Көшпелі өркениет құндылықтары



бет23/28
Дата05.05.2020
өлшемі467,53 Kb.
#65963
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
сөж Бейсенбай Тоғжан

Қазақтың зергерлік өнері — тамырын тереңнен алатын дәстүрлі мәдениеттің көрікті және көрнекті саласы. Зергер болу киелі де қасиетті өнер саналған. Оған ең алдымен табиғаттан дарыған тума талант керек. Екіншіден, ол — атадан балаға немесе ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын тылсым сыры бар, халықтың дәстүрлі дүниетанымымен, тарихи болмыс-бітімімен, салт-дәстүрімен байып отыратын қастерлі кәсіп.

Дәстүрлі зергерлік өнерде шеберлер әр түрлі құрал-саймандарды өздері жасап пайдаланған. Оларға мыналар жатады: көрік, қышқаш, төс, сым тартқыш.

Зергерлердің аса көп жасайтыны — әйелдердің әшекей бұйымдары. Қазақ әйелдері кеуделеріне алқа, құлақтарына сырға, шаштарына шолпы, білектеріне білезік, саусақтарына жүзік таққан.

Сырға

Қыз-келіншектердің аса сүйіп тағатын әсемдік бұйымының бірі — сырға. Қазақ зергерлері сырға жасаудың тым көне сырларын меңгерген. Мәселен, Қарғалы археологиялық қазбасынан біздің заманымызға дейінгі кезеңге жататын алтын шекелік пен тас қондырылған сырға табылған. Қазақ зергерлері жасайтын ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, қозалы сырға, салпыншақ сырға, шұжық сырға, сабақты сырға, шашақты сырға деген сияқты әр өңірде алуан аталатын түрлері өте көп.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет