Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет165/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Екі жендет қолы байлаулы адамның мойнына қыл арқанды ілмешектеп түйіп, 
екінші ұшын өздеріне қарай тарта бастаған. Сақалды адам серейе, жоғары 
көтеріле берген. Тек дары белағашының тұсына таяғанда ғана бір рет жұлқына 
түсіп, екі қолын салбырата, басын бір жағына қисайтып тына қалған. Екі жендет 
арқанның қолдағы басын жердегі қазыққа апарып байлаған. 
әлгі молда қайтадан Уайс ханға қараған: 
— Ұлы мәртебелі тақсыр хан ғибаратты жерімізде тоқсан жыл бойы әзәзілдің 
ошағы боп келген мына шіркеудің күл-талқанын шығаруға рұқсат етіңіз! — деді. 
Хан тағы да басын изеп, «рұқсат» деген ишарат көрсеткен. 
Білектерін сыбанған қожа, молда, мәзін, кәри, мүриттер «тфа, тфа, пәлекет!» 
деп қыл арқанды шіркеудің биік басындағы кресіне байлап, бәрі жабыла тартып 
жерге жұлып түсірген. Содан кейін үлкендігі тай қазандай мыс қоңырауын жерге 
құлатқан. Екі бие сауымдай уақытқа жеткізбей, бір шеге шашпай, Алатаудың 
аршасынан қиыстырып, жонып салған шағын, салтанатты шіркеуді күл-талқан 
еткен. Сүниет дінін берік ұстаған, Арабстаннан, Ираннан келген қожа, муфти, 
ишандардың кеу-кеуімен, кілең қызба әфенді, мүрит, шейхтер шіркеуді біржолата 
жермен-жексен етіп жоқ қылған. 
Исан-Бұғыға бұның бәрі ойыншық боп көрінген. Тек бертін келе, өзі хан 
тағының ісіне араласа бастағанда ғана Византия епископы Джавани Мариньолли, 
Флоренциядан Жетісу мен Гоби құмы арқылы Ханбалыққа 
1
бара жатып, бұл 
шіркеуді Алмалықта 1340 жылы салдырғанын білген. Уайс ханнан бұрын- 
ғы Алмалықтың хандары мен хакімдері, бұзыла бастаған шаһардағы ешкімге 
керегі жоқ шіркеудің бар-жоғына көңіл бөлмеген. Рим папасының мұсылман 
жеріне жіберген тыңшы-діни адамдары шіркеудің мұндай жағдайын астыртын
пайдаланып жүрген. Талай мұсылмандарды насрани дініне кіргізіп алған. Тек өте 
діншіл Уайс хан ғана Жағатай тағына отырғаннан кейін, бұл шіркеуді мұсылман 
1
Х а н б а л ы қ — осы күнгі Пекин. 


178 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет