Көшпелі өркениет құндылықтары



бет28/28
Дата05.05.2020
өлшемі467,53 Kb.
#65963
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
сөж Бейсенбай Тоғжан

Танымал туындылары

«Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы». Сонымен қатар Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбылдың портреттері; ерекше танымал болып табылатын портреті – «Амангелді Иманов» портреті сияқты танымал суреттері бар.

Әбілхан қол өнеріне, онан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған "Қарыңдастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары түпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның "Мектепте"(1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "Амангелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес.

Әбілхан туған жердің әсем табиғатын, оның дидарыңдағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның "Биік таулы мұз айдын" (1954), "Гүл ашқан алма" (1958), "Менің Отаным" (1959), "Жайлаудағы автодүкен" (1963), "Қашпағай ГЭС-і" (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аударады.



Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасы-мен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол - туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер

Дереккөздер

  1. ↑ https://abai.kz/post/14806

  2. ↑ Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет