Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет19/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   316
Байланысты:
ИБ Хронический обструктивный бронхит в фазе обострения, Байсултан Назерке 1703-52 презентация, бағдарламалық сұрақтар ШМКК (копия), 9 сынып 2 тоқсан тжб сұрақтары
Әдеби KZ
 
 
бір топ салт атты көрінді. Алдарында қос қара көк жүйрік мінген Жәнібек пен 
Керей. Екеуі де аңға шыққандарын әдейі аңғартқандай иықтарына қаршыға 
қондырған. Ерлеріне атпа найза ілген. Киімдері де ықшамды. Құндыз жағалы, 
қысқа лұқпан шапан, бастарында қазақы қимаш бөрік, сырттарынан 
қимылымызға жеңіл болсын деп кереге көз торлы сауыт киген. Ерлерінің басына 
ешкі терісінен жасаған дабыл іліп алған. Бұл топтың арасында да үш-төрт әйел. 
Бұл әйелдердің ішінен біреуі ерекше көзге түседі. Бұл Жәнібек сұлтанның екінші 
әйелі. Алтын хан еліндегі монғолдармен аралас отырған көшпелі Керей руының 
қызы Жаған бикем. Бұның астында аты шулы «Киік-аяқ» атанған ақбоз жүйрік, 
Рабиу-Сұлтан-Бегімнің ер-тоқымындай ат-әбзелін алтын жаппаған, жүген-
құйысқаны, ат кеудесіне түсіре салған өмілдірігіне дейін бәрі қақтаған ақ күміс... 
Рабиу-Сұлтан-Бегімдей ерекше салтанатымен емес, Жаған өз келбетімен, жасынан 
ат құлағында ойнап өскен көшпелі елдің қызы екенін көрсетіп тұрған ерекше 
отырысымен, қамшыны сипай тартқан болмысымен көздің жауын алады. Әсіресе 
Рабиу-Сұлтан-Бегімдей емес, қолына ұстаған найзасы, басына киген меруертпен 
торлаған қызыл барқыт сәукелесі, астындағы ақ боз аттың кекіліне таққан үкісі, 
бұның жауынгер елден шыққан әйел екенін көрсетеді. Дене келбеті де, астындағы 
атының бітімі де Рабиу-Сұлтан-Бегім көркі мен мінген жүйрігінен анағұрлым асып 
түскендей. Жұрт оған сүйсіне қарауда. Әбілқайыр да көз астымен Жағанды бір 
шолып өтті. Кенет оған бір күпірлік ой келе қалды. «Сұлу-ақ екен. Хан әйелі болуға 
әдейі жаратылғандай. Егер Жәнібек сұлтан осы жолы жазым болса, алтыншы 
әйелім етіп алармын-ақ!». 
Хан бетінен көзін алмай тұрған Жәнібек, Әбілқайырдың зұлым ойын көз 
қарасынан түсінгендей, теріс бұрылып кетті. Енді ол адыр басы мен етегіне 
жиналған бекзадаларға бажайлап қарай бастады. «Қайсысы екен маған ажал 
әкелер!» Кенет көзі топтан сәл оқшаулау тұрған үш қоңыр киімді жат адамға түсті. 
Бұрын аңға шығып жүргенде, бұл үш қоңыр пішін болмайтын. «Осылар екен. Тек 
сақ болу керек» деді Жәнібек ішінен. 


21 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет