Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар»



Дата04.11.2016
өлшемі97,85 Kb.
#159
түріСабақ
Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 9.02.2016 оқу жылы

Сынып: 5 «а», «ә»

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов « Ақын қонақтар»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы,

тақырып пен идея туралы, « Ақын қонақтар» сюжеті жайында әдеби білім беру.



2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: М. Әуезовтің портреті, шығармалары

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:


  1. І. Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік.

  2. «Күй» поэмасы туралы түсінік


Білім тексеру:

І. Жансүгіров «Күй» поэмасы бойынша

Сұрақ жауап:

1.« Күй күшті тауды тасты бұзатұғын» деген ақынның ойын сендер қалай дамытар едіңдер?

2.«Нар идірген» аңызын білетіндерің бар ма?

3.Поэма өздеріңе қалай әсер етті?

4.Қылқобыздың зарлы үнін поэмадан таба аласыңдар ма?


ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  1. Мұхтар Әуезовтің өмірі мен қызметі туралы әңгімелеу.

  2. «Ақын қонақтар» әңгімесін түсіндіру




Мұхтар Омарханұлы Әуезов

(1897-1961)
Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясыныңакадемигі , филология ғылымдарының докторы, профессор , Қазақ КСР-нің еңбек сіңіргенғылым қайраткері



Қысқаша өмірбаяны:

Мұхтар Әуезов 1897 жылы Шығыс Қазақстан облысының Семей өңірі Шыңғыстау бауырында, ұлы Абай ауылында дүниеге келген. Мұхтар атасы әуездің тәрбиесін алады. К-кішкентай немересінің зеректігін, алғырлығын байқаған Әуез ата Мұхтарға Абай өлеңдерін жаттатып, сөз қадірін үйретті. Бала Мұхтар Абай рухымен ержетті. Ал кейін барлық өмірін Абайға арнады. Абай арқылы әлемге қазақ деген халық барын танытты. М.Әуезов ақын Абайдың өздеріңдей бала кезінен бастап, өмірден кеткеніне дейінгі ғұмырын жазып шықты. «Абай жолы» эпопеясы- ғасырдың ұлы туындысы .Оны дүние жүзі халықтары оқып, «ғажап» деп таңғалысты.

Қаламгердің есімін әлемге мәшһүр еткен ең басты туындысы – «Абай жолы» атты 4 кітаптан тұратын тарихи роман-эпопеясы.



Бержерон

(француз жазушысы)

«Мұхтар Әуезов –ақын. Ол өзінің елінің далалары мен тауларын,адамдарын үлкен эпик ақынша асқан суреткерлікпен бейнеледі. Әуезовтей кісі жырлаған халық шынымен бақытты ғой.

Шыңғыс Айтматов

«Өз басым өзге елге сапарға шығып,өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге ала жүретін екі түрлі ұлттық асылым бар: бірі- «Манас», бірі- Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы...»


ІҮ. Әңгіменің композициялық құрылымы:


Оқиғаның басталуы:

Абайдың науқас күйі

Оқиғаның дамуы:

Зере мен Ұлжанның әңгімелері

Шиеленісуі:

Құтты қонақтардың келуі, жырлары

Шарықтау шегі:

Барластың батасы

Шешімі:

Қонақтарды аттандыру

Сұрақтар:

1.Оқудан келген Абайдың жасы нешеге толды? (13 ке)

2.Абайдың портретін әңгімелеу? Тауып оқу?

3.Өзге балалардан бөлек бір дос тапты. Ол кім? Шебер әңгімешіл екенін қалай байқады?

3.Әжесінің Абайға айтып берген әңгіме,ертегі, жырларын ата?

4.күндердің күнінде бөгде қонақтар келді? Олар кім?

5.Абай қай қонақты танушы еді? Ал қарт қонақты Абайға кім таныстырды?

6.Барластың портреті айтып бер?

7. «Қобыланды батыр» жырын кім жырлады?

8. Барлас пен Байкөкше Абайдың үйінде неше күн қонақтады?

9.Шырағым , ержетерсің,

Ержетсең,сірә ,не етерсің?!

Алысқа шырқап кетерсің,

Шындасаң, шыңға жетерсің,- деген өлеңді Абайға қай жыршы айтты?

10.Шығарып салып тұрып сыйға не берді?
Сатылай кешенді талдау. Кейіпкерлерге мінездеме

Кейіпкерлер:

13 жасар –Абай

Әжесі- Зере

Анасы-Ұлжан

Қартаң жыршы- Барлас

Жас шыршы- Байкөкше


1-ші портрет

Абайдың портреті

Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет бейнесі де баладан гөрі ірілеңкіреп, бала-бозбалалық қалпына бейімделген. Бірақ әлі сол мүсінде, үлкендік жоқ. Толық балғын емес. Сидиып арықтап, құр созылған сияқты. Күн көрмей өскен реңі солғын, бойшаң ғана өсімдік бейнелес. Бұрын қара болушы еді,бетінің қызылы да ар еді. Қазірде қаладан қайтқандық және ауру қосылғандық бар ма, әйтеуір бозғылданған. Сұйықтау қоңыр шашының арасынан бас құйқасы да қылаңданып көрінеді.

2-ші портрет

Барластың портреті

Шоқшалау ғана сақалы бар, келбетті келегн зор дауысты ақсары кісі.



Әдебиет теориясы

1

Портрет – ақынның немесе жазушының кейіпкер бейнесін сөзбен салған портреті. Портретте адамның сырт бітімі, кескін-келбеті, жүріс-тұрысы суреттеледі.

2

Көркем шығармада жазушы көтерген мәселені тақырып деп атайды.

3

Көркем туындының идеясы дегеніміз – жазушының өзі көтеріп, көркем бейнелеген әлеуметтік мәселелер, адамдар тағдыры арқылы айтпақ ойы, танытпақ шындығы.

 

 

 Ү.Жаңа сабақты қорыту.





Семантикалық карта № 1Сұрақтары


А.

Абай

Ә.

Зере

Б.

Ұлжан

В.

Барлас

Г.

Байкөкше

1

Абайдың әңгімешіл әжесі кім?




+










2

Абайға домбыраны сыйға тартқан кім?










+




3

Абай ауылына келген жас қонақ кім еді?













+

4

Абай қонақтарға сый беру туралы кімге ұсыныс жасады?







+







5

13 жасар ақын бала кім еді?

+














Семантикалық карта №2Кейіпкер сөзі:


А.

Абай

Ә.

Зере

Б.

Ұлжан

В.

Барлас

Г.

Байкөкше

Ал, балам, әжеңмен екеумізді қажай беруші едің, жырдың дүкені міне, жаңа келді. Мына кісі Барлас деген ақын.
















«Шешенің судай төгілген,тыңдаушың бардай егілген» дегендей, сөйлеуді де, тыңдауды да сүйген ел – дағы.
















-Мұны айтқан кім? Осы өлеңді шығарған кім екен? -деп Барластан сұрады.
















-Жүрмеңдер, асықпай, әлі біраз күн қонақ боп жатып кетіңдер.
















-Әріден келе жатқан деседі – ау, балам, бұның түбін...
















-Апа, екеуіне де жақсы қап сый беріп аттандыршы.



















Семантикалық карта №3 Сұрақтары

А) Дұрыс

Ә)Дұрыс емес

1

«Абай жолы» романындағы негізгі кейіпкер – Абай.







2

Ұлжан – қатігез, зұлым, қара ниет адам.







3

Әңгіме Абайдың жиырма жасар кезінен басталады?







4

Барлас пен Байкөкше жоқ іздеп жұрген адамдар.







5

Абайдың анасы қонақтарға отар-отар қой тарту етті.









Қазір балалар Абайдың әжесімен анасына Венн диаграммасын жасаймыз.

Барлас 

Ұқсастығы

Байкөкше 

Қартаң

ақын, жыршы

Жас

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу»

ер адам

«Қобыланды батыр»

Абайға батасын беріп,домбырасын сыйға тартқан

жарқылдақ, ашық

 

  Бағалау:

Үй тапсырмасын беру:

1. М.Әуезовтің өмірі мен қызметі



2 « Ақын қонақтар»туралы түсінік.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет