Көру қабілеті зақымдалған балалардың клиника-педагогикалық сипаттамасы:
Адам өміріндегі 80% ақпаратты көз арқылы қабылдап алады. Көру қызметі адамға кеңістікті бағдарлау, өзінің қозғалыс аймағын кеңейту, әлеуметтік тәжірибесін байыту сияқты құндылықтарды меңгеру үшін өте қажет. Ал, осы көру функциясы бұзылуының нәтижесінде балалардың даму мүмкіндігі шектеледі.
Арнайы педагогикада көруінде әртүрлі бұзылыстары бар тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу әдістерін зерттейтін ғылымды – тифлопедагогика деп атайды. Көру қабілетінің бұзылуына байланысты бұл топтағы тұлғалар нашар көретіндер және көрмейтіндер болып 2 топқа бөлінеді. Нашар көретіндер – бұл көру өткірлігі 0,05-0,2 дейін жақсы көретін көзінде түзететін қарапайым көзілдірік көмегі арқылы көретін, сонымен қатар көру қызметінің басқа да ауытқуы болуы мүмкін. Көрмейтіндер қатарындағы жарықты көру сезінуі толығымен бұзылған немесе қалдық көру сезімдерімен көру қабілеті бар балалар (жақсы көретін көзіндегі өткірлікті көзәйнек арқылы түзету 0,04 дейін) және көру көлемі тарылу жағдайында көру өткірлігі 0,08 дейін прогредиентті сипатқа ие көз аурулары бар балалар.
Көрмейтіндердің жоғары психикалық процестері (зейін, логикалық ойлау, есте сақтау, сөйлеу тілі) қалыпты дамиды. Бірақ сезім, зият сияқты қызметтер арасында өзгеше бұзылыстар пайда болады да, абстрактілі ойлаудың басымдылық сипатын білдіреді. Тактильді кинестетикалық түйсік нашар көретін балаларда маңызды рөлді атқарады. Тері сезімталдығының сенсибилизациясы әсіресе, алақанда, саусақтарда байқалады.
Көруі нашар балаларда есте сақтаудың көлемінің төмендеуі, есте сақтау материалының жеткіліксіздігі байқалады. Көрмейтін балалар қоршаған ортадағы адамның әрекетін және қимылын қабылдау мүмкіндігінен айырылғандықтан еліктей алмайды. Сонымен бірге, олар қоршаған ортадағы құбылыс және объектінің көптеген белгілерін қабылдай алмайды. Бұларда өз- өзіне қызмет жасау дағдысы шектеледі.
Нашар көретіндердің заттар мен құбылыстарды танудағы кейбір мүмкіншіліктері болады. Олардың көру қабылдауы сақталғанымен толық емес, баяу, нақты емес. Көрмейтіндер арақашықтықтағы қимылсыз тұрған заттардан, берілмеген дыбыстарды түйсінуге қабілетті, олар иісті жақсы ажыратады, олардың бастамасын, бағытын анықтайды. Көрмейтін бала- лар ойын, оқу және кәсіби әрекетті меңгеруде қиыншылықтармен кездеседі. Л.Г.Выготский бойынша, көрмейтін балалардың «алтыншы» (жылылық) сезімі болады. Ол біршама қашықтықта тұрған затты байқауға мүмкіндік береді.
Нашар көретіндерде маңызды анализатор болып табылатын көз жанарын пайдалануға мүмкіндігі бар. Көрмейтін және нашар көретін балалардың қоршаған ортаны қабылдауында түйсік үлкен орын алады. Тактильді қабылдау түрі сезімдер кешенін алуды (жанасу, қысым, қозғалыс, жылы, суық т.б) қамтамасыздандырады және дененің формасы мен өлшемін анықтауға көмектеседі. Қолмен, саусақпен «көруге» үйренеді.
Сөзді есту арқылы қабылдау үлкен рөл атқарады, іс-әрекеттің көп түрін меңгеру жетістігі көрнекі-бейнелі ұғымның, ойлаудың, кеңістікті бағдарлаудың жоғары деңгейде дамуына байланысты. Бұл әсіресе, оқыту мен тәрбие, түзету үшін өте қажет жағдай. Көруінде бұзылыстары бар балаларға арналған білім беру жүйесін теориялық негіздеп, тәжірибеде тиімді әдістермен толықтыру, нәтижені жинақтау әрбір мұғалімнен, тәрбиешілерден үнемі ізденуді қажет етеді.
Басты мақсат – мүмкіндігі шектеулі жандардың толыққанды өмір сүруіне көмектесу, жеке тұлғаның қасиеттерін жан-жақты дамыту. Егер де коррекциялық, компенсаторлық процесті қалыптастыру өз уақытында басталмаса, балалардың білім алуына, қоғамда өзін-өзі ұстау барысында қиындықтар туындайды. Сондықтан, көруінде бұзылысы бар балаларды сауықтыру мен профилактикасын жетілдіру шараларын уақытында жасаған дұрыс.
Көру қабілеті зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу ерекшеліктері:
Көру қабілеті бұзылған балалар үшін білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері
Көормейтін балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
Бұл санаттағы балалардың көру өткірлігі көзілдірікпен түзете отырып жақсы көретін көзде 0 (0%) мен 0,04 (4%) аралығында болады. Сондай-ақ, көру өткірлігі жоғары (1-ге дейін, яғни 100%) бірақ көру аумағы 10-15 градусқа дейін немесе көру нүктесіне дейін шектеулі балалар жатады. Бұндай балалар көруді танымдық және бағдарлық әрекетте шектеулі қолдана алатындықтан олар көрмейтіндер қатарына жатқызылады. Көру талдағышының зақымдану ауырлығы мен сипаты барлық сенсорлық жүйесінің дамуына әсер етеді, қоршаған ортаны танудың басты жолдарын, сыртқы әлемді қабылдау толықтығы мен нақтылығын анықтайды [11].
Көру қабілетінің бұзылысы сезіну, қабылдау, елестету және т.с.с. бірқатар психикалық процестердің дамуына кері әсер ететін екінші қызметтік ауытқуларды тудырады (көру аумағын тарылту, көру өткірлігін төмендету және т.б.).
Қалыпты көретін баланың іс-әрекеті айналадағылардың әрекетіне еліктеуге сүйенеді. Ал көрмейтін бала арнайы ұйымдастырылған оқытусыз өздігінен бағытталған әрекетті қоршаған заттар мен олардың әрекетін мүлдем немесетолық елестете алмау, бұрмалап елестету салдарынан меңгеруге қабілетті емес.
Көру қабілетінің бұзылысы тұлғаның жеке құрылымдық компоненттеріне әсер ететіні сөзсіз. Олардың орнын толтыру психиканы қайта құру және жаңа өмірлік жағдайларға бейімделу процесі ретінде қарастырылады.
Көрмейтін және нашар көретін балалардың ойын, танымдық және басқа әрекет түрлерінде түзету мен орнын толтыру педагогикалық және психологиялық ықпал етудің әдістері мен тәсілдері, формаларының жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Оларды білу тек жеке мамандарға қажетті шарт емес, сондай-ақ бұл санаттағы балалармен жұмыс істейтін барлық адамдардың білгені дұрыс. Сезімдік тәжірибедегі кемшіліктердің орнын толтыру тек сақталған сезім мүшелерін белсенді іске қосқан жағда ғана мүмкін.
Көру сезімі мен қабылдауының толық немесе жартылай түсіп қалуына байланысты сыртқы әсерлердің қысқаруы зейіннің дамуына кедергі жасайды, қабылдауда тікелей қызығушылықты туғызатын объектілер аумағының қысқарады. Бұл зейіннің көлемін, тұрақтылығын және басқа қасиеттерін төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар, есту қоздырғыштарының бірсарындылығы көрмейтін балаларды шаршатады және алаңғасарлыққа әкеледі. Зейін белгілі бір психикалық процесспен, қандай да бір талдағыштың қызметімен байланысты емес және іс-әрекетте қалыптастырылады.
Көрмейтіндер үшін қолжетімді сезімдік ақпаратпен сүйемелденген сөз арқылы түсіндіру негізінде олар көптеген заттар мен құбылыстар туралы түсінік қалыптастыра алады.
