Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстар Орындаған: Бекзақ Тұрғанбек



бет1/8
Дата04.10.2023
өлшемі46,79 Kb.
#183665
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педаг-emirsaba.org


Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстар Орындаған: Бекзақ Тұрғанбек

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


«Өрлеу» БАҰО АҚФ ББЖҚБАРИ

Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстар
Орындаған: Бекзақ Тұрғанбек
2019-2020 оқу жылы

Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстар


Жобаның мақсаты:
Инклюзивті білім беру жүйесіндегі оқыту процесіне сәйкес көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың ерекшеліктерін анықтау

Жобаның міндеті:
  • Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балаларға сипаттама бере отырып, олармен жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізілу жолдарын зерделеу;


  • Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балаларды оқыту процесіндегі ерекшеліктерді сипаттау.




Жоспары:
І.Кіріспе. Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балаларға психологиялық- педагогикалық сипаттама беру.

ІІ.Негізгі бөлім:
  1. Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жолдары.


  2. Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балаларды оқытудың ерекшеліктері.




ІІІ.Қорытынды. Инклюзивті білім беру- білім беру теңдігінің жарқын көрінісі.
Инклюзивті білім беру - ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру мектептерінде оқыту процесі. Инклюзивті білім беру үдерісі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Ерекше балалардың білім алуына қажетті барлық кешенді шаралар ҚР заңдары мен бұйрықтарына сүйеніп отырып жасалынады. Демек, инклюзивті білім беруде заңдарға негізінде жұмыс жасай отырып, инклюзивті мәдениет ортасын қалыптастыруымыз қажет. Ерекше балаға деген көзқарас әрқашанда тұлғалық ерекшелігіне баса назар аудара отырып, оң көзқарас негізінде жүргізілу қажет.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы желтоқсанның 12-дегі №524 бұйрығымен бекітілген “Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру” бойынша әдістемелік ұсынымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау баланы білім беру-тәрбиелеу үдерістері жағдайында дамытуды қамтамасыз ететін көмек пен қолдаудың ерекше бір түрі болып табылады және әрбір баланың мүмкіндігі мен қажеттілігіне сәйкес оны табысты оқыту мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдай тудыратын мамандардың ұйымдық қызметінің тұтас жүйесін білдіреді, даму мүмкіндігі шектеулі баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан кейін – ПМПК) ұсынысы мен қорытындысының нәтижесінде ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының ішінде штаттық мамандармен (арнайы педагогпен, психологпен, логопед мұғаліммен, әлеуметтік педагогпен, ЕДШ маманымен және т.б.). Сондай-ақ білім беру ұйымдарынан тыс арнайы білім беру ұйымдарының (психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, оңалту орталығы, түзету және инклюзивті білім беру кабинеті) мамандарымен, сондай-ақ келісім шарт негізінде қызмет жасайтын арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының педагогтарымен іске асырылады, мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыратын білім беру ұйымының педагогтар ұжымы.
Даму мүмкіндігі шектеулі балалар:
-Есту қабілеті бұзылған балалар (естімейтін, нашар еститін, кейіннен саңырау болып қалған);
-Көру қабілеті бұзылған (көрмейтін, нашар көретін, кейіннен соқыр болып қалған);
-Тірек-қимыл жүйесінің бұзылыстары бар;
-Сөйлеу қабілеті бұзылған;
-Ақыл-ойының кемтарлығы бар;
-Психикалық дамуы тежелген;
-Эмоционалдық және ерік сфералары, мінез-құлқы бұзылған;
-Күрделі бұзылыстары бар, соның ішінде соқыр-саңырау
ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлуді, олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілу тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз» деп атап көрсетті.

Осы алдыға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда дефектолог, логопед, әлеуметтік педагог, пән мұғалімдері, психолог және ата – аналарға арналған мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге, өмірге бейімдеуге байланысты көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар оқушыларға арналған оқулықтар, оқу әдістемелік құралдар, нұсқаулықтар, құрал жабдықтар қолжетімділігін зерделеу мақсатында және осы қарама – қайшылықтардың шешімін іздестіру мақсатында “Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстар” тақырыбына қатысты зерттеулерді қарастырайық.


Көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін сала арнайы педагогика деп аталады.

  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет