57. Қашықтан оқыту кезінде «үй тапсырмасы» дәстүрлі түсінігі өзгереді, себебі білім алушылардың үй жағдайында өздігінен орындауы тиіс оқу жоспарына сәйкес пән бойынша оқу тапсырмалары ғана қалады.
Қашықтан оқыту кезіндегі оқу тапсырмасы – мұғалімнің білім алушыға берген тапсырмасының бір түрі, мұндайда әртүрлі электрондық білім беру материалдарын пайдалану негізінде қандай да бір оқу іс-әрекетін орындау талабы түсініледі.
Оқу тапсырмаларының мазмұны мен көлемі сабақ мақсаттарымен немесе сабақ жүйесімен, оқу бағдарламасы тақырыптарына сәйкес жұмыс барысымен және білімді игерудің қосалқы құралдарын тарту қажеттілігімен анықталады.
Қашықтан оқыту әрбір сынып үшін икемді сабақ кестесі негізінде қамтамасыз етіледі, мұндай жағдайда білім алушылар әр күн сайын қандай оқу пәндері бойынша сабақ жүргізілетінін біледі.
Оқу тапсырмалары оқу пәні бойынша сабақ кестеге сәйкес жүргізілген күні бір рет беріледі. Педагогтің оқу тапсырмасын мобильдік байланыс арқылы дауыстық хабарламамен жіберуіне рұқсат берілмейді. Егер пән бойынша оқу тапсырмаларын педагог күннің екінші жартысында (екінші ауысым) жіберген болса, онда оқушының орындаған тапсырмасын орындау және жіберу уақытын мерзімі көрсетілген келесі күнге ауыстыру ұсынылады.
Педагогтер мен білім алушылардың интернет-платформалар, стримингтік алаңдар және өзге де мессенджерлердің көмегімен білім беру процесі қатысушыларының (педагог, білім алушы, ата-ана (заңды өкіл) интернет тәртібі, кибермәдениет, кибергигиена дағдыларын қалыптастыруға, білім алушы тұлғасын тәрбиелеуге бағытталған этикалық және педагогикалық нормаларды ескере отырып дұрыс коммуникациясы қамтамасыз етіледі.
Ескерту:саралау және дараландыру қағидаттарын іске асыру үшін кейбір білім алушыларға бір сабаққа немесе бір бөлімге (жеке немесе топтық) 1 шығармашылық тапсырма беруге жол беріледі.