Көшіріп жаз.
Күз
Күз айлары - қыркүйек, қазан, қараша. Күзде күн суытады. Ағаштардың жапырақтары сарңаяды, жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Тапсырма.
Екінші сөйлемнің сызбасын жаса
Көшіріп жаз.
Достар
Күзгі жауын себелеп тұр. Жағалауда отырған торғай теңізден соққан толқынға еркелей қарайды.
Мүмкін колшатыр ұстаған бала көмекке келер деп күтуде. Бүлдіршін құсқа тимейді. Қорғайды. Оны аялайды. Тек торғай үрікпесе болғаны.
Достар осылай табысты.
Көшіріп жаз.
Қайың
Қайың биік өсетін әдемі ағаш. Оның бұтақтары жиі болады. Қайыңның жапырақтары жылтыр, жап- жасыл. Қайыңды иіп шана жасайды. Оның пайдасы мол.
Көшіріп жаз.
Бәйшешектен білеміз,
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.
Көшіріп жаз.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар калан!
Достарыңызбен бөлісу: |