Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет313/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   316
Байланысты:
ИБ Хронический обструктивный бронхит в фазе обострения, Байсултан Назерке 1703-52 презентация, бағдарламалық сұрақтар ШМКК (копия), 9 сынып 2 тоқсан тжб сұрақтары
Әдеби KZ
 
 
келісіменен тек өз ықпалын Сарысу, Шу, Талас бойындағы қазақ еліне ғана 
жүргізуді ойламай, бүкіл Дәшті Қыпшақ жеріне құлаш ұрды. Әкесі Жәнібектей бұл 
да қазақтың бар руына «бірігіп ел болайық» деп кісі жіберді. Өзі әзірге бір өлкенің 
ғана ханы бола тұрып, енді бүкіл қазақты билейтін ұлы хандық құруды ойлады. 
Кімді хан етеді? Оны халық өзі шешсін деп, өз атын атаудан бас тартты. «Хан 
ақылы қырық кісілік, халық ақылы қырық мың кісілік: көппен кеңесіп пішкен тон 
келте болмайды» деп бұл мәселені халықтың шешіміне қалдырды. Әкесі 
Жәнібектің диван 
1
заңы етіп кеткен «Тағанақ кеңесі» мен «Тұрымтай кеңесін» 
қайтадан күшіне енгізді. Хан болдым деп бірден шабуылға кіріспей, алдымен өзін 
басқа біреу шауып алмас үшін, Созақ, Ұлытау, Сайрам, Сарайшық бекіністерін 
жөндеп, мықты әскер құруды арман етті. 
Осы кезде тағы бір ұлы уақиға болды. Бүкіл Түркістан, Самарқант, Бұқар, 
Андижан, Шахия, Хизар, Хорезм, Құндыз, Бадахшанды жаулап алған Мұхамед-
Шайбани хан енді Қорасанға аттанды. Адамның тасы өрге домалап тұрған кезде, 
қандай қиын істің болса да қиюы келе қалады. Мұхамед-Шайбани да қисынын 
тауып, Қорасанды жаулап алды. Адам баққа, атаққа тойған ба, Мұхамед-Шайбани 
бұған да қанағаттанбады. Өлер бала бейітке жүгіреді, ол енді сонау қарлы 
Памирды жайлаған Хазар еліне аттанды. Бірақ хазарлар жықпыл-жықпыл 
Гиндықұштың арасына тығылып алып, оған таптырмады. Амал жоқ, кейін қайтуға 
тура келді Ауған жеріндегі Тілман өзенінің жағасымен төмен түсті. Бірақ бұл өзен 
бірімен бірі жалғасып жатқан ұшы-қиыры жоқ шың құз тастардың арасымен өтеді. 
Сонау бұлт сүйген биіктегі жіңішке қоба жолмен қайтып келе жатқан көп әскерге 
құлама құздардан, пышақ кескендей жылтыр жартастардан төмен түсіп су алу, не 
аттарын суару ғажайып михнатқа айналды. Су жетпей біраз адамдары қырылды
аттары зорығып өлді. Осындай қиындықпен келе жатқандарында күз түсті. Кенет 
ақ жауын басталды. Енді бұрынғыдан да қиын жағдай туды. Күндіз-түні тынбай 
жауған ақ жауын тау арасындағы тас жолды жуып кетті. Аяқ басса тайғанап, адам, 
1
Д и в а н (фарсыша) — бұл арада хан кеңесі деген мағынада. 


336 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет