Шынайы көшбасшылыққа әсер ететін факторларды жазыңыз.
Шынайы көш- басшылыққа ықпал ететін позитивті психологиялық қабілет, моральдық пайым және маңызды өмірлік оқиғалар секілді басқа да факторлар бар (9.2-сызба).
9.1-кесте. Осыған қатысты позитивті психологиялық қабілеттер
Сенімділік
YMIT
Оптимизм
• Табандылык
Шынайы көшбасшылыққа әсер ететін төрт негізгі позитивті психоло- гиялық қабілет- сенімділік, үміт, оптимизм, табандылық позитивті психо- логия және позитивті ұйымдық мінез-құлық салаларынан алынған болатын (9.1-сызба; Luthans & Avolio, 2003). Жағымды сипаттар көшбасшының ал- дынғы бөлімде талқыланған шынайы көшбасшылық компоненттерін дамы- ту кабілетін туындатады немесе арттырады. Бұл сипаттардың әрқайсысы тұлғалық қасиетке де, күйге де ұқсас болмысқа ие. Тұлғалық қасиетке ұқсас дейтін себебіміз - ол адамның өмірі барысында байқалып келген салыстыр- малы түрде бекіп-орныққан тұлғалық аспектісін (мысалы, экстраверсия) сипаттауы мүмкін; ал күйге ұқсас дейтініміз - оқу немесе тәлімгерліктің кө- мегімен адам өз сипаттарын дамыта немесе өзгерте алады.
Сенімділік дегеніміз
өзіндік тиімділікке ие болу, яғни адам белгілі бір міндетті сәтті орындауға қабілетті деген сенім. Өзіне-өзі сенімді көшбасшы табысқа жетуге әлдеқайда ынталы, кедергі ұшырасқанда табанды, сондай-ақ қиындықтарға әзір. Үміт ерік- жігер мен мақсатты жоспарлауға негізделген жағымды мотивациялық күй. Жүрегінде үміт оты бар шынайы көшбасшы мақ- сатқа қалай қол жеткізуді біледі; оның үміті ізбасарларды сенім артуға және мақсатқа сенуге шабыттандырады. Оптимизм ситуацияны позитивті тұрғы- дан көрудін және болашақтан жақсы нәрселер күтудің когнитивті процесіне жатады. Оптимист көшбасшы өзінің қабілеті мен қол жеткізе алатын нәтиже- лері жайында позитивті бағалайды. Ол өмірді тапшылық емес, молшылық тұр- ғысынан көреді (Covey, 1990). Табандылық дегеніміз - жағымсыз ситуация- лардан кейін қайта қалыпқа келіп, оған бейімделе алу қабілеті.
Достарыңызбен бөлісу: |