Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет161/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   316
Әдеби KZ
 
 
— Тақсыр, — деді Орысбай иығын қомданып, алға шығыңқырап. — әрине, 
біліп, сезіп отырсыз, шаруа дегеніміз тілге тиек қана. Шынымды айтсам, мен 
жазықсыздан-жазықсыз өз бауырларыма қарсы қылыш көтеріп, адам алдында 
бір, құдай алдында екі күнәкар болғым келмейді. Онсыз да төгілген қан аз емес. 
Дәрежең кем демесең, мен де ата мен анадан туған ұлмын. Ешкімнің де 
басыбайлы құлы емеспін. Өз еркім өзімде. Бұл жорыққа бара алмаймын. 
— Қинамаңыз, мырза. 
— Тақсыр-ау, ел бетіне қалай қараймыз... 
— Хан мен сұлтандар жанжалдасты деп екі ортада шаруа неге қырылуы 
керек... 
— Өзара жауласудың қанша қажеті бар... 
Жұрт дабырласып, дүрлігісіп кетті. 
— әй, Қоқыш, әй, Такежан, әй, Күйгенбай, — деді әскербасы қарашы халықтың 
мына райын аңдаған соң, Әбілқайырдың басыбайлы төлеңгіттерінің атын арнайы 
атап. — Хан иемнің бауырында өскен күшік емеc пе едіңдер, дәмін ақтамай, 
құдайды ұмытқандарың қалай?! 
Топ ішінен біреудің кеңкілдеп күлген даусы естілді. Бірақ төлеңгіттердің көбі не 
айтарын білмей тосылып қалған еді, көп атынан Қоқыш сөз алды. 
Дәм ақтайтындай, ешкімнің хақысын жеген жан емен, — деді ол 
әскербасыға тура қарауға қаймыққандай, көзімен жер шұқып. — Бірақ хан 
бұйырса қай жорыққа болмасын барам. Әйткенмен, тақсыр, сүйреп қосқан тазы 
түлкі алмайды деуші еді, құр қара көбейтсін демесеңіз, қан төгуге ар-ожданым 
шыдамас. 
— Өңшең ез! Сендер жау түсірмек түгіл, өздерің олжаға кетерсіңдер! —деді 
күйіп кеткен әскербасы булыға. 
Бұдан әрі күш көрсетуге Бахтияр сұлтан бара алмады. Әскер дені көшкен елмен 
тілектес екенін сезгендіктен не айтарын білмей тұрып қалды. 


173 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет