Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы «___» _____
№ __ бұйрығына 1- қосымша
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыруға жөніндегі осы Әдістемелік ұстаным (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде қашықтан оқытуды ұйымдастырудың оңтайлы жағдайларын және орта мектепте жаңа оқу жылының ұйымдасқан түрде басталуын қамтамасыз ету мақсатында жасалынған. Әдістемелік ұстаным меншік түріне қарамастан барлық білім беру ұйымдарында пайдаланылады.
2. Орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру нысаны санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты анықталады:
1) Білім алушылардың, педагогтердің және басқа қызметкерлердің денсаулығын сақтау мақсатында оқу процесі мектеп алдындағы, 1-11 (12) сыныптарда қашықтық форматта ұйымдастырылатын болады.
2) Білім беру ұйымдарының мектепалды, 1-5 сыныптарының білім алушылары үшін сыныпта 15 балаға дейінгі контингенті бар ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініші бойынша кезекші сыныптар ұйымдастырылуы мүмкін. Мектептерде тиісті жағдайлар болған жағдайда, ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша білім алушылар қабылданады. Ол үшін ата-аналар 1-қосымшада көрсетілген үлгі бойынша өтініш беруі тиіс.
3) Меншік нысанына қарамастан мектептердің қызметінде санитариялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, сыныптарда 15 адамға дейін балалар саны 300 адамға дейінгі шағын котингентті мектептерге штаттық режимде рұқсат етіледі.
4) сыныптардың жинақталуын 15 баладан асырмай сақтаған жағдайда ата - аналарының өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқыту.
4) Сырқаттанушылық тұрақты қысқарған кезде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен эпидемиологиялық жағдайға сәйкес білім беру ұйымының аралас немесе штаттық режимге біртіндеп ауысуы жүзеге асырылады.
5) 9, 11 (12) - сыныптардың аралас форматында оқыту - пәндердің 70% - ы штаттық режимде, 30% - ы қашықтықтан.
6) 5 оқушыға дейінгі топтарда білім шығынын қалпына келтіру үшін жеке кеңес беруді ұйымдастыру.
7) Сырқаттанушылық тұрақты қысқарған кезде Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен эпидемиологиялық жағдайға сәйлес білім беру ұйымының аралас немесе штаттық режимге біртіндеп ауысуы жүзеге асырылады.
8) Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттарда (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға), мектеп жанындағы интернаттарда, балаларды жыл бойы оқытуды және сауықтыруды жүзеге асыратын оқу-сауықтыру орталықтарында ата-аналардың өтініштері негізінде, тиісті жағдайлар болған жағдайда, қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, барлық сыртқы байланыстарды шектей отырып, жабық режимде жұмыс ұйымдастырылатын болады.
9) Мектеп қашықтан оқытудан штаттық режимге ауысқан кезде білім алушылар ата-аналарының қалауы бойынша қашықтан оқытуды жалғастыруы мүмкін. Ол үшін ата-аналар 1-қосымшада ұсынылған үлгі бойынша өтініш беруі керек.
3. Мектептерде мәдени-бұқаралық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар толығымен тоқтатылады.
4. Директормен кездесулер, педагогикалық кеңестердің мәжілістері, ата-аналар жиналыстары және т.б. қашықтық форматта өтеді.
Оқу форматына қарамастан, қазақ және орыс тілдерінде оқитын оқушыларға 1-11 сыныптардан бастап республикалық «Ел-Арна», «Балапан» теледидарлық сабақтары арқылы оқу мүмкіндігі беріледі. Теледидар сабақтары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми арналарында ақысыз көрсетіледі. Теледидар сабақтары қосымша білім беру ресурсы ретінде қолданылады.
5. Оқу процесін үшінші тоқсанда ұйымдастыру.
Оқыту жалғасады
-меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарының мектепалды, бастауыш 1-5-сыныптарының білім алушылары үшін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін, ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша сыныпта 15 балаға дейін контингенті бар кезекші сыныптарда;
- сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін 300 адамға дейін білім алушылар контингентімен меншік нысанына қарамастан штаттық режимде мектептердің жұмыс істеуі.
Басталады:
- меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарының 9,11 (12) сыныптарының білім алушыларын құрамдастырылған форматта оқыту, бұл ретте пәндердің 70% - ы штаттық режимде, пәндердің 30% - ы қашықтықтан режимде жүргізіледі;
- қажет болған жағдайда штаттық форматта білім шығындарының орнын толтыру үшін топтарда 5 оқушыға дейін жеке консультациялар өткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |