Мінез-құлыққа негізделген ұстанымның сипаттамасын жазыңыз.
Мінез-құлық ұстанымы көшбасшының болмыс-бітіміне көңіл бөледі. Көшбасшының тұлғалық қасиеттеріне негізделетін тұлғалық қасиеттер және көшбасшының қабілетіне баса назар аударатын машықтар ұстанымынан мұның айырмашылығы осында. Мінез-құлық ұстанымы көшбасшының не істейтіні мен қалай әрекет ететініне ғана үңіледі. Көшбасшылықты зерттеуді көшбасшының мінез-құлқына қарай ойыстыру-да осы ұстаным зерттеу көлемін көшбасшының әртүрлі ситуацияда өз ізбасарларына қатысты әрекетін қамтитындай деңгейде ауқымдандырды. Бұл ұстанымды зерттеушілер көшбасшылықтың екі жалпылама мінез-құлықтан – міндетті орындаудағы мінезқұлық пен қарымқатынастағы мінезқұлықтан тұратынын анықтады. Міндетті орындаудағы мінез-құлық мақсатты бағындыруды жеңілдетеді: Ол топ мүшелерінің өз мақсаттарына жетуіне жәрдем береді. Қарым-қатынастағы мінез-құлық ізбасарлардың өз-өзіне, бір-біріне және олардың тап болған жағдайға қатысты жайлы сезінуіне көмектеседі. Мінез-құлық ұстанымының басты мақсаты – ізбасарлардың өз мақсаттарына жетуіне ықпал етуде көшбасшының осы екі мінез-құлық түрін қалай үйлестіретінін түсіндіру. Бұл ұстанымға тереңірек бойлау үшін көптеген зерттеу жүргізілді. Кейбір бастапқы зерттеулер 1940 жылдардың соңында Огайо штаты университетінде жасалды; олар көшбасшылықты зерттеуде тұлғалық қасиеттерден басқа жайттарды да қарастырудың маңызын мәлімдеген Стогдиллдің (1948) еңбегіндегі нәтижелерге негізделді.
Нашар басшыға қарсы шығуға дәрменсіздікті өз сөзіңізбен жазыңыз.
Негізгі көшбасшылық ерекшеліктерді жазыңыз.
Огайо штатындағы және Мичиган университетіндегі зерттеулерді жазыңыз.
Огойо.Зерттеушілер ізбасарлардың сауалнамадағы жауаптары көбіне екі мінез- құлық айналасына топталғанын аңғарды: олар – қызметтерді құрылымдау