Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет221/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Шапқыншы — ұзын бойлы, мұрты жаңа тебіндеп келе жатқан, қара торы бала 
жігіт, ентелей шауып келіп, астындағы атын әзер тоқтатты. Екі бүйірінен демін 
алып: 
— Тақсыр хан, — деді, — Көк Жыңғыл тұсынан қалың әскер көрінді. Беті осы 
Нұраның Қаратұзы. Басқарып келе жатқан Әбілқайырдың үлкен ұлы Шайх-Хайдар 
мен Қарашың баһадур. Мінгендері кілең ақалтеке, текежаумыт. Бастарындағы 
сеңсең бөріктері қазандай, мойындарында кілең көк темір алдаспан, қолдарында 
көк темір найза. Мұздай қаруланған, түстері де суық, жүрістері де суыт. Бие 
сауымындай мезгілде бұл араға да жетіп қалар. 
Жәнібектің түрі де, даусы да өзгерген жоқ, әдеттегі байсалды қалпымен: 
— Шамасы қанша адам екен? — деді. 
— Мың қаралы. 
— Көк Жыңғылдың арғы қабағында Керей мен Найманның түйелі қолы бар 
емес пе еді, төтеп бере алмады ма екен? әлде аналар аңғармай қалды ма? 
— Сөйткен тәрізді. Бұлар Көк Жыңғылдың теріскей жағындағы құм арасындағы 
қоба жолмен өтіп кеткендей. Найман мен Керейдің қалқаны күнгейлеу жатыр. 
— Оларға хабар бердіңдер ме? 
— Менің серігім соларға шапты. 
Жәнібек Ордасындағы өзіне тән адамдарынан «Күзтоқсанның басында қазақ 
руларының басшылары жиналып, бас қосып, бір ханға бағынып, әскер жинап, 
Түркістанды басып алмақ болып жатыр» деген хабарды естіген Әбілқайыр хан. 
Қазақ рулары бас қосатын кезде, бір түнде тек өзіне ғана бағынатын, кілең шаш ал 
десе, бас алатын қырағы сұлжық Түрікмен, Барлас, Маңғыт руларынан құрылған 
он сан жігітін, бастығы үлкен баласы Шайх-Хайдар мен ең сенімді, ер жүрек 
батыры Дарвиш-Хусаин Қарашыңды Нұраның Қаратұзына аттандырған. Тек 
түрікмен ақалтекесі мен текежаумыт аттары ғана өте алатын құмды жолдармен 
дабырсыз барып «Жәнібек ханның күлін көкке ұшырып, кеңесін шап» деген. 


238 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет