Көру қабілеті зақымдалған балалардың сезім түйсігі мен ұсақ моторикасын қалытастыру атты әдістемелік құралына


II. 4 Ұсақ моториканы дамытуға бағыт және ойын жаттығулар



бет5/10
Дата17.10.2022
өлшемі6,08 Mb.
#153378
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қосымша-1. Әдістемелік құрал

II. 4 Ұсақ моториканы дамытуға бағыт және ойын жаттығулар.
Оң қолға арналған жеке қозғалыс (санақ бойынша)

  • Партаға алақанмен шапалақтау (саусақтар бірге, саусақтар бөлек)

  • Партаға бүгілген саусақтармен тақылдату

  • Парта бетін үзіліспен шапалақтау және сипалау

  • Партаға алақанмен және бүгілген саусақтармен тақылдату

  • Қолды жұдырық етіп қысу

  • Саусақтарды бір уақытта бүгу және кезекпен

  • Үлкен саусақты кезектестіріп басқа саусақтарға қарама-қарсы қою

Заттармен жаттығу.

  • Мозаикамен түрлі өрнектер құру

  • Сіріңке қорабынан біртіңдеп басқа ыдысқа сіріңкені жинау (тек қолдың ұшымен жұмыс жасау, үлкен, сұқ саусақ және ортан саусақ)

  • Ыдыстан сіріңкені біртіңдеп сіріңке қорабына қайта салу.

  • Кішкентай допты қысу (мақта түйірін).

  • Тақтай бетіне сұқ саусақ және ортан саусақпен бір уақытта және кезекпен ермексаздан түйіршіктер илеу.

  • Қаламды, сіріңкені немесе санамақ таяқшасын үлкен саусақ және сұқ саусақпен, үлкен саусақ және ортан саусақпен ұстап қозғалту (тербету).

Кез келген елдің ауызша сөйлеу тілінде саусақтардың қозғалысымен қатар жүретін қысқа тақпақтарды кездестіруге болады. Мысалы: «Қуырмаш». Қысқа тақпақтармен қатар жүретін саусақ жаттығулары қолдарға жайлы әсер ететінін ерте кезден-ақ байқаған.


Саусақтардың және қол білектерінің қозғалысы ерекше дамытушылық мағыныға ие. Мануалды әрекеттің адам миына әсер ететіні біздің эрамызға дейінгі II ғасырда Қытайда белгілі болған. Саусақтарда импулсты орталық жүйке жүйесіне жіберіп отыратын рецепторлардың үлкен көлемі бар. Сезімтал аймақтар сонымен қатар құлақта, табанда болады.
Ал енді біздің заманымызда қол саусақтарының қозғалысы бойынша сөйлеу типінің дамуына әсер ететінін дәлелдеген.

II. 5 Бала саусақ жаттығуын жасаған кезде не болады?
Саусақтармен жаттығуларды және ырғақты қозғалыстарды орындау индуктивті бас миындағы сөйлеу орталықтарының қозуына және сөйлеу аймақтарының келісілген әрекетінің күрт күшеюіне алып келеді. Бұл нәтижесінде сөйлеу типінің дамуын ынталандырады.

  1. Саусаққа арналған ойындар жағымды эмоционалды көңіл-күй тудырады, үлкенге еліктеу білігін дамытады. Сөйлеу тілін тыңдауға және сөйлеу тілінің мағынасын түсінуге үйретеді, баланың сөйлеу тілінің белсенділігін көтереді.

  2. Бала өзінің зейінін шоғырландыруға және оны дұрыс бөлуге үйренеді.

  3. Егер бала жаттығуларды қысқа тақпақтармен қатар орындаса, оның сөзі неғұрлым анық, ырғақты, жарқын болады және орындаған қозғалысын қадағалауы күшейеді.

  4. Бала қолдарының белгілі қалпын және қозғалысының ретін есінде сақтауға, үйренгендіктен, оның есте сақтау қабілеті дамиды.

  5. Баланың елестетуі және қиялы дамиды. Барлық жаттығуларды меңгерген соң бала қолмен әңгімелеуді айта алады.

  6. Барлық жаттығуларды меңгеру нәтижесінде қолдың білектері мен саусақтары күш жинайды, қозғалғыштыққа және иілгіштікке ие болады, ал бұл болашақта жазу дағдысын меңгеруін жеңілдетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет