Инклюзивті білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету моделдері туралы түсініктер қалыптастыру,
Инклюзивті білім беру ұйымдарындағы білім беру процесіндегі мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу ерекшеліктерін ұйымдастыру,
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беруге біріктіру туралы ғылыми-практикалық көзқарастарын қалыптастыру.
Инклюзивті білім беру
«Инклюзивті білім беру» пәні «Білім» тобындағы білім беру бағдарламасы/педагогикалық мамандықтар бойынша ҚР инклюзивті білім беру жүйесі және жалпыға білім беру процесіне ерекше қажеттіліктері бар балалардың ерекшеліктері және оларды оқыту үрдісіне, әлеуметке бейімдеу жолдарымен таныстыруды көздейді.
«Инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері» атты 1-модульде Инклюзивті білім беру ұғымы, инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаттары мен міндеттері, инклюзивті білім берудің тиімділігін бағалау индикаторы, инклюзивті білім берудің критерийлері мен көрсеткіштері, компоненттері, сонымен қатар, әлем елдерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, мүмкіндігі шектеулі баланың білім алу құқығына кепілдіктер байланысы қарастырылады.
«Инклюзивті білім алуда ерекше қажеттілігі бар балалар категориясы» атты 2-модульде мүмкіндігі шектеулі балалар категориясы және ерекше білім беру қажеттілігінің сипаттамасы мен жүргізілетін жұмыс мазмұны қарастырылады.