты: Балаларды заттарды қолмен ұстап, санауға үйрету.

1-нұсқа – затты қолмен ұстап санау.

2-нұсқа – қандай зат екенін ұстап көріп, анықтау.

Тәрбиеші балалардың ортасына «сиқырлы қалтаны» әкеледі. Балалардың

арасынан бір баланы таңдап алады. Ол бала көзін жұмып, қолын «сиқырлы қалтаға»

салып, кез келген түймелері бар жолақты таңдап алып, қолын «сиқырлы қалтадан»

шығармаған бойы түймелерді саусағымен санайды. Қалтадан қолын шығарып, санын

айтады. Балалар тексереді және түймелердің санына (1-5) сәйкес цифрларды

көрсетеді. Ұл балалар Ілиястың, қыздар Айсұлудың неше түйме қадағандығын

анықтайды.

Балалар әкесіне кафель төсеуге көмектесуді ұйғарады. Бірнеше

кафель жерге құлап, сынып қалды. Балаларға оны жинауға көмектесуді сұрайды.

«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны

№15


Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Тәрбиеші тапсырманың орындалуын қадағалайды. Егер бала орындауға

қиналса, оған көршілес партадағы бала көмектеседі. Мұғалім күрделі шаршыны

дұрыс құрастырған бір партадағы балаларға жұлдызша беріп, мадақтайды.

- Ілияс пен Айсұлу жануарлардың әрқайсысын өз үйлеріне

орналастырмақшы.

Тәрбиешінің үстеліне жануарлардың суреттері, ал тақтаның әр

бұрышына үйшіктер қойылған.

«Жануарларды орналастыр» дидактикалық ойыны

№16


Мақсаты: Балаларды тақтада және қағаз бетінде бағытты таба білуге

үйрету.


5 бала кезекпен тақтадағы тапсырманы, ал қалғандары үстелдің

үстіндегі парақ қағазда фишкамен орындайды.

- Оң жақтағы жоғарғы үйшікке ақтиінді орналастыр.

- Сол жақтағы төменгі үйшікке мысықты орналастыр.

- Төменгі оң жақтағы үйшікке аюды орналастыр.

- Жоғарғы сол жақтағы үйшікке қасқырды орналастыр.

- Барлық аңдарға үйшіктер жетті ме?

- Неше үйшік екенін санаңдар. Осы санды цифрмен көрсетіңдер.

- Неше аң? Цифрмен көрсетіңдер.

- Қай сан артық? 4 пе, әлде 5 пе?

- Аңдардың қайсысы артық? Неге?

Балалардың нұсқалары әртүрлі болуы мүмкін. Балалардың өз ойларын

айтуына мүмкіндік беру.

«Ертегі кейіпкерлерінің жұбын тап» дидактикалық ойыны

№ 17

Мақсаты: Балаларды «жұп» ұғымымен таныстыру.



Тақтаға мультфильмнің кейіпкерлері әр жерге ілінген.

Балалар бір мультфильмнің екі кейіпкерлерін тауып, оларды

жұптастырып қоюлары тиіс. Содан кейін балалар неше жұп болғанын, қайсысы жұпсыз

екендігін анықтайды.

- Балақай мен Карлсон далаға шығуға дайындалды. Олар өздерімен

бірге нені алу керектігін ойланды (спорт құрал – жабдықтары көрсетілген сурет).

- Оларға таңдауға көмектесіңдер. Өз таңдауыңды түсіндір.

- Балақай шаңғы тебуді ұйғарды. Шаңғыны ең қысқасынан ең ұзынына

қарай тақтаға қойып шығыңдар. Барлық шаңғының ұзындығын айтып беріңдер. Балақайға

шаңғы таңдап беріңдер.

Педагог балаларға заттарды қатар қою немесе беттестіріп қою арқылы

салыстыруға болатындығын естеріне салады.

-Енді балақайға шаңғы таяқтарын таңдауға көмектесуіміз керек.

Оларды да ең қысқасынан ұзынына қарай қойып шығыңдар. Шаңғы таяқтарын ұзындығы

бойынша атаңдар. Олар қандай?

«Ненің жұбы болады» дидактикалық ойыны.

№18

Мақсаты:Балаларға қандай заттардың жұпсыз болуы мүмкін емес



екендігін көрсету, «жұп» ұғымын бекіту.

Тәрбиеші киімдер мен аяқ киімдер бейнеленген суреттерді көрсетеді.

Балалар жұпсыз болмайтын заттарды атайды: шұлық (носки), аяқ киім,

қолғап, т.б. Олардың неліктен жұпсыз болмайтындығын түсіндіреді.

- Егер Карлсон жай, ал балақай жылдам жиналса, олардың қайсысы

далаға бірінші шығады?

- Ал қазір Карлсон сендерді таудан шанамен сырғанауға шақырады.

Алайда бір шанаға тек екі бала ғана отыра алады, ал үшіншісі - «артық». Кім

жылдам қимылдаса, сол шанаға отыруға үлгереді, кім баяу – «үшінші артық адам»

болады.


«Сандар шатасты» дидактикалық ойыны.

№19


Мақсаты: Сандар қатарындағы сандардың орны жайлы білімдерін

нығайту.

Балалар тәрбиешінің берген бұйрығы бойынша көздерін жұмады.Тәрбиеші

сандардың орнын ауыстырады немесе алып тастайды.Балалардың көздерін ашып,

сандар қатарындағы өзгерісті тауып, оны жөндейді.

Тақтада Айболит және одан алыстау әр жерде аңдар ілінген.

- Айболитке емделу үшін қанша аң келді?

- Айболит бәріне жақындауды сұрайды. Енді аурулардың саны неше

болды? Неге осынша?

- Қане, тексеріп көрейік (санайды).

- Әр ауру Айболитке бәрінен бұрын жақын келгісі келді.Қалай

ойлайсыңдар, Дәрігер Айболит дауласпас үшін аңдарға қандай ақыл берді? (Кезекке

тұру).

- Кім бірінші? Кім екінші?



- Қане, аңдар естеріне сақтау үшін, олар реті бойынша нешінші

екенін бірге санап көрейік (бірінші, екінші, үшінші...)

- Мүйізтұмсық өзінің нешінші екенін ұмытып қалыпты, қанеки,

көмектесіп жіберіңдер.

- Түлкі де баласын тербетуге кетіп, келгенде өзінің нешінші

екендігін ұмытып қалыпты.

- Арыстан ұялы телефонымен сөйлесіп тұрып, дұрыс естімей қалыпты.

Ол нешінші еді?

Айболит барлығын емдеп, үйлеріне жіберді

«Не өзгерді» ойыны №20

Мақсаты: Көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.

Мазмұны: Тәрбиеші екі жолақты карточканы тақтаға іліп, бірінші

жолағына бір алмұрттың суретін, екінші жолағына көп алманың суретін іледі де,

балалармен бірге салыстырады. Содан кейін, керісінше, бірінші жолаққа көп

алманы, екінші жолаққа бір алмұрттың суретін іледі. Бұдан не өзгергенін

сұрайды.

«Дауыстап санау» дидактикалық ойыны

№ 21


Ойынның мақсаты: Дауыстап санауға, қорытынды санды есте сақтауға

үйрету.


1-нұсқа.

Тәрбиеші үстелді бірнеше рет соғады. Балалар іштерінен санайды.

Тәрбиеші 2-3 баладан қанша рет соғылғанын сұрайды, балалар тақтаға цифрымен

көрсетеді.

Егер жауаптар әртүрлі болса, тағы да соғып, қайта санатады.

2-нұсқа.

Балалар жауап бермейді, дыбыстың санына байланысты цифрды

көрсетеді.

Тәрбиеші балаларға екі түрлі үйдің суретін көрсетеді.

- Үйлердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? (Биік – аласа, тар

– кең, үлкен – кіші).

«Адасқан цифрлар» дидактикалық ойыны

№ 22

Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру.



Мазмұны: Тәрбиеші 2, 4, 6, 7, 3, 5, цифрлары жазылған

карточкаларды тақтаға іледі, балалар қалып қойған санды атайды.

«Сиқырлы қапшық» дидактикалық ойын

№ 23


Қапшықта геометриялық пішіндер:

Балалар қолымен ұстап, сезу арқылы қандай пішін екенін айтады.

4.Таяқшалардан әртүрлі пішіндер құрастыру. 5.Тәрбиеші 7 санына

байланысты 7 күн, 7 түс, 7 шелпек ұғымдарын түсіндіреді.

«Жеті» - көсеу баяғы,

Жалғыз оның аяғы.

7 цифрын жазып үйрену, . 7 санының құрамын ажыратып, дәптердегі

өзіндік жұмыстарды орындату.

«Суретші қай жерде қателесті?» дидактикалық ойыны

№ 24


Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, суреттегі

сәйкессіздікті таба алға үйрету.

Ойынның мазмұны.

Тәрбиеші суретшінің «Қыс» тақырыбына сурет салғанын айтады.

Балалардан оның бәрін дұрыс салғандығын тексеруді сұрайды. Балалар қыс

мезгілінде болмайтын көріністерді тауып, оның қай мезгілде болатынын айтады.

Сөздік ойыны № 25

1-нұсқа.

Тәрбиеші жыл мезгілдері туралы сөйлемді таңдайды. Ол сөйлемді

бастайды, балалар аяқтайды.

Күзде жаңбыр жауады, ал қыста...(қар жауады).

Көктемде ағаштар бүршік жарады, ал күзде...(жапырақтар түседі).

2-нұсқа. (көлем туралы).

Бұта аласа, ал ағаш...(биік).

Бұлақ тар, өзен...(кең).

Тәулік бөліктері туралы.

- Біз таңертең жаттығу жасаймыз, ал... түскі ас ішеміз.

- Біз кешке тамақ ішеміз, ал... жаттығу жасаймыз.

- Түнде біз ұйықтаймыз, ал... серуендейміз.

- Таңертең ертеңгілік ас ішеміз, ал... ұйықтаймыз.

- Күнді күндіз көреміз, ал жұлдызды...көреміз.

«Заңдылығын тап» дидактикалық ойыны

№ 26

Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, заңдылықты қоя білу



дағдыларын дамыту.

Тәрбиеші 9 тор көзден тұратын, олардың алтауы заттармен кезектесіп

отыратын кесте бар. 3 зат үстелдің үстінде жатыр. Орналасу заңдылығын анықтап,

заттарды өз тор көздеріне қояды. Егер балалар тапсырманы дұрыс орындап, өз

әрекеттерін түсіндіруде қиналатын болса, онда тәрбиеші оларға көмектеседі.

«Не жоқ?» дидактикалық ойыны

№ 27

Мақсаты: Балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту.



Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші шырша ойыншығын жасырады.

Балалар қай ойыншықтың жоқ екенін табады. Содан соң тәрбиеші екі ойыншықты алып

тастайды, үшінші рет ойыншықтар алынбайды, орындары ауыстырылады.

«Өз орныңды тап» дидактикалық ойыны

№ 28

Мақсаты: Цифрлардың сандар қатарындағы орны, көрші сандар туралы



білімдерін нақтылау.

Тәрбиеші балаларға 0-ден 10-ға дейінгі цифрларды таратып береді.

(балалар цифрлар болады). «Цифрлар» музыка ырғағымен билеп жүреді. Музыка

тоқтасымен балалар тез бір қатарға тұра қалады. Қалған балалар «цифрлардың»

орындарын дұрыс тапқандықтарын тексереді. Содан кейін тәрбиеші бірнеше баладан

аталған сандардың көрші сандарын атауды сұрайды.

«Жыл атасы» дидактикалық ойыны

№ 29


Тақтада – жыл мезгілдері бейнеленген 4 карточка, балаларда – 1 көк

карточка.

- Жыл атасы бүгін бізге қандай карточканы қалдырады? Неге олай

ойлайсыңдар? (Қалған карточкалар алынып тасталынады).

- Қыстың алғашқы екі айы қалай аталады?

- Оларды өз орындарына қойыңдар.

Бір бала тапсырманы тақтада, қалғандары партада орындайды.

Түнде аяз күшейіп,

Күндіз тамшы тамады.

Күн білінбей ұзару,

Бұл қай кезде болады?

(Ақпан)


- Ақпан айы қай айдан кейін болады?

- Қыс айларын атаңдар.

Содан соң тәрбиеші балалардың бір-біріне сұрақ қоюын сұрайды. Бір

бала кез келген айды белгілейтін цифрды көрсетеді, ал қалғандары қай ай екенін

айтады. Келесі кезекте бала айды атайды, қалғандары осы айда белгілейтін цифрды

көрсетеді.

«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны

№ 30


Тәрбиеші сопақшаның бөлме ішіне жасырынып қалғанын айтады. Балалар

бөлме ішінде сопақша пішіндегі заттарды атайды.

100

1

 



Ортаңғы топтарындағы таным білім беру саласы

қоршаған ортамен таныстыру бөлімінің

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

дидактикалық ойындары
«Сәлеметсіз бе, мынау менің тобым»

Дидактикалық ойын: «Не көрдің, не білдің?»

Мақсаты: Тұрмыстық заттар мен топ бөлмесінің жиһаздары мен ойыншықтарды дұрыс қолдану ептіліктерін жетілдіру және салыстыруға үйрету.

Шарты: Экскурсияда не көргендерің естеріне түсіріп айтып беру керек. Заттарды өз ара салыстырып беру керек.
Дидактикалық ойын: «Кімнің құралы?»

Мақсаты: Балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру.

Құралдар: балалабақша қызметкерлерінің жұмысына араналаған құралдар

Шарты: Балалардың алдында кескінді ұсақ суреттер жатады.

Тапсырма: Тәрбиеші балабақша қызметкерлерінің суреттерін көрсете отыра балалардан олардың жұмыстарына керекті құралын тауып беруін талап етеді.
Дидактикалық ойын «Болады болмайды»

Мақсаты: Ойлау қабілеттерін дамыта отыра сөздік қорын молайту.

(балалар шеңберде тұрады)

Балалар мен сеңдерге қала көшелеріңде не істеуге болады, болмайтының туралы сұрақтар қоямын.

Балалар жауаптарың қолындағы жалаушамен көтеріп жауап береді.

Көшені бағдаршамның қызыл көзі жанғанда?

Гүлзардағы гүлдерді жұлуға?

Гүлзардағы өсіп тұрған гүлге сүйсініп қарау.

Ағаш пен гүл отырғызу?

Кәмпиттің қағазын жерге тастау?

Жаяу жүргінші жолмен бағдаршамның жасыл көзі жанғанда өтуге?

Қоғамдық орындарында бақырып, шулауға?

Адамдармен әдепті түрде әңгімелесу?



Дидактикалық ойын: «Адамдар мен көлік жүргізушілері»

Мақсаты: бададардың есте сақтау қабілеттері мен зейіндерін одан ары қарай дамыту.

Шарты: Балаларды екі топқа бөліп, бірі адамдар, бірі көлік жүргізущілері болады. Арнай баскиім масқалары киіледі.Тәрбиеші бақылаушының рөлін атқарады. Тәрбиешінің белгісімен (екі рет қоңырау соғады) адамдар тротуармен, жаяу жүргінші жолымен жүреді. Ал көлік жүргішілер аялдамада тұрады.

Тәрбиешінің белгісімен (бір рет қоңырауға соғады) адамдар тоқтайды, көлік жүргішілер жүреді.

(аялдама не екенің түсіндіреді)
Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?»

Мақсаты: сөздік қорын толықтыра отыра, шапшандылыққа баулу.

Шарты: сұрақтар қойылып балалар жауап береді.

«Күзгі» деп нені айтуға болады?

Күзді неге жомарт күз деп айтады?

Күзде егістікті жинайды деп түсіндіріп суретін көрсетеді

Күзде нелер ұшып кетеді?

Күзде неге ағаштарда жапырақтар азаяды?

Күзде не жиі болады?

Күзде жие жауын-шашын болады деп суреттерді көрсетіп түсіндіреді



Дидактикалық ойын: «Ағашты тап»

Мақсаты:Балалардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, ағаштардың атауын анық айтуға үйрету.

Құралдар: Шырша, қайың , емен, терек

Шарты:Үстел үстіне төрт өсімдіктердің шырша, қайың , емен, терек, олардың жапырақтарының сүреттерін қояды. Жапырақтарына қарай ағаш түрін тауып алу керек.
Дидактикалық ойын: «Дауысынан таны»

Мақсаты: Тыңдау, есті қабілеттерің одан ары қарай жетілдіру.

Құралдар: Таспаға жазылған құстардың дауыстары (торғай, сауысқан, тоқылдақ, көгершін,)

Шарты: таспа қосылып құстардың дауыстары кезек-кезек қойылады. Балалар таныс құстарды естеріне түсіріп, атауын айтып беру керек. Тәрбиеші дұрыс табылған құстын суретін тақтаға қояды.

Дидактикалық жаттығу: «Зейінді бол»

Мақсаты: тыңдау, есту қабілеттерің одан ары қарай жетілдіру.

Шарты: Тәрбиеші дала құстары туралы жұмбақтап айтып отырады, балалар қандай құс туралы байқап алда жатқан тиісті суретті көтеріп көрсетеді.
Дидактикалық ойын «Айтшы қандай?»

Мақсаты: Балаларды заттын белгілерін анықтауға үйрету

Шарты: Тәрбиеші (немесе бала) коропшаның ішінен, заттарды алып шығады, балалар заттын атауы мен белгісін айтады
Дидактикалық ойын: «Кім көп айтады?»

Мақсаты: Балалардың қызығушылықтарын дамыта отыра, сөздік қорын молайту.

Құралдар: жануарлардың суреттері мен мекендеп жүрген суреттері, өнімдері «сут, май, айран, ірімшік, сүзбе, құрт)

Шарты: балалар екі топқа бөлініп: бірі жануарлардың қайда мекендеп, немен көріктеніп жүретінің айтып суреттер (ұсақ) арқылы жауаптарын дәлелдейді. Екіншілері сурет арқылы жануарлардың адамға бере пайдасымен өнімдері туралы суреттер (ұсақ) арқылы жауап беріп түсіндіреді.

Дидактикалық ойын: «Төлін тауып бер»

Мақсаты: Үй жануарлары мен олардың төлдерінің ажыратуға үйрету.

Құралдар: Үй жануарлары мен төлдерінің кесінкі лото карточкалары.



Шарты: Әр баланың алдында үй жануарлардың суреті жатады. Үстелдің ортасында үй жануарларының төлдері.

Тапсырма: Жануарлар (балалармен бірге атап шығады) күнде жайлауға, өріске шағады, төлдері үйде (қорада) қалады. Төлдері ойнап жүргенде шатасып кетті. Төлдерді еңелеріне тауып қою керек. Жауабын түсіндіреді.
Тақырып: «Аппақ, аппақ бәрі аппақ» Қар қандай

Сөздік ойын "Қар қандай ?"доп арқылы

Тәрбиеші допты лақтырып қарға байланысты сөздер айтқызады, қар туралы. Балалар допты ұстап алып айтады,балалардың жауабы: әдемі, үлпілдек, ақ, суық керемет, мамық, жылтыр,тамаша, жабысқақ, дымқыл.


Дидактикалық ойын: «Салыстыр неге ұқсайды»

Қар үлпілдек...... мақта сияқты, ұлпа сияқты

Қар жұмсақ.... төсек сияқты, көрпе сияқты

Қар нәзік ... жібектей

Жел тікенекті.... мұздай

Жел суық.... шыныдай

Мұз жылтыр.... жұлдыздай, жалындай, жаңа сауған сүттей

Ұлпақкарлар айналады... мұз сүңгісіндей, балмұздақтай

Қар ериді... баладай, бүлдіршіндей жылайды

Мұз сүңгісі...



Дидактикалық ойын: «Қысқы болжамдар»

Қысқы болжамдарды білесіңдерме, қәне ойнайық

-«Түн аязды, тыныш және жұлдыздар аспанда,

Қатты аяз болғандықтан үйлердің түтіні тік шығып тұр...

-« Жел оң түстік жақтан, қар ұлпалары бар, аяз ақырындады... -Күндіз күн ашық болады

-« Балық мұз астында құйрықтарымен тарсылдатса қысқы күнде... - боран болады»

-«Әйнекте аяз оюлар салса, ағаштың бұтақтарында қырау болса..... -Күндер жылынады

-«Қыс қарлы болса... -Күн ашық, аязды болады

-«Қыс аязды болса... -Ұйытқып боран болады.

Дидактиқалық ойын: «Шатаспақ»

Мынау ненің құйрығы?

-Мынау ненің басы?

-Ненің көлеңкесі?

- Мақсаты: Қыстап қалған жануарлардың ерекшеліктеріне тоқталу, сурет бойынша әңгіме құрастыру ,ойлау қабілеттерің дамыту.

Шарты:балалар суреттерге қарап, ормандағы қателерін, тауып алып, дәлелдеу керек мысалы: «Қасқыр алақаның сорып жатыр»

- Ертегі орманда қандай қате көріп тұрсындар? - Қыста кірпі мен аю ұйықтау керек.

-Балалар, қандай аң өз іздерін сыпырып жүрген? - тиын тоқсары, қыста сұр болады.

-Түлкі аң аулауға қай уақытта шығады? -Түлкі аң аулауға түнде шығады.

-Ал, қыста ненің іздерін көрмейміз? -Аю, кірпі, борсықтың

-Кім біледі, аю алақаның неге сорады? -Аюдың алақанының тересі өзгеріледі, сондықтан ол оны солай жылытады

-Ал қандай аң із тастайды ?
Дидактиқалық ойын: «Ненің ізі»

Мақсаты:аңдардың іздерін тауып алып сызып көрсету

«Аңдарды қоректендірейік»

Мақсаты:жабайы аңдарды қорғауға тәрбиелеу, немен қоректендіретінін үйрету.

Шарты: Жабайы аңдардың суретімен қоректенетін тағкамдары салынған сәбіз, қырыққабат, шөп, алма, жидек, сүйек, бал балалар сызып қосу керек

Дидактикалық ойын: «Жыл құстары мен қыстайтын құстар»

Мақсаты:Жыл құстарды қыстайтын құстардан ажырату.

- Суретте қандай құстар көріп тұрсындар?

- Ал ол құстар қалай айтады?

- Басқа қандай қыстайтын құстарды білесіндер?

- Қайшыауыз қыста балапан шығарады.

Шарты: Үстел үстінде құстардың суретімен карточкалар, оларды ажыратуға үйрету, кыстайтын құстарды «ұлпақардың» астына, ал жыл құстарың «күннің қөзінің» астына апарып қояды.

Қыстайтың құстар: Суық торғай, шымшық, торғай, қарға, тоқылдақ, қайшыауыз



Дидактиқалық ойын: «Жиһазды қайда қоямыз?»

- Балалар, бұл жиһаздармен ойнауға болама?

-Неге?

Дидактикалық ойын «Неден жасалған?»

Мақсаты: Сұрақтар қойып отырып, олардың сапасы туралы білімдерін арттыру

Шарты:Көрнекті құралдармен жұмыс жасайды
Сөздік ойын « Не неден ?»

Кубизм әдісін қолданып

Керует... ағаштан

Орындық... пластмастан

Үстел... шыныдан

Кресло... ағаштан

Орындықтар... темірден

Шкаф... ағаштан



Дидактикалық ойын: «Шатаспақ»

Мақсаты: Үлгі бойынша жиһаздың бөлімдерімен таныстыру

Шарты: балалардың алдында шашылып жатқан ағаштан жасалған жиһаздары рет- ретімен қойуға көмектесейік.

-Ағаштан қандай жиһаз істедік?



Дидактиқалық ойын: «Ұста құралдары»

суреттер: ара, балта , балға, сүргі,бұрғымын

Мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.

Шарты:жиһаз жасайтын шаруа құралдарың басқа заттардың арасынан тауып алып сызып коршау .

Балалар, қалай ойлайсындар,жиһазды қандай шаруа құралдарымен жасайды?


Дидактикалық ойын: «Жиһазды әшекелейік».

Мақсаты: тірек сызбалар бойынша сөздік қорын молайту

Тірек сызбалар бойынша жұмбақ жасырып, жасырылынған затты атайық, жиһазды әшекелейік.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, жиһаз әдемі болу керек пе?

-Неге?


Дидактикалық ойын «Адамға киім керек пе, не үшін қажет?»

-Қуыршақ театры негізгі қуыршақ киімімен.



Мақсаты: Жыл мезгілдерінің белгілерін танып әр түрлі киімдер керек туралы білімдерін кеңейту

Шарты: Жыл мезгілдерінің белгілері бар карточкалар қойылады: « ұлпа қар», «күннің көзі», «жаңбыр».

Содан кейін денемізді жаңбырдан, суықтан және күнге күюден сақтану үшін керек киімдер суретін карточкаларды тауып көрсетеді.

-Мынау қандай белгі?

-Қай жыл мезгіліне жатады?

Қыста біз қандай киім киеміз?

Сенің киімің қалай аталады?

Карточкаларға карап, барлығы дұрыс көрсетті ме?
Дидактикалық ойын «Ол киімді кім киеді?»

Өртсөндірші, аспазшы, дәрігер, сатушы, полиция...т.№ киімдерінен маманыдқ иелерін табу,



Шарты: тәрбиеші жұмыс киімдердің моделін көрсетеді, балалар карап айтады және сараптайды .

-Мынау кім?

-Оны қалай білдіңдер?

-Неге өрт сөндірушінің киімі дәл осындай?

-Ол неден қорғайды?

-Ал аспазшының жұмысына халат не үшін қажет?

-Қалпақ?

-Жұмыс киімдерді жалпы қалай атауға болады?

- Арнайы жұмыс киімімен карточкаларды тауып көрсетіңдер.

-Бұл киіммен қандай маман жұмыс істейді?

Жұмыстан кейін әрдайым демалғымыз келеді.

-Сендер қалай демаласыңдар?

-Ал енді адамдар демалуға киетін киімдері бар карточкаларды табыңдар

-Мына киіммен қайда баруға болады?

-Қалай демаламыз?

-Мерекеге киетін киімді көрсетіңдерші

- біз қандай қызықты заттар туралы айттық?

Қарточкаларға карап, киімдер қандай белгі жасырынғанын табыңдар. (арнайы белгі)


Дидактикалық ойын «Артық зат»

Мақсаты:ойлау қабілеттерін, қол моторикаларың дамыту.

Шарты:Балалардың алдына киім кешек суретімен карточкалар қойылады, олар артық затты атайды, сызып тастайды.

Мысалы:-Бас киімдер ( орамал, тымақ, етік, қалпақ)

-Аяқ киімдер ( пима, ботенке, пальто, туфли)


Дидақтикалык ойын: « Мен модельер боламын»

Балалардың алдында ұл және қыз қуыршақтар олар әдемі, ыңғайлы киімдер киігілері келеді, мен сендердің модельер болуларыңды қалаймын.



Шарты: балалардың алдында түрлі-түсті киімдермен суреттер, фломастерларды алып, сызып көрсетеді.
«Дидактикалық ойын «Қайда киім тігеді?

Ателье, тігін фабрикасында

Мақсаты:Тігіншінің құрал жабдықтарың танып, атауға үйрету.

Шарты:әр түрлі заттардың арасынан тігіншінің құралын тауып алу қажет.
Дидактикалық ойын:"Бөліктерді құрастыр"

Мақсаты: Бөлшектерден сюжетті сурет құрастыруға машақтандыру.(отбасы суреті). кесінді суреттер

Балалар: Таңертең топ ішіне кірсем, топта....мен дайындаған суретті қыйып тастапты, міне қараңдар мына үлкен кесілген, қағаздар жатыр.

Балалар қалай ойлайсыңдар, олай істеуге болама? суретті қалай атаймыз?

Сөздік ойын: «Бұл кім?» жұмбақ шешу арқылы

-Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер кім туралы айтылғанын табыңдар.

«Ол өте мейірімді, ақ шашты, көзінің айналасында ұсақ әжімдері бар, дәмді тағамдар, тәтті нандар пісіреді, сендерге жылы қолғап тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді.

-Бұл кім?

- Оны қалай білдіңдер?

- Ал сендердің әжелерің не істей алады?

«Ол көзілдірік киеді, көп кітаптар оқиды, көптеген қызықты тарихи оқиғаларды біледі. Ол әжеге көмектеседі, дүкенге және базарға барады, зейнетақы алады, немерелеріне қарайласады.»

- Кім бұл?

- Ал сендердің аталарың қандай?

«Оны жер бетіндегі ең бірінші, ең әдемі сөзбен атайды. Ол сен үшін ең қымбат адам..»

-Бұл жұмбақ кім туралы?

Сендер өздеріңнің аналарыңды қандай мейірімді сөзбен атайсыңдар?

-Аналарың сендерді қалай еркелетеді?

«Ол салмақты да, байсалды, барлық бос уақытын - сендермен өткізеді: сендерді циркке апарады, демалыс кезінде барлық отбасын табиғатқа алып шығады»

-Бұл кім?

Дидактикалық ойын "Бұл кімге тиісті".

Мақсаты: Жоспары бойынша балаларды әңгіме құрауға үйрету, туысқандарды танып, атауға үйрету.
Дидактикалық ойын "Қай зат кімдікі".

Мақсаты: сөздік корларын молайту.

Шарты: мұнда балалар әжесіне, атасына, анасына, әкесіне, ағасына, апасына, әпкесіне тиісті затты тауып сызықпен қосу керек
Дидактикалық ойын: «Не істеу қажет?»

Мақсаты: Туыстарын сүйюге, құрметтеуге, мақтан етуге үйренуі қажет.

Балалар менің отбасым үнемі көңілді болғандай не істеу керек?



Шарты:Балалар қажетті сюжеті суреттерге қарап айтады.
Дидактикалық ойын: «Ыстық доп»

Мақсаты:Балалар жол ережелерін сактауға үйрету, бағдаршам көзінің маңызын айырып айту, ол не үшін қажет екенін үйрету.

Шарты:Тәрбиеші допты лақтырып, бағдаршамға қарап балалардан сұрайды. Сұрау барысында тәрбиеші бағдаршам түстерінің ағылшынша аудармасын да сұрайды.

-Қараңдаршы, бағдаршамның неше көзі бар?

-Бағдаршамның көздерінің түсі қандай?

-Қызыл - red, сары - yellow, жасыл - green

-Қызыл көзі жанғанда не істеу керек?

-Сары көзі жанғанда ше?

-Ал жасыл түсі жанғанда не істейміз?

-Жақсы, мынау не?


Дидактикалық ойын: «Көңілді бағдаршам»

Мақсаты: қол моторикаларын дамыту.

Шарты:Балалар бағдаршамды дұрыс бояу керек Дымбілмес , қарашы, қалай біздің балалар жұмбақ шешеді.
Дидактикалық ойын: « Не артық»

Мақсаты:Ойлау қабілеттерін дамыту, қол моторикаларын дамыту

Шарты: артық затты сызып тастайды, көліктерді ажырату.

Мысалы: машина, автобус, ұшақ, такси
Дидактикалық ойын: «Ауда, жерде, суда »

Мақсаты: Көлік түрлерін ажыратуға үйрету. Сөздік қорын молайту.

Керекті құрал жабдықтар: жол, теңіз, темір жолы, аспан бұлттарымен, әуежай, көліктердің суреттері.

Шарты:Топтын ішінде (жол, теңіз, темір жолы, аспан бұлттарымен, әуежай) тақта алдында қойылады.
Дидактикалық ойын: «Не болды, не өзгерді?»

Мақсаты:қар қиыршықтары бақылау жасауға үйрету: мұз қатты, тайғанақ, жылы жерде жылдам ериді

-Қар қиыршықтары,қандай?

2-Оны қысамыз, ол қандай?

3.-Ұстап тұрған қар қиыршықтары, саламыз алдындарындағы табақшаға, қолдарынды сүлгі алып

сүртеміз, артқа тығамыз.

-Табақша да не болды? Оның ішіне су қайдан пайда болды?

- Мұз бөлшектері неліктен еріді?

4.-Ал қазір қар қиыршықтары, табақшадағы , шыныдан жасалған мөлдір тегешке өте жылы сумен саламын, қорейіқ не болады?

5.-Ал енді маған қарандар, мен мұзды ұстадым, ол менің қолымнан тайғанап кетті, маған қиын ауыр оны ұстауғы, неге? ол қандай?

-Мұз ол қандай?

6.-Тегешке қарайық, қар қиыршықтары қайда, не болды?

-Біз оны қандай суға салдық?

-Мұз ол не?


,00000000,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,

-Қар жұмсақ, мұз... Катты

-Қар ақ, мұз... Мөлдір

-Қар жеңіл, мұз... ауыр

Балалар, біз дұрыс істедіқ Ақшақарды топта қалдырмай, Аяз атаға жіберіп. Неге дұрыс істедіқ?
Дидактикалық ойын: « Заттарды топтастыр»

Мақсаты: заттарды топтастыруға үйрету, бір сөзбен атауға, неүшін қажеттіғін білуі

Шарты:Үстінгі сөреге –ыдыстарды, ортанғы сөреге- құралдарды, астынғы с
Дидактикалық ойын: «Неден жасалған?»

Мақсаты: балалар заттарды атап, неден жасалған үшін қеректігін айтады

Кастрол... темірден , төгіледі,

Қасық... ағаштан , құйылады.

Тегеш... пластмастан, шытынайды,

Стакан... шыныдан, сынады,


Дидактикалық ойын « Ненің құралы?»

Мақсаты: Балаларға шаңсорғыш адамға не үшін қажет, пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру, баяғы, қазіргі замандағы нәрселерге қызушылықтарын арттыру

Шарты: ақылды заттармен суреттерден, балалар жетпейтін құралын тауып алады, мысалы: үтікте электро бау , теледидарда телеарнасы тұймесі жоқ,оны ойлап тауып фломастермен салады

-Балалар, кілемді не үшін тазарту керек?
Дидактиқалық ойын: «Бөлме гүл де не бар?»

Мақсаты: балалар гүлдің сабағын, жапырағын, гүлдерін тауып атай білуге үйрену.

Шарты: тәрбиеші көрсетіп суретте атайды, балалар карандашпен көрсетеді тірі бөлме гүлінде, ол қай жерде

Ал енді бальзамин- гүлді текше арқылы жинайық, текшенің басқа жақтарында ағаш ақ қайын, бақ-бақ гүлі, құлпынай
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы экран»

Мақсаты: балаларды заттардың қасиеттеріне байланысты топтастыруға үйрету

Шарты. Белгілерді түсінуге үйрету, заттарды салыстыруға, сараптауға үйрету

Мысалы: Тәрбиеші бірінші әйнекшеге заттын бейнесін орналыстырады. Бір отбасы» мүшелерін құрастыруға ұсынады, үлкен шеңбер, орташа, кішкентай т.с.
Мақсаты: Балалардың табиғатта болып жатқан маусымдық өзгерістер туралы білімдерін бекіту, жүйелендіру.

Шарты: Тақтада қалташалардың ішінде қар және жылғадан аққан судың; қар жауған аспан және жаңбыр жауған аспанның; мұз қатқан өзен және сең жүрген өзен; қар жамылған ағаш және бүршік жарған ағаштың; шанамен сырғанақ тепкен балалар және велосипед тепкен балалардың суреттері жұптасып тұрады.Тәрбиеші балалардан көктемді көріктендіру үшін қажетті суреттерді таңдап алуды сұрайды.Таңдап алу себебін сұрайды.

Дидактиқалық ойын: «Қайдан , қалай пайда болды?»

Мақсаты: Көктем мезгілінде табиғатта болатын құбылыстар туралы дүниетанымдарын кеңейту.

Шарты: Доппен шеңбер бойына тұрып сұрақтар қою арқылы ойынды жүргізеді. Допты алған бала сұраққа жауап береді.
Дидактиқалық ойын: «Бесік құралын табыңдар»

Мақсаты: Бесіктің құрал-жабдықтарының атауын меңгерту.

Шарты: Суреттердің ішінен бесіктің құрал жабдықтарын тауып, атын атау.

Дидактиқалық ойын: «Не, қалай қоректенеді»

Мақсаты: Құстардың қоректену ерешеліктері туралы түсініктерін молайту.

Шарты: Құстардың суретіне қарап, олардың іс-әрекеттері барысында немен қоректеніп отырғанын ажыратып айту.
Дидактиқалық ойын: «Дұрыс, дұрыс емес»

Мақсаты: Құстарға деген қамқорлық сезімдерін ояту, оларды күтіп баптауға тәрбиелеу.

Шарты: суретке қарап құстарға деген қарым-қатынастың қайсысы дұрыс, қайсысы дұрыс емес екенін айтады, себебін түсіндіреді.
Дидактиқалық ойын: «Не ұшады?»

Мақсаты: Жәндіктердің қозғалу ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.

Шарты:Жәндіктердің суреттерінің ішінен ұшатын жәндіктерді тауып, атайды, көрсетеді.
Дидактиқалық ойын: «Жасырынуға көмектес»

Мақсаты: Жәндіктердің қорғаныш түстерін ажыратуға үйрету. Мекен ету ортасы ерекшеліктерін үйрету.

Шарты: Жәндіктер кесіндісін түрлі түсті қағаз беттеріне сәйкестендіріп қондыру.

Дидактиқалық ойын: «Көргеніңді айт»

Мақсаты: Сарбаздардың бейбіт өмір кезіндегі әрекеттері туралы түсінік беру.

Шарты: Қима суреттерде бейнеленген әскери адамдардың жаттығуда немен айналысып жатқанын айтады, оны не үшін жасайтыны туралы өз ойын айтады.
Дидактиқалық ойын: «Көлігін тап»

Мақсаты: Әскер түрін , көлігін және киімімен таныстыру.

Шарты: Алдын –ала балаларға шартты белгілер айтылып өтеді: көк түс-теңіз, жасыл түс- жер, ашық көгілдір түс- аспан)

Балалардан алдарында жатқан көліктерді тиісті жерге орналастырып қою сұралады. Балаларға стол үстінде әскер түрлеріне қарай киінген сарбаздар кескіні дайындалып қойылады.Сарбаздардың әрқайсысын өз көлігіне отырғызады.


Дидактиқалық ойын: «Барлаушылар»

Мақсаты: Байқағыштықты, зейінді дамыту.Әскер туралы алған білімдерін бекіту.

Шарты: Тәрбиеші тақырыпқа сәйкес суреттерді бір-бірлеп шамамен 10 секунд ұзақтықта балалардың көз алдында ұстап тұрады. Суретті алып тастап не көргендерін, мазмұнын сұрайды.
Дидактиқалық ойын: «Су кімге қажет?»

Мақсаты: Судың тіршілік көзі екендігіне көз жеткізу, онсыз өмір жоқ екендігін түсіну.

Шарты: Үлестірмелі суреттер және магнитті тақта қолданылады.Су және оған қатысты тіршілік иелерін анықтау.Не үшін қажет екендігін айту.
Дидактиқалық ойын: «Қашан, қандай?»

Мақсаты: Жыл мезгіліне байланысты табиғаттағы судың өзгеріске ұшырауы туралы білімдерін бекіту.

Шарты: Жеке карточкаларға табиғатта кездесетін су көздерінің әр жыл мезгіліндегі күйі бейнеленген суреттері беріледі (жаңбыр, мұз сүңгісі, бұршақ, қар, мұз, т.б) балалар жыл мезгілдеріне қарай табиғатта судың қандай түрде кездесетінін айтады, топтастырады.


«Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойындар арқылы дамыту»


Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. «Логика» ұғымына түсінік



  1. Негізгі мақсаты.



  1. Мектеп жасына дейінгі баланың логикалық тұрғыдан дамуына

ойын арқылы ықпал жасау.

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Баланың жас ерекшелігін ескере отырып қазақ тілінен түрлі логикалық тапсырмалар беру арқылы, білімнің беріктігін қамтамасыз ету, баланың шығармашылық қабілетін дамыту, интелектуалдық деңгейін көтеру. 


«Логикалық тапсырмалар» баланың жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар баланың интеллектуалдық деңгейін көтереді. 
Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да тәрбиеші балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, оқу іс – әрекетінде бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. 
Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады. 
Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі. 
Психолог – ғалымдар: Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. 
Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектері жарық көрді. 
Жоғарыдағы авторлардың пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз: 
• барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру; 
• ойлау белсенділігін, өз беттілігін дамыту. 
«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский. 
Мектеп жасына дейінгі баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді. 
Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ:

«Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек». 


Баланың логикалық ойлауы арқылы тілін дамыту үшін , тәрбиешіге оның ториясын терең білу міндеті жүктеледі. 
Логикалық ойлауды дамытудың кестесі арқылы тіл дамыту жолдарының кестесін жасауға болады.

  Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда сұрақтардың алатын орны ерекше. Сондықтан балаға қойылатын сұрақ жүйелі, әрі түсінікті болу керек.Сұрақтар қоя білу қиялдаудың ең жоғарғы сатысы және нәтежелі ойда негізгі рөл атқарады. Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін, жинақтаған тәжірбилерін өз бетінше іс жүзіне асырады .Сондықтан ойын балалар үшін өзіне тән жүру барысымен, мақсатымен маңызды. Міне, осыдан баланың логикалық ойын қиялдау қабілеті шыңдалады, дамиды. Бұл қазіргі заманға өте қажет.Өйткені, бұл компьютер ғасыры.

Баланы болашақ өмірге, белсенді еңбекке даярлауда, оның ақыл-ойы, адамгершілік-эстетикалық сезімдерін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруда –балаға құрметпен қарау қажет.

Бүлдіршіндердің логикалық ойлау қабілетін дамытуда қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын ойын арқылы үйретудің математикалық диктант жазудың , заттарды әр-түрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың , ауызша есеп шығарудың ,көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың жұмбақтар жаттаудың маңызы өте зор. Біздің балабақшаның тәрбиешілері логикалық ойлау қабілеттерін жоғарлатуда.

Логика - дүниені тану тарихының нәтижесі, жиынтығы, қорытындысы. Логика ғылымында жаңаша әдістерді жетілдіру, адамның дүниетанымын барынша өрістету басты мәселе болып саналады. Логика ғылымы адамдардың сан ғасырғы тарихи тәжірибесінің жемісі.

Бұл ғылым адамдардың өмір сүру қызметінің әр түрлі салалары үшін аса маңызы бар әлеуметтік тарихи қүрылым. Бүл логикалық ойлау ғылымы көптеген басқа ғылымдармен байланысады. Философиямен, психологиямен, жоғарғы нерв қызметі, физиологиямен, кибернетикамен, математикамен байланысын зертгейді.Логика - талқылау кезіндегі ойдың дүрыс қүралуын зерттейтін ғылым. Еінші сұрақта формалды және диалектикалық логика туралы түсініктердің мазмүнын анықтаудан бастау керек. Формалды және диалектикалық логиканың ерекшеліктеріне, айырмашылықтарына тоқталған жөн. Формалды логика жаңа білімдерді қорытып шығарудың заңдарын қарастырады. Формалды логика білімнің қүрылымдық жағын жеке-жеке көрсетуге, олардың элементтерінін формалды байланыстарына көңіл аударады.



  1. «Логика» ұғымына түсінік

Білім берудің басты мақсаты-үнемі өзгеріп тұратын әлеумет жағдайына қарай өсіп келе жатқан ұрпақты даярлау.Өзгермелі өмірге қарай балаларды бейімдеуде білім мен тәрбиемен қаруландыру білім беру үрдесінің негізгі кілті болып табылады.Логикалық ойлау әдістерін меңгермеген балада,білім саласында көп қиындыққа ұшырайды: есептерді шығаруда,жаттығуларды орындауда көп уақытын және күшін жоғалтады.Нәтижесінде денсаулығы әлсірейді,оқуға деген құлшынысы төмендейді.Бала логикалық операцияларды меңгергенде,анық және дәл ойлай алады,амалды орындауда неге мән беру қажеттілігін түсінеді,өзінің дұрыстығы туралы пікірін білдіре алады.Білімді меңгеру оңайға соғады, мектеп бала үшін қуаныш әкеледі.

Логикалық тәсілдер-салыстыру,талдау,жіктеу,дәлелдеу әртүрлі іс-әрекеттерде қолданылады.Білім берудің мұнай құндылығы күнде артып келеді.Мұның дәлелі ретінде компьютерлік білім сауаттылығы, логиканың теориялық негізін құрайды. Бұл жөнінде адамдық ойлаудың түрлі бағыттары бойынша:

Сократ,Аристотель,Декарт,Гегель,М.Берцфаи,М.Монтессори,Ж.Пиаже,П.П.Блонский,Л.С.Выготский,П.Я.Гальперин,В.В.Давыдов,А.В.Запорожец,Г.С.Костюк,А.Н.Леонтьев,А.Р.Лурия,А.И.Мещеряков,Н.А.Менчинская,Д.Б.Эльконин,Н.Н.Семёнов,Б.М.Кедров,Н.В.Григорян,Л.М.Фридма,Н.А.Подгорецкая және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Логика ғылым ретінде дүниеге келіп,қалыптасқан отаны Ежелгі Грекия деп саналады , ал оның негізін салған ертедегі грек философы Аристотель оны «ойлаудың грамматикасы»деп атаған екен.Ежелгі Грекияда логика саласындағы ғылыми зерттеулерді алғаш бастаған Демокрит.Сондай-ақ Ежелгі Грекия идеалистері Сократ пен Плотон да айналысты.Бірақ , олардың ешқайсысы да логика ғылымын жасай алмады.Тек бұл міндетті Аристотель іске асырды.

Логика гректің logos – «ойлау», «сөз», «ақыл-ой», «заңдылық» деген ұғымдарды білдіретін кең мазмұнды сөзінен шыққан.Осыған сәйкес «логика» термині,негізінен,мынадай үш мағынада қолданылады: 1) шындық дүниедегі заттар мен құбылыстардың заңдылықтарын білдіру үшін; 2) ойлаудың дәйектілігін, айқындылығын,дәлелділігін білдіру үшін; 3) логика ғылымы-ойлау логикасының теориялық,ғылыми бейнесі ретінде қолданылады.

Логиканың материалистік негіздерін зерттеуде ХVII ғасырдағы озат ойшыл,ірі ғалымдардың бірі Ф.Бэконның еңбектерінде маңызды рөль атқарды.Ол «ұқсастық әдісі», «айырмашылық әдісі», «ұқсастық пен айырмашылықтың біріккен әдісі», «бірге болатын өзгерістер әдісі», «қалдықтар әдісі» деп аталған ғылыми-индукцияның бес әдісін жасап берді.

Бір жүйеге келтірілген диалектикалық логиканы тұңғыш рет Гегель жасады.Ал,диалектикалық логиканы жасаған К.Маркс пен Ф.Энгельс болды.Логикалық сөйлемдерді геомитриялық фигуралар арқылы түсіндіру әдісі И.Г.Ламберг және Б.Больцано еңбектерінде кездеседі.Сөйтіп ,логикалық мәселелерді шешуде математика әдістерді қолдану кеңінен таралды.Қазақстанда логиканың дамуына академик А.Д.Тайманов зор үлес қосты.Ол логиканың ойлау формаларын(ұғым,пікір,ойқорытынды)зерттеп,олардың мәнін ,түрлерін,арақатынастарын,олармен операциялар жасаудың тәртібін ашып,оларға тән ережелер мен түпкілікті ойлау заңдарын саралады.Мұнда дәстүрлі логиканың қойған мәселелерін шешу үшін символдар тілі,математикалық әдістер,логикалық есептеулер қолданылады.Бұлайша қарастыру ойлаудың жаңа заңдылықтарын ашуға,ойлау процесін автоматтандыруға,сөйтіп,осыған негізделген жаңа техника мен технологияны жасауға жағдай жасайды.Қазіргі кезде логика,негізінен ,үш бөлімнен (пайымдаулар теориясы,математика және логикалық методология)тұратын ,жан-жақты тармақталған ғылымға айналды.

Ә.Тұрғынбаевтың анықтамасында «Логика дегеніміз-ойлауды дұрыс құрудың заңдары мен формалары,ережелері туралы,философиялық ғылым» делінген.Ойлау дегеніміз – ең алдымен шындық дүниесінің адам миында бейнеленуі болып табылады.



  1. Негізгі мақсаты мен зерттеу пәні:

Логика ұғымы объективті дүниенің, шындықтың даму заңдылықтарын бейнелеу мағынасында да қолданылады. Кең мағынада Логика ойлаудың ғана емес, болмыстың да байланыстарын көрсетеді, бұл жағынан ол онтологиямен сабақтас. Ойлау мен таным қатар жүретіндіктен Логика таным теориясымен (гносеологиямен) байланысады. Логика философияның негізгі бөлігі болып табылады, өйткені философия “оймен басталып, оймен жалғасады, сондықтан оны кейде “ойлау туралы ойлау” деп анықтайды.

Логикалық ойлаудың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыстың себептері мен салдары, ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Пікір алмасу кезінде, әсіресе математикалық тұжырымдар кезінде пайымдау,ойлау заңдылықтарын немесе былайша айтқанда сол заңдылықтар мен формалары жөніндегі ғылым- логиканың көмегімен бір пікірден екінші пікірді шығарамыз. Логикалық тұжырым теориясының ең алғаш грек философы Аристотель негізін қалаған.

Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап айтылған. Мектепалды даярлық топ балалардың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі. Бұл кезде балалардың ойлары нақты – бейнеліден абстрактылы – логикалық ойлауға қарай дамиды. Логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар балаларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай - ақ балаларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.


  1. Мектеп жасына дейінгі баланың логикалық тұрғыдан дамуына ойын арқылы ықпал жасау.

Баласын жан-тәнімен сүйетін ата-ананың міндеті – бөбегін таным жолына жетелей отырып, оның өздігінен әрекет жасау құқығын қуаттай білу, үнемі жетіліп отыруына мүмкіндік беретін орта қалыптастыру болып табылады. 
    Ондай орта, әрине, ұжымдық орта. Балалар өздеріне ұнаған ойыншықтарымен, ата-анасымен, бауырлары, сыныптастарымен бірлесіп ойнау арқылы, қиялдарға беріліп, қызығушылығы артады. Қиялдау арқылы шығармашылық әрекеттерге қадам жасайды. 
    Бала ең алғаш мектепке келген кезде, біршама уақыт өзінің ойыншықтарын, бірге ойнаған достарын ұмыта алмай ойы соларға бөлініп жүретіні түсінікті жай.

Балабақшада баланың логикасын дамытуды жеделдететін, нақты геометриялық пішіндермен айлалы әрекеттер жасай отырып абстракты математикалық тұжырымдамаларды қабылдауына ықпал ететін жаңа мазмұндағы ойыншықтармен ойната отырып оқытқан жағдайда оның мектеп өміріне қызығушылығы арта түседі.

Бұл ретте қоғамдық тәрбиенің негізін салушы бүкіл саналы өмірін балабақша тәрбиелеріне «әрбір бала - өзінің мүмкіндіктеріне жету үшін лайықты білім беруді күтетін бірегей тұлға» - деп өз бағдарламаларын үйретуден жалықпаған Фридрих Фребельдің материалдарынан жасалған, көз жауын аларлықтай алуан түсті, экологиялық таза, ағаштан жасалынған математика, информатика пәндеріне арналған геометриялық фигуралар, ұшбұрыш, төртбұрыш, ромб, трапеция, ірі-майда дөңгелек айшықтар мен ұзын, қысқа кесінділерден т.б., бір комплектіде 14 бөліктен тұратын оқыту кезінде ойын элементтерін қолдануға ыңғайлы ойыншықтарды ұсынады. Геометриядан фигуралардан жұлдызшалар жануарлар, зәулім ғимараттар құрастыруда матемаикалық логиканың даму процесін жылдамдатуға логикалық ойлауды жүйелеумен бірге, логикалық операциялар сияқты негізгі ұғымдарды модельдеуге ықпалы зор. В. Давыдовтың «Балабақша баласының психологиялық даму» еңбегінде: «Оқыту үрдісіндегі балалардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру өзіндік мақсат емес, ол – белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының бірі» делінген.

«Ойлау логикалық заңдылықтары мен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» - дейді В. Кириллова.

Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар балаларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ балаларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.

Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:



  • Қызығушылығын арттыру;

  • Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;

  • Шығармашылық ізденісін дамыту.

Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатына негізделген дәріс моделін құрастыруға болады.

Мұндай сабақтардың құрылысы 4 кезеңнен тұрады:



  1. Машық. Сергіту;

  2. Балалардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психологиялық механизмдерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау);

  3. Іздену тапсырмаларын орындату;

  4. Балаларға белгілі түсінікпен жаңалықты көруге тәрбиелеу, мақсатында логикалық тапсырмаларды орындату.

Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:

  1. Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар

  2. Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар.



  1. Көру қабілетін дамытатын ойындар.





Жамауды таңдап ал.



Келесі тұратын суретті таңдап және орнына қой.



Көлеңкесін тап.



  1. Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар.

Математикалық жұмбақтар.

Неше алма?

«Бес» алған Асанға –

Бес алма.

«Төрт» алған Досанға –

Төрт алма.

«Үш» алған Хасанға –

Үш алма.


«Екі» алған Болатқа –

Неше алма?

(2)

Інісі мен досын



Сыйлау үшін Қасым

Алма сатып алды.

Әрқайсысына:

Інісімен досына,

Өзіне 1 алмадан болды.

Ол неше алма сатып алды? (3)



Өлең есептер.

Күн шуақтап күшік отыр,

Құйрығын күнге қыздырып.

Жанына бір күшік келіп,

Отыра қалды жылынып.

(1+1=2)


Асан жеді бір кәмпит,

Үсен жеді бір кәмпит.

Қосқан кезде барлығын,

Болады екен неше кәмпит?

(1+1=2)

Екі шаршы Саматта,



Біреуі көрші Маратта.

Бұл шаршыны балалар,

Кәні, қосып санаңдар!

(2+1=3)


Осындай тапсырмалар орындау барысында балалардың субъектілік алғы шарты туындайды:

1. Оқу іс – әрекетіне деген қызығушылығы артады;

2. Ой-өрісі дамиды;

3. Шығармашылық пен дарындылық пайда болады.

Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар мен жаттығулар орындатудың маңызы зор.

Баланың логикалық ойлауы ой әрекетінде, білімді меңгеру, тіл үйрену үстінде дамиды. Балалардың ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан балалардың шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында ойлау операцияларын жүзеге асыру тәсілдеріне үйрету қажет. Балалардың ойлауын дамыту ойлау операцияларын меңгеруіне байланысты. Ендеше, балаларға тапсырмалар бергенде таңдауға, жинақтауға, салыстыруға, топтауға арналған тапсырмалар логикалық ойлауын дамытатындай болуы керек.

Мысалы, сөздік-логикалық ойлаудың дамуына мынандай жаттығулар көмектеседі: «Артығын анықта» әдістемесі. Баланың маңызды бөліктерді бөліп көрсету, жалпылай білу дағдысын көрсетеді. Тапсырманы сурет не заттай немесе жазбаша түрде ұсынуға болады.

Сонымен қатар ойлау әрекетін дамытатын тәсілдерді ойын түрінде қолдануға болады. Мысалы,«Керісінше айт» ойыны. Бұл ойында қарама-қарсы мағыналы сөздерді өткенде пайдалану тиімді. Мысалы, толық- жіңішке, қара-ақ, ыстық-суық, бос-толы, т.б.

Осы сияқты әртүрлі жаттығуларды тәрбиеші ретін тауып оқу үрдісінде қолдана білсе, оқыту түрленеді, оның тиімділігі артады, балалардың ақыл-ойы жетіле түседі. Балаларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссе, сонда логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды. Осындай тапсырмалар, әдетте, тосын, болжауға келмейтін және қарапайым болады. Балалар мұндай тапсырмаларды зор ықыласпен орындайды және өздігінен анализ жасауға үйреніп, өз жұмыстарының қорытындыларын жалпылауға, салыстыруға дағдылана бастайды.

Мен балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мынандай талаптарды басшылыққа алдым:



  • Оқу іс - әрекетіне балаларды түгелдей қамту;

  • Жеке дара қасиеттерін ескере білу;

  • Іс-әрекетке қызықтыра білу.

Құрылған тапсырмалар мазмұны жағынан бір- біріне ұқсамайды. Бұл баланың ой - өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге де үйретіп, әрі оны жалықтырмайды. Әр сабақ сайын тапсырмаларды қиындатамын, көлемі көбейген сайын тапсырмаларды орындау жылдамдығы да артады.

Оқу іс – әрекетінде тапсырмалардың мынадай түрлерін өз тәжірибемде пайдаланып жүрмін:



  1. «Бір сөзбен ата» әдістемесі

  2. «Не артық» әдістемесі

  3. «Суреттерді есте сақта» әдістемесі

  4. «Қисынсыздықтар» әдістемесі

  5. «Суретте қандай заттар жасырылған» әдістемесі

  6. «Айырмашылықтарын тап» әдістемесі

  7. « Мына суреттерде не жетіспейді?» әдістемесі

  8. «Белгілерді қой» әдістемесі

«Бір сөзбен ата» әдістемесі

Мақсаты: осының арқасында оларды бір топқа біріктіруге болатын заттардың өзара қарапайым байланыстарын анықтау икемділектерін, сондай-ақ баланың заттардың жинақтаушы атауын меңгеру деңгейін анықтау.

Тапсырманың сипаттамасы: балаға бір топқа жататын 3 сурет, мысалы,сәбіз,қияр,қызанақтың суреті ұсынылады.Бала берілген суретті жинақтаушы бір ұғымммен атауы тиіс.

«Не артық» әдістемесі

Мақсаты: белгілі бір топқа жататын нысандарды жіктеу,оған сәйкес келмейтін «артық» нысанды шығарып тастау.

Тапсырма: балаға бір топқа жататын заттар және осы заттардың тобына жатпайтын бір зат бейнеленген карточкалар ұсынылады.Оларды қарап көрген бала 1 «артық» суретті алып тастауы тиіс.

«Суреттерді есте сақта» әдістемесі

Мақсаты: бейнені есте сақтау ерекшеліктерін үйрену және оларға диагностика жасау.

Тапсырма: балаға бетіне 5 заттың суреті бейнеленген карточка ұсыналады.Ол бұл заттарды 1 минут ішінде қарап көруі тиіс.Осыдан кейін карточканы алып қойып, баладан өзінің есінде қалған суреттерді атап беру талап етіледі.

Дұрыс аталған бейнелердің санына қарай нәтижелерге баға қойылады.



«Қисынсыздықтар» әдістемесі

Мақсаты: қоршаған әлем туралы, олардың арасындағы қисынды байланыстар туралы қарапайым бейнелік түсініктердің даму деңгейін анықтау.Баланың қисынды ойлау және өз ойын грамматикалық дұрыс білідіру икемділіктерін анықтау.

Тапсырманың сипаттамасы: балаға әрқайсысында қисынсыз жағдайлар бейнеленген бір суреттен көрсетеді.Суретті қарап көру кезінде бала, шамамен мынадай мазмұндағы нұсқаулық алады: «Мына суретке зер сала қарап, онда ненің теріс бейнеленгенін және оның шындығында қалай болуы керектігін айт,өз жауабыңды түсіндір»

«Жыл мезгілдері» әдістемесі

Мақсаты: қарапайым бейнелік түсініктердің даму деңгейін бағалау.

Тапсырма: балаға суретті көрсетіп,оған мұқият қарауды және осы суреттің әрбір бөлігінде жылдың қай мезгілі бейнеленгенін айтуын сұрайды.Осы тапсырманы орындауға бөлінген 2 минут уақыт ішінде ол тиісті жыл мезгілін атап қана қоймастан,сондай-ақ өзінің шешімін дәлелдеуге тиіс болады, яғни өзінің неге осылай ойлайтынын түсіндіруі,өзінің ойынша суреттің осы бөлігінде жылдың басқа бір мезгілі емес , нақ осы мезгілі бейнеленгенін көрсетуі тиіс.

«Суретте қандай заттар жасырылған» әдістемесі

Мақсаты: кескіні бойынша бейненің тұтас қабылдануын (ұғынуын) анықтау.

Тапсырма:балаға заттардың кескіні бейнеленген сурет ұсынылады.Онда қандай заттардың (барлығы бесеуі бейнеленген) жасырғанын анықтау керек.

«Айырмашылықтарын тап» әдістемесі

Мақсаты: заттарды өзара салыстыру тәсілдерін меңгеру деңгейін анықтау.

Тапсырма: бала 2 суретке зер сала қарап ,олардың өзара айырмашылақтарын (барлығы 5 айырмашылық бар) атап көрсетуі қажет.

« Мына суреттерде не жетіспейді?» әдістемесі

Мақсаты: қабылдау (ұғыну) тұтастығын анықтау.

Тапсырманың сипаттамасы: балаға кейбір заттың бір бөлігі жетіспейтіндей етіп бейнеленген суреттер тобы ұсынылады және жетіспейтін бөлікті мүмкіндігінше тез анықтап, оны атау жөнінде тапсырма беріледі.Диагностика жүргізуші баланың бүкіл тапсырманы орындауға жұмсаған уақытын белгілейді.

«Белгілерді қой» әдістемесі

Мақсаты: зейіннің нәтижелілігі мен орнықтылығын анықтау.

Тапсырманың сипаттамасы: балаға суретті көрсетіп,онымен қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіреді. Бұл жұмыстың реті мынадай: әрбір шаршыға,үшбұрышқа,шеңберге және ромбыға үлгінің жоғарғы жағында берілген белгіні қою керек.Бала тапсырманы 2 минут уақыт ішінде үзіліссіз орындайды.

«Кімге не жетіспейді?» әдістемесі

Мақсаты: ойлаудың психологиялық диагностикасы.

Тапсырманың сипаттамасы: балаға ұсынылатын карточкада бейнеленген балалардың әрқайсысына бір зат жетіспейді.Ал оларға жетіспейтін зат жеке суреттерде бейнеленген.Суреттегі әрбір затты ол жетіспейтін суретпен салыстыру керек.Орындау уақыты-30 секунд.

Әр тапсырманың өзіндік қызметі мен нәтижесі баланың қабілетін қалыптастыра отырып, дамытуға үлес қосары сөзсіз.

Өткен оқу жылы мен былтырғы оқу жылының қорытындыларын салыстырғанда балалардың логикалық ойлау қабілеттерінің деңгейінің өскенін, кейбір балалардың жағдайлары өте жақсы көтерілгені байқалды.

Қорыта айтсам, оқу-тәрбие үрдісінде балалардың ойлау процестерін дамыту үшін жоғарыда ұсынылған логикалық тапсырмалар, тренингтік жаттығуларды ұйымдастыру қажет. Сондай-ақ, тренингтік жаттығулар бала білімінің деңгейін көтеріп қана қоймай, бір-бірімен жақындастырып, достыққа, адамгершілікке, еңбекке тәрбиелейді; жүйелі ойлап сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға, қиялын ұштауға жетелейді.



Қорытынды

    


Қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді  жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды – деп ой түйіндейміз.

Баланы өмірге келген шағынан бастап денсаулығына зиянсыз, дамуына мүмкіндік жасай алатын, шығармашылығы мен танымдық қабілеті дамуына ықпал ететін орта құру бүгінгі күннің басты талабы. Баланы қоршаған ортасы, оның интелектуалды өсуіне, алған білімін өмірде қолдана білуіне ықпал етіп, айналадағылармен дұрыс байланыс жасауға үйрететін орта болуы тиіс.

Сонымен, сананың құрылысы мен психикалық қызметтердің барлық түрлерінін дамып жетілуіндегі өзекті мәселесі сананық даму деңгейі. Бұл мәселе баланың әр алуан іс-әрекеттері мен ақыл-ойының дамуымен де өзектес екендігін айқын көрсетіп отыр. Ойлау процесіне қатысты мұңдай зерттеулер ілгеріден келе жатқан ойлау жайындағы жорамалдарды тәжірибе жүзінде зерттеп, олардың шындығын ашып көрсетуге жетелер деп санаймын. Бала әрбір нәрсенің мәміне ой жүгіртіп түсінетін болады. Үйреншкті әрекеттері ён мінез-құлығындағы ерекшеліктерін танып біледі. Мұның бәрі баланың ойлау деңгейінің өсіп жетілуіне қолайлы жағдай тудыратын қажет факторлар деп білеміз. Педагогика ғылымының да алдына қоятын мақсаттарының бірі осы бала ойынын дамып жетілуін қамтамасыз ету.
Баланың даму кезендеріндегі ақыл-ойының өсуі мен жетілуі оның ғылым негіздерін қандай деңгейде меңгере білуіне жол ашып береді. Сөйтін бала өзінің өмір тәжірибесі мен ішкі жан дүниесінің дамуына да ой жүгіртіп, оны өзі бақылап басқара алатындай қабілетке ие болатыны сөзсіз.

Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да тәрбиеші балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.



Қолданылған әдебиеттер:


  1. [Білім заңы]

  2. [Сиқырлы пішіндер мен сандар 2003 ж]

  3. [Логика және информатика элементтері бар математика 2012 ж]

  4. [Балалардың мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларының негізгі мазмұнын игеру және меңгеру сапасын бағалау және өлшеу әдістемесі 2011 ж]

  5. [Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын технологияларын пайдалану әдістемесі 2014 ж]

  6. [Мектепке дейінгі балалардың ойлауын дамытушы технологиялар әдістемелік құрал 2014 ж]

  7. [Бала мен балабақша №9 2013 ж]

  8. [Мектептегі психология №5, 2011 жыл]

  9. [Мектептегі психология №1 2009 жыл]

 


  • Начальные классы

Описание:


«Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойындар арқылы дамыту»

Жоспар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет