Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет31/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   316
Байланысты:
ИБ Хронический обструктивный бронхит в фазе обострения, Байсултан Назерке 1703-52 презентация, бағдарламалық сұрақтар ШМКК (копия), 9 сынып 2 тоқсан тжб сұрақтары
Әдеби KZ
 
 
ашуланған Бату венгер короліне хат жазды. Ол хатында: «Оның үстіне менің 
Қыпшақ құлдарыма сен қорған болатын көрінесің. Мені өзіңе қарсы қоймайын 
десең, бұдан былай қарай қарамағыңа Қыпшақтарды ұстама. Қыпшақтарға менен 
қашу жеңіл, — олардың үйі-күйі жоқ, шатырда тұрады, ал сенің үйің бар, жерің 
бар, қалаларың бар. Менен қалай қашып құтыласың» деп қорқытқан Бату. 
Бір мың екі жүз жиырма тоғызыншы жылғы Лаврентьев шежіресінен қыпшақ-
қазақтардың монғолдардан ығып, өзі жау тепкісіне түскен Еділдегі бұлғарлар 
жеріне, Россияға, Польша, Литваға барғандарын көреміз. Бір кездегі көшпелі 
жауынгер елді Құждай мықты бекзада, ел билеген батырлары енді жат жерде 
бетегеден аласа, қойдан жуас күйге ұшырайды. 
Қазақтардың біразы Қиыр күншығысқа, Монғолия, Қытайға да апарылады. 
Шыңғысхан мен Жошы кезінде қазақтардың бірнеше бекзада, батырлары Монғол 
императорының Ұлы Ордасында қызметке әкетілген. Қысқасы бір кездегі 
айбынды елді дұшпандары талан-таражын шығарып, ұлын ұрымға, қызын қы- 
рымға шұбыртады. Қазақтың батыр жігіттерін топтап құлдыққа, мүсінді қыз-
келіншектерін үйіріп күңдікке сата бастайды. 
Көп кешікпей монғолдар мен мұсылман саудагерлері Европа мен Сирия, 
Солтүстік-батыс Африканы, әсіресе Египетті Дәшті Қыпшақ жерінен әкелінген 
құлдарға толтырады. 
Осындай жағдайда Египеттің халифаттық гвардиясы он үшінші ғасырда дені 
Қыпшақ жігіттерінен жиналған болатын. Ал Египетке ер жүрек, мықты әскер өте 
керек еді. Мұндай әскерді мамлюктер 
1
құра білді. 
Бұл кезде Египетке Шығысынан монғол шапқыншылары төнсе, он екінші
ғасырда ұрыста жеңілгеніне қарамай, батыс жағынан Таяу Шығысты әлі де болса 
өзіне бағындырмақ боп, Кресшілер шабуылға шыққан-ды. Енді бүкіл мұсылман 
қауымының кіндігі, оның мәдениет, көркем өнер, ғылым-білім орталығы Египет 
пен Сирия басына шын қауіп-қатерлі қара бұлт түнерген-ді. 
1
Мамлюк мемлекет құлы деген сөз. Шығыс адамдары мемлекет сатып алып гвардия құрғандықтан солай аталған. 


33 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет