Аталған тізімдегі негізгі тұлғалық қасиеттердің қа- тарына интеллект, өзіне сенімділік, табандылық, адалдық және көпшілдік кіреді.Интеллект Интеллект немесе интеллектуалдық қабілет көшбасшылықпен тікелей байланысты (Sternberg, 2004). Интеллект пен көшбасшылықтың әртүрлі көрсеткіші туралы соңғы бірқатар зерттеу бойынша жасаған талдауға сү- йене отырып, Заккаро мен оның әріптестері (2017) «көшбасшы еместерге қарағанда, көшбасшы жоғарырақ интеллектіге ие болуға бейім» деген тү- жырымға айғақтапты. Ерекше сөйлеу, қабылдау және пайымдау қабілетінің болуы адамды білікті көшбасшы ететін тәрізді (Jacquart & Antonakis, 2015). Білімді болған дұрыс, бірақ ізбасарларға қарағанда, көшбасшының IQ дә- режесі барынша ерекшеленетін болса, бұл көшбасшылық жасауға кері ық- пал туғызуы мүмкін. Интеллекті әлдеқайда жоғары көшбасшы ізбасармен қарым-қатынас барысында қиындықпен бетпе-бет келуі ықтимал, өйткені ол өз ойымен өзі әуре болып жүреді немесе оның идеялары ізбасарының қа- былдауы үшін тым күрделі болады. Көпұлтты компаниялардың орта деңгейдегі басшыларының интеллек- ті мен көшбасшылығының қабылдануы арасындағы байланысты зерттеген Антонакис, Хаус және Саймонтон (2017) сол басшылардың оңтайлы IQ дең- гейі сол компанияның қызметкерлерінің орташа IQ деңгейінен сәл ғана жо- ғары болатынын анықтаған. Жүргізілген зерттеу жұмыстары адамның IQ-і мен көшбасшылықтың қабылдануы арасында қисық сызықты байланыс бар екенін анықтаған: яғни IQ өскен сайын көшбасшылықтың қабылдануы да жақсара түседі, ал белгілі бір межеден кейін IQ-дің өсуі көшбасшылыққа те- ріс әсерін тигізеді. Басқаша сөзбен айтсақ, көшбасшының ақылды болғаны дүрыс, алайда оның интеллект көрсеткіштері тым жоғары болып кетсе, одан келер пайда төмендеп, теріс әсер етуі ықтимал. Интеллект негізгі түлғалық қасиеті болған көшбасшының мысалы ре- тінде Apple компаниясының негізін салушы және бас директоры, 2011 жылы өмірден өткен Стив Джобсты айтуга болады. Бірде Джобс: «Менің ішімдешынымен де ғажап өнім бар және мен оны сыртқа шығаруым керек», деген еді (Sculley, 2011, р. 27). Бұл таңғажайып өнімдер - әуелі Apple II мен Macintosh компьютерлері, кейіннен iMac, iPod, iPhone және iPad адамның ойнау және жұмыс істеу жолын өзгертіп, дербес компьютер мен электрон- дық құрылғылар индустриясында төңкеріс жасады. Көшбасшылықты машық тұрғысынан қарастыратын алдағы тарауда интеллект көшбасшының проблеманы шешуге бағытталған кешенді және әлеуметтік пайымдау білігін меңгеруге едәуір көмек беретін тұлғалық қа- сиет ретінде анықталады. Интеллект адамның ықпалды көшбасшылық ету қабілетіне оң ықпал етуші ретінде сипатталады. Өзіне сенімділік - адамның көшбасшы болуына септігін тигізетін тағы бір тұлғалық қасиет. Өзіне сенімділік - адамның білігі мен машығына се- німді болу қабілеті. Оған өзін-өзі бағалау мен өзін дәріптеушілік, сондай-ақ адамның әлденені өзгерте алатынына деген сенімі жатады. Көшбасшылық өзге жүртқа ықпал ету қасиетін қамтиды, ал өзіне сенімділік көшбасшыға оның басқа адамға ықпал етуге талпынысы орынды және дұрыс деп сезінуі- не мүмкіндік береді. Тағы да Стив Джобсқа оралсақ, ол - өзіне сенімді көшбасшының жарқын мысалы. Джобс өзі жасағысы келген құрылғыларды сипаттап баяндағанда, көп адам оның мүмкін емес екенін айтты. Алайда Джобс өнімдерінің әлемді өзгертетініне ешқашан күмән келтірмеді және қарсы- лықтарға қарамастан, өзі дүрыс деп тапқан жолмен әрекет етті. «Джобс компанияны өзі қалаған тәсілмен басқарған бас директорлардың бірі бол- ды. Өйткені ол басқа біреуге қарағанда ісін жақсырақ білемін деп санады және шынымен солай болған секілді», - деген еді оның әріптестерінің бірі (Stone, 2011, p. 40). Табандылық Көп көшбасшы істе табандылық танытады. Табандылық - жұмысты соңына дейін жеткізуді қалау; оған бастамашыл болу, шешімділік, үстемдік және ұмтылыс кіреді. Мұндай адамдар өзінің дұрыстығын дәлелдеуге да- йын, проактив, сондай-ақ олардың бойында кедергілерді өжеттікпен еңсеріп шығу қабілеті бар. Табанды болудың аясында ізбасарларды бағыттау мәсе- лесі туындағанда үстемдік жасау да кезігеді. Доктор Пол Фармер өзінің Гаити мен басқа да үшінші әлем елдері хал- қының ең кедей топтарына медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп, туберкулезді жоюға күш салуды табандылық деп танытты. Ол колледжді жаңадан бітірген уақытта Гаитидегі Канж ауылында саяхаттап, әрі жүмыс істеп жүріп әрекетке кірісті. Сол жақта жүргенде Фармер Гарвардтың ме- дицина мектебіне оқуға қабылданды. Гаитидегі жұмысы өзінің оқуы үшін аса маңызды екенін түсінген ол екеуін қатар алып жүрді: Фармер айлар бойы Гаити мен Кембридждегі (Массачусетс штаты) оқуы арасында әрі- бері қатынады. Ол әуелі Канжда бір бөлмелі клиника тұрғызды, оған кел- ген барлық науқасты емдеп, жергілікті медицина қызметкерлерін оқытты. Фармер медициналық көмекпен қамтамасыз етудің жай ғана дәрі-дәрмек тарату емес екенін түсінді. Ол мектептер мен баспана салуға, коммуналдық санитария нысандарын түрғызуға, аймақты сумен қамтамасыз етуге бағыт- талған қайырымдылық шараларын ұйымдастырды. Сол жердегі барлық ба- лаға екпе салғызып, азық-түлік жетіспеушілігі мен балалар өлімі көрсеткі- шін айтарлықтай төмендетті. Гаитидегі жұмысын жалғастырмақ ниетпен ол Америкаға оралып, осындай жобаларды қаржыландыру мақсатында қаржы жинаумен айналысатын Partners In Health қайырымдылық қорын құрды. Содан бері аталған қор Гаитидегі көпшілік қауымның денсаулығын жақ- сартуда табысты іс тындырды. Оның бүгінде Гаити, Лесото, Малави, Ресей, Руанда және АҚШ-та жобалары бар, сондай-ақ Мексика мен Гватемаладағы басқа жобаларға қол ұшын береді (Kidder, 2004; Partners In Health, 2017). Адалдық Тағы бір маңызды көшбасшылық қасиеттердің бірі - адалдық. Ол - шыншыл және сенімге лайық болу қасиеті. Белгіленген ұстанымға берік және өз ісі үшін жауапкершілік алатын адам адалдық танытады. Адал көш- басшылар өзге жұртқа сенім артады, өйткені оларға, өздерінің айтуынша, жасағалы жатқан іске қатысты сенуге болады. Олар адал, сенімді әрі алда- майды. Негізі, адалдық көшбасшыны біздің сенімімізге лайық етеді. Соңғы жылдары қоғамымызда адалдыққа ерекше назар аударылды. Мәселен, мына екі жағдай - Ирактың жаппай қырып-жою қаруына қатыс- ты президент кіші Дж. Буш ұстанған позиция мен Билл Клинтонның пре- зиденттігі кезіндегі импичмент рәсімдерінен кейін, көпшілік енді өз билік өкілінен адалдықты талап етеді. Сондай-ақ бизнес әлеміндегі жанжал (мы- салы, Enron мен WorldCom) кесірінен жұртшылық арасында этикаға аса көңіл бөлмейтін көшбасшылар жөнінде күмәнді көзқарас туындады. Білім беру саласында жаңа К-12 оқу бағдарламасы әзірленуде, ол мінезге, құн- дылықтарға және этикалық көшбасшылыққа баулиды. (Мәселен, www. charactercounts.org сайтынан Калифорниядағы Джозефсон этика институты әзірлеген «Character Counts!» («Мінез маңызды!». - Ауд.) бағдарламасын және www.fanning.uga.edu сайтынан Грузияның Дж. В. Фаннинг атындағы Көшбасшылықты дамыту институты әзірлеген Pillars of Leadership («Көш- басшылық негіздері». - Ауд.) бағдарламасын қараңыз. Қысқаша айтқанда, қоғам өз көшбасшысынан адалдық талап етеді. Көпшілдік Көшбасшылар үшін маңызды соңғы тұлғалық қасиет - көпшілдік. Көп- шілдік - көшбасшының жағымды әлеуметтік қарым-қатынас құруға икемді- лігі. Көпшіл көшбасшылар жылы шырайлы, елгезек, ілтипатты, әдепті және биязы келеді. Олар өзге жұрттың қажеттіліктерін жақсы түсініп, қамын ой- лайды. Көпшіл көшбасшының бойында тұлғааралық қарым-қатынас құру дағдысы бар және ізбасарларымен серіктестік байланыс орнатады. Көпшіл көшбасшының мысалына университет президенті Майкл Хьюз- ді алуға болады. Хьюз барлық кездесуіне жаяу барғанды жөн көреді, өйткені ол жолай кампустың ішімен өтіп, студенттер, университет қызметкерлері және мұғалімдермен амандасады. Ол жатақхана дәмханасында немесе сту- денттер бірлестігі ғимаратында түстенеді және бейтаныс адамдардан бірге отырып тамақтануға жиі рұқсат сұрайды. Студенттер оны қарапайым жан ретінде бағаласа, мұғалімдер оның «ашық есік» саясатын ұстанатынын айта- ды. Сонымен қоса, Хьюз мұғалімдер мен қызметкерлерді және студенттерді жетістіктерімен құттықтап, жекелей хат жазуға уақыт табады. Біздің көшбасшылық тұлғалық қасиеттер жөніндегі талқылауымыз бес басты айрықша қасиетке (интеллект, өзіне сенімділік, табандылық, адалдық және көпшілдік) бағытталғанымен, бұл тізімде қамтылмай қалғандары да кезігеді. 2.1-кестеде көрсетілген өзге айрықша қасиет ықпалды көшбасшы- лықта қолданылса, біз анықтаған бес тұлғалық қасиет адамның көшбасшы болуына айтарлықтай көмек береді. Бертінге дейін көшбасшылыққа тән тұлғалық қасиеттерге жасалған шолу жұмысының көбі сапаға арналған еді. Оның үстіне, бұл салада ортақ реттелген құрылым болған жоқ. Алайда келесі бөлімде баяндалатын зерттеу көшбасшылыққа сандық бағалау жасайды. Ол тұлғаның бесфакторлық мо- делі айналасында құрылған. Зерттеу бес негізгі тұлғалық қасиеттің көшбас- шылықпен қалай байланысатынын саралайды.