Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет315/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   316
Байланысты:
ИБ Хронический обструктивный бронхит в фазе обострения, Байсултан Назерке 1703-52 презентация, бағдарламалық сұрақтар ШМКК (копия), 9 сынып 2 тоқсан тжб сұрақтары
Әдеби KZ
 
 
Қасым хан бұның алдында Мұхамед-Шайбанимен бірнеше рет майданда 
кездескен. Әбден кемеліне жеткен әккі әскер бірін-бірі жеңе алмай ит жығыс келе 
берген. Ал Қасым хан қаншалық бейбітшілік өмірді сүйгенменен, енді Әбілқайыр 
ұрпақтарымен алыспасқа мүмкіндігі қалмаған. Осыдан екі ай бұрын Мұхамед-
Шайбани Түркістан жерінде қазақ саудагерлері сауда-саттық жүргізбесін деп 
жарлық берген. Бұнысы бүкіл Дәшті Қыпшаққа зорлық еді. Халыққа қаладан керек 
затыңды алма деу әрине, зор қиянат. Осындай жағдайда жүргенде Қасым хан 
Мұхамед-Шайбанидың өлгенін есітті. Бұл күндерде Қасым хан Түркістан өлкесін 
біржолата жаулап алуға дайын еді. Қазір оның қарамағында үш жүз мыңдай боп 
қаруланған атты әскер бар. Осы бір кез бытырап жүрген қазақ руларының басын 
қосып алтын тұғырына қонып, шын мемлекет бола бастаған кез еді. Қасым ханның 
да абыройы әбден көтеріліп болған. Оның Дәшті Қыпшақтың елдік, жауынгерлік 
даңқын «Тарихи Рашиди» айтқандай, Жошы ханнан кейін бүкіл Шығысқа жайған 
әлуетті шағы еді. 
Күн айнадай ашық. Күзгі салқын жел сарғайып кеткен ен даланы аймалай сүйіп 
ақырын еседі. Бір топ батырларымен Қасым хан Созақтағы хан сарайының 
алдында тұр. Осы арадан қазақ жерін қайта шапқалы келе жатқан Қытай, Ойрат, 
Ақсақ Темір ұрпақтарының қалың әскеріне қарсы ұлы айқас басталмақ. 
Қолдарындағы темір найзаларының сүйір ұштары мен арқаларына таңып алған 
болат қалқандары күн көзімен шағылысып, хан сарайының алдынан майданға 
бара жатқан кілең жүйрік мінген қалың әскер лек-лек боп өтіп жатыр. Ұшы-қиыры 
жоқ, бүкіл даланы алып жарқ-жұрқ етеді. 
Кенет Қасымның көзі әскерінің алдыңғы қатарында кетіп бара жатқан, бетін 
қара далбағайымен жапқан көк сауытты батырды шалып қалды. Бұл Орақ еді. Хан 
ақырын езу тартып күлімсіреді. «Халық қамын ойлаған батыр хан қолына келіп 
қосылса, бұл жақсы ырым. Хан саясатының онда халық көкейіне қонғаны». 
Қасымның көзі енді дәл қасынан ақбоз сәйгүлігін ойнатып өтіп бара жат- 
қан, ақ берен сауыт киген жас батырға түсті. Атының сымбаттылығына, жас 


338 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет