7
Тәрбиеші:
|
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар! Бүгінгі 1 маусым әлем балаларын қорғау күні мерекесімен құттықтаймыз!
Зор үміт күтеді сендерден ел,
Табысталды өздеріңе кең-байтақ жер.
Ата-бабам қалдырған мол байлыққа
Боп қалатын болашақ мұрагерлер.
|
Тәрбиеші:
|
Жас бөбектер, сендерге арналады,
Бүгінгі мерекенің салтанаты.
Жас бөбектер, сендерге сыйланады,
Өмірдің ең керемет мархабаты.
|
Ән:
|
«Әрқашан күн сөнбесін!»
|
Ильяс:
|
Бала адамның бауыр еті,
Бауыр еті, жүрегі.
Бүгін сәби бөбектер –
Елдің ертең тірегі.
|
Аяулым:
|
Бақшамызда бүгін ұзақ ойнайық,
Балаларды қорғау күнін тойлайық!
Алақай-ау, алақай,
Той тойлайық балақай!
|
Жәнібек:
|
Біз сүйеміз бейбіт күнді,
Бейбіт күнде туғанбыз.
Біздің өмір күндей нұрлы,
Бақыт құшақ ұланбыз.
|
Ұлбосын:
|
Гүлмен келсін келер күн,
Бала бағы бар елдің.
Балалардың күлкісі,-
Көркі, сәні әлемнің!
|
Азамат:
|
Біз бақытты баламыз,
Әсемдеп сурет саламыз.
Қорғайды бізді күллі әлем
Әлпештеп ата-анамыз.
|
Аяна:
|
Бүгінгі мейрам, шаттанатын ел шағы,
Әуелетіп бейбітшілік салшы әнін.
Бүкіл бала достық биін билейік
Қол ұстасып, қоршап алып жер шарын.
|
Айгерім:
|
Ар-нысан бір, үні бір,
Аға ардақты, іні гүл.
Бақыт туын көтерсін,
Балалардың күні бұл.
|
Б. Әсел:
|
Балабақша – базарлы үй,
Ауылдағы ажарлы үй.
Шаттығы бар шуақты,
Өз үйіміз сияқты.
|
Азиза:
|
Біз бақытты баламыз,
Би билеп, ән саламыз.
Құс болып қанат қағамыз
Міне, былай, қараңыз...
|
Назым:
|
Біз бақытты баламыз,
Түрлі өнер табамыз.
От боп лаулап жанамыз,
Міне, былай, қараңыз...
|
Би:
|
«Балауса»
|
Жансая:
|
Парасат пен ізгіліктің бар әні,
Алаңдатпай сәби сүйген ананы.
Қатігездік, безбүйректік, өктемдік,
Жауыздықтан қорғау керек баланы.
|
Бекзат:
|
Ауру, апат, жоқшылықтан, аштықтан,
Жалқаулықтан, жат қылықтан, мастықтан.
Балаларды қорғау керек, ажыратпай
Ойын-күлкі, ұйқысынан, шаттықтан.
|
Бірғаным:
|
Адамдарға адамдардың оғы ұшқан,
Қорғау керек балаларды соғыстан.
Болашақтың, барша ұлттың тағдыры
Балалардың тағдырымен тоғысқан.
|
Костя:
|
Біз бақытты баламыз,
Үлкеннің тілін аламыз.
Оларға көмектесеміз,
Келгенінше шамамыз.
|
А. Әсем:
|
Біз бақытты баламыз,
Өссін деп ой-санамыз.
Үлкендерден үйреніп,
Үлгі-өнеге аламыз.
|
Санжар:
|
Біз бақытты баламыз,
Балабақшаға барамыз.
Құрбылармен танысып,
Ойнап асыр саламыз.
|
Ақниет:
|
Біз бақытты баламыз,
Қағаз-қалам аламыз.
Тәрбиешіміз үйреткен
Әріптерді жазамыз.
|
Жүргізуші:
|
Балалар, бүгін біз «Балаларды қорғау күнімен» қатар Қонжық досымыздың туылған күнін тойлауға жиналып отырмыз. Сендер мерекеге әдемі киініп, ойыншықтарыңды ала келгендерің қандай жақсы болған.Ойыншықтарыңды жақсылап жайғастырыңдар, олар біздің көңілді ән-биімізді тамашаласын.
|
Би:
|
«Хлопайте в ладоши»
|
Жүргізуші:
|
Қандай көңілді! Бірақ туылған күн иесі Қонжық қайда?
(Сахнаға жүгіріп Қалайы Сарбазтай шығады.)
|
Қалайы Сарбазтай:
К. Нұрдаулет.
|
Сәлеметсіңдер ме, мен Қалайы Сарбазтаймын. Менде балаларға арналған жеделхат бар.
|
Жүргізуші:
|
Жеделхат? Кімнен болды екен? Оқысаңшы тезірек!
|
Қалайы Сарбазтай:
К. Нұрдаулет.
|
(Жеделхатты оқиды) Диас мен туралы мүлдем ұмытып, балабақшаға кетіп қалды. Ал, жауыз сиқыршы Қиратқыш мені өзінің сарайына алып кетіп, мені сындырып тастаймын деп қорқытып жатыр. Көмектесіңдер! Қонжық.
|
Жүргізуші:
|
Балалар, не істесек екен? Біз мерекеге жиналған едік, енді қызып жатқанда, мына жеделхаттың келгенін қараңдаршы. Не істейміз? Көңіл көтереміз бе, әлде Қонжықты құтқарамыз ба?
|
Балалар:
|
Қонжықты құтқарамыз.
|
Қалайы Сарбазтай:
К. Нұрдаулет.
|
Жарайсыңдар, балалар! Қонжық сендердің оны қиын сәтте тастамайтындарыңды білді.
|
Жүргізуші:
|
Енді, біз Қиратқыштың сарайына апаратын жолды қалай табамыз?
|
Қалайы Сарбазтай:
К. Нұрдаулет:
|
Мен сендерге көмектесемін.
(Кенет, Қиратқыш шыға келеді. Белінде сынған ойыншықтар және екі үрмелі шар байланған, ол білдірмей шарларды жарып тастайды.)
|
Қиратқыш:
|
А-А-А! Ұсталдыңдар ма! Фу, қандай ұсқынсыз ойыншықтар! Барлығы таза, күтіп ұсталынған. Қазір сындырып, қиратып тастаймын!!!
|
Жүргізуші:
|
Жоқ, Қиратқыш, балалар өз ойыншықтарын сындыруға бермейді.Қане, балалар, ойыншықтарыңды құшақтарыңа алыңдаршы. (Қиратқыш балалардың айналасында ойыншықтарға жетуге тырысып, жүгіріп жүреді.)
Балалар, қане сиқырлы сөздерімізді айтайықшы.
|
Балалар:
|
Қиратқыш, тез бұл жерден кет,
Барлық ойыншықтар керемет!
|
Қиратқыш:
|
Тұра тұрыңдар, менің сарайыма келген кездеріңде естеріңе салармын әлі. (Жұдырығын көрсетеді.)
|
Жүргізуші:
|
Бар, бар, кетсеңші енді. Балалар, бізге Қонжықты құтқаруға көмектесетін көп достар табылады деп ойлаймын. Міне, Қалайы Сарбазша бізге жолды көрсетеді. Ал, біз ол жаққа немен барамыз?
|
Паравоз:
Сұлтан.
|
Мен, ойыншық Паравозбын! Мен бір сәтте сендерді Қиратқыштың сарайына жеткізіп саламын. Қане, балалар, жеткенше ән айтып барайық. Әнді қаншалықты көңілді айтсақ, соншалықты тезірек жетеміз.
|
Ән:
|
«Паравоз»
|
Қалайы Сарбазтай:
К. Нұрдаулет.
|
Міне, Қиратқыштың сарайы. Бірақ, мен не естіп тұрмын? Мынау не?
(Балалардың алдынан ойыншықтар: Қуыршақ, Қоян, түлкі жылап шығады)
|
Қуыршақ:
Шапағат.
|
Бізді Қиратқыш ұстап алып, сындырып тастады. Бізге тек қана мейірімді Перизат пен дос-тату балалар ғана көмектесе алады.Бірақ, біз оларды қалай табуды білмейміз. (Жылайды.)
|
Жүргізуші:
|
Дос-тату балалар, ол, біздерміз. Ал мейірімді Перизатты табуға біз көмектесеміз. Біз көппіз, егер біз бар дауысымызбен оны шақырсақ, ол бізді есітіп келеді.
|
Балалар:
|
Мейірімді Перизат, қайдасың?
(Музыка естіліп, мейірімді Перизат келеді.)
|
Перизат:
Аида.
|
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені шақырдыңдар ма? Не болып қалды?
|
Шұғыла:
|
Мейірімді Перизат, Қиратқыш мына ойыншықтарды сындырып және біздің досымыз Қонжықты өзінің сарайында ұстап отыр. Біздің достарымызды құтқаруға көмектесші.
|
Перизат:
Аида.
|
Жарайды, мен сендерге Қиратқыштың сарайына кіруге көмектесейін. Бірақ, мен сендердің дос-тату балалар екендеріңе және Қонжық пен басқа да ойыншықтарға көмектескілерің келетініне сенімді болуым керек. Тек қана дос-тату балалар ғана Қиратқышты жеңіп шыға алады.
|
Жүргізуші:
|
Құрметті Перизат! Біз, дос-тату балалар екендігімізді дәлелдеуге дайынбыз!
|
Перизат:
Аида.
|
Жарайды, егер дайын болсаңдар, «Тату доспыз, бәріміз!» атты эстафета өткізейік.
(Балаларды 2 командаға бөлу. Үрленген шарды белгіленген жерге дейін жүгіріп келіп, келесі ойыншыға тапсыру.)
|
Жүргізуші:
|
Жарысқа бәрің дайынсыңдар ма? Бастаңдар!
|
Перизат:
Аида.
|
Ой, жарайсыңдар! Келесі тапсырма қиынырақ: сынған ойыншықтарды жөндеуіміз керек. Бұл тапсырманы кім орындай алар екен?
(Жүргізуші жөнделген ойыншықтарды бәріне көрсетіп, балаларға рахметін айтады)
|
Жүргізуші:
|
Балалар, қараңдаршы, неткен түнерген көрініс. Бұл Қиратқыштың сарайы ғой.
|
Перизат:
Аида.
|
Міне, сарайға да жетіп келдік. Енді, Қиратқышты жеңіп, досымызды құтқаруымыз керек.
(Сарайының терезесінен Қиратқыш қарайды.)
|
Қиратқыш:
|
Кім ол мені жеңбекші болып жатқан? Ә-ә, сендер екенсіңдер ғой.
Сендерде не бар дейсің? Ал, менің үлкен, зәулім сарайым бар.
|
Жүргізуші:
|
Ал, біздің өзіміз өмір сүріп жатқан тамаша балабақшамыз бар. Біз сенен қорықпаймыз. Керек десең ән айтып, би билейміз.
|
Би:
|
«Полька»
|
Ән:
|
«Балабақша бағында!»
|
Қарға:
Диас.
|
Әндерің қандай тамаша! Неткен көңілді, тату балалар! Мен дана Қарғамын. Осы арада көп жыл отырсам да, әлі бір де бір жылы сөз естімеппін.
|
Жүргізуші:
|
Балалар, қане дана Қарғамен амандасайықшы.
|
Балалар:
|
Сәлеметсіз бе, дана Қарға!
|
Қарға:
Диас.
|
Қандай әдепті балалар. Мен сендерге көмектесемін. Қиратқыштың сарайын құлату үшін, біз оның үш сиқырлы тапсырмаларын орындауымыз керек. Ол тапсырмалар сиқырлы парақтарда жазылған. Мен оның екеуін тауып тығып қойғанмын, ал үшіншісін таба алмадым. Қиратқыш өте залым, ол өте қиын тапсырма ойлап табуы мүмкін, егер қорықсаңдар, оқымай-ақ қояйын.
|
Балалар:
|
Жоқ, біз қорықпаймыз, оқыңыз.
|
Қарға:
Диас.
|
Жарайды, онда тыңдаңдар.
1-тапсырма: «Достық туралы өлеңдер»
|
Мейірімжан:
|
Біз балдырған бағында,
Тұрамыз өте көңілді.
Көп болсақ та достықпен,
Өткіземіз өмірді.
|
Сымбат:
|
Я люблю свой детский сад,
В нем полным-полно ребят.
Может сто их, может двести?
Хорошо когда мы вместе!
|
Б. Айша:
|
Дос дегенің өмірдегі тірегің,
Дос дегенің кеудеңдегі жүрегің.
Егер досың адал ниет жан болса
Орындалар армандаған тілегің.
|
Нұрбақыт:
|
Екі деген – екі дос,
Бірін-бірі қимайтын.
Артық кемді етпей сөз,
Бірін-бірі сыйлайтын.
|
Камила:
|
Достығымыз жарасқан,
Ақпыз, қоңыр, сарымыз.
Қара жер мен көк аспан,
Ортақ дала, тауымыз.
|
Дәулетбек:
|
Ортақ жұпар ауамыз,
Ортақ жарық күніміз.
Достық - туған анамыз,
Жердің қызы-ұлымыз.
|
Ерасыл:
|
Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен дос-бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
|
Арай:
|
Біз бақытты баламыз,
Ақпыз, сары, қарамыз.
Тату-тәтті достармыз,
Қыл өтпестей арамыз.
|
Қарға:
Диас.
|
Жарайсыңдар, балалар! Енді екінші тапсырма: «Достық шеңбері»
|
Ән:
|
«Настоящий верный друг!»
|
Қарға:
Диас.
|
Алақай! Жарайсыңдар, балалар! Енді, тағы бір тапсырма қалды. Ал, үшінші парақ менде жоқ. Қиратқыш келмей тұрып тез іздейік.
(Барлық балалар парақты іздейді. Қиратқыш парақты тапқан баладан оны тартып алуға тырысады, бірақ балалар оған жол бермейді, парақты Қарғаға тапсырады.)
|
Қарға:
Диас.
|
Сарайдың ең биік мұнарасында шар ілулі тұр. Ол шар ұшуды өте жақсы көретін, ал сиқыршы оны мұнараға байлап қойды. Оны шешіп алып, 1 минут ауада үрлеп, ұстап тұруларың керек, сонда Қиратқыштың сиқыры күшін жояды.
(Балалар шарды үрлеп ауада ұстап тұрады. Қиратқыштың сарайы құлап, өзі қашып кетеді, балалар сарайдан Қонжықты алып шығады.)
|
Қонжық:
Абылай.
|
Балалар, мені Қиратқыштан құтқарғандарың үшін сендерге үлкен рахмет.
|
Шұғыла:
|
Қонжық, біз сенің туылған күніңе келдік, құр қол келген жоқпыз, ойыншықтарымызды да алып келдік. Сыйлыққа торт алып келдік.
|
Перизат:
Аида.
|
Балалар, менде бір ұсыныс бар. Қонжыққа өздеріңнің дайындаған ән-билеріңді сыйлаңдар.
|
Қонжық:
Абылай.
|
Балалар, мен сендердей достарымның болғанын мақтан тұтамын. Сендерге мені Қиратқыштан құтқаруға не көмектесті?
|
Балалар:
|
Достық.
|
Би:
|
«Қонжық және балалар!»
|
Ритмика:
|
«Веселый хоровод!»
|
Тәрбиеші:
|
Баршамызды бал тілімен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата-ананың арманы мен тілегін
Бала емес пе, бал бұлақтан жалғайтын.
|
Тәрбиеші:
|
Иә, рас, бала болған бәрі де,
Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезді еске алып отырсақ
Сол емес пе, тіршіліктің мәні де
|
Қоршаған ортамен таныстыру бөлімінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің дидактикалық ойындары
Ортаңғы топтарындағы таным білім беру саласы
қоршаған ортамен таныстыру бөлімінің
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
дидактикалық ойындары
«Сәлеметсіз бе, мынау менің тобым»
Дидактикалық ойын: «Не көрдің, не білдің?»
Мақсаты: Тұрмыстық заттар мен топ бөлмесінің жиһаздары мен ойыншықтарды дұрыс қолдану ептіліктерін жетілдіру және салыстыруға үйрету.
Шарты: Экскурсияда не көргендерің естеріне түсіріп айтып беру керек. Заттарды өз ара салыстырып беру керек.
Дидактикалық ойын: «Кімнің құралы?»
Мақсаты: Балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру.
Құралдар: балалабақша қызметкерлерінің жұмысына араналаған құралдар
Шарты: Балалардың алдында кескінді ұсақ суреттер жатады.
Тапсырма: Тәрбиеші балабақша қызметкерлерінің суреттерін көрсете отыра балалардан олардың жұмыстарына керекті құралын тауып беруін талап етеді.
Дидактикалық ойын «Болады болмайды»
Мақсаты: Ойлау қабілеттерін дамыта отыра сөздік қорын молайту.
(балалар шеңберде тұрады)
Балалар мен сеңдерге қала көшелеріңде не істеуге болады, болмайтының туралы сұрақтар қоямын.
Балалар жауаптарың қолындағы жалаушамен көтеріп жауап береді.
Көшені бағдаршамның қызыл көзі жанғанда?
Гүлзардағы гүлдерді жұлуға?
Гүлзардағы өсіп тұрған гүлге сүйсініп қарау.
Ағаш пен гүл отырғызу?
Кәмпиттің қағазын жерге тастау?
Жаяу жүргінші жолмен бағдаршамның жасыл көзі жанғанда өтуге?
Қоғамдық орындарында бақырып, шулауға?
Адамдармен әдепті түрде әңгімелесу?
Дидактикалық ойын: «Адамдар мен көлік жүргізушілері»
Мақсаты: бададардың есте сақтау қабілеттері мен зейіндерін одан ары қарай дамыту.
Шарты: Балаларды екі топқа бөліп, бірі адамдар, бірі көлік жүргізущілері болады. Арнай баскиім масқалары киіледі.Тәрбиеші бақылаушының рөлін атқарады. Тәрбиешінің белгісімен (екі рет қоңырау соғады) адамдар тротуармен, жаяу жүргінші жолымен жүреді. Ал көлік жүргішілер аялдамада тұрады.
Тәрбиешінің белгісімен (бір рет қоңырауға соғады) адамдар тоқтайды, көлік жүргішілер жүреді.
(аялдама не екенің түсіндіреді)
Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?»
Мақсаты: сөздік қорын толықтыра отыра, шапшандылыққа баулу.
Шарты: сұрақтар қойылып балалар жауап береді.
«Күзгі» деп нені айтуға болады?
Күзді неге жомарт күз деп айтады?
Күзде егістікті жинайды деп түсіндіріп суретін көрсетеді
Күзде нелер ұшып кетеді?
Күзде неге ағаштарда жапырақтар азаяды?
Күзде не жиі болады?
Күзде жие жауын-шашын болады деп суреттерді көрсетіп түсіндіреді
Дидактикалық ойын: «Ағашты тап»
Мақсаты:Балалардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, ағаштардың атауын анық айтуға үйрету.
Құралдар: Шырша, қайың , емен, терек
Шарты:Үстел үстіне төрт өсімдіктердің шырша, қайың , емен, терек, олардың жапырақтарының сүреттерін қояды. Жапырақтарына қарай ағаш түрін тауып алу керек.
Дидактикалық ойын: «Дауысынан таны»
Мақсаты: Тыңдау, есті қабілеттерің одан ары қарай жетілдіру.
Құралдар: Таспаға жазылған құстардың дауыстары (торғай, сауысқан, тоқылдақ, көгершін,)
Шарты: таспа қосылып құстардың дауыстары кезек-кезек қойылады. Балалар таныс құстарды естеріне түсіріп, атауын айтып беру керек. Тәрбиеші дұрыс табылған құстын суретін тақтаға қояды.
Дидактикалық жаттығу: «Зейінді бол»
Мақсаты: тыңдау, есту қабілеттерің одан ары қарай жетілдіру.
Шарты: Тәрбиеші дала құстары туралы жұмбақтап айтып отырады, балалар қандай құс туралы байқап алда жатқан тиісті суретті көтеріп көрсетеді.
Дидактикалық ойын «Айтшы қандай?»
Мақсаты: Балаларды заттын белгілерін анықтауға үйрету
Шарты: Тәрбиеші (немесе бала) коропшаның ішінен, заттарды алып шығады, балалар заттын атауы мен белгісін айтады
Дидактикалық ойын: «Кім көп айтады?»
Мақсаты: Балалардың қызығушылықтарын дамыта отыра, сөздік қорын молайту.
Құралдар: жануарлардың суреттері мен мекендеп жүрген суреттері, өнімдері «сут, май, айран, ірімшік, сүзбе, құрт)
Шарты: балалар екі топқа бөлініп: бірі жануарлардың қайда мекендеп, немен көріктеніп жүретінің айтып суреттер (ұсақ) арқылы жауаптарын дәлелдейді. Екіншілері сурет арқылы жануарлардың адамға бере пайдасымен өнімдері туралы суреттер (ұсақ) арқылы жауап беріп түсіндіреді.
Дидактикалық ойын: «Төлін тауып бер»
Мақсаты: Үй жануарлары мен олардың төлдерінің ажыратуға үйрету.
Құралдар: Үй жануарлары мен төлдерінің кесінкі лото карточкалары.
Шарты: Әр баланың алдында үй жануарлардың суреті жатады. Үстелдің ортасында үй жануарларының төлдері.
Тапсырма: Жануарлар (балалармен бірге атап шығады) күнде жайлауға, өріске шағады, төлдері үйде (қорада) қалады. Төлдері ойнап жүргенде шатасып кетті. Төлдерді еңелеріне тауып қою керек. Жауабын түсіндіреді.
Тақырып: «Аппақ, аппақ бәрі аппақ» Қар қандай
Сөздік ойын "Қар қандай ?"доп арқылы
Тәрбиеші допты лақтырып қарға байланысты сөздер айтқызады, қар туралы. Балалар допты ұстап алып айтады,балалардың жауабы: әдемі, үлпілдек, ақ, суық керемет, мамық, жылтыр,тамаша, жабысқақ, дымқыл.
Дидактикалық ойын: «Салыстыр неге ұқсайды»
Қар үлпілдек…… мақта сияқты, ұлпа сияқты
Қар жұмсақ…. төсек сияқты, көрпе сияқты
Қар нәзік … жібектей
Жел тікенекті…. мұздай
Жел суық…. шыныдай
Мұз жылтыр…. жұлдыздай, жалындай, жаңа сауған сүттей
Ұлпақкарлар айналады… мұз сүңгісіндей, балмұздақтай
Қар ериді… баладай, бүлдіршіндей жылайды
Мұз сүңгісі…
Дидактикалық ойын: «Қысқы болжамдар»
Қысқы болжамдарды білесіңдерме, қәне ойнайық
-«Түн аязды, тыныш және жұлдыздар аспанда,
Қатты аяз болғандықтан үйлердің түтіні тік шығып тұр…
-« Жел оң түстік жақтан, қар ұлпалары бар, аяз ақырындады… -Күндіз күн ашық болады
-« Балық мұз астында құйрықтарымен тарсылдатса қысқы күнде… — боран болады»
-«Әйнекте аяз оюлар салса, ағаштың бұтақтарында қырау болса….. -Күндер жылынады
-«Қыс қарлы болса… -Күн ашық, аязды болады
-«Қыс аязды болса… -Ұйытқып боран болады.
Дидактиқалық ойын: «Шатаспақ»
Мынау ненің құйрығы?
-Мынау ненің басы?
-Ненің көлеңкесі?
— Мақсаты: Қыстап қалған жануарлардың ерекшеліктеріне тоқталу, сурет бойынша әңгіме құрастыру ,ойлау қабілеттерің дамыту.
Шарты:балалар суреттерге қарап, ормандағы қателерін, тауып алып, дәлелдеу керек мысалы: «Қасқыр алақаның сорып жатыр»
— Ертегі орманда қандай қате көріп тұрсындар? — Қыста кірпі мен аю ұйықтау керек.
-Балалар, қандай аң өз іздерін сыпырып жүрген? — тиын тоқсары, қыста сұр болады.
-Түлкі аң аулауға қай уақытта шығады? -Түлкі аң аулауға түнде шығады.
-Ал, қыста ненің іздерін көрмейміз? -Аю, кірпі, борсықтың
-Кім біледі, аю алақаның неге сорады? -Аюдың алақанының тересі өзгеріледі, сондықтан ол оны солай жылытады
-Ал қандай аң із тастайды ?
Дидактиқалық ойын: «Ненің ізі»
Мақсаты:аңдардың іздерін тауып алып сызып көрсету
«Аңдарды қоректендірейік»
Мақсаты:жабайы аңдарды қорғауға тәрбиелеу, немен қоректендіретінін үйрету.
Шарты: Жабайы аңдардың суретімен қоректенетін тағкамдары салынған сәбіз, қырыққабат, шөп, алма, жидек, сүйек, бал балалар сызып қосу керек
Дидактикалық ойын: «Жыл құстары мен қыстайтын құстар»
Мақсаты:Жыл құстарды қыстайтын құстардан ажырату.
— Суретте қандай құстар көріп тұрсындар?
— Ал ол құстар қалай айтады?
— Басқа қандай қыстайтын құстарды білесіндер?
— Қайшыауыз қыста балапан шығарады.
Шарты: Үстел үстінде құстардың суретімен карточкалар, оларды ажыратуға үйрету, кыстайтын құстарды «ұлпақардың» астына, ал жыл құстарың «күннің қөзінің» астына апарып қояды.
Қыстайтың құстар: Суық торғай, шымшық, торғай, қарға, тоқылдақ, қайшыауыз
Дидактиқалық ойын: «Жиһазды қайда қоямыз?»
— Балалар, бұл жиһаздармен ойнауға болама?
-Неге?
Дидактикалық ойын «Неден жасалған?»
Мақсаты: Сұрақтар қойып отырып, олардың сапасы туралы білімдерін арттыру
Шарты:Көрнекті құралдармен жұмыс жасайды
Сөздік ойын « Не неден ?»
Кубизм әдісін қолданып
Керует… ағаштан
Орындық… пластмастан
Үстел… шыныдан
Кресло… ағаштан
Орындықтар… темірден
Шкаф… ағаштан
Дидактикалық ойын: «Шатаспақ»
Мақсаты: Үлгі бойынша жиһаздың бөлімдерімен таныстыру
Шарты: балалардың алдында шашылып жатқан ағаштан жасалған жиһаздары рет- ретімен қойуға көмектесейік.
-Ағаштан қандай жиһаз істедік?
Дидактиқалық ойын: «Ұста құралдары»
суреттер: ара, балта , балға, сүргі,бұрғымын
Мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.
Шарты:жиһаз жасайтын шаруа құралдарың басқа заттардың арасынан тауып алып сызып коршау .
Балалар, қалай ойлайсындар,жиһазды қандай шаруа құралдарымен жасайды?
Дидактикалық ойын: «Жиһазды әшекелейік».
Мақсаты: тірек сызбалар бойынша сөздік қорын молайту
Тірек сызбалар бойынша жұмбақ жасырып, жасырылынған затты атайық, жиһазды әшекелейік.
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, жиһаз әдемі болу керек пе?
-Неге?
Дидактикалық ойын «Адамға киім керек пе, не үшін қажет?»
-Қуыршақ театры негізгі қуыршақ киімімен.
Мақсаты: Жыл мезгілдерінің белгілерін танып әр түрлі киімдер керек туралы білімдерін кеңейту
Шарты: Жыл мезгілдерінің белгілері бар карточкалар қойылады: « ұлпа қар», «күннің көзі», «жаңбыр».
Содан кейін денемізді жаңбырдан, суықтан және күнге күюден сақтану үшін керек киімдер суретін карточкаларды тауып көрсетеді.
-Мынау қандай белгі?
-Қай жыл мезгіліне жатады?
Қыста біз қандай киім киеміз?
Сенің киімің қалай аталады?
Карточкаларға карап, барлығы дұрыс көрсетті ме?
Дидактикалық ойын «Ол киімді кім киеді?»
Өртсөндірші, аспазшы, дәрігер, сатушы, полиция…т.№ киімдерінен маманыдқ иелерін табу,
Шарты: тәрбиеші жұмыс киімдердің моделін көрсетеді, балалар карап айтады және сараптайды .
-Мынау кім?
-Оны қалай білдіңдер?
-Неге өрт сөндірушінің киімі дәл осындай?
-Ол неден қорғайды?
-Ал аспазшының жұмысына халат не үшін қажет?
-Қалпақ?
-Жұмыс киімдерді жалпы қалай атауға болады?
— Арнайы жұмыс киімімен карточкаларды тауып көрсетіңдер.
-Бұл киіммен қандай маман жұмыс істейді?
Жұмыстан кейін әрдайым демалғымыз келеді.
-Сендер қалай демаласыңдар?
-Ал енді адамдар демалуға киетін киімдері бар карточкаларды табыңдар
-Мына киіммен қайда баруға болады?
-Қалай демаламыз?
-Мерекеге киетін киімді көрсетіңдерші
— біз қандай қызықты заттар туралы айттық?
Қарточкаларға карап, киімдер қандай белгі жасырынғанын табыңдар. (арнайы белгі)
Дидактикалық ойын «Артық зат»
Мақсаты:ойлау қабілеттерін, қол моторикаларың дамыту.
Шарты:Балалардың алдына киім кешек суретімен карточкалар қойылады, олар артық затты атайды, сызып тастайды.
Мысалы:-Бас киімдер ( орамал, тымақ, етік, қалпақ)
-Аяқ киімдер ( пима, ботенке, пальто, туфли)
Дидақтикалык ойын: « Мен модельер боламын»
Балалардың алдында ұл және қыз қуыршақтар олар әдемі, ыңғайлы киімдер киігілері келеді, мен сендердің модельер болуларыңды қалаймын.
Шарты: балалардың алдында түрлі-түсті киімдермен суреттер, фломастерларды алып, сызып көрсетеді.
«Дидактикалық ойын «Қайда киім тігеді?
Ателье, тігін фабрикасында
Мақсаты:Тігіншінің құрал жабдықтарың танып, атауға үйрету.
Шарты:әр түрлі заттардың арасынан тігіншінің құралын тауып алу қажет.
Дидактикалық ойын:"Бөліктерді құрастыр"
Мақсаты: Бөлшектерден сюжетті сурет құрастыруға машақтандыру.(отбасы суреті). кесінді суреттер
Балалар: Таңертең топ ішіне кірсем, топта….мен дайындаған суретті қыйып тастапты, міне қараңдар мына үлкен кесілген, қағаздар жатыр.
Балалар қалай ойлайсыңдар, олай істеуге болама? суретті қалай атаймыз?
Сөздік ойын: «Бұл кім?» жұмбақ шешу арқылы
-Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер кім туралы айтылғанын табыңдар.
«Ол өте мейірімді, ақ шашты, көзінің айналасында ұсақ әжімдері бар, дәмді тағамдар, тәтті нандар пісіреді, сендерге жылы қолғап тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді.
-Бұл кім?
— Оны қалай білдіңдер?
— Ал сендердің әжелерің не істей алады?
«Ол көзілдірік киеді, көп кітаптар оқиды, көптеген қызықты тарихи оқиғаларды біледі. Ол әжеге көмектеседі, дүкенге және базарға барады, зейнетақы алады, немерелеріне қарайласады.»
— Кім бұл?
— Ал сендердің аталарың қандай?
«Оны жер бетіндегі ең бірінші, ең әдемі сөзбен атайды. Ол сен үшін ең қымбат адам..»
-Бұл жұмбақ кім туралы?
Сендер өздеріңнің аналарыңды қандай мейірімді сөзбен атайсыңдар?
-Аналарың сендерді қалай еркелетеді?
«Ол салмақты да, байсалды, барлық бос уақытын — сендермен өткізеді: сендерді циркке апарады, демалыс кезінде барлық отбасын табиғатқа алып шығады»
-Бұл кім?
Дидактикалық ойын "Бұл кімге тиісті".
Мақсаты: Жоспары бойынша балаларды әңгіме құрауға үйрету, туысқандарды танып, атауға үйрету.
Дидактикалық ойын "Қай зат кімдікі".
Мақсаты: сөздік корларын молайту.
Шарты: мұнда балалар әжесіне, атасына, анасына, әкесіне, ағасына, апасына, әпкесіне тиісті затты тауып сызықпен қосу керек
Дидактикалық ойын: «Не істеу қажет?»
Мақсаты: Туыстарын сүйюге, құрметтеуге, мақтан етуге үйренуі қажет.
Балалар менің отбасым үнемі көңілді болғандай не істеу керек?
Шарты:Балалар қажетті сюжеті суреттерге қарап айтады.
Дидактикалық ойын: «Ыстық доп»
Мақсаты:Балалар жол ережелерін сактауға үйрету, бағдаршам көзінің маңызын айырып айту, ол не үшін қажет екенін үйрету.
Шарты:Тәрбиеші допты лақтырып, бағдаршамға қарап балалардан сұрайды. Сұрау барысында тәрбиеші бағдаршам түстерінің ағылшынша аудармасын да сұрайды.
-Қараңдаршы, бағдаршамның неше көзі бар?
-Бағдаршамның көздерінің түсі қандай?
-Қызыл — red, сары — yellow, жасыл — green
-Қызыл көзі жанғанда не істеу керек?
-Сары көзі жанғанда ше?
-Ал жасыл түсі жанғанда не істейміз?
-Жақсы, мынау не?
Дидактикалық ойын: «Көңілді бағдаршам»
Мақсаты: қол моторикаларын дамыту.
Шарты:Балалар бағдаршамды дұрыс бояу керек Дымбілмес , қарашы, қалай біздің балалар жұмбақ шешеді.
Дидактикалық ойын: « Не артық»
Мақсаты:Ойлау қабілеттерін дамыту, қол моторикаларын дамыту
Шарты: артық затты сызып тастайды, көліктерді ажырату.
Мысалы: машина, автобус, ұшақ, такси
Дидактикалық ойын: «Ауда, жерде, суда »
Мақсаты: Көлік түрлерін ажыратуға үйрету. Сөздік қорын молайту.
Керекті құрал жабдықтар: жол, теңіз, темір жолы, аспан бұлттарымен, әуежай, көліктердің суреттері.
Шарты:Топтын ішінде (жол, теңіз, темір жолы, аспан бұлттарымен, әуежай) тақта алдында қойылады.
Дидактикалық ойын: «Не болды, не өзгерді?»
Мақсаты:қар қиыршықтары бақылау жасауға үйрету: мұз қатты, тайғанақ, жылы жерде жылдам ериді
-Қар қиыршықтары,қандай?
2-Оны қысамыз, ол қандай?
3.-Ұстап тұрған қар қиыршықтары, саламыз алдындарындағы табақшаға, қолдарынды сүлгі алып
сүртеміз, артқа тығамыз.
-Табақша да не болды? Оның ішіне су қайдан пайда болды?
— Мұз бөлшектері неліктен еріді?
4.-Ал қазір қар қиыршықтары, табақшадағы , шыныдан жасалған мөлдір тегешке өте жылы сумен саламын, қорейіқ не болады?
5.-Ал енді маған қарандар, мен мұзды ұстадым, ол менің қолымнан тайғанап кетті, маған қиын ауыр оны ұстауғы, неге? ол қандай?
-Мұз ол қандай?
6.-Тегешке қарайық, қар қиыршықтары қайда, не болды?
-Біз оны қандай суға салдық?
-Мұз ол не?
Дидактикалық ойын: «Қарама-қарсы»
Мақсаты:сөздіқ корларын молайту
Шарты: Балалар ойын арқылы айтып береді не білгендерің карама-қарсы сөздерімен
-Қар жұмсақ, мұз… Катты
-Қар ақ, мұз… Мөлдір
-Қар жеңіл, мұз… ауыр
Балалар, біз дұрыс істедіқ Ақшақарды топта қалдырмай, Аяз атаға жіберіп. Неге дұрыс істедіқ?
Дидактикалық ойын: « Заттарды топтастыр»
Мақсаты: заттарды топтастыруға үйрету, бір сөзбен атауға, неүшін қажеттіғін білуі
Шарты:Үстінгі сөреге –ыдыстарды, ортанғы сөреге- құралдарды, астынғы с
Дидактикалық ойын: «Неден жасалған?»
Мақсаты: балалар заттарды атап, неден жасалған үшін қеректігін айтады
Кастрол… темірден , төгіледі,
Қасық… ағаштан , құйылады.
Тегеш… пластмастан, шытынайды,
Стакан… шыныдан, сынады,
Дидактикалық ойын « Ненің құралы?»
Мақсаты: Балаларға шаңсорғыш адамға не үшін қажет, пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру, баяғы, қазіргі замандағы нәрселерге қызушылықтарын арттыру
Шарты: ақылды заттармен суреттерден, балалар жетпейтін құралын тауып алады, мысалы: үтікте электро бау , теледидарда телеарнасы тұймесі жоқ,оны ойлап тауып фломастермен салады
-Балалар, кілемді не үшін тазарту керек?
Дидактиқалық ойын: «Бөлме гүл де не бар?»
Мақсаты: балалар гүлдің сабағын, жапырағын, гүлдерін тауып атай білуге үйрену.
Шарты: тәрбиеші көрсетіп суретте атайды, балалар карандашпен көрсетеді тірі бөлме гүлінде, ол қай жерде
Ал енді бальзамин- гүлді текше арқылы жинайық, текшенің басқа жақтарында ағаш ақ қайын, бақ-бақ гүлі, құлпынай
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы экран»
Мақсаты: балаларды заттардың қасиеттеріне байланысты топтастыруға үйрету
Шарты. Белгілерді түсінуге үйрету, заттарды салыстыруға, сараптауға үйрету
Мысалы: Тәрбиеші бірінші әйнекшеге заттын бейнесін орналыстырады. Бір отбасы» мүшелерін құрастыруға ұсынады, үлкен шеңбер, орташа, кішкентай т.с.
Мақсаты: Балалардың табиғатта болып жатқан маусымдық өзгерістер туралы білімдерін бекіту, жүйелендіру.
Шарты: Тақтада қалташалардың ішінде қар және жылғадан аққан судың; қар жауған аспан және жаңбыр жауған аспанның; мұз қатқан өзен және сең жүрген өзен; қар жамылған ағаш және бүршік жарған ағаштың; шанамен сырғанақ тепкен балалар және велосипед тепкен балалардың суреттері жұптасып тұрады.Тәрбиеші балалардан көктемді көріктендіру үшін қажетті суреттерді таңдап алуды сұрайды.Таңдап алу себебін сұрайды.
Дидактиқалық ойын: «Қайдан , қалай пайда болды?»
Мақсаты: Көктем мезгілінде табиғатта болатын құбылыстар туралы дүниетанымдарын кеңейту.
Шарты: Доппен шеңбер бойына тұрып сұрақтар қою арқылы ойынды жүргізеді. Допты алған бала сұраққа жауап береді.
Дидактиқалық ойын: «Бесік құралын табыңдар»
Мақсаты: Бесіктің құрал-жабдықтарының атауын меңгерту.
Шарты: Суреттердің ішінен бесіктің құрал жабдықтарын тауып, атын атау.
Дидактиқалық ойын: «Не, қалай қоректенеді»
Мақсаты: Құстардың қоректену ерешеліктері туралы түсініктерін молайту.
Шарты: Құстардың суретіне қарап, олардың іс-әрекеттері барысында немен қоректеніп отырғанын ажыратып айту.
Дидактиқалық ойын: «Дұрыс, дұрыс емес»
Мақсаты: Құстарға деген қамқорлық сезімдерін ояту, оларды күтіп баптауға тәрбиелеу.
Шарты: суретке қарап құстарға деген қарым-қатынастың қайсысы дұрыс, қайсысы дұрыс емес екенін айтады, себебін түсіндіреді.
Дидактиқалық ойын: «Не ұшады?»
Мақсаты: Жәндіктердің қозғалу ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.
Шарты:Жәндіктердің суреттерінің ішінен ұшатын жәндіктерді тауып, атайды, көрсетеді.
Дидактиқалық ойын: «Жасырынуға көмектес»
Мақсаты: Жәндіктердің қорғаныш түстерін ажыратуға үйрету. Мекен ету ортасы ерекшеліктерін үйрету.
Шарты: Жәндіктер кесіндісін түрлі түсті қағаз беттеріне сәйкестендіріп қондыру.
Дидактиқалық ойын: «Көргеніңді айт»
Мақсаты: Сарбаздардың бейбіт өмір кезіндегі әрекеттері туралы түсінік беру.
Шарты: Қима суреттерде бейнеленген әскери адамдардың жаттығуда немен айналысып жатқанын айтады, оны не үшін жасайтыны туралы өз ойын айтады.
Дидактиқалық ойын: «Көлігін тап»
Мақсаты: Әскер түрін , көлігін және киімімен таныстыру.
Шарты: Алдын –ала балаларға шартты белгілер айтылып өтеді: көк түс-теңіз, жасыл түс- жер, ашық көгілдір түс- аспан)
Балалардан алдарында жатқан көліктерді тиісті жерге орналастырып қою сұралады. Балаларға стол үстінде әскер түрлеріне қарай киінген сарбаздар кескіні дайындалып қойылады.Сарбаздардың әрқайсысын өз көлігіне отырғызады.
Дидактиқалық ойын: «Барлаушылар»
Мақсаты: Байқағыштықты, зейінді дамыту.Әскер туралы алған білімдерін бекіту.
Шарты: Тәрбиеші тақырыпқа сәйкес суреттерді бір-бірлеп шамамен 10 секунд ұзақтықта балалардың көз алдында ұстап тұрады. Суретті алып тастап не көргендерін, мазмұнын сұрайды.
Дидактиқалық ойын: «Су кімге қажет?»
Мақсаты: Судың тіршілік көзі екендігіне көз жеткізу, онсыз өмір жоқ екендігін түсіну.
Шарты: Үлестірмелі суреттер және магнитті тақта қолданылады.Су және оған қатысты тіршілік иелерін анықтау.Не үшін қажет екендігін айту.
Дидактиқалық ойын: «Қашан, қандай?»
Мақсаты: Жыл мезгіліне байланысты табиғаттағы судың өзгеріске ұшырауы туралы білімдерін бекіту.
Шарты: Жеке карточкаларға табиғатта кездесетін су көздерінің әр жыл мезгіліндегі күйі бейнеленген суреттері беріледі (жаңбыр, мұз сүңгісі, бұршақ, қар, мұз, т.б) балалар жыл мезгілдеріне қарай табиғатта судың қандай түрде кездесетінін айтады, топтастырады.
Leave a comment
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .... .... ..... ..... ... .... ...3
Дидактикалық ойындардың негіздері..... ...... .... .... ..... ...... ......4
Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:...5
Ойын арқылы балалардың қарапайым математикалық
түсініктерін қалыптастыру..... ...... ..... ....... ....... ....... ....... ....... ..7... ....... .
Ортаңғы топ балаларына арналған ойындар.. .... .... ......... .....6-9
Ересек топ балаларына арналған ойындар.. .... .... .... ..... ..... 9-11
8. Қолданылған әдебиеттер тізімі .................................................. 19
Қорытынды ....................................................................................
КІРІСПЕ
Қазіргі заманға сай білім беру жүйесінің басым бағыттарындағы өзгерістер қабілетті және шығармашыл өз бетінше әрекет ететін бастамашыл өз мүмкіндігін біліп, өз ойын іске асыра алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесін мақсат етіп қойып отыр. Бұл мақсаттар мектепке дейінгі тәрбие және білім беру стандартында белгіленген. Соның ішінде мектепке дейінгі ұйымда «Таным» білім беру саласы бойынша математика оқу –іс әрекетінің маңызы зор.
Бұл саланың мақсаты:қоршаған әлеммен өзара іс-қимыл үшін қажетті танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген мектепке дейінгі тұлғаны қалыптастыру. «Таным» білім беру саласы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруды: жиынтық туралы түсініктерді, сандық есептеу дағдыларын жетілдіруді, геометриялық пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыруды, кеңістікті және уақытты бағдарлау туралы түсініктерін кеңейтуді қамтиды.
Білім беру ұйымдарының алдында күрделі міндет тұр. Ол саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару. Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді. Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек балалармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.
Ойын бала үшін — нағыз өмір.
Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салуымыз керек. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, ол тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады».
Балалардың танымдылық қабілетін дамытып, пәнге қызығушылығын арттырудың негізгі бір жолы – дидактикалық ойындар.
ЖОБАНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ:
Дидактикалық ойын арқылы кеңістікті, уақытты бағдарлау, заттарды санау, сандар қатары, математикалық ертегі, логикалық тапсырмалар, қызықты жаттығулар, есептер, геометриялық пішіндер туралы танымдық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Жобаның мақсаты: Бүлдіршіндердің ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту.
Жобаның міндеті: Баланың ойлау қабілетін, сөйлеу, білімділік дағдыларын дамыту.
Дидактикалық ойын – баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді. Педагогикалық процесте ойын балалар іс- әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады.
“Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруға” арналған дидактикалық ойындар жиынтығы тәрбиешілермен ата – аналарға көмек беру ретінде құрастырылады. Дидақтикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді атқарады.
Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған математикалық білім, білік және дағдылары жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау, немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеттері баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.
Ойындардың мазмұны математикалық білімдерді ұғыну, геометриялық пішіндерді айыра білу, қосу, санау, салыстыру, айырмашылығын көрсету, орналастыру, тағы басқа ұғымдарын ойын арқылы жетілдіру.
Балабақшада осындай дидактикалық ойындарды жиелі түрде қолдану арқылы баланың: ақыл – ойын жүйелеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу, логикалық қабілеттерін дамытуға болады.
Ойын барысында баланың көңіл – күйін, зейінің, әрекеттерін бақылау, белсенділігін арттыру, тапқырлыққа баулу, ойлануға, талдау жасауға, үйренуің, танымдылық, шығармашалық қабілеттерін шыңдау тәрбиешіге байланысты.
Дидактикалық ойындардың негіздері.
Дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didacticos – үйретуші, didascalos – мұғалім деген мағынаны білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Дидактика ойындар сонымен бірге кішкентай баларға мейілінше тән оқыту формасы болып табылады. Дидактикалық ойындар балалардың ойын әрекетіне тән құрылымы элементтерінің бірі: ой – ниет, мазмұн, ойын әрекеттері, ереже, нәтиже бар. Дидактикалық міндеттін болуы ойынның оқыту сипатын, оның мазмұны балалардың танымдылық әрекетін дамытуға бағытталғаның атап көрсетеді. Дидактикалық ойындардың зор маңызы балалардың дербестігін және ойлау мен сөйлеу белсендігін дамытатындай.
Дидактикалық ойын элементтерінің бірі – ережелер. Ережелер оқыту міндеті мен ойын мазмұнына қарай белгіленеді және өз тарапынан, ойын әрекеттерінің сипаты мен тәсілін белгілейді, балалардың мінез – құлқын, тәрбиеші мен балалардың өзара қарым – қатынасын ұйымдастырады және бағыттайды. Осының нәтижесінде өз қимылын басқара білу, оны басқа ойнаушылардың іс- әрекетімен үйлестіру қабілеті дамиды. Ойын ережелерін үйретуші, ұйымдастырушы және тәртіптендіруші сипаты бар. Үйретуші ережелер баларға не істеу, қалай істеу керек екені ашып беруге көмектеседі, олар ойын әрекеттерімен үйлес болады, оның ролін күшейтеді, орындау тәсілін анықтайды. Ұйымдастырушы ережелер ойынның тәртібін, жүйелілігін және балалардың ойындағы қарым – қатынасын белгілейді. Тәрбиеші ережелер нені және неге істеуге болмайтынын ескертеді.
Тәрбиеші белгілейтін ойын ережелерін балалар бірте – бірте меңгереді. Соларды бағалай отырып, олар өзінің және жолдастарының ойын үстіндегі әрекеттерінің, қарым – қатынастардың дұрыстығын бағалайды.
Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
Ойын – саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі, қарапайым жұмбақ арқылы, қиындық – оңай жолымен, қажеттілер – қызық жолымен беріледі.
Ойын – тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.
Ойын – болжамдар. Бұл ойындар “Не болар еді...?” , “Мен не істер едім, егер...” деген сұрақтарға негізделеді.
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.
Ойын – жұмбақтар. Жұмбактың негізгі ерекшеліктері логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақ салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, баланың қиялын дамытуына әсер етеді.
Ойын - әңгімелер. Ол тәрбиешінің балалармен, балалардың тәрбиешімен және балалардың балалармен қарым – қатынасын негізделеді. Бұл қарым – қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құңдылығы – олар эмоциональдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.
Құрылымы бойынша дидактикалық ойындар мынадай түрге жіктеледі:
Сюжеттік – рольдік ойындар.
Жаттығу ойындар.
Драммалық ойындар.
Шығармашылық ойындар.
Әдеби – музакалық ойындар.
Дидактикалық ойындарда балалардың алдына қандайда бір мақсаттары мен міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұлылдыру, ерікті зейін қою, ой – күшін жұмсау, ережені ой енігінен өткізе білу, іс - әрекеттердің жүйелілігі, қиыншылықтарды жою керек болады. Олар мектеп жасына дейінгі балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, білім меңгеруіне көмектеседі.
Мақсаты:
Бала ойының құрылымы бойынша негiзгi математикалық түсiнiктердi (сан, есеп, пiшiн, көлем, бағыт) бiлуi қажет.
Бала қандай да бiр нақты математикалық жағдайда дидактикалық ойындардың шарттарын пайдалана бiлуi керек.
Баланың пайдаланылатын дидактикалық ойындар жайында түсiнiгi болуы қажет.
Мiндеттерi:
Мектепке дейінгі балаларда танымдық процесстерiн (зейiн, есте сақтау, ой-өрiсiн, қиял, қабылдау) негiздерiн дамыту.
Ойын арқылы балалардың қарапайым
математикалық түсініктерін қалыптастыру
Ойын туралы ұғым.Қазіргі әлеуметтік жағдай жеткіншек ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді ағарту саласында бірінші орынға шығарады. Әсіресе, баланың әлеуметтік бейімделуі, ересектермен, өз қатарластарымен қарым - қатынасты тиімді жасауы педагогикалық-психологиялық теория мен практика үшін аса мәнді. Балалардың жас ерекшеліктеріне қатысты психологиялық дамуы, осыған қатысты оқыту-тәрбиелеу жолдары, мінез-құлық, жүріс-тұрыс қалыпты болмағанда жүргізілетін коррекциялық жұмыстар,зерттеу әдіс-тәсілдерін негіздеген құнды еңбектер баршылық.
Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұн жағынан толысып дамып, дәстүрлі жалғасып келеді. Ойын еш уақытта дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі. Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иоган Хейзингтің «Ойыншы адам», Д.Б. Элькониннің «Ойын психологиясы», Әрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А.В. Вербицкий, Т.В. Кудрявцев, И.П. Пидкасистый. Қазақстандық ғалымдар: Н.К. Ахметов, Ж.С. Хайдаров т.б. Сонымен қатар, ойын проблемасымен шұғылданған көрнекті ғалымдар: P.M. Жуковская, Д.В. Менджерицкая, Т.А. Маркова, Н.Я. Михайленка т.б.
Ойын - баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәні бар іс-әрекеттің мақсат бағдарлы, қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенділік формасы деп бір жағымен, екіншіден - баланың танымдық, шығармашылық, жеке бас қасиеттерін, ақыл-ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде түсіндіріледі.
Балалық шақ ойыннан бөлінбейді. Мәдениетті балалық шақтың мәні көп
болған сайын, соғұрлым ойын да қоғам үшін маңызды болады. Балалықты
танудың оған әсер етудің және балалық шаққа енудің бірден-бір әдісі ол –
ойын.
Қ. Жарықбаев көптеген еңбектерінде және арнайы ғылыми зерттеулерінде балаларға тән психикалық (сензетивтік жасына байланысты) ерекшеліктері тереңдетіліп қарастырылған. Мысалы, мінез, түйсік, қабілет, қабылдау, ес, ойлау, қиял, эмоция мен сезім, ерік, зейін, әрекет, дағды әдептері т.б.
Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар жан. Ол үнемі секіруді, қорғауды, жүгіруді қалайды. Осыған орай біздің халықта: «Баламен ойнама шаршайсың», «Бала - щапшаң, бала - ұрыншақ» , «Ойнай білмеген, оймен білмейді» - деп тегін айтылмаған.
Бала ойыны алуан түрлі. Ойын арқылы адамгершілік қасиеттерді бойына біртіндеп тәрбиелейді және психикалық қабілеттері дамиды. Бала достықта бірін-бірі түсініп, қимыл-әрекет жасауға, тапқырлыққа, шыдамдылыққа, ептілікке және қимылдауға, ойлауға, табандылыққа дағдыланады .
М.Жұмабаев халықтық педагогика негізінде ойына мынадай мән
берген: «Баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады». Ойын
балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағыны
әсерлене пайдаланады. '
3-5 жас арасы анатомиялық, физиологиялық жағынан қауырт қимыл әрекеті, қозғалысты, жылдамдықты талап ететін кезең болғандықтан бала организімі үшін ойын қажет деп есептейміз. Сондықтан бұл жастағы бала қанша ойнаса да шаршамайды. Психологтардың анықтауы бойынша балалардың ойыны, олардың өмірге бейімделуі.
Бұл жөнінде көрнекті психолог, профессор А.В. Запорожец: «Біз дидактикалық ойын жекелеген білімдермен бейімділіктерді игерудің формасы болып қана қоймай, сонымен бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін, оның қабілетін қалыптастыруға қызмет ететін болуына жетуіміз қажет» - десе, Н.К.Крупская «балалар үшін ойын - оқу , олар үшін ойын - еңбек , олар үшін ойын - тәрбиенің елеулі формасы» - дейді, ата-аналарына арналған лекцияларында А.С.Макаренко ойын мен бала еңбегінің арасында заңды байланыс болатынын, ал айналадағы дүниеден алған әсерін ойында бейнелеу арқылы нақты еңбек әрекетіне үйренетінін айтады. Сондықтан А.С.Макаренко: «Бала ойында қандай болса, ол өскен кезде де, жұмыста көп жағынан сондай болады» - деп тұжырымдайды. М.Горький «Бала ойынды сүйеді. Ойнағанда не болса, соның бәрімен де ойнайды, ол өзінің айналасындағы дүниені ойын және ойынның үстінде тез таниды. Бала сөзбен де ойнайды, осы сөзбен ойнағанда өз ана тілінің нәзік жерлерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғады» , дегені мәлім
2. Ойынның түрлері мен рөлі. Балалық шақ - бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен ұстаздардың міндеті.
Бала бақшада ойнайтын ойын түрлеріне тоқталатын болсақ, олар:
1. Дидактикалық ойындар.
2. Сөздік — дидактикалық ойындар .
3. Ролъді сюжетті ойындар .
4. Драмалық ойындар.
5. Шығармашылық ойындар.
6. Әдеби – музыкалық ойындар .
Осылардың ішінде дидактикалық ойындардың маңызы зор. Әрбір мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданылатынын күні бұрын сабақ мазмұны мақсатына сай лайықтап алғаны жөн. Өйткені мектепке келген балалар үшін қызықты әрекет бола отырып, оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ ол ұйымдастырылған педагогикалық процеске еңгізілгенде ғана сондай құралға айналады. Ойынның дамуы мен орнығуы оны нақ осылай тәрбиелеу құралы ретінде пайдалануға көп байланысты.
Дидактикалық ойындар
Барлық дидактикалық ойындарды үш негізгі топқа бөлуге болады:
1. Заттық дидактикалық ойындар (ойыншықтармен, табиғи заттармен);
2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар;
3. Сөздік дидактикалық ойындар.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, баланың бойында оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын да ойын әрекеті. Ойын барысында баланың көңіл – күйін, зейінің, әрекеттерін бақылау, белсенділігін арттыру, тапқырлыққа баулу, ойлануға, талдау жасауға үйренуі, танымдылық, шығармашалық қабілеттерін шыңдау тәрбиешіге байланысты. Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі ширай түседі. Ойындарды сабақта қолдану сабақтың әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын , математикалық қабілеттерін дамытады, сабақтың сапасын арттырады.
Балабақшада осындай дидактикалық ойындарды жиелі түрде қолдану арқылы баланың: ақыл – ойын жүйелеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу, логикалық қабілеттерін дамытуға болады.
Дидактикалық ойындардың оқу іс - әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан – жақты, бағыт – бағдар беріп отырады. Яғни балалардың өй өрісін дамытуға маңызды рөл атқарады. Мектепке дейінгі жастағы балаларға әрбір ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбына сәйкес ойын әдіс - тәсіліне үлкен мән беріледі, сонда ғана оқу іс - әрекет балаларға пайдалы, қызықты болады. Мектеп жасына дейінгі бала күн сайын жаңа құбылыстармен заттармен кезігеді, айнала өмірді бақылап, өздігінен түсініп, қорытынды жасағысы келеді. Бірақ тәрбиешінің басшылығынсыз, өздігінен игерген білімі мен түсініктері жүйесіз, кейде таяз, қате болады. Сол себептен тәрбиешінің міндеті баланың білім қорының бірізді молаюына, бірте бірте, ретпен, жүйелі жинақталуына көмектесу болып табылады. Баланың түйсік, қабылдау, ес, қиял, ой және тіл сияқты танымдық психикалық үрдістерін дамыту ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттерінің бірі. Баланың логикалық ойлау қабілетін, дағдысын, білуге құштарлығын, ойлаудың қарапайым тәсілдерін дидиактикалық ойындар арқылы дамытып ,көздеген мақсатымызға жете аламыз. Мысалы: Балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы: «Дәл осындай пішінді тап», «Салыстыр да, атын ата», «Үлкен - кіші», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б. Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бет орамалға лайық жамауларды табу», «Таныс пішіндер доминосы» , «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сипаттамасы бойынша тап», «Тәулік бөліктері», «Жұмбақ ойла», «Доппен ойнау», «Сөзді жалғастыр», «Қанша - сонша».
Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр»,«Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін береді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық еттерін дамытады.
Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
• Ойын – саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі, қарапайым жұмбақ арқылы, қиындық – оңай жолымен, кісіге көмектесу, немесе жоғалған затты табу сяқы. т.б
• Ойын – тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттерді, әрекеттерді бір нәрсені болжауға, орындауға негізделеді.
• Ойын – болжамдар. Бұл ойындар “Не болар еді...?” , “Мен не істер едім, егер...” деген сұрақтарға негізделеді.
• Ойын – жұмбақта р. Жұмбактың негізгі ерекшеліктері логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақ салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, баланың қиялын дамытуына әсер етеді.
• Ойын - әңгімелер. Ол тәрбиешінің балалармен, балалардың тәрбиешімен және балалардың балалармен қарым – қатынасына негізделеді.
Бұл қарым – қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құңдылығы – олар эмоциональдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшелінеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді. Олардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру үшін де,тілін дамытып, грамматикалық құрылысты білдіру үшін де, айналадағы дүниені таныстыру үшін де, ойын әдістері қолданылады. Әр қашанда ойынның басшы рөлін тәрбиеші атқарып отырады. Ойын барысында балалардың еркін қарым–қатынас жасай алуын, сұрақтардың жауабын тілектеспен тыңдай алуын қарастырып отырады. Ойыншықтарды, керекті құралдарды салыстырмалы түрде, үйлесімді және балалардың үнемі талдау жасай алуына, өз қорытындыларын жасай алуға және дұрыс тиімді таңдай алуға болатындай етіп жағдай жасау. Баланың жеке-дара келу үрдістеріне келетін болсақ, олар ақыл- ой дамуының әр түрлі дәрежелерімен ерекшеліктерін біз білеміз.Сұраққа жауапты бірі тез табады,екіншісі ұзақ ойланады, бірі білімді тез меңгереді, екіншісі баяу қабылдайды. Тәрбиеші жұмысын балалардың осындай жеке -дара ерекшеліктерін ескеріп, ұйымдастырады. Біз тәрбиешілер аталған дидактикалық үрдістерге жеке көңіл бөлсек, оқыту ісінде жақсы нәтижелерге жете аламыз.
Көпшілігінде балаларды жарыстыруға берілген ойындар балалардың белсенділігін арттырады. Мысалы, оған «баспалдақ» ойынын алуға болады. «Заттарды салыстыру» тақырыбына, яғни «үлкен», «тең», «кіші» қатыстарын қалыптастыруға және «10 көлеміндегі сандарды нөмірлеу» тақырыбына, сандар қатарының жасалуына, сандар құрылымына және «10 көлеміндегі қосу және азайту» тақырыбында қосу және азайтуға берілген жай есептерді шығаруға, ал «1-мен 10 сандарды» тақырыбына, натурал сандар қатарына, сандардың ондық құрамына, кесінділер ұзындықтарына, қосу және азайтуға берілген жай есептер шығаруға және оқушылардың білімді игеруін тексеруге берілген ойын түрлерін қарастырамыз. Ойын баланы шапшандылыққа, тез ойлауға баулиды. Мен өзім бала бақшада оқыту кезінде төмендегі тарауларда әртүрлі ойындар өткізіп тұрамын.
Сабақ кезінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытуға аса көп көңіл бөлген математика сабағында заттардың орындарын сан қатарымен белгілеу тақырыбын қалай өткізгенің баяндап кетсек .
Бұл сабақта заттардың орындарын дұрыс белгілеу және оларды дұрыс ажырата білуге , 1 - ден 5 - ке дейін кері санауға, «нешінші?» деген сұраққа жауап қайтара білуге жаттықтыру көзделді. Сабақ ойын түріне және сұрақ-жауап әдісінен құрылды. Көрнекілікке түрлі суреттер, ойыншықтар, қағаздан қиылған құстардың үлгілері, кеспе цифрлар, жолақшалар, қалташалар қолданылды.
Сабақ барысы: Өтілген тақырыпты тақтаға жазып, оның негізгі мазмұның түсіндірдім. Оқушыларға суреттер бойынша сұрақтар қойдым.
- Балалар, суреттен нелерді көрдіңдер?
- Құстарды .
- Кәне, бұл суреттен құстардың аттарың атаңдаршы.
- Үйрек , тауық , қаз , қораз , күркетауық .
Осы арада оқушыларға жабайы және үй құстары жайлы түсініктеме бердім.
- Балалар, мына суреттегі құстар нешеу?
- Барлығы бесеу.
- Қазір біздер «Орныңды тап» ойынын ойнаймыз. Осы
суреттегі құстардың орындарын енді санмен белгілейсіңдер.
Ойын шарты бойынша құстардың орындарын сұрап, тиісті
орындарын белгілеттім.
- Үйрек нешінші орында ?
- Бірінші.
- Тауық ше?
- Екінші.
- Қораз ше?
- Үшінші.
-Қазше?
- Төртінші.
- Күркетауық ше?
- Бесінші.
Оқушылар орындарды цифрмен белгіледі. Одан кейін қалташалардағы құстарды суретпен өздерінің орындарына орналастырдым. Сосын «Күн мен түн» ойыны жүргізілді. «Түн» дегенде оқушылар түгел көздерін жүмып, партаға басын қойып жата қалады. Осы кезде бір оқушы тақтаға шығып құстардың орындарын ауыстырып қояды. «Күн» дегенде оқушылар бастарын көтеріп, көздерін ашады. Оқушы тақтаға шығып өз орындарына дұрыс қояды. Қалған оқушылар құстардың орындарын дұрыс табылуын бақылап отырды.
Осындай тәсілдермен жүргізілген ойын сабақтың оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыруға әсері мол .
Ортаңғы топ балаларына арналған дидактикалық ойындар.
“Ұқсас затты тап”
“Нүктелерді қос”
“Айырмашылығы неде?”
“Қай қолымда көп”
“Өз үйіңді тап”
“Сандықты әшекелейміз”
“Ұқсас затты тап”.
Ойынның мақсаты: Үшбұрыш, тіктөртбұрыш, дөңгелекке ұқсас заттарды тауып, атын атай бiлуге үйрету. Баланың түстердi, пiшiндi ажыратудағы ой-қиялын дамыту.
Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер, суреттер.
Ойын барысы:
Ойынға басшылық. Тәрбиешi үш түрлi пiшiндердi көрсетiп, аттарын сұрайды. Оларды атаған соң, түстерiн сұрайды. Бұдан кейiн балаларға тапсырма бередi. Тәрбиешi: - Таратып берiлген суреттерге қараңдар, мен үшбұрышты көрсетемiн, соған ұқсас сурет тауып көрсетiңдер. (тіктөртбұрышты көрсетедi, дөңгелектi көрсетедi). Балалар өздерiндегi ұқсас затты көрсеткенде, олардан не екенiн, түр-түсiн сипаттап айтуды талап етедi. (Үшбұрыш сызғыш, үйдiң төбесi). Топ бөлмесiнде үшбұрышқа ұқсас зат бар ма?
Тiк төртбұрыш: кiтап, терезе, есiк т.б.
Дөңгелек: доп, алма, шар т.б.
Суреттегi заттар жайында кiмнiң қандай өлең, тақпақтар, жұмбақтар бiлетiнiн сұрау. Ендi балаларды үш топқа бөлiп, үш түрлi пiшiндi таратып бередi. “Өз орныңды тап” қимылды ойыны ұйымдастырылады. Балалар жиналатын орындағы пiшiндер көлемi жағынан қолындағыларынан үлкен болады. Ойын аяқталған соң балалардың iс-әрекетiн бекiтiп, талдау жасайды.
"Нүктелердi қос".
Ойын мақсаты: Балаларды кеңістікті бағдарлай
білуге үйрету.Нүктелерді қосу арқылы, бейнелерді шығара алуға
дағдыландыру.Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Нүктелермен бейнеленген жұлдызша, жалауша бейнелерi.
Ойын барысы:
Қағаз бетiндегi нүктелердi қосу арқылы бейнелердi анықтау, атын атату. Неше нүкте бар екен? Сұрағына жауаптарды тыңдау. Нүктелердi нөмiрлету, сандарды тура және керiсiнше атату. Ойын нәтижесiнде түзу, үшбұрыш, тiкбұрыш ұғымдарын қалыптастыру, сандарды тура және керiсiнше атату.
“Айырмашылығы неде»
Ойын мақсаты: Балалардың геометриялық фигуралар туралы түсiнiктерiн тереңiрек қалыптастыру, олардың жай емес “сиқырлы” фигуралар екенiн, олардан түрлi ойыншықтар, есептер, ойындар құрастыруға болатынына балалардың көзiн жеткiзу, қызығушылығын арттыру, ұқсас заттарды бiр-бiрiмен көзбен көру арқылы салыстыра бiлуге үйрету.
Қажеттi құралдар:
Мейрампаз суреттерi, гүл салғыш ыдыс, гүлдер.
Ойын барысы:
Тек геометриялық фигуралардан құрастырылған екi мейрампаздың бiр-бiрiмен ұқсас және айырмашылығы бар жерлерiн табады. Ойында балаларды екi топқа бөлiп ойнатуға болады. Әр топқа әрбiр ұқсастығы мен айырмашылығын тапқан сайын, әр топ тақтада iлулi тұрған гүл салғышқа гүл салып отырады. Қай қатар гүлдi көп жинайды, сол қатар жеңедi.
“Қай қолымда көп»
Ойын мақсаты: Заттың екi жиынтығын салыстыра бiлуге үйрету.Көз мөлшерін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Ұсақ нәрселер.
Ойын барысы:
Топ екi топқа бөлiнедi, оның әрқайсысы алма-кезек тәрбиешiнiң столына өз топ басшысын жiбiредi. Стол басына келген бала қолын артына ұстайды. Алдымен тәрбиешi, одан соң балалардың бiрi оның қолына кубик, түйме, шарик секiлдi әртүрлi ұсақ нәрселердi ұстатады, бiрақ олар бiр қолда көп, екiншiсiнде аз болуы тиiс. Бала алдымен көз мөлшерiмен нәрсенiң қай қолында көп екенiн анықтауы, одан кейiн нәрселердi бiрiнiң артына бiрiн қойып, қайсысының қатарында көп, қай қатарда аз екенiн салыстыруы тиiс.
Тәрбиешi екi қатардағы нәрселердiң санын теңестiру үшiн не iстеу керектiгiн 2 тәсiлмен орындауы керек.
«Өз үйiңдi тап»
Ойын мақсаты: Балаларды тапсырма бойынша өз үйлерін табуға үйрету.Жылдамдыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Бұл ойын биiк-аласа, үлкен-кiшi, оң жақта, сол жақта - деген ұғымдарды жаттықтыру мақсатында өтiледi.
Қажетті құралдар: «Ағаштардың бейнесі».Үйлердің суреттері.
Ойын барысы:
Тәрбиешi балаларды екi топқа бөлiп, әр топтың ойнайтын орнын немесе “үйiн” тағайындайды. Екi топқа да өсiп тұрған бiрi биiк, бiрi аласа ағашты көрсетедi де 1-топтағы балалардың үйi биiк ағаштың оң жағы, ал 2-топтағы балалардың үйi аласа ағаштың сол жағы - деп белгiлейдi. Қай топ өз үйлерiне тез барады. Ойын екi рет қайталанады. Ойынның соңында әр топтың балаларын мадақтап отырады.
“Сандықты әшекейлеймiз”
Ойын мақсаты: Әртүрлi пiшiндердi ажырату және оны желiмсiз жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Ұлттық бұйымның ерекшелiгiмен таныстыру.
Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер, суреттер.
Ойын барысы:
Тәрбиешi түктi қағаздан жасалған сандықты көрсетiп, сұрайды. “Мынау не? Қайдан көрдiңдер? т.б.” Тәрбиешi балалар жауабын толықтырып, ұлттық бұйымның ерекшелiгiн, маңызын қысқаша айтып өтедi де: - Қазiр осы сандықты әшекейлеймiз. Бұл сандық өзi сиқырлы екен, қане ашып көрейiк, - деп iшiнен қорапқа салынған түрлi-түстi геометриялық пiшiндердi алып көрсетедi. Түстерiн сұрайды, ал сандықтың бетi, қақпағы қандай пiшiнге ұқсайды? – Тiк төртбұрышқа. Бұл пiшiндердi балаларға таратып бередi. Сандықтың бетiнде әдемi ою-өрнек бар, бiрақ кейбiр бөлiктерi бос, сол бос орындарға бiз мына пiшiндердi орналастырамыз. Тәрбиешi өзi жапсырып көрсетуi керек. Одан кейiн дөңгелектердi түстерiне қарай таңдап, бiр-бiрiне қарама-қарсы немесе қатарластыра, шетiне ортасына орналастыруды балалардың өздерi жапсырып безендiредi.
Ересек топ балаларына арналған дидактикалық ойындар.
“Апта күндері”
“Неге ұқсайды”
“Көрші – көрші”
“Сипаттама бойынша тап”
“Өз орныңды тап”
“Доп лақтыру”
“Апта күндерi”
Ойын мақсаты: Апта күндердi есте сақтау. Апта күндерін рет-ретімен айта білуге дағдыландыру.
Қажетті құралдар: Апта күндерiн шартты түрде белгiлейтiн 1-7-ге дейiн фигуралардың немесе ұлттық таңбалардың суретi салынған 7 және суретi жоқ 1-2 тәж.
Ойын барысы:
Тәрбиешi балалардың мынаған келiсiп алуын өтiнедi. Бiр таңба бар тәж аптаның бiрiншi күнi дүйсенбi, екi таңба бар тәж аптаның екiншi күнi сейсенбi және т.б. бiлдiредi. Балалар апта күндерiнiң атын хормен қайталайды.
Тәрбиешi 7 баланы шақырып оларға тәждердi таратып бередi. Шақырылған балалардың әрқайсысы тәжбен таңбаның санына қарап: “Сабыр – сәрсенбi”, “Мен – жұмамын” және т.с.с. дейдi.
Осыдан кейiн тәрбиешi аптаның кез-келген күнiнiң атын дауыстап атайды. Бiлетiн бала алдына шығып тұрады. “Апта күндерi, сапқа тұрыңдар” деген бұйрық берiлiсiмен, басқа балалар оның қатарына дұрыс ретпен сапқа тұруы тиiс.
“Неге ұқсайды?”
Ойын мақсаты: Балалардың есту, көз алдына елестету, ұқсата бiлу дағдыларын қалыптастыру. Пішіндер туралы бiлiмдерiн толықтыру әрi пысықтау.
Қажетті құралдар: Көлемдер (дөңгелек, куб, цилиндр).
Ойын барысы:
Тәрбиешi кез-келген бiр затты атайды. Балалар сол заттың қай геометриялық пішінге ұқсайтынын атайды.
Мысалы тәрбиешi: - доп?
Бала: - дөңгелек.
Есiк – тiктөртбұрыш.
Қай бала немесе қай қатар көп ұпай жинаса солар жеңедi. Ойын қызықты болу үшiн сөздi, жауапты тездетiп шапшаң айту
керек.
“Көршi – көршi”
Ойын мақсаты:1-10-ға дейін тура және кері санауға үйрету.Сандарды рет-ретімен орналастыруын қалыптастыру.
Қажеттi құралдар:1-ден 10-ға дейiнгi сандар жазылған карточкалар.
Ойын барысы:
Тәрбиешi бiр санды айтады, мысалы, “Жетi” дейдi. Омырауын жетi саны бала iлгерi шығып, балалардың алдына тұрады. Тәрбиешi былай дейдi: “Бұл санның көршiлерi, қатарына тұрыңдар!”. Оның қатарына 6 және 8 деген карточкалар тұрып, 6, 7, 8 сандарын құрайды. Одан соң 6 және 7 сандары салыстырылады. Омырауында 6 цифры қадалған бала былай деп түсiндiредi: 6-ның 7-ден 1-еуi кем. 6-ға 1-дi қоссақ 7 болады. 6 саны алты бiрлiктен тұрады.
Одан кейiн 7,8 сандары да осылайша түсiндiрiледi.
Жаттығу қайталанады, ойыншылардың құрамы өзгередi. Отырған балалар тапсырманың дұрыс орындауын қадағалайды.
“Сипаттамасы бойынша тап”
Ойын мақсаты: Ұзын – қысқа, кең – тар, биiк – аласа және т.с.с ұғымдарды қайталау.
Қажеттi құралдар:Жануарлар мен құстарды белгiлейтiн ойыншықтар.
Ойын барысы:
Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкi секiлдi 5-6 ойыншық қойылған балалар көрiп отырады. Олар тәрбиешiмен бiрге әрбiр ойыншықты анықтап қарайды, олардың атын қайталайды. Осыдан кейiн ойнаушылардың бiреуi бөлмеден сыртқа шығады да, басқалары ойыншық туралы жұмбақ құрастырады, мәселен, мұғалiм балаларға қоянды көрсете отырып, олармен бiрге мынадай жұмбақ құрастырады: “Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық – бұл қай аң?” Аю туралы “Маймақ аяқ, қорбиған, аңсағаны тәттi бал, ұзын жүндi жабайы аң” және т.с.с. Балалар жұмбақты құрастырып болған соң оны шешетiн баланы шақырады. Егер ол жұмбақты дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық берiледi де, жұмбақ қайта айтылады. Ол тағы да қиналса, балалар жәрдемдеседi. Ойынға келесi бала шақырылады. Ойын қайталанады.
Балалар жеңiмпазды анықтайды.Ойынға алуан түрлi ойыншықтарды, сондай-ақ суреттердi пайдалануға болады.
“Өз орныңды тап”
Ойынның мақсаты: Алғашқы ондықтағы сандар қатарын, оның атауын, белгiсiн, орнын қайталап, есте сақтау, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар:Кеспе сандар.
Ойын барысы:
Бұл ойынды 10-ға дейiнгi натурал сандар қатарын өтiп болғаннан кейiн жүргiзуге болады. Тәрбиешi 10 баланы тақтаға шақырып, омырауына кеспе цифрлар жапсырылған карточка тағады. Балалар ретсiз араласып тұрады. Тәрбиешi балалардың ретiмен қатарға тұруын талап етедi. Екi цифрын ұстап тұрған бала мен екiмiн деп, бiр цифрын ұстап тұрған баланың жанына келiп тұрады, қалған балалар да өздерiндегi цифрға байланысты өз орындарын тауып тұру керек.
“Доп лақтыру”
Ойын мақсаты: Сонша, артық, кем ұғымдарын доп лақтыру дыбыс үні арқылы білдіреді:
Қажетті құралдар: Доп.
Ойын барысы:
Тәрбиешi допты жоғары лақтырып, немесе еденге ұрып балаларға санату, сонша немесе бiреуi (екеуi) артық (кем) ойын барысында неше болса сонша, содан (артық), “кем” деген … өзiнiң допты еденге ұруының балалар шапалағымен сәйкес келуiн қадағалау, қол шапалақтатуы, әлде қарындашпен тықылдату керек.
Қортындылай келгендедидактикалық ойындардың оқу іс - әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан – жақты, бағыт – бағдар беріп отырады. Яғни балалардың өй өрісін дамытуға маңызды рөл атқарады.
Жас ұрпақ - біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы өкілі ғана емес,еліміздің тірегі ,мызғымас болашағы.
Балабақшада математика сабағында дидактикалық мазмұнды ойын есептерін оқушылардың ой- өрісін дамыту мақсатында қолданудың әдістемесін теориялық – әдіснамалық және тәжрибелік – сараптамалық зерттеу нәтижелері төмендегідей қорытынды және ұсыныстар жасауға мүмкіндік туғызады:
Психоллгия мен педагогикада ойындарды қолдану теориясы мен практи
асы мект еп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу жөнінде толықтай баяндалған.Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым білім беру барысында дидактикалық ойындар ұғымы пайда болған.Бірақта сабақта қолданудың әдістемесі жасалмаған.
Ойын сабақтың соңында болса,тақырыпты бекіту не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланылады.Ойын оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырудың маңызды құралы.Сондықтанда да бастауыш сынып оқушылары сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді.Оларға пайдаланатын ойындар балалардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады.Яғни алты жасарлармен ойнайтын ойынның мазмұны ауыр болады,ал жасы кішілерге ойын жеңіл түрі ұсынылады.
Жекелеген дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшелігі оқу тапсырмаларына барынша назар аудару, және балаларды зеттеу элементтеріне ие іс – әрекетке тарту болу табылады.Мұндай тапсырмаларды орындау үрдісінде балалар бір қатар логикалық операцияларды жүргізеді,танымдық іс – әрекеттің аралық кезеңдерін шешу жүйелілігін белгілейді.
Мұндай дидактикалық ойындар ізденгіштік деп аталады.
Әдебиеттер тізімі
Ш.Х. Құрманалина, С.Ш. Сәрсенбаев Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар.
Л. Мартынова. Обучение математике младших дошкольников.
Т. Қаражанұлы, Ш. Хайралақызы. Математикадан дидактикалық материалдар.
Т.К. Жикалкина. Игровые и занимательные занятия по математике.
Р.Ф. Соболевский. Математические игры.
Ж. Мурадян. Дидактические игры, развивающие математические представления.
М.К. Сай, Е.И. Удальцов. Математика в детском саду.
Ғ. Дұкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
П. Есімбетова. Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы бойынша әдістемелік нұсқау.
Б. Баймұратов. Мектепке дейінгі дидактикалық ойындар, принциптер туралы түсінік.
М. Фидлер. Математика уже в детском саду.
Е. Водопьянов. Формирование начальных геометрических понятий у дошкольников.
13.Болашақ мұғалімдердің қазіргі заман мектеп математика курсын
14. Ойын арқылы бала-бақша балаларының қарапайым математикалық түсініктерін
15. Бастауыш білім журналдары.
16. Оқыту үрдісіндегі ойынның маңызы. /Бастауыш мектеп
17. Мектеп жасына дейінгі балаларда элементар математикалық түсініктерді
18. Санап үйренеміз. /Мырза Әли Қ. – Алматы:
19. Логика: 5-7 жастағы балаларға арналған. /Алматы: «Алматы
Достарыңызбен бөлісу: |