Көзбұршақтың өзгеруі. Адамның бүкіл өмір бойында жаңа көзбұршақтық талшықтардың түзілуі нәтижесінде көзбұршақ өсіп отырады. Жас келе, көзбұршақтың қалыңдығы үлкейсе, сонымен бірге –орталық бөлігінде тығыз ядро түзіледі. Қартайған сайын көзбұршақ капсуласының цинн байламдарының шыны тәрізді денемен байланысы әлсірейді. Көзбұршақтың қалындығының ұлғаюы алдыңғы камера тереңдігінің төмендеуіне, оның бұрыштарының тарылуына және нұрқабықтың көзбұршақ капсуласына тығыз жанасуына алып келеді. Бұл
өзгерістер біріншілік жабықбұрышты глаукоманың туындауына себепші
болуы мүмкін.
Шыны тәрізді дененің инволютивті-жастық өзгерістеріне оның гистерезисі, бұлыңғырлануы және ажырауы жатады. Гистерезис өлшемдері
біртіндеп ұлғаятын және бір-бірімен бірігетін, сұйықтыққа толы тұтқыр
гель тәрізді қуыстардың түзілуімен жүреді. Шыны тәрізді дененің бұлыңғырлануы талшықты құрылымның іріленуіне, олардың қозғалғыштығының жоғарылауына немесе жіп тәрізді деструкцияға байланысты болуы және де ол көз алдындағы «шыбындар», «жіптер», «дақтар» болып көрінуі мүмкін.
Нұрқабықтың өзгеруі. Нұрқабықтағы кәрілік өзгерістері әсіресе оның шеткері беткейінде айқын байқалады. Олар нұрқабықтың бұлыңғырлануы, оның диспигментациясы, майда кисталардың түзілуі ретінде айқындалады. Сирек жағдайда кеңістігі тұтқыр гиалурон қышқылымен толатын, нұрқабықтың төменгі және жоғарғы самай бөлігінің екі жапырақшаға ыдырауымен жүретін, кәрілік ретиношизис
туындайды. Қантамырлардың асқынбаған жағдайларындағы өзгерістеріне оның қабығының жуандауы, артериолалар мен венулалар саңылауының тарылуы және олардың тіктелуі жатады.
Көру қызметінің өзгеруі. Көру жүйкесі дискісінің жастық өзгерістеріне оның қалыңдауы, аздап деколорациясы және диск шетінде хориоидеялық субатрофия аймағын жатқызады. Бұл офтальмологиялық өзгерістер жүйке талшықтары санының, астроглиялар тығыздығының төмендеуі және тамырлы жүйенің бөліктік редукциясы нәтижесінде туындайды.
Егде және қарттық жаста көру қызметі біртіндеп төмендейді: көру өткірлігі, жарықтық, контрастілік және түстік сезімталдық төмендейді.
Асқынбаған жағдайда бұл өзгерістер өмір сүру және еңбек ету сапасына айтарлықтай әсер етпейді. Кең ауқымды жастық өзгерістер аккомодацияның бұзылуына тән болып келеді. Аккомодацияның әлсіреуі көзбұршақтағы эластикалық қасиеттің және цилиарлы бұлшықеттегі инволюциялық – жастық үдерістерге тәуелді болады. Рефракциясы жоғары адамдар 40-45 жасқа келгенде көру жұмысын орындау (пресбиопия) үшін көзілдірік киюіне тура келеді.