Сөйлеудің компенсаторлық қызметі көрмейтіндердің барлық психикалық әрекетінде көрінеді: қабылдау процесінде (сөз оны бағдарлап нақтылайды), бейнелер мен түсініктерді қалыптастыруда, түсініктерді меңгеруде және т.с.с. көрмейтін баланың тұлғасын қалыптастыруда сөйлеу тілі өте маңызды орын алады. Сөйлеу тілі арқылы көрмейтін балалар қоршаған адамдармен әрекеттеседі, қоғамда бағдарланады [11].
Көрмейтіндердің сөйлеу тілін ата-аналар, педагогтер мен мамандар тарапынан дұрыс қалыптастыруға әсер болса, қалыпты деңгейге дейін дамып, әртүрлі әрекет түрлеріне қатсу мүмкіндіктерін кеңейтетін орын толтырушы күшті құрал бола алады. Сөздік қорды дамыту қолданылатын және түсінетін сөздер қатарын арттыру және сөздікті мағыналық дамыту арқылы, яғни, атауын білдіретін сөздер мен заттар сәйкестігі, нақты зат пен сөздің мағынасын жалпылау процесі жүргізіледі.
Көрмейтін және нашар көретін балалармен уақытында және тұрақты түзету жұмысы жүргізілсе, оларға қоршаған ортада қажетті бағдарлауды қамтамасыз ететін қажетті түсініктер қоры қалыптасады.
Әлеуметтік қарым-қатынастардың бұзылуы көрмейтін бала тұлғасының қалыптасуында ауытқуларға алып келеді және жағымсыз мінез-құлық ерекшеліктерінің пайда болуына әкелуі мүмкін. Оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру қиындығымен байланысты олардағы өзгерістер динамикасы, сезімдік көріністің шектелуіне байланысты қызығушылықтар қатарының азаюы, көру арқылы қадағалауды талап ететін әрекет түрлеріне қабілетінің төмендеуі, ішкі жағдайлардың сыртқы көрінісінің болмауы немесе бірден шектелуі жатады.
Әрине, көру қабілетінің бұзылысы тұлғаның негізгі қасиеттерінің дамуына қосалқы әсер етеді, ал негізгі рөл әлеуметтік факторларға (әрекеттің шектелуі, қалыпты көретіндермен сөйлесудің жағымсыз тәжірибесі және т.с.с.) тиесілі.
Арнайы білім беру жағдайларын жасау архитектуралық орта (оқудан тыс және оқу кеңістігі) мен арнайы құрал-жабдықтардан тұратын материалды-техникалық базаны құрудан басталады.
Кедергісіз кеңістік
Ғимаратқа кіргенде сүйеніштер міндетті түрде қажет. Сүйеніштер баспалдақтың екі жағынан 50 см биіктікте болуы керек. Диаметрі 3-5 см болатын шеңберлі сүйеніштер ыңғайлы. Сүйеніштердің ұзындығы баспалдақ ұзындығынан 30 см-ге ұзынырақ болу керек. Сүйеніштердің басы мен соңын тактильді бағдарлармен белгілеп қою керек.
Ғимарат ішімен қозғалу үшін дәліздердің бойында тұтқыштарды орналастыру керек. Бағдарлауды жеңілдетудің бір әдісі еденді әртүрлі рельефті жолмен жабу – бағытты ауытырғанда едендегі рельеф те ауысады. Бұл еденге арналған плитка немесе кілемді жол болуы мүмкін.
Ғимаратта көрмейтін баланы сүйемелдеу бойынша дыбыстық бағдарларды (дәліздің басы мен соңында, қабаттарды белгілеу) қолдануға болады.
Сынып кабинетінде бағдарлау үшін жағдайлар жасау қажет: партадағы тактильді бағдарлар, бөлменің жалпы аумағын рельефті фактуралармен немесе кілеммен зоналарға бөлу [11].
Арнайы құрал-жабдықтарға рельефті құралдар, Брайль шрифтісі бар компьютерлер, тактильді төсемдермен жабдықталған спорт зал жатады.
Қосымша дидактикалық материалдар
Тегіс баспалы оқу құралдар бұл санаттағы балалар үшін қолжетімсіз болғандықтан материалдарды берудің басқа түрлерін таңдау керек:
Брайль шрифтісімен жазылған оқулықтар мен оқу құралдары;
Цифрлік аудиожазба: mp3 және басқа;
Көрнекі құралдардың рельефті бейнелері;
Ақпаратқа визуалды емес қолжетімділік бағдарламалары;
Көрмейтін балаларға білім беру процесін ұйымдастыру бойынша
әдістемелік ұсынымдар
көрмейтін балалардың жұмыс қарқыны баяу болғандықтан тапсырмаларды орындауға көбірек уақыт беру қажет.
бала сипап сезу немесе естіп сипап сезу арқылы үйренеді, сондықтан оған заттарды ұстап көру мүмкіндігі берілу керек.
көру бейнелерінің кедейлігі мен сызбалығының орнын толтыратын түсіндірмелер санына назар аудару ұсынылады. Бұл жағдайда түсіндірмелер, сипаттамалар, нұсқаулардың нақтылығына ерекше көңіл бөлу керек.
заттарды/суреттерді көрсетуді сөздік нұсқаумен немесе сипаттамамен бірге жүргізу керек.
затпен және объектімен таныстыруда сабақтың қарқынын төмендету керек. Себебі, көрмейтін балаларға тапсырманы қабылдауға, есте сақтауға, түсінуге ұзағырақ уақыт керек.
сипап сезуге байланысты материалды ұсынғанда көруге берілген тапсырмамен салыстырғанда орындау уақыты 2-3 есе артатыные ескеру керек.
сабақ барысында әкөру қабілеті бұзылған бала кім сөйлеп жатқанын түсіну үшін әрбір оқушыны атымен атаған жөн.
мұғалім балаларға түсіндірген тақырыптарды көрмейтін бала қайта тыңдау үшін магнитофон/диктофонға жазып алу ұсынылады.
Нашар көретін балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
Нашар көретін балалардың санатына көру өткірлігі көзілдірікпен түзете отырып жақсы көретін көзде 0,05 (5%) мен 0,4 (40%) аралығында болады. бұл балалар тобының көрмейтін балалардан басты айырмашылығы: көру өткірлігінің ауыр төмендеуі болса да көруталдағышы қоршаған әлем туралы ақпаратты қабылдаудың негізгі көзі және оқу процесінде, оның ішінде оқу мен жазуда жетекші болып қалады. Бұл балалар көруі төмен немесе нашар көру мен қалыпты көру аралығындағы, яғни, көру өткірлігі түзете отырып жақсы көретін көзде 0,5 (50%) пен 0,8 (80%) аралығында болады [11].
Қызметтік бұзылыстары бар балалардың көп бөлігін амблиопия мен қылилығы бар балалар құрайды.
Көру талдағышының зақымдану ауырлығы мен сипаты барлық сенсорлық жүйесінің дамуына әсер етеді, қоршаған ортаны танудың басты жолдарын, сыртқы әлемді қабылдау толықтығы мен нақтылығын анықтайды.
Берілген топтың білім алушыларына
жалпы және көру арқылы жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі;
табыстылығы көру қызметінің жағдайымен анықталатын заттық-практикалық әрекеттердің баяу қалыптасуы;
өлшеу дағдыларын меңгеруде, көру-моторлы координациямен көру-кеңістіктік талдау мен жинақтауға байланысты тапсырмаларды орындаудақиындықтар туындауы
көру қызметінің төмендеуі және әр түрлі клиникалық көріністеріне байланысты ғана емес, сондай-ақ көру арқылы қабылдау мен психомоторлы құрылымдардың жеткіліксіз дамуының салдарынан сезімдік тәжірибенің кедейлігі;
қозғалыстық белсенділіктің төмендігі және дене дамуының өзіндік ерекшеліктері (қозғалыстардың үйлесімі, нақтылығы, көлемінің бұзылысы, көз, бас, дене, қол және т.б. қозғалысы байланысының бұзылуы).
сөйлеу тілінің өзіндік даму ерекшелігі;
тілдік (фонематикалық құрам, сөздік қор, грамматикалық құрылым) және тілдік емес (мимика, пантомимика, интонация) қарым-қатынас құралдарын меңгерудегі, коммуникациялық әрекетті (қарым-қатынас құралдарын қабылдау, өңдеу) жүзеге асыруда белгілі бір қиындықтардың болуы.
жалпы және танымдық белсенділіктің төмендеуінен әр түрлі әрекет түрлерінің, ең алдымен сенсорлы-перцептивті дамуының қиындығы
орындалатын әрекеттердің сапасымен, дағдылардың машықтануы, орындалатын әрекетті көру арқылы қадағалауға байланысты қиындықтардың болуы.
көру арқылы қабылдаудың жылдамдығы мен нақтылығының төмендеуі, көру бейнелерінің қалыптасу баяулығы, көру арқылы қабылдау қасиеттерінің қатарының қысқаруы және әлсіреуі; ойлау операцияларын іске асырудағы және зейіннің негізгі қасиеттерін дамытудағы қиындықтар ретінде көрінетін танымдық процестердің құрылуы мен барысының ерекшелігі тән [11].
Материалдық- техникалық қамтамасыз ету
Білім беру ұйымы құрылыстық ережелер мен нормаларға, санитарлық және гигиеналық нормаларға, өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес болып, көрмейтін және нашар көретіндер үшін жабдықталуы керек:
баспалдақтың төменгі және жоғарғы сатысын қанық түспен бояу: баспалдақты, табалдырықты, жиектерді, маңайдағы аумақтың шығыңқы жерлері талаптарға сәйкес белгіленуі керек;
баспалдақтардың екі жағынан тегіс сүйеніштер болу керек;
маңайдағы аумақты және дәліздерді бағдар беретін рельефті-қанық бояулы төсем салу; дәліздегі баспалдақтарды, дәліздерді, қабырғалар мен есіктерді бағдарлармен жабдықтау ұсынылады.
баспалдақтың бірінші және соңғы сатысы басқалардан фактурасы мен түсі қанықтығы бойынша ерекшеленуі керек.
баспадақтың екі жағында тұтқалар барлық қабат аумағында құрылып, есік жақтауына 30-40 см жетпей аяқталады.
Түсті көрсеткіштер. Егер ғимаратқа кіретін есіктер шыныдан жасалса, оларды белгілі бір биіктікте ені 400 мм болатын екі көлденең жолақпен белгілейді: жоғарғы жолақ – қызыл түсті, төменгісі – сары түсті. Сары жолақ еденнен 500 мм биіктікте болу керек.
Жарық көрсеткіштері. Ғимаратқа кіруді белгілеу үшін бағдар ретінде жанып-өшетін шам қолданылуы мүмкін, бірақ жарықтың сәулесі көзге қоздыратын әсердің алдын алу үшін тікелей емес, міндетті түрде шағылуы керек.
Қажетті арнайы құрал-жабдықтар. Нашар көретін балалардың оқу-танымдық әрекетін жеңілдететін арнайы тифлотехникалық және оптикалық (оптикалық түзетудің жеке құралдары, электронды үлкейткіш әйнек, қашықтықты үлкейткіш әйнек, қалталы әртүрлі еселік үлкейткіштер және басқа) құралдар қолданылуы керек [11].
Қосымша дидактикалық материалдар
Сабақта табиғи заттарды қолдану үшін оларды таңдауда белгілі бір ережелерді сақтау керек: көру және сипап сезу арқылы зерттеу үшін заттар ыңғайлы болу керек; заттардың пішіні дәстүрлі тез танылатын және негізгі бөліктері айқын білінетін болуы керек; заттар ашық түсті, негізгі бөліктері түспен белгіленуі керек.
Үлестірмелі иллюстративті материалды әзірлеуде әрбір баланың көру қабілетінің бұзылыстарын және оған ұсынылған көру жүктемесін ескерген жөн.
Балаларға слайд, кино мен бейнематериалдарды таңдауда да оқушылардың көріп қабылдауына ыңғайлы, зат пен құбылыс туралы дұрыс түсінік алуға мүмкіндік беру тұрғысынан қарау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |