Ситуация тұрғысынан зерттеу ұстанымының күшті және осал тұстарын жазыңыз.
Көшбасшылықты ситуация тұрғысынан қарастырудың біркатар күшті тұсы (әсіресе практиктер үшін) бар. Біріншіден, тарихта онын нарыктагы пайдасы дәлелденген. Ситуациялық көшбасшылық ұйымдар арасында кем- басшыларды оқытуда жиі пайдаланылады әрі кеңінен танымал. Херси мен Бланшардың (1993) айтуынша, бұл - «Fortune-500» тізіміне кіретін 400-ден аса компанияның оқыту бағдарламасында пайдаланылатын фактор. Корпо- рациялар жұртшылықты тиімді көшбасшылыққа оқытуда оны пайдалы мо- дель ретінде карастырады. Бұл тәсілдің екінші күшті тұсы оның қолайлылыгында. Ситуациялык көшбасшылык түсінуге онай, интуиция тұрғысынан түсінікті және түрлі жағдайда онай колданылады. Көшбасшылықты зерттеудің кейбір тәсілдері адамга өзінің көшбасшылық мінез-құлқын багалаудың кешенді әрі күрде- лі жолдарын ұсынса (мысалы, шешім шығару ұстанымы: Vroom & Yetton, 1973), ситуациялық көшбасшылық оңай қолданылатын қарапайым тәсіл- ді келтіреді. Ол ұғынықты, абстрактілі деңгейде сипатталғандықтан, онын астарындагы идеялар да көкейге қонымды. Сонымен қоса, бұл ұстаным аясындағы қағидаларды әртүрлі жағдайда - мейлі жұмыста, мектепте, тіпті отбасында болсын, пайдалануға болады. Колайлылыгына жақын келетін тағы бір күшті тұсы бар: ол нұскаулык құндылыққа ие. Көптеген көшбасшылық теориясы сипаты жагынан дес- криптивтік болып келсе, ситуациялық көшбасшылық прескриптивтік, яғни нұскаулык тәрізді. Ол адамға әртүрлі жағдайда нені істеу және нені істе- меу қажет екенін айтады. Мәселен, ізбасарыңыздың білігі өте төмен болса, Ситуациялык көшбасшылық сізге көшбасшы ретінде нұсқау беруші стиль- ді ұстануға жөн сілтейді. Ал ізбасарыныз білікті, бірак өзіне сенімсіз болса, онда ситуациялық көшбасшылық қолдау көрсетуші стиль арқылы басқаруға кенес береді. Бұл нұсқамалар көшбасшылық процесін жеңілдетіп, оны ны- гайтуга комек беретін басқару қағидаларынын багалы жиынтығын ұсына- ды. Мәселен, Мейрович пен Гу (2015) жуықтағы зерттеулерінде көшбасшы нұсқау беруші стильге жақын болған сайын, қызметкерлердін канагаттануы мен енбек өнімділігі көрсеткіші жақсара түсетінін мәлімдеді. Ситуациялык көшбасшылықтың төртінші күшті тұсы оның көшбасшы икемділігіне назар аударатынында (Graeff, 1983; Yukl, 1989). Яғни, оган сәйкес, көшбасшы өз ізбасарларының қажеттіліктерін аныктап, көшбасшылык стилін соған сәйкес етіп бейімдеуге тиіс. Көшбасшының бір гана стильді басшылыкка алуы жеткіліксіз: олар өз стилін ситуация талаптарына сай ке- летіндей өзгертіп отыруға әзір болғаны жөн. Осы ұстанымға сүйенсек, ізба- сарлар әртүрлі мақсатқа қол жеткізуде әрқилы, сондай-ақ олар бір максатка жетудін сан алуан сатыларында әрқалай әрекет етуі мүмкін. Ыкпалды кэш- басшы тіпті жобаның бел ортасында болсын, өз стилін мақсаттың талапта- ры мен ізбасарлардың қажеттіліктеріне сәйкес өзгерте алатын адам. Мыса- лы, Зигарми мен Робертстің (2017) айтуынша, ізбасарлар өздерінін кажетті- ліктері мен көшбасшының мінез-құлқы арасындағы сәйкестікті байқағанда, бұл олардың жұмысына, сеніміне және жұмыс істеу ниетіне оң әсер етеді. Сондай-ак ситуациялык көшбасшылық алға қойылган максатка карай әр ізбасарга әртүрлі қарауды және олардың жаңа машық түрлерін үйреніп, өз жұмыстарына сенімдірек болуына көмектесу мүмкіндіктерін іздеуді еске салады (Fernandez & Vecchio, 1997: Yukl, 1998). Сайып келгенде, бұл ұста- ным ізбасарлардың жеке-дара кажеттіліктері бар екенін және өз жұмысын жаксырак аткаруга тырысуда біздін оларга жәрдемдескеніміз жөн екенін атап өтеді.