Кошакаева Айгуль Альмишовна «Қарттарын қадірлеген ел ардақТЫ» 1-қазан Қарттар күніне арналған концерттік бағдарламаның сценарий



бет1/3
Дата05.02.2023
өлшемі48 Kb.
#167459
түріСценарий
  1   2   3
Байланысты:
Қарттарын қадірлеген ел ардақты


Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Ораз Жандосов атындағы орта мектеп интернат КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Кошакаева Айгуль Альмишовна
«ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ»
1-қазан Қарттар күніне арналған концерттік бағдарламаның сценарийі
Мақсаты: үлкенді сыйлау,қарттарымызды қадірлеу,немерелерінің оларға деген сый-сыяпатын ән-билерімен жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:презентациялар,гүлдер,шарлар,ақ дастархан.
Күні:28.09.2018.
(Фанфар. Жүргізушілер ортада)
1-жүргізуші: Армысыз ауылымның асылдары,
Жайналсын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары.
2-жүргізуші: Қош келдіңіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
1-жүргізуші: Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз!
2-жүргізуші: Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
1-жүргізуші: Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше.
2-жүргізуші: Олай болса, әр халықтың бойында ықылам заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерешеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу.
1-жүргізуші: Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы тілегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1-қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешімізге қош келдіңіздер дегім келеді. (пауза). Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектеп директорының тәрбие ісінің меңгерушіс Алтынхан Семетайқызына береміз.
Видео «№1» Қарттар күні деген




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет