Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет140/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   316
Әдеби KZ
 
 
шықпасын. Жалғыз Рабиу-Сұлтан-Бегім ғана емес, қай қатыным болса да берер 
асын, ішкізер сусынын ең алдыменен өздеріне таттырып көруім керек-ақ!» 
— Хан сырын көп білетін уәзір тірі қалуға тиісті емес... 
Ойда тұрған Әбілқайырға дәйекші сөзі алыстан талмаусырап жетті. «Иә, хан 
сарайларында бар өмірі өткен қарт дәйекші дұрыс айтады. Бақты-Қожа уәзір 
менің ең қылмысты сырымды біледі. Сондықтан...» 
Үйге кірген шабарман кенет хан ойын бөліп жіберді. 
— Тақсыр хан, үлкен бәйбішеңіз сізге айтуға бата алмай отыр екен. Гүлбаһрам-
Патшайым ханша кешеден жоқ... Бір жетіден бері төмендегі елдің бәйгесіне екі 
қылаңды мініп кеткен секілді. 
Мұндай хабарға еті үйреніп кеткен хан, қабағын да шытқан жоқ. 
— Қобыланды батыр қайда екен? 
— Тақсыр, Қобыланды батыр бар Қыпшағын соңынан ертіп ата мекен ескі 
қонысы Торғай өзенінің бойына көшіп бара жатыр. 
— Неге?
Онысын білмеймін. Қас-қабағы жабыңқы. Жігіттері де қалың қол боп тастай 
түйініп алған. Қайт деуге бата алмадық. Жәнібек пен Керей ауылдары ауған 
Жағатай жұртына қарай қашқан Гүлбаһрам-Патшайым ханшаның соңынан қуып 
жете алмай қалыпты деседі жұрт. Ұзын-құлақ. Мүмкін бұл өсек болар. 
«әрине бұл өсек емес. Қыпшақ батыр Қобыландының шынымен-ақ менің 
қызымда үміті болған екен. Қыз көнбей қашып кеткен соң, ызадан көшкен екен. 
Маған қолқа салуға қаймыққан ғой. Ажалға бермей, алып қалғанымды тағлым 
тұтқан да. Шіркін, ләззат, сен кәріні де, жасты да отқа саласың-ау. Оспан дұрыс 
айтады. Қобыландының Ақжол мен Саянға өшігуі де осыдан. Бірақ бір қатын 
қолыма түспеді деп, осыншама бүлінетін не бар еді, ақымақ! Осының ызасына 
әлде соңынан бар әскерімді жұмсап, қан жоса етейін бе? Жоқ, өйтудің керегі 
болмас. Торғай өзенінің бойы да менің қарамағымда ғой. Кетсе өз жеріне кетті, 


149 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет