2.1 Білім беру платформаларына қойылатын ең төменгі талаптар
18. Білім беру ұйымы таңдаған білім беру платформасы келесі талаптарға сай болуы керек:
– қашықтықтан оқыту кезінде сабақты дамытуға және толықтыруға икемді құралдардың болуы;
– білім алушылардың бірлескен жұмысын қолдау (форумдар, чаттар, құжаттармен жұмыс, презентациялар және т.б.);
– Интернет (Веб-портал) арқылы білім беру платформасының қызметтеріне қол жетімділік;
– ағын режимін қамтамасыз ету;
– мұғалімдер мен білім алушыларға бірыңғай кіру нүктесін ұсыну;
– барлық оқу кезеңінде әр білім алушының білім деңгейі мен нәтижелерінің динамикасын көрсету;
– дербес компьютерлерге арнайы бағдарламалық жасақтаманы орнатудың қажеті жоқ;
– тегін мобильді қосымшаны орнату мүмкіндігі;
– кез-келген құрылғыда (компьютерлерде, планшеттерде, смартфондарда) жұмыс істеу мүмкіндігі.
- интуитивті және қолданушыға ыңғайлы интерфейс;
– пайдаланушының қажеттіліктеріне жауап беретін білім алушының барынша ыңғайлы және түсінікті жеке кабинеті.
– (кең жолақты) сыммен немесе сымсыз (3G немесе 4G / LTE) интернетке қосылу;
динамиктер және микрофон – кіріктірілген немесе USB немесе сымсыз Bluetooth;
веб-камера немесе HD-веб-камера - кіріктірілген немесе USB; HD-камера немесе видеозахват картасы бар HD-бейнекамера.
Жоғарыда аталған бағдарламалар қашықтықтан оқыту процесінің мониторингін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |