Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар


- Тарау. Санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, оқу процесін аралас форматта ұйымдастыру



бет26/41
Дата02.01.2022
өлшемі298,34 Kb.
#107998
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41
Байланысты:
Коронавирусты инфекцияны таралуына байланысты шектеу шаралары
курс 20.11, Аты, скорость интернет
3 - Тарау. Санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, оқу процесін аралас форматта ұйымдастыру
31. Сырқаттанушылық деңгейі тұрақты қысқарған жағдайда, колледждің біртіндеп аралас форматқа көшуі жүзеге асырылады.

32. Оқу сабақтары қашықтықтан және штаттық режимде ұйымдастырылады. Штаттық режимде оқыту барлық санитариялық нормаларды сақтай отырып (күн шегінде немесе аптаның күндері бойынша) топтарда (немесе кіші топтарда) жүзеге асырылады.

33. Өндірістік оқыту және кәсіптік практика, зертханалық жұмыстар мен практикалық сабақтар дистанцияны сақтай отырып, толық немесе ішінара шағын топтарда кәсіпорындар базасында немесе ТжКБ ұйымдарында (мамандықтардың ерекшелігіне байланысты) жүргізіледі.

Қажет болған жағдайда, өндірістік оқыту және кәсіптік практика, зертханалық жұмыстар және практикалық сабақтары басқа мерзімдерге ауыстырылады.

34. Аралас форматта оқытуды ұйымдастыру кезінде:

1) аудиториялық сабақтардың басталу және аяқталу уақыты көрсетіле отырып, кестесі жеке жасалады;

2) аудиториялардағы сабақтар кабинеттік жүйенің күшін жоя отырып, кемінде 1,5 метр қашықтықтың сақталуын ескере отырып жүргізіледі;

3) сабақтар арасында әрбір топ үшін жеке үзіліс ұйымдастырылады;

4) кітап беру жөніндегі жұмысты қоспағанда, кітапханалардағы оқу залдары жабылады;

5) студенттерге, педагогтарға, өндірістік оқыту шеберлеріне, басқа қызметкерлерге, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау туралы нұсқама жүргізіледі;

6) медицина қызметкері күн сайын келіп-кетуін мониторингілеуді және студенттер мен басқа қызметкерлердің денсаулық жағдайын бақылауды жүргізеді.

Аудиториялық сабақтарды өткізуге, олардың келісімімен, 65 жастан асқан адамдар және ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрған адамдар жіберілмейді.

35. Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету 1-қосымшада келтірілген оқу-әдістемелік кешендерді қалыптастыру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

36. Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып сабақтарды ұйымдастыру 2-қосымшада келтірілген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

37. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу 3-қосымшада келтірілген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

38. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу процесі 4-қосымшада келтірілген талаптарға сәйкес ұйымдастырылады.

39. ТжКБ ұйымдарының оқу-тәрбие процесіне қатысушылар қызметін 5-қосымшада келтірілген функцияларға сәйкес жүзеге асырады.

40. Студенттердің, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, жатақханада тұруы 6 - қосымшада келтірілген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

41. Асханалардың (буфеттердің) жұмысы тоқтатылады. Жатақханаларда тұратын студенттердің тамақтануын ұйымдастыру үшін асханалардың (буфеттердің) жұмысы тек тамақты өзімен алып кету жағдайында рұқсат етіледі. Бұл ретте қоғамдық тамақтандыру объектісі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің және аумақтардың қаулыларына сәйкес барлық талаптарды сақтайды.

42. Іс-шаралардың барлық түрлерін, оның ішінде мәдени, тәрбиелік, бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу тоқтатылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет