Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдстырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша



бет27/63
Дата12.09.2020
өлшемі1,33 Mb.
#77992
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63
Байланысты:
2020-2021ж. Әдістемелік ұсынымдар

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ТжКБ) оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар 2020-2021 оқу жылында білім беру процесін тиімді ұйымдастыру және ТжКБ ұйымдарының академиялық саясатын іске асыру мақсатында білім беру ұйымдарына көмек ретінде әзірленді. Әдістемелік ұсынымдарды меншік нысанына қарамастан барлық ТжКБ ұйымдары пайдаланады.

2. ТжКБ ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру нысандары санитариялық - эпидемиологиялық жағдай жағдайларына байланысты айқындалады:

1) күшейтілген карантиндік режим кезінде - қашықтық форматта (қашықтықтан білім беру технологияларын (бұдан әрі – ҚБТ) пайдалана отырып);

2) сырқаттанушылықтың тұрақты қысқаруы кезінде санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, аралас форматта жүзеге асырылады;

3) санитарлық-эпидемиологиялық жағдай одан әрі тұрақты жақсарған кезде - санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, штаттық режимде;

4) санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, толық штаттық режимде.

3. Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда орналасқан колледждердің (жергілікті атқарушы органдардың айқындауы және тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің келісімі бойынша), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жанындағы колледждердің және «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (топта 15 білім алушыға дейін) санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.

4. Жаңа оқу жылы COVID-19 белсенділігі жағдайында келесі бағыттар бойынша ұйымдастырушылық шараларды жүзеге асыруды қажет етеді:

1) оқу корпустары мен жатақханаларда санитарлық-эпидемиологиялық режимді (бұдан әрі – СЭР) қамтамасыз ету;

2) барлық қызметкерлер мен білім алушыларды СЭР қамтамасыз ету регламентімен таныстыру;

3) карантиндік жағдайларды ескере отырып, білім беру қызметін ұйымдастыру;

4) АКТ пайдалану арқылы жұмыс істеу дағдыларын меңгеру үшін педагогтардын біліктілігін арттыру;

5) әртүрлі білім беру платформаларында жеке білім беру контентін (онлайн курстар) әзірлеу;

6) сапаны қамтамасыз ету саясаты контексінде оқыту сапасының мониторингі;

7) аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізу кезінде тұлғаны сәйкестендіру жүйесімен қамтамасыз ету.

Осы ұсынымдардың мақсаты – карантин жағдайында қашықтықтан немесе аралас оқыту форматында білім беру процесін ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету.

5. Осы ұсыныстар келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

1) қашықтықтан оқыту форматында білім беру процесін ұйымдастыру және оның сапасын қамтамасыз ету;

2) оқу корпустарында, жатақханаларда және ТжКБ ұйымдарының аумағында санитариялық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз ету;

3) технологияларды/оқыту әдістерін қолдану бойынша ұсыныстар беру;

4) кәсіптік практиканың барлық түрлерін және теориялық оқытуды ықпалдастыру;

5) интернет платформаларында өз курстарын әзірлеу;

6) аралық және қорытынды аттестаттауды қашықтық форматта өткізу кезінде тұлғаны сәйкестендіру жүйесімен қамтамасыз ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет