Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз


идеяларды шынайы көшбасшылық процесінің түсіндірмесі ретінде қарасты- руда аса мұқият болған жөн



бет71/82
Дата21.05.2023
өлшемі1,49 Mb.
#177330
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82
Байланысты:
Емтихан көшбасшы 6В05146- биология

идеяларды шынайы көшбасшылық процесінің түсіндірмесі ретінде қарасты- руда аса мұқият болған жөн.
Екіншіден, шынайы көшбасшылықтың моральдық компоненті толық- қанды түсіндірілмеген. Шынайы көшбасшылық теориясы «көшбасшылар- ды әділет және қоғамдастық секілді жоғары деңгейдегі құндылықтар ын- таландырады» деп тұжырымдағанмен, аталған құндылықтардың шынайы көшбасшылыққа ықпал ету үшін қалай жұмыс істейтіні анық емес. Мәсе- лен, көшбасшы құндылықтарының оның өзіндік сана-сезіміне қандай қа- тысы бар немесе моральдық құндылықтар өзге де шынайы көшбасшылық компоненттеріне ықпал ететін жол немесе негізгі процесс қандай? Шынайы көшбасшылық теориясы дәл қазіргі формасында бұл сұрақтарға мардымды жауап бермейді.



  1. Шынайы көшбасшылықтың құрамдас бөліктерін жазыңыз.



Шынайы көшбас- шылық жайындағы біздің түсінігімізді тереңдету мақсатында Валумбва мен оның әріптестері (2008) шынайы көшбасшылықтың қандай құрамдас бөлік- терден тұратынын анықтау және осы құрылымның дұрыс өлшемін құрасты- ру үшін әдебиеттерге жан-жақты шолу жасап, сол саладағы мамандар тобы- мен сұхбат жүргізді. Олардың зерттеулері мынадай төрт құрамдас бөлікті аныктады: өзіндік сана-сезім, ішкі моральдық көзқарас, ақпаратты жан-жақ- ты қорыту және қарым-қатынастағы ашықтық (9.2-сызба). Жинақтала келе, бұл төрт компонент шынайы көшбасшылық теориясының негізін құрайды.
Өзіндік сана-сезім көшбасшының жеке пайымын көрсетеді. Бұл мақ- сат емес, процесс; сол процесс барысында адам атаулы өзін, оның ішінде күшті және осал тұстары мен өзгелерге тигізер ықпалын түсінеді. Өзіндік сана-сезім өзіңнің құндылықтарың, бірегейлігің, эмоцияң, мотивтерің және мақсатын жөніндегі пайымдаулардан тұрады және ең соңында өзіңнің кім екенінді түсінесің. Бұған қоса, оған өз сезіміңнің ау-жайын біліп, оған сену де жатады (Kernis, 2003). Көшбасшы өзін-өзі танып, өзінің кім екенін және нені колдайтынын түсінген кезде шешімі мен әрекеттеріне сенімді болады (Gardner et al., 2005b). Бір адамдар өзіндік сана-сезімі мықты басшыны шы- найырақ көшбасшы ретінде көреді. Жуырда жүргізілген зерттеуде өзін-өзі тану мен өзіндік бірізділік ізбасардың көшбасшыға разылығына, ұйымға адалдығына және команданың өнімділігіне оң ықпал ететінін дәлелденді.
Ішкі моральдық көзқарас дегеніміз адам өз мінез-құлқын басқару үшін сыртқы қысымның (мысалы, топ немесе қоғам тарапынан) билеуіне жол бермей, өзінін ішкі моральдық стандарттары мен құндылықтарын пайда- лануы. Бұл - өзін-өзі басқару процесі. Бұлай дейтініміз адам басқалардың оған ыкпал етуіне мүмкіндік беретін деңгейді бақылайды. Енді біреулер ішкі моральдық көзқарасы қалыптасқан басшыны шынайы көшбасшы деп ка- былдайды. Себебі олардың іс-әрекеттері оның сенімі және моралімен сәйкес келеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет