Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет143/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   316
Әдеби KZ
 
 
жарақтарын сыртқа қалдырып, бұлар иіліп сәлем беріп үйге кіріп келгендерінде, 
Әбілқайыр елең етіп шошып кетті. Ордада ханмен бірге тұрған Рабиу-Сұлтан-Бегім 
езу тартып күлімсіреді. 
— Хан ием, бұл кіші балдызыңыз, әбду-Латиф мырзаның туған баласы 
Мұқамет-Жөкі, — деп басын иді. 
Ал Жөкіге: 
— Жалғыз бауырым Мұқамет-Жөкі, сау-саламат келдің бе? Мына кісі ұлы 
мәртебелі Сүлеймен пайғамбардай ақылды, Ескендір Зұлхарнайын патшадай 
айбарлы, бүкіл Дәшті Қыпшақ ханы Мауреннахр мен Қорасанның сырттай әміршісі 
Әбілқайыр жездең, — деді. Өзі барып, бірінші боп құшаққа құшақ тигізіп 
амандасып, бауырын қолтықтап ханға таяды. 
Хан созылған қолды аларда тағы дір ете қалды. Сәл кейін шегініп те кетті. Бірақ 
құшаққа құшақ, кеудеге кеуде тигізіп амандасуға батылы бармады, тек қол 
алысып амандасты да қойды. 
Әбілқайырдың расында сескенетін де реті бар еді. Мұқамет-Жөкі алғашқы үйге 
кіріп келгенде, оны батыр Саян екен деп қалған еді хан. Бірінен бірі аусайшы! Бір 
шыны аяқтағы екі тамшы судай ұқсас. Сол қалың қабақ, өткір көз, сопақтау келген 
сұрша бет. Бойлары да, дене құрылыстары да дәлме-дәл. Сұңғақ бой, арыс кеуде, 
жіңішке бел. Жас жолбарыстың аяқтарындай, аяқ-қолдары сомдала біткен. Жалпы 
қимылында, дене бітімінде секіруге дайындалған жолбарыс тәрізді бір қауіпті сұс 
бар... 
Әбілқайыр 
қол 
алысып 
амандасып, 
Мұқамет-Жөкіден 
ел 
жайын, 
Мауреннахрдың күйін сұрап отырғанында да іштей сезіктенумен болды. Ханның 
мұндай жағдайын байқаған Рабиу-Сұлтан-Бегім енді Әбілқайырдан қонағын өз 
Ордасына алып баруға рұқсат сұрады. Бойын билеп алған әбігерден айырыла 
алмай отырған Әбілқайыр бірден көнді. 
Рабиу-Сұлтан-Бегім сескенуден де, «әкең әкемді өлтірген» деп Мұқамет-Жөкіге 
кек тұтудан да аулақ еді. Әбду-Латиф Ұлықбек мырзаны, менің және өзінің әкесін 


153 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет