Бұл бөлімде біз этикалық көшбасшылықтың Аристотельден бастау алатын бес принципін талқылаймыз. Бұл принциптердің маңызы меди-циналық-биологиялық этика (Beauchamp&Childress, 1994), бизнес этика (Beauchamp&Bowie, 1988), психологиялық кеңес (Kitchener, 1984) және көшбасшылық туралы білім (Komives, Lucas, &McMahon, 1998) секілді түр-лі пәндер аясында талқыланған. Жалпыға бірдей болмаса да, бұл принцип-тер құрмет, қызмет, әділет, шынайылық және қауым секілді дұрыс этика-лық көшбасшылықты дамытудың негізін қамтамасыз етеді.Этика көшбасшшыбаскалардыкурметтейді :Философ ИммануилКанттың (1724–1804) пікірінше, өзгелерге құр-метпен қарау – парызымыз. Құрметтеу өзгелерді мақсатқа жеткізетін құрал емес, мақсаттың өзі ретінде қарауды білдіреді. Бошамп пен Боуи (1988, р. 37) жазғанындай, «Адам өзінің дербес мұраты бар тұлға ретінде қабылдануға тиіс, ешқашан біреудің жеке мақсатына жететін құралы ретінде қаралмаға-ны абзал». Ғалымдар сондай-ақ «өзгелерге өз мақсатыңды жүзеге асыратын құрал емес, мақсаттың өзі ретінде қарау – олардың шешіміне құрметпен қа-рау» деп есептейді: бұл талапты орындамау оны өз жеке бас мүддесіне пай-даланатынымызды білдіреді. Өзгелерді құрметтейтін басшылар олардың креатив талабы мен қа-лауына тиіспей, өзімен-өзі болуына мүмкіндік береді. Олар өзге адамдармен әркімнің құнды ерекшеліктері мен бағасын біліп қарым-қатынас жасайды (Kitchener, 1984). Біреудің идеясына сенім білдіру және оларды адам ретін-де мойындау сол құрметтің бір белгісі саналады. Кейде басшыларға өзгелер-мен санасуға тура келеді. Бернс (1978) айтқандай, көшбасшы ізбасарларын өз мұқтажын, құндылықтары мен мақсат-мұратын ұғынуға үйретіп, оны көшбасшының қажеттілігі, құндылығы мен мақсат-мұратымен сабақтасты-руда ізбасарға бағыт-бағдар бере білгені абзал. Басқаларға құрметпен қарау – ата-ананың баланы құрметтеуге үйретуі-не ұқсас, бірақ одан әлдеқайда терең. Мұндағы құрмет басшының қол ас-тындағыны зейін қоя және эмпатиямен тыңдауын, сондай-ақ оның кейбір кереғар көзқарасына төзімділік танытуын білдіреді. Яғни ізбасарлардың наным-сенімін, көзқарасы мен құндылықтарын нақтылауды айғақтайды. Көшбасшы ізбасарына құрметін көрсеткенде, олардың да өз ісін білетініне сенімі нығаяды. Қысқаша айтқанда, өзгеге құрметпен қарайтын көшбасшы адам атына лайық.этикалықкөщбашшыбаскаларға кызмет етеді:Осы тараудың басында бірі – адамның өз мүддесіне (этикалық эгоизм), ал екіншісі өзгелердің мүддесіне (этикалық альтруизм) негізделген екі эти-ка теориясын салыстырған едік. Қызмет принципі – альтруизмнің нақты мысалы. Қызмет ететін көшбасшылар – альтруистер: олар ізбасарлардың игілігін басты орынға қояды. Жұмыс орнында менторлық, жұмысшылар-дың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, тимбилдинг және азаматтық рух қалыптастыру секілді шаралар альтруистік қызмет қарекетіне жатады. Көшбасшының өзгелерге қызмет ету этикалық жауапкершілігі денсау-лық сақтау саласындағы мейірімді болу принципіне ұқсас. Мейірбандық «медицина мамандары науқастың халін жақсартатындай таңдау жасауға тиіс» дейтін Гиппократ дәстүрінен өрбиді. Жалпақ тілмен айтанда, мейір-бандық қызмет көрсетушілер басқалардың заңды мүддесі мен мақсаты-на жетуіне көмектесуге міндетті екенін білдіреді (Beauchamp&Childress, 1994). Денсаулық сақтау саласының мамандары сияқты, этикалы көшбасшы да өзгелерге қамқор болуға, қызмет етуге және олардың әл-ауқатына зиян тигізбей, пайдасын келтіретін шешім шығаруға міндетті. Бұрынғы көшбасшылық туралы еңбектерде қызмет ету принципіне өте көп көңіл бөлінді. Бұл Блок (1993), Кови (1990), Де При (1989), Гиллиган (1982) және Кузес пен Познердің (1995) еңбектерінен анық көрінеді: олар-дың барлығы «өзгелерге қамқорлық – моральдық көшбасшылықтың іргета-сы» деген ойды құптайды. Cенге (1990) оқытуды ұйымдастыратын ұйымдар жөніндегі белгілі еңбегінде қызмет етуге айрықша назар аударады. Оның пайымдауынша, мұндай ұйымдағы басшылардың бір міндеті – ол ұйым ая-сындағы «стюарт» (қызметші) болуға тиіс. Стюарт болу дегеніміз – өзінен жоғары мұратты айқындап, соған қарай бой түзеу. Бұл эгоцентрист болмау-ды, керісінше, өз мұратыңды ұйымның басқа мүшелерімен сабақтастыруды білдіреді. Тиімді көшбасшы өзінің жеке мұратын өзінен анағұрлым зор әл-дененің маңызды бөлігі – айталық тұтас ұйымның не қауымдастықтың құ-рамдас бөлігі ретінде көреді. Өзгелерге қызмет етуші көшбасшы идеясын Роберт Гринлиф (1970, 1977) одан әрі қазбалай түсіп, қызмет етуші көшбасшылық ұстанымын қалыптас-тырды. 10-тарауда егжей-тегжейлі сараланған қызмет етуші көшбасшылық-тың елеулі альтруистік-этикалық астары бар. Себебі онда көшбасшы қол ас-тындағыларды мазалаған мәселеге зейін қойып, оларға қамқор болуға тиіс деген ой айтылады. Бұған қоса, Гринлиф қызмет етуші көшбасшы жоқ-жітік, мұқтаждардың қамын ойлау жағынан жауапкершілік арқалап, теңсіздік пен әлеуметтік әділетсіздікті жоюға тырысуы қажет деп есептейді. Гринлиф тың-дау, эмпатия және басқаларды бар күйінде қабылдауға айрықша көңіл бөледі. Қорыта келгенде, мейлі, Гринлифтің жоқ-жітік мұқтажын өтеу ұғы-мы болсын, мейлі, Сенгенің өзіңді анағұрлым үлкен мақсатқа арнау ұғымыболсын, қызмет етудің түп-төркініндегі идея – өзгелердің игілікке кене-луіне үлес қосу. Таяу жылдардан бері «игілікке қызмет ету» идеясы бизнес әлемінде кеңінен қолдау тапты. 2009 жылы бүгінгі бизнес-көшбасшыларды даярлап шығаратын жоғары оқу орындарының бірі саналатын Гарвард биз-нес мектебі түлектерінің 20 пайызы жауапты, этикаға сай қызмет етіп, өз амбициясын өзгелердің есебінен жүзеге асыруға ұмтылмаймыз деп ант бер-ді. Сол сияқты, Колумбия бизнес мектебі барлық студенттен шындық, пара-сат, құрметтен айнымайтын ар-намыс кодексін ұстануды талап етті (Wayne, 2009). Қызмет ету принципіне сүйенгенде, этикалы көшбасшы ізбасарлар-ға бағдарлануға дайын болуға тиіс. Жұмыста өзгелердің мүддесін алдыңғы орынға қоюға машықтанып, сондай-ақ өзгелерге пайдасын келтіретіндей әрекет етуі керек.Этикалы көшбасшы – әділдік пен адалдық мәселесіне бей-жай қара-майды. Олар қол астындағылармен тең дәрежелі қарым-қатынаста алдымен осыған басымдық береді. Әділдік талабына сәйкес, этикалы басшылар ше-шім қабылдағанда адалдықтан айнымағаны абзал. Ал нақты жағдайда талап етілмесе, ешкімге бүйрегі бұрып, басқалармен алабөтен қарым-қатынас жа-самау – жазылмаған қағидат. Әр адаммен әртүрлі қарым-қатынас жасаған кезде оның себебі түсінікті, ақылға қонымды, сондай-ақ моральдық құнды-лықтарға негізделуге тиіс. Мысалы, бала немесе жасөспірім шағымызда қандай да бір спорт коман-дасына қатысымыз болғаны бәріміздің есімізде шығар. Баршамызға ешкімді алаламай, тең қарайтын бапкер ұнайтын. Қалай десек те, әлдекімге басқала-рынан өзгеше қарайтын жаттықтырушыны жақтыра қоймайтын едік. Біреу сылтауратып жаттығуға кешігіп келсе, оны да бәріміз сияқты жазалағанын қалайтын едік. Бір ойыншы жеке бас проблемасына байланысты үзілісті қа-жет етсе, бапкеріміз оған бізге қанша берсе, оған да сонша үзіліс бергенін қаладық. Ешкімді елден ерек жақсы көрмейтін, команданың барлық мүше-сін ойнатуға тырысатын бапкер – сөзсіз жақсы бапкер. Шынтуайтында, біз бапкеріміздің әділ әрі адал болғанын тілейтін едік. Жалпы, жұмысшылар арасында ресурс, марапат пен жазаны белгілеу-де басшы маңызды рөл атқарады. Басшының әділдігі, адалдық мәселесі-не жалпы ұстанымы оның ұстанатын қағидаларынан білінеді. Ролз (1971) «әділдік мәселесі ортақ мүдде үшін бірігетін адамның барлығын алаңдатуы қажет» деп мәлімдейді. Бұл – «өзіңе тілемегенді өзгеге істеме» деп келетін жалпы этика қағидатына, басқаша айтқанда, «алтын қағидаға» ұқсас. Ғасыр-лар бойы әртүрлі мәдениетте мұның түрлі нұсқасы пайда болды. Біреудің сізбен қарым-қатынасында әділдік күтсеңіз, өзіңіз де оған әділ қарауға ты-рысуыңыз керек. Әділдік түйткілді мәселеге айналып келеді. Өйткені тауар мен ресурс ылғи шектеулі, ал қолжетімді заттың аздығы жиі бәсекелестік тудырады. Ресурстың шын немесе ықтимал тапшылығына байланысты, оны жұртшылыққа үлестірудің әділ жолына қатысты жиі дау-дамай туындайды. Сондықтан көшбасшы үшін игілікті үйлестірудің нақты ережелерін қалып-тастыру маңызды. Бұл ережелердің сипаты басшы мен ұйымның этикалық негізі жайында көп нәрсені аңғартады. Бошамп мен Боуи (1988) басшыларға ұйым ішінде пайда мен жауап-кершілікті әділ бөлуге бағдар болатын бірқатар жалпы принципті анықтады (13.3-кесте). Жалпыға бірдей болмағанмен, бұл принциптер көшбасшылар-дың затты (қорды) ұйымдағыдай бөлуді таңдау себебіне меңзейді. Көшбас-шы ізбасарлармен қарым-қатынаста жағдайға қарай бір принципті немесе бірнеше принциптің комбинациясын қолдануы мүмкін.Бала кезімізде ересектер бізге «ешқашан өтірік айтпаңдар» деп жиі ес-кертетін. Жақсы болу үшін шыншыл болуға тиіспіз. Бұл қағидат көшбасшы-ға да бірдей: жақсы жетекші болу үшін шыншыл болуыңыз керек.Шыншыл болудың маңызын оған қарсы мінез – көлгірлікті салмақта-ғанда түсіне аласыз (қараңыз: Jaksa&Pritchard, 1988). Көлгірлік – өтірік-тің бір түрі, шындықты бұрмалаудың бір жолы. Ол кәдімгідей жағымсыз салдарға алып келуі мүмкін. Ең алдымен, бұл сенімге селкеу түсіреді. Көш-басшы шыншыл болмаса, өзгелер оған сенім артпайды. Мұндай басшының айтқан сөзі мен уәдесіне көпшіліктің сенімі жоғалып, құрметі азаяды. Ешкім бұдан былай оған сенбейтіндіктен, басшының ықпалы кемиді. Өтіріктің теріс әсері айналамызбен қарым-қатынасқа түскенде білінеді. Ол адамдардың арасына сызат түсіреді. Біреуге өтірік айтқанда, шын мәнін-де, сіз арадағы қарым-қатынасты өз ыңғайыңызға қарай бұрасыз. Біз қолы-мыздағы ақпаратты пайдаға асырғымыз келіп, қарым-қатынаста басқа адам-ға сенім білдірмейміз. Шынтуайтында, қарым-қатынас үшін ненің дұрыс екенін айту арқылы өзімізді өзгелерден жоғары қоюға тырысамыз. Мұндай мінез-құлық уақыт өте келе арадағы қарым-қатынасты әлсіретеді. Тіпті игі мақсатты көздегенмен, көлгірсу қарым-қатынастың бұзылуына алып келеді. Бірақ шыншыл болу деген сөз – шындықты айту ғана емес. Бұл басқа-ларға ашық болуды, шындықты мейлінше толық, бүкпесіз жеткізуді білді-реді. Ол оңай емес, себебі кейде шындықты жасырмай айтудан өзіңе зиян тиеді. Көшбасшының міндеті – нақты жағдайда нені жария айтатынын қа-перден шығармай, ашықтық пен ойындағысын жасырмай жеткізудің арасал-мағын ажырата білу. Көбіне ұйымдарда басшыға қол астындағылармен ақ-паратты бөлісуге шектеу қойылады. Басшы риясыз болуы керек. Бірақ олар өзгелердің сезімі мен қарым-қатынасына бей-жай қарамауға тиіс. Шыншыл көшбасшыға тән мінез-құлық көп.ДаллаКоста (1998) өзінің TheEthicalImperative кітабында: «Шыншыл болудың мәні алдамаудан әлдеқайда ауқымды» деген ойымен бөліседі. Ұйым басшылары үшін шыншыл болу «өзің орындай алмайтын іске уәде бермеуді, жаңылыстырмауды, сылтау айтпауды, міндеттерінен бұлтармау-ды, жауапкершіліктен жалтармауды, бизнесте тек мықтыларды қалдыратын«табиғи сұрып» кез келгенімізді басқалардың ар-ұжданы мен адамгершілі-гін құрметтеу жауапкершілігінен босатады деген ойға берілмеуді білдіреді» деп өз пікірін анық жеткізеді (р. 164). Бұған қоса, ДаллаКоста ұйымдар шыншылдықтың қажеттігін мойындап, ұғынуға тиіс, сондай-ақ ұйымдағы шыншыл әрекетті көтермелегені абзал деп санайды.1-тарауда көшбасшылыққа «жеке адам ортақ мақсатқа жету жолында бір топ адамға ықпал ететін процесс» ретінде анықтама бергенбіз. Бұл анық-тамада ортақ мақсат жайында сөз болатындықтан, оның этикалық аспек-тісі бар. Ортақ мақсат топтың бағыт-бағдарын басшы мен ізбасардың келі-сіммен таңдауын талап етеді. Басшылар екі тарапқа да оңтайлы мақсатты жүзеге асыру барысында өзінің де, қол астындағылардың да ниетін қапер-ге алуға тиіс. Өзгелердің қамын ойлау факторы нағыз трансформациялық көшбасшыны жалған трансформациялық көшбасшыдан ажырататын ерек-шелік болып саналады (Bass&Steidlmeier, 1999) (Псевдотрансформация-лық көшбасшылық туралы кеңірек білгіңіз келсе, 8-тарауды қараңыз). Ор-тақ игілікті ойлаған басшылар өзінің жеке қалауын өзгелерге таңа алмайды. Олар әркімнің көңілінен шығатын мақсатты іздеуі керек. Бернс (1978) трансформациялық көшбасшылық туралы теориясында бұл идеяға айрықша маңыз береді. Трансформациялық көшбасшы ізбасар-ларын екеуіне де пайдалы, ортақ игілікке жұмылдыруға тырысады. Ортақ мақсатқа ұмтылған көшбасшы да, ізбасар да өзгереді. Бернстің теориясы осы қырымен ерекше. Оның айтуынша, көшбасшылық көшбасшы мен ізба-сар қарым-қатынасына негізделуге тиіс. Германияны ықпалына көндірген Гитлер сияқты оны тек басшының бір өзі қадағалай алмайды. Гитлер адам-дарды өз жоспарымен жүруге мәжбүрлеп, адамзат баласына абырой әкел-мейтін мақсатты көздеді.Этикалы көшбасшы топқа қатысы бар әркімнің ой-ниетін назарға алып, қоғам мен мәдениеттің мүддесіне зейін қояды. Мұндай басшы өзгелерге бейқам қарамайды (Gilligan, 1982), әрі өзгелерді мәжбүрлемейді немесе олардың ой-ниетін елеусіз қалдырмайды (Bass&Steidlmeier, 1999).Рост (1991) осы ойды одан әрі ілгерілетіп, «этикалы көшбасшы аза-маттық ізгілікке назар аударуы қажет» деген пікірін қосады. Ондағы айтпа-ғы – жетекші мен ізбасар өзара нысанаға алған мақсатты ғана орындаумен шектелмеуге тиіс. Олар қоғамның мақсат-мұратына да қызмет етуі қажет. Бернстің (1978, р. 429) жазғанындай, трансформациялық көшбасшы мен ізбасар анағұрлым биік, терең моральдық мақсатты көздеп, ауқымды әлеу-меттік ұжымшылдыққа сүйене бастайды. Сол секілді, Гринлиф (1970) «орта қалыптастыру – қызмет етуші көшбасшылықтың ең басты ерекшелігі» депесептейді. Біздің жеке және топтық мақсат-мұратымыз ортақ игілік және қо-ғам мүддесімен тығыз байланысты. Біз басшы мен ізбасарлар ұсынған өзге-ріс үлкенірек ұйымға, қауымға не жалпы қоғамға қалай әсер ететініне назар аударғанымыз жөн. Нағыз этикалы көшбасшы, кең мағынасында алғанда, ортақ игілікті ұмытпайды. Уилсон мен МакКалман (2017) бұған ерекше на-зар аударып, «үлкен игілік жолындағы көшбасшылық – этикалы көшбасшы ұмтылатын түпкі мақсат» деп мәлімдейді.