Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдстырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша


-тарау. Қашықтан оқыту технологияларын пайдаланумен бейне сабақтар мен сабақтар



бет25/51
Дата14.12.2021
өлшемі1,21 Mb.
#100611
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51
Байланысты:
b32a587fd3830617e18fb5962c227f07 original.1267712

6-тарау. Қашықтан оқыту технологияларын пайдаланумен бейне сабақтар мен сабақтар

57. Жалпы талаптар:

1. Ұйымдастыру

– МЖМБС-ға және оқу бағдарламаларына сәйкес болу;

– дидактикалық қағидаларды іске асыру;

– телевизиялық, ақпараттық-коммуникативтік және мультимедиялық технологияларды тиімді пайдалану.

– сабақ құрылымы:

– сабақтың басталуы: титрлар (сынып, пән;

– оқыту мақсатын тұжырымдау;

– жаңа оқу материалын түсіндіру, сұрақ қою;

– қорытынды бөлім: қорытындылар, кері байланыс.

– кері байланыс: электрондық журналдар, интернет-платформалар; электрондық пошта арқылы; мессенджерлер – aitu-чат, Telegram және т.б. арқылы мобильді және стационарлық телефон байланысы арқылы; пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады.

– оқу материалын өз бетінше оқуға, әрбір білім алушыны белсенді оқуға тартуға баса назар аудару;

– аудиовизуалды құралдар: графика, аудио, бейнематериалдар, презентациялар;

– материалды бекітуге арналған тапсырмалардың оңтайлы көлемі;

– сараланған оқу тапсырмалары;

– оқу тапсырмаларын өз бетінше орындау үшін нұсқаулықтар, алгоритмдер, ұсынымдар әзірлеу;

– сабақты ұйымдастырудың әртүрлі әдістерін қолдану (ішінара-іздеу, эвристикалық, зерттеу, жоба жұмыстары, зерттеу, чаттарда, әлеуметтік желілерде талқылау, пошта арқылы хат алмасу);

– білім алушыларға кез келген уақытта қарау мүмкіндігі (офлайн режимі).

– білім алушыларға, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған жеке консультациялар (қажет болған жағдайда).

2. Сабақтың мазмұны

– Қазастан Республикасының Заңнамасымен таратуға тыйым салынған ақпараттар болмауы;

– «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 169-VІ заңы талаптарына қарсы келмейді;

– оқу мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етпейтін ақпаратты қамтымайды;

– сабақ мазмұнын оңтайлы таңдау;

– мәліметтер – ғылыми сенімді, терминология - дәл, ақпарат – нақты құрылымдалған;

– теориялық материалды беру: логикалық, нақты, толық, дәйекті;

– «классикалық» (баяндау) және стандартты емес стильдердің үйлесімі;

– табиғи түсірілім мен символ толтырудың ақылға қонымды арақатынасы (заставкалар, мәтін және т. б.);

– слайдтар саны – бір сабаққа 8-10.

– алынған материалдың авторы және (немесе) атауы көрсетілген.

3. Эмоциялық фон

– педагогтің дауысы сабырлы, мейірімді, дыбысты қабылдауға жеткілікті, сөйлеу анық, дикция жақсы;

– мазмұндау сенімді, еркін, жеткілікті түрде эмоционалды (қатысу әсері), мазмұндау қарқыны асығыс емес;

– психологиялық әсер ету: айтылатын мәтіннің стилі мен тілі, интонация, жеке сөйлемдерді акцептациялау, эмоционалдық жоғарылаулар, үзіліс;

– адекватты (эмоциялық тұрғыдан) музыкалық сүйемелдеу;

4. Сабақ дизайны:

– түс фоны тұрақты – түс гаммасына жақын үш түстен;

– экрандағы мәтін қысқа да нұсқа, анық, шамадан тыс жүктелмеген;

– сутаңбалардың, бөгде жазулардың, жарнамалардың болмауы;

– маңызды ақпаратты таңдау: түспен, қалың қаріппен, басқа қаріппен;

– контраст қаріптердің саны – ең аз;

– дыбыс анық (бөгде дыбыссыз), дыбыс деңгейі бойынша біркелкі;

– видеоқатар – экран ауданының 75-100%.

5. Техникалық талаптар:

Электрондық білім беру ресурстары:

А. Сурет форматы және өлшемі:

– рұқсат етілген пішімдер: JPEG, JPG, PNG, SVG, GIF;

– бір файлдың өлшемі-100 Mb артық емес.

Б. Аудио жазбалар форматы мен пішімі:

– рұқсат етілген пішімдер: MP3, WAV;

– бір файлдың өлшемі: 100 Mb артық емес

В. Бейнежазбалар форматы мен пішімі:

– рұқсат етілген пішім: MP4, MOV;

– бір файлдың өлшемі-200 Mb артық емес;

– бейнежазбаның ұзақтығы-15 минуттан аспайды

6. Педагогтің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Психологиялық-педагогикалық дайындық:

-білім алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін білу;

– электрондық оқыту ресурстарын әзірлеу және құру талаптарын білу;

Әдістемелік дайындық:

– электрондық білім беру материалдарын әзірлеу және пайдаланудың әдістемелік тәсілдерін меңгеру;

– сабақтың оқу мақсаттарын стандартты емес жағдайларда жүзеге асыра білу;

IT-технологиялармен жұмыс істеу дағдылары:

– IT-құзыреттіліктің болуы;

– электрондық білім беру ресурстарын әзірлеу және пайдалану дағдылары.

7. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылар үшін оқытудың қолжетімділігі

– оқытудың жеке оқу бағдарламаларын қолдану;

– субтитрлердің, сурдоаудармалардың болуы;

– арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету;

– бейімделген сандық ресурстарды таңдау немесе әзірлеу;

– сараланған оқу тапсырмаларын қолдану.

58. Видеосабаққа қойылатын талаптар

Ұйымдастыру:

– ұзақтығы: 15-20 минут;

– икемді жеке кесте;

– кез келген уақытта қарау мүмкіндігі

– үлгерімді ағымдағы бақылау арқылы:

а) телекоммуникациялық құралдарды қолдану арқылы «on-line» режимінде білім алушы мен педагогтің тікелей қарым-қатынасы;

б) автоматтандырылған тестілеу кешендері;

в) жазбаша жеке тапсырмаларды тексеру

59. Қашықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы сабаққа қойылатын талаптар

Ұйымдастыру:

– ұзақтығы: 15-30 минут;

– сандық технологияларды қолдану арқылы нақты уақыт режимінде сабақтар:

– видеоконференциялар (вебинарлар, ZOOM конференциялары, Google class rooms, Microsoft Teams, Skype, стрминг);

– Интернет желісінде хабар алмасу арқылы асинхронды форматтағы сабақтар: тапсырмаларды өз бетінше орындауға акцент қою (электрондық пошта, Google диск, т. б.);

әлеуметтік желі чатында, пошта арқылы топтық хат алмасуда білім алушылардың топтық жұмыстарын ұйымдастыру мүмкіндігі;

– педагог білім алушыларға оқулықтан өз бетінше оқу тапсырмаларын орындау үшін оқу материалын ұсынады;

– үлгерімді ағымдағы бақылау арқылы:

а) телекоммуникациялық құралдарды қолдану арқылы «on-line» режимінде білім алушы мен педагогтің тікелей қарым-қатынасы;

б) автоматтандырылған тестілеу кешендері;

в) жазбаша жеке тапсырмаларды тексеру.

Коронавирустық инфекцияның таралуына

жол бермеуге байланысты

шектеу шаралары кезеңінде

орта білім беру

ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру

бойынша әдістемелік ұсынымдарға

1- қосымша

Ата-аналардың өтініш беру үлгісі

Кімге _____________

_________________ к.

мекенжайы бойынша тұратын

кімнен___________________

Аты-жөні


Телефон ____________

ӨТІНІШ


Менің ұлымның (қызымның) __________________________________

Аты-жөні толығымен, сыныбы

кезекші сыныпта білім алуын ұйымдастыруыңызды сұраймын. Менің баламның созылмалы аурулары жоқ.

Карантин және шектеу іс-шаралары аралығында баламның мектептегі оқу жағдайларымен танысқанымды және келісетінімді хабарлаймын.

Өз баламның мектепке дейінгі және кейін үйге дейін санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерімді орындауға міндеттенемін. Баламды қажетті санитарлық-гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуді міндетіме аламын. Ауру қаупімен байланысты жауапкершілікті түсінемін.

Күні___________

Қолы_____________

Коронавирустық инфекцияның таралуына

жол бермеуге байланысты

шектеу шаралары кезеңінде

орта білім беру

ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру

бойынша әдістемелік ұсынымдарға

2- қосымша






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет