Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет219/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   316
Әдеби KZ
 
 
жоқ кейін қайтуға мәжбүр болды. Жолдағы кедей ауылдардан азын-аулақ жәрдем 
алып, азып-тозып өз жерлеріне жетті. 
Темірдің «мүйізі шаңырақтай Әбілқайыр ханның кей батырлары Еділ, Жайықты 
көрген. Одан не ұтты?» деп кекетіп жатқаны да Қара Оспанның осы сәтсіз жорығы 
еді. Қара Оспанның: «Атыңның жүйріктігіне тым сене берме! Байқа, Темір би, 
Жәнібек ханның құрығы Әбілқайырдікінен ұзын болып жүрмесін!» дегені Темір 
биге «Әбілқайырдан қашып құтылғаныңдай, Жәнібектен қашып құтыла 
алмайсың» деп күні бұрын сес көрсетуі еді. 
Темір би бұл ызғарды жақсы сезінді. Сөйтсе де өркөкірек кер мінезге салып оп-
оңай жеңіле қалғысы келмеді. «Талас әлі біткен жоқ» деген ишарат көрсетіп
алдындағы қамшыны бір қозғап қойды. 
— Әбілқайыр ханның кезінде Үйсіннің аты қуғанына жете алмайтын арық еді, 
енді хан Жәнібектің тұсында жал бітейін дегені ғой. 
Темір бидің удай ащы тілі Қара Оспанның өңменінен өтіп кетті. «Бұнысы 
Әбілқайырға қызмет істеп ештеңе өндіре алмап едің, Үйсін, енді Жәнібекке 
жағынып құтырып отырсың дегені ғой!» 
Қара Оспан шарт жүгініп отыра қалды. Қамшысын қозғауды да ұмытып кетті. 
— әй, сен не малтаңды езіп отырсың. Маңғыт! Елінің ойын айтар Алшыннан бір 
ұл тумағаны ма? 
Мұнысы Темір биге «сенің бабаң Едіге Көк Ордадағы Маңғыт руынан шыққан, 
Алшынның жоғын жоқтайтын сенің құқың жоқ» дегені. 
Жәнібек қабағын түйіп тұнжырай қалды. «Сөз жоқ, Темір би өз үстемдігінен 
айырылып, Жәнібекке Алшын руларын қосқысы келмейді. Күшің асып басып 
алмасаң, жуытпайды. Ел болып бір ханға бағынудан, өз қарамағындағы жұртты өзі 
билеп, ақ дегенін алғыс, қара дегенін қарғыс еткізіп отыру — Темір бидің арманы. 
Бұл біздің ең осал жеріміз. Әсіресе, алыста жатқан рулар ырқымызға оңай 
көнбейді, сондықтан да ананы, мынаны сылтау етіп Темір би де бірігуге қарсы 
ірткі салып отыр. Біріккің келмесе «құдай алдыңнан жарылқасын!» деп қуып 


236 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет