Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет174/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   316
Әдеби KZ
 
 
ол жанталасады. Уайс ханның баласы Жұныспен бірігіп Моғолстанды алып, түбі 
Әбілқайырға қарсы Темурлан хандығын күшейтпек. Ал өзге сұлтандарға не керек? 
Олар тек «Ұр-рит соқ, соқ!, Ұр-рит соқ, соқ!» Әбілқайыр мен әбусейіт секілді екі 
азбан қошқар сүзіссе екен дейді. Тек сонда ғана Моғолстанды алып күшеймек 
түгіл, өз хандықтарын сақтап қалулары да бұлардың екіталай болар еді деп 
ойлайды мықты біткеннің бәрі-бәрі. 
Моғолстан! Бір кезде қандай күшті тайпа еді! Батысындағы Тоқай-Темір ұрпағы 
Астрахань хандарына, күншығысындағы — Қытай богдахандарына, солтүстігіндегі 
— Ойрат қонтайшыларына, оңтүстігіндегі — Ақсақ Темір мен Сайбанның қанды 
балақ әмір, сұлтандарына бой бермей келген. Ал қазір ше? Қазір де жаралы 
жолбарыстай бір шабатын күші бар. Бірақ сол күші ұзаққа жетер ме? Ай, жетуі 
екіталай. Оны жаралаған сыртқы жаулары емес, ішкі жаулары. Жете 
1
мен 
Қарбанас 
2
хандарының өмір-бақи бітпес өзара таласы. Моғолстанды ішінен жегі 
құрттай жеп, әлсіретіп келе жатқан осы бірікпестік. 
Исан-Бұғы тағы ойға шомды. 
Мұндай жағдайда өзінің Моғолстанға хан болуы оңайға түсті ме? Екі көз бірін-
бірі шұқымас үшін, алла-тағала ортасына мұрын жаратыпты. Ал бұдан отыз жыл 
бұрын, бір мың төрт жүз жиырма сегізінші жылы әкелері атақты Уайс хан өліп, 
артында қалған ағайынды екі жігіт Жұныс пен Исан-Бұғы Моғолстан тағына 
таласар күн туа жаздағанында кім араша тұрды? Ешкім де тұрған жоқ. Қайта 
ағалы-інілі сұлтандарды өшіктірумен болды. Әсіресе бұны бұрын Уайс ханға 
бағынып 
келген 
Моғол 
әмірлері 
істеді. 
Осы 
әмірлердің 
ар- 
қасында Исан-Бұғы Жұныстан Жағатай хандығын тартып алды. Бірақ артынан 
жастығы ма, мастығы ма, хан болғаннан кейін өзін хан тағына жеткізген осы 
әмірлерге қиянат істей бастады. Ең алдымен бас наип 
3
етіп Тұрфан қаласынан 
шыққан Темір деген ұйғырды белгіледі. Бұл ұйғыр ханға жаға білді де, өзгелердің 
1
Ж е т е, я ғ н и ш е т е — қарақшы деген мағынада. Моғолдарды шағатайлықтар осылай атаған. 
2
Қ а р б а н а с — қырық рудан жаратылған деген мағынада, моғолдықтар шағатайлықты осылай атаған. 
3
Е с к і ш а ғ а т а й т і л і — уәзір деген мағынада. 


187 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет