Басылым өнімін өндіруде дәстүрлі басуға дейінгі процесстер үш кезеңді қамтиды және үш бөлімге бөлінеді



Дата08.02.2022
өлшемі24,91 Kb.
#123304
Байланысты:
Процестер
13 апта срс Бектасова Б ТП-18-2к1, 14 апта срс Бектасова Б ТП-18-2к1, Қырғиқабақ соғыс

Басылым өнімін өндіруде дәстүрлі басуға дейінгі процесстер үш кезеңді қамтиды және үш бөлімге бөлінеді:


1. Мәтінді теру, яғни мәтіннің форматтап дярлау.
2. Көп бояулы басылым үшін түс бөлу суретқалыбын даярлау графикалық түпнұсқалармен бейнелерді ұдайы өндіру.
3. Басу форманы даярлау және монтаждау, яғни полосаға және басылым параққа мәтінді, бейнені, графикалық бөлшектерді бір тұтасқып жинақтау, содан кейін басу машинаға, ақпарат тасушы форма дайындау.Қағаз парақтың ұзындығы мен енінің бөлім бөлшегін көрсеткен (см) мөлшері басылымның форматын береді. Мысалы, 60x90/16 форматтағы 60x90 см өлшемдегі терілім беттердің 1/16 бөлшегі.
Басылымының жалпы 40 жуық форматтары бар. 95% кітаптың негізгі форматында шығарылады, ал 19-дың 8 журналдар шығарылады.Басылымның форматын таңдағанда, ең алғашқы рет оқырманның квалификациясына және басылым типіне қарайды. Типі дегенде форматты таңдағанда келесі жайттар ескеріледі:
— жолдың ыңғайлы оқылуы;
— басылым полосасының және шеттерінің өлшемдері;
— басылымның полиграфиялық және баспаханалық типі мен түрі;
—мәтінінің мінездемесі,теңдеулердің, бейнелердің және кестенің өлшемдері мен мінездемесі;
— басылымды пайдалану және оны сақтау ерекшеліктері;
— басылымның таралымы және көлемі.

Форматын таңдау рәсімдеудің негізгі көрсеткіштерін анықтайды: терілім жолағының форматы, жиектердің өлшемдері және орналасуы, сондай-ақ басылымның қаріпі және құрылымы. Терілім жолағының форматы басылымның форматы емес оның рәсімдеу түріне байланысты болады. Кітапты рәсімдеудің үш түрі және журналды рәсімдеудің екі түрі қарастырылған.


Бірінші түрі — терілім жолағының жиектері аз –тиімдірек түрі. Оған жататындар: көп уақытқа пайдаланбайтын көлемі аз, массалы кітапшалар, анықтамалық басылымдар, бюллетендер, кейбір журналдар.
Екінші түрі— жиегі қалыпты жолақты басылымдар, оған жататындар ғылыми-бұқаралық, ғылыми-өндірістік шығармалар , оқулықтар, әдеби-көркем басылымдар.
Үшінші түрі— терілім жолағының жиектері аз басылымдар, оған жататындар: монографиялар, ерекше бейнеленген басылым, өнер туралы әдебиет, балалар әдебиеті және тағыда басқа көп уақытқа қолданысқа ие шығармалар
Баспаханада жұмыс істеу үшін басты құжат болып есептелінетін, түпнұсқамен тапсырылатын спецификация. Онда рәсімдеудің барлық көрсеткіштері жазылады.
Бүгінгі күнде, көптеген баспаханалар терілімді өздері жасайды немесе түпнұсқалар терілген күйде баспахана спецификациясымен дискеталарға, zip-дискеталарға, лазерлі дискеталарға жазылып тапсырылып жатады. Электронды түрде терілген мәтін ешбір грамматикалық және стилистік қатесіз терілуі керек.
Басылымның технологиялық үрдісі басталмай тұрып компьютерлерде мәтіндік және бейнелік файлдар пішімделінеді. Мәтінді файлдарын мәтінге арналған бағдарламамен дайындайды Ондағы жасалынатын операциялар келесідей болады:
— алты таңбалы кодта анықтамаларды енгізу;
— монитордағы көрінген қателерді түзету;
— бағдарламаны пайдалана отырып автоматты түрде орфографияны тексеру;
— форматтау, яғни принтерден шығаруға дайындау (егерде макеттеу мен жинақтау қажет болмаған жағдайда);
— принтерге шығару, фототерілім орнатылу, ризографта немесе файлды басып шығару.
Макеттеу мен жинақтау жүйесінде алдын ала дайындалған файлдарды пайдаланады. Мысалы, мәтіндермен графикалық ақпараттарды енгізетін сканер қолданады. Сканер суретшінің салған суреттерін еш өзгеріссіз сандық түрге айналдырып беретін құрал. Соның өзінде де кейбір сәттерді қолмен енгізген қолайлы: жеке тақырыпшалар, колонтитул мен тасымалдау материалдар және графикалық бейнелер жатады.
Алдын ала дайындалған файлдарды публикация беттерінде арнайы ұйымдасқан терезелерге орналастырып Ventura Publisher автоматтандырылған жинақтау типіндегі әр түрлі түрлерге(кітаптар, кітапшалар, буклеттер және т.б.) рәсімделіп қойылған бөлімдерге орналастырып дайындайды. Осы сияқты дайын шаблондар Page Maker бағдарламасында қолданады.
Пішімделіп қойылған жолдарды қабылдау мүмкіндігі 600 немес 1200 нүкте дюймдегі түпнұсқа макетін шығару үшін лазерлі принтерін пайдалынады.
Заманүй бағдарламаларда келесі жайттарды енгізуге мүкіндік береді:
— реңдердің градациясын реттейді;
— басып шығарудың өсімталдылығын жорарлатады;
— көшірме санын жазуға;
— кесі таңбаларын шағаруға;
— жеке түстерді бөлек шығаруға;
— беттерді кері және оң ретімен шығаруға;
— масштабын өзгертуге;
— кері бейнесін шығаруға;
— жолдардың орналасу ретін қамту;
— жеке фрагменттердің шығуын тоқтата тұру және т.б.
Қағаздың орнына мөлдір астарлы арнайы пластмасс пайдалану кеңірек қолға алынды. Өйткені, түпнұсқа макетін, принтерде диапозитив дайындау қажеттілігі жоқ. Егерде жоғары линиатурадағы фрагменттерді шығару керек болса (2400 нүкте дюймдегі) фототерілім қондырғысын қолданады.
Ақыр соңында, ақпараттарды магнитті тасымалдаушыға жазылуымен қамтамасыз етіетін, файлдарды басып шығару мүмкіндігі бар. Файлды шығару кезінде шығару құрылғысының типін алдын ала белгілеп алады.
Соңғы кезде ақпараттарды шығару ретінде баспаханалық- полиграфиялық жинақ ризографты пайдаланып жүр. Баспа ретінде трафаретті ротациялық басылым әдісі қолданады, формасының даярлануы, цилиндрге орнатылуымен қайтадан алынуы автоматты түрде іске асады.
Баспаханалық жүйеде дайындалған жүйе, ұдайы өндірілетін түпнұсқа макеті терілімге жатпайды, ол фотографияны ұдайы өндіруге немесе дереу көшіру үрдісіне (монтаждан кейін) басу формасын дайындау үшін қолданады.
Қол қою түзетулері— басылымға қол қойылғаннан бастап басылымның жарыққа шығуына дейінгі түзетулер жүргізілетін құжат.
Түпнұсқалық макетті дайындау. Соңғы кездерде «жұмыс потогі» деген термин жиі кездеседі (Workflow), онда белгілі бір берілген ақпараттар мен бағдарламалар және осы бағдарламамен байланысты құрылғылар жинақталған. Бүгінде Heidelberg фирмасы технологияға, техникалық және қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты енгізу жүйелерін ұсынады.
Heidelberg Prepress ұсынған жұмыс потогін ұйымдастыру және басуға дейінгі жүйесін қарастырайық.
Басуға дейінгі үрдісті қарастыруға ыңғайлы болу үшін төрт этапқа бөлінеді:
— компюьтерде мәтінмен бейнелерлі ақпараттарды енгізу;
— бейнелерді компьютерлік өңдеу, жинақтау, шыраруға дайындық;
— бейнелерді растрлеу және шығару;
— басу формасын даярлау.
Бейнелерді офсетті басу формасына шығару үшін (Computer-to-Plate) соңғы екі этап бір технологиялық операцияға біріктіріледі.

Форманы дайындау этапынан бөлек басуға дейінгі дайындықта Heidelberg кең ауқымды жабдықтар мен технология және бағдарламамен қаматамасыз етеді. Мысалға бейнелерді енгізу үшін әлемге әйгілі Topaz планшетті, Tan барабанды сканерлері қолданады немесе Heidelberg Prepress басқада сканерлерін қолдануға болады.


Дайын жол беттерін және бейнелерді қуатты Da Vinci графикалық станциясы, ал жол беттерін жинақтап дайарлау Signastation станциясы пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